Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы қандай?

  2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәрбиелік ықпалдары қандай?

  3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бағыттарын ата?

  4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны?

  5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері?

  6. Талап дегеніміз не?

  7. Талап қоюшылықтың мәні қандай?

  8. Социометрия, бақылау, сауалнама әдістері?

  9. Эксперимент әдісінің маңызы қандай?

  10. Сыныптан тыс тәрбие жұмыының талаптары қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№12 дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының формасы

Мақсаты: Тәрбие жұмысының формаларымен таныстыру.

Тірек ұғымдары: Тәрбие жұмысының формалары, оларды классификациялау, дайындау.

Жоспары:

  1. Форма ұғымына түсініктеме

  2. Тәрбие жұмысының формаларын классификациялау

  3. Тәрбие жұмысының формаларын дайындау

Педагогикалың ғылымда тәрбие жұмысының формаларын түсіндірудің бірнеше нұсқалары бар.Форма – бұл іщкі мәннің сыртқы пішіні. Тәрбие жұмысының формасы дегеніміз мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынастыр арқылы көрінетін тәрбие жұмысының мазмұны. Тәрбие жұмысының формасы мына қызметтерге ие:

  • ұйымдастырушылық. Кез-келген тәрбие жұмысы белгілі бір ұйымдастырушылық міндетті шешуге бағытталған. Ұйымдастырушы ролінде мұғаліммен қатар оқушылар да бола алады. Тәрбие жұмысының түрлі формаларын ұйымдастырудың жалпылама әдістемесі (алгоритмі) бар. Олар бүгінгі күні дәстүрлі формаларға (әңгіме, ұжымдық шығармашылық жұмыстар, конкустар және т.б.) айналып, көптеген педагогтардың тәжірибесінде қолданылады.

  • реттеуші. Тәрбие жұмысының белгілі бір формасын қолдану педагогтар мен оқушылар, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге мүмкіншілік береді. Формалардың нақты түрін қолдану оқушылар тобын біріктіруге де өз әсерін тигізеді.

  • ақпараттық. Бұл оқушыларға тек жаңа ақпаратты беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өздерінде бар білім мен тәжірибесін белсендендіреді.

Форма шын мәнінде балаларды тәрбиелеудің мақсатын, мазмұнын, ұстанымдары мен әдістерін белгілейді. Педагогикалық теория мен практикада тәрбие жұмысының формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өткізілу уақыты бойынша барлық формаларды қысқамерзімді (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақмерзімді (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін), дәстүрлі (әрдайым қайталанатын) түрлерге ажыратады.

Тәрбие жұмысының жеке формасы сабақтан тыс уақыттың бәрін алады, олар топтық және ұжымдық формаларға араласа отырып, басқа формалардың жетістігін белгілеп отырады. Жеке формаларға әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, пікір алмасу, біріккен тапсырманы орындау, жеке тапсырма беру, көмек беру, нақты проблеманы, міндетті шешуде ізденіс. Олардың әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсіл, құралдар тән. Жеке жұмыс жасау формасындағы педагогтың басты міндеті – оқушыны танып-білу,оның дарынды қасиеттерін ашу, оқушыға тән қасиеттерді анықтау. Оқушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасау түрліше жүруі тиіс.

Топтық жұмыс жасау формаларына шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, шағын үйірмелер және т.б. жатады. Жұмыс жасаудың бұл формасында педагог қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде танылады. Педагогтың басты міндеті – бір жағынан, әрбір оқушының өзін көрсетуіне жағдай жасау, екінші жағынан, ұжымның барлық мүшелері үшін маңызды болып табылатын дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік туғызу. Топтық формада педагогтардың әсері балалардың өзара әрекеттесуі ізгіліктік тұрғысынан дамытылуына бағытталған.

Ұжымдық жұмыс жасау формаларына педагогтар мен оқушылардың түрлері шаралары, конкурстары, концерттері, қойылымдары, серуендері, спорттық жарыстары енгізіледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға байланысты бұнда педагог жүргізуші, ұйымдастырушы, қатысушы, кеңесші, көмек беруші рольдерін атқара алады.

Тәрбие жұмысының формаларын таңдауда педагог мына қағидаларды басшылыққа алғаны жөн:

  • жұмыстың тәрбиелік міндеттерін есепке алу; жұмыстың формасы осы міндеттерід шешуге бағытталуы тиіс;

  • міндеттер негізінде жұмыстың мазмұнын,іс-әрекет түрлерін нақтылау;

  • тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіншіліктерін, дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, мектептің материалдық базасын, сыртқы жағдайларды, педагогтар мен ата-аналардың мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленген міндеттерді шешу үшін әдіс-тәсілдердің жиынтығын жасау;

  • ұжымдық мақсат қою негізінде жұмыс жасау формасын таңдау.

Осылайша, педагог балалармен, ата-аналармен жұмыс жасау формаларын белгілей алады. Жаңа форманы құру былайша жүруі мүмкін: белгілі бір форма таңдалып, содан соң іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдері анықталады. Мысалы, сайыс немесе тақырыптық кеш өткізу идеясы пайда болса, олардың неге арналатыны, оның мазмұны қандай болатыны содан кейін белгіленеді. Немесе алдымен мазмұндық идея алынып, содан соң оны ұйымдастыру формасы ізделіп, жүзеге асырылады. Мысалы, педагогтар мен оқушылар сынып ұжымындағы қарым-қатынастар проблемасын талқылауды шешсе, оны өткізу формасы, құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері соңынан белгіленеді.

Тәрбие жұмысының түрлі формаларын есепке ала отырып, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгеру аса маңыздылыққа ие. Тәрбие жұмысының формасы егер ол оған қатысушылардың біріккен қызметі негізінде пайда болса, ұжымдық және шығармашылық сипатта бола алады. Онда

  1. әрбір адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктері есепке алынуы керек;

  2. жеке мақсаттар топтың жалпы мақсаттарына қарама-қайшы болмауы тиіс;

  3. ұжымдық жұмыс әрбір адамға жалпы істен өз орнын табуға мүмкіндік береді;

  4. бұл форма орындалғаннан кейін қайталанбайды.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс формалары басқа формалардан тәрбиелік міндеттерді қоюмен, оқушылардың тәжірибені меңгеруімен ерекшеленеді. Тәрбиелік шарада тәрбиеші нақты міндетті ашық түрде балаларға ұсынса, ұжымдық шығармашылық жұмыста тәрбиеші міндеттерді білдіртпей жасайды. Оқушылар бұл міндеттерді өздері «тауып, ашуы» керек, ересектермен бірге жаңа тәжірибе жинақтайды, алынған тәжірибені практикада қолдануға үйренеді.

Бұл әдістеменің негізі - ынтымақтастық педагогикасы, біріккен іс-әрекет. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формалары – ұжымдық шығармашылық жұмыстар, дәстүрлі тапсырмалар, сюжеттік-рольдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және .тб.

Ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері:

  1. Алдын-ала жұмыстану. Педагогтар ата-аналармен, оқушылармен бірге жоспарланған ҰШЖ-тың орнын, мақсат-міндеттерін, өткізу ерекшеліктерін, уақытын белгілейді.

  2. Ұжымдық жоспарлау. Бұнда балалар өздері ізденеді.

  3. Жұмысты ұжымдық дайындау. ҰШЖ даярлау, өткізу жоспары нақыталнып, ұйымдастырылады.

  4. ҰШЖ-ты өткізу, дайындықты қорытындылау.

  5. ҰШЖ-ты ұжымдық қорытындылау.

  6. ҰШЖ-тың жақын арадағы нәтижесі.

ҰШЖ-тар түрліше ұйымдастырлады, олардың әрқайсысы қайталанбайды.

Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары

Іс-әрекеттің түрлері

Мақсаты

Іс-әрекетті ұйымдастырудың белсенді формасы

Танымдық

Оқушылардың қоршаған орта жайындағы түсініктерін толықтырады, білім алу қажеттілігін қалыптастырады,

интеллектуалды дамуды қамтамасыз етеді.

Ауызша журнал,баспасөздегі ғылыми мақалаларға шолу, экскурсиялар (музейге, көрмелерге, өндіріске, кітапханаға және т.б.), конкурстар, турнирлер,олимпиадалар, лекторий,оқу конференциялары.

Еңбек

Материалдық құндылықтарды сақтауға және көбейтуге, материалдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Сабақтағы оқу еңбегі, өндірістегі оқу-өндірістік еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек, ойын формалары («еңбек десанттары», «іс-шаралар», «рейд»).

Қоғамдық

Оқушылардың әлеуметтенуіне көмектеседі, оларды қоғамның мәселелеріне енгізеді.

Пресс-орталық,саяси қайраткерлерімен,журналистер

мен кездесу, дөңгелек үстел, пікірталас.

Құндылықты- бағдарлы.

Дүниенің жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын шынайы ұғынуға, дүниеге өзіндік қатынасын ұғынуға, өз «Менін» сезінуге, рефлексияны дамытуға бағытталған.

Өзін-өзі талдау және өзара талдау практикумдары «Біз өзімізді экскурсия кезінде қалай ұстадық?», «Достық заңдары», «Қандай болу керек немесе кім болу керек?»; адамгершілік тақырыптарындағыпікірталастар, мысалы «оқу адамға неге керек?»; іс-әрекет мәдениеті сабақтары.

Көркемөнер

Сезімталдықты, әдемілікке қажеттілікті, көркемше ойлау қабілетін дамытады, жеке нышандар мен қабілеттерді іске асырады.

Концерт, көркемөнер сайыстары, «Бір сағат өнермен бірге», «Әртіспен кездесу», «Жаңа дискілер» көрмелері; театрға бару, көркемөнер музейлеріне экскурсияға бару; кештер, мектеп фестивальдары, мейрамдар. Жасау.

Спорт-сауықтыру.

Салаутты өмір салтын дәріптейді,адам денесінің күшін төзімділігін,сымбаттылығын,әдемілігін арттырады

Спорттық ойындар, жарыстар, мектеп олимпиадалары, спорт секциялары.

Еркін қарым-қатынас

Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауын бос уақытта ұйымдастыру

Сынып мейрамдары , туған күндер, серуендер, демалыс кештері; концертке, театрға бару, достар кездесулері және т. б.