Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігінің қандай психологиялық-педагогикалық мәселелерін білесің?

  2. Нарықтық экономика жағдайындағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің мәні неде?

  3. Мектеп, отбасы және қоғамның тәрбиелік мүмкіндіктерінің интеграциясы қалай жүзеге асады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№20 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістері

Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістерінің ерекшеліктерін айқындау.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістерінің ерекшеліктері

  2. Ата-аналармен жеке кездесу

  3. Ата-аналар жиналысы

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтаған орынды.

Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы, өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. ”Міндетті”, ”қажетті” деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма –ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.

Ата-аналардың жұмыс орнына “Үлгерім экраны”, ”Ашық журнал” сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. ”Қара тізімге”ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім,сынып жетекшісі осы жағдайды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.

Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.

Үшінші ереже: Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі - ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.

Төртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.

Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.

Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды жұмыстан қалдыруы мүмкін. Шақыру бойынша отбасында болу ата-ананы да, мұғалімді де қолайсыздықтан құтқарады.

Отбасында болуға мұғалім дайындалуы тиіс. Ол дайындық шәкіртінің ең жағымды, қызықты құндылықтарын айқындауы тиіс. Дегенмен, ол құндылықтардың өзі мұғалім санасында қорытылып, психологиялық педагогикалықтұрғыдан сенімді шығуы керек.

Отбасымен, ата-аналармен байланыс орнату отбасы тәрбиесін насихаттауға ықпал жасайды. Бұл мәселелерде ата-аналар мен мұғалімдерге “Семья и школа”, “Воспитание школьников”, “Бастауыш мектеп”, “Ақжелкен” жураналдары мен “Ұлан” газеті сияқты басылымдарда жарияланған материалдар көмек жасайды. Дей тұрғанмен сынып жетекшісінің жанды сөзін ата-аналар құлақ қойып тыңдайды. Оның өз атына айтылған мақтау сөздерімен бірге тәрбие міндеттерін шешу туралы ақыл-кеңестерін тыңдау ата-аналарға қуаныш сыйлайды.

Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының бір түрі ата-аналардың педагогикалық тапсырмаларды орындауы болмақ. Ондай педагогикалық тапсырмалардың бірнеше түрін атауға болады.

Тапсырманың бірінші түрі – белсенді тәрбиелік позиция, балалармен тікелей жұмыс жасаудан туындайды. Олар: қызығушылықтар бойынша құрылған үйірмелерге жетекшілік жасау, дербес қамқорлыққа алу, тәлімгерлік және т.б.

Тапсырманың келесі түрі – мұғалімге, тәрбиешіге ұйымдастырушылық көмек көрсетуден туындайды. Олар: саяхат ұйымдастыруға ықпал жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, сынып кітапханасын жабдықтау, кітапқұмар клубын ұйымдастыру.

Ендігі тапсырмалар мектептің материалдық базасын дамыту және нығайтуға қатысудан туындайды. Олар – кабинетті безендіру, құралдар, приборлар дайындау, мектепті көгалдандыру, жөндеу жұмыстарын қатысу.

Бұл аталғандар қоғамдық жұмыстар мен тапсырмалардың бір бөлігі ғана. Қоғамдық жұмысқа тартуда ата-аналардың немен айналысқысы келетіндігін анықтау үшін сынып жиналысында олардың өз ұсыныстарын жазбаша беруін өтінуден бастаған дұрыс.

Мектеп шағын ауданда отбасылық және қоғамдық тәрбиені ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру мынадай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады:

  • мектептің педагогикалық ұжымының, ата-аналар комитетінің, тұрғын орны бойынша қоғамдық кеңестің, клубтардың, кітапханалардың, стадиондардың, полиция және денсаулық сақтау ұйымдарының тәрбиелік жұмыстарының жоспарын үйлестіру және тәрбиелік процеске қатысушылардың әрбіреуінің функ-цияларының анық болуы.

  • мектептің күшімен ата-аналарды және жұртшылықты педагогикалық біліммен қаруландыру.

  • тәрбиелік жұмыстың барысын және нәтижесін мұқият зерттеу және бірлесіп талқылау.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Отбасы дегеніміз не?

  2. Отбасы тәрбиесі дегенді қалай түсінесіз?

  3. Отбасы тәрбиесі дегеніміз не?

  4. Отбасы тәрбиесінің обьектісі.

  5. Отбасы тәрбиесінің міндеттері.

  6. Отбасы тәрбиесінің көздері.

  7. Отбасы тәрбиесінің мүмкіншіліктері.

  8. Отбасы тәрбиесіндегі тәрбие әдістері.

  9. Отбасы тәрбиесінде қолданылатын құралдарды атаңыз.

  10. Отбасы тәрбиесінің мазмұны дегенді қалай түсінесіз?

  11. Отбасымен байланыс орнатудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.

  12. Ата-аналар мен сынып жетекшісінің байланыс жасауының түрлері.

  13. Мектептің, отбасының және жұртшылықтың балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекетін үйлестіру қандай ұйымдастырушылық формада жүзеге асады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№21 дәріс тақырыбы: Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар.

Мақсаты:Жалпы ата- аналармен жүргізілетін жұмыстар жөнінде білім беру.

Жоспары:

  1. Ата-аналар комитеті.

  2. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс.

  3. Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер.

  4. Ата-аналарға конференциялар өткізу.

Мектеп ата-аналармен әр түрлі аталатын ата-аналар бірлестігімен, яғни ата-аналар комитеті, кеңестер, конгресстер, ассоциациялар, комиссиялар, клубтар т.б.

Мектеп ата-аналармен байланысты көбіне сынып жетекшілерінің күшімен жүргізеді.

Ата-аналар бірлестіктерінің басты міндеті - ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық ағартудың түрлері:

педагогикалық біліктілік университеті. «Университет» бағдарламасы сынып оқушылары мен ата-аналардың құрамын ескеріп құрылады.

Дәріс. Тақырыптары: балалардың жас ерекшелік психологиясы, отбасындағы жыныстық тәрбие т.б.

Конференция. Тақырыптары: Бала өміріндегі ойын, отбасындағы адамгершілік тәрбиесі т.б.

Практикум - бұл ата-аналардың бала тәрбиесіндегі педагогикалық жағдайларды тиімді шешу жолындағы өзіндік жаттығулары.

Ашық сабақтар. Ата-аналарды оқу жылында 3-4 рет ашық сабаққа қатысуына мүмкіндік туғызу керек.

Педагогикалық пікірталас.

Ролдік ойындар.

Тақырыптық жеке кеңестер.

Оқушының үйіне бару.

Хат арқылы байланыс.

Ата-аналар жиналысы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ата-аналар комитеті не үшін қажет?

  2. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс қалай жүргізіледі?

  3. Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістердің мазмұнын таңдау неге байланысты?

  4. Ата-аналарға конференциялар өткізу жолдары қандай?

  5. Ата-аналарға кеңес берудің мәні қандай?

  6. Ата-аналар университеттерінің маңызы қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№22 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым ынтымақтастығы.

Мақсаты: Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым ынтымақтастығы жөнінде білім беру.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының маңызы.

  2. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны мен бағыттары.

  3. Пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеудегі сынып жетекшісінің рөлі.

Сынып жетекші өз міндеттерін педагогикалық ұжымның мүшелерімен бірге жүзеге асырады, соның ішінде өзі басшылық жасайтын сыныпқа сабақ беретін педагогтармен тығыз байланыста болады. Пән мұғалімдерімен әрекеттесе отырып, сынып жетекші оқушылар және ұжыммен жүргізілетін педагогикалық жұмысты ұйымдастырушы және нақтылаушы ретінде танылады. Ол мұғалімдерді өз оқушыларын зерттеу нәтижелерімен таныстырады, оның жанұясында болып жататын өзгерістерден хабардар етіп отырады. Сынып жетекші баланың даму динамикасы, баланың қиындықтары және жетістіктері, оның жанұялық жағдайы жайында әрдайым мұғалімдерге хабар беріп отырады. Сынып жетекші мұғалімдер және ата-аналардың қарым-қатынастарын реттейді. Ол педагогтарға жанұядағы тәрбиенің деңгейі, ата-аналардың ерекшеліктері жайында мәлімет бере отырып, баланы оқыту-тәрбиелеудегі жетістіктері жайында ақпарат беру, ата-аналарға педагогикалық көмек беру мақсатында ата-аналармен пән мұғалімдерінің кездесулерін ұйымдастырады. Сынып жетекші пән мұғалімдерін сыныптағы оқудан тыс жұмысты жоспарлауға және ұйымдастыруға қатыстырады, оларды ата-аналармен жиналысты өткізуде де шақырады.

Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара әрекеттесу формаларының бірі – педагогикалық консилиум. Сонымен қатар, педагогтарға арналған арнайы семинарлар, педагогтардың сабаққа қатысуы, жеке әңгімелесу, әңгіме, кеңес беру.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Педагогикалық консилиум дегеніміз не?

  2. Педагогикалық консилиумның мақсаты қандай?

  3. Педагогикалық консилиум құрылымы қандай?

  4. Педагогикалық консилиумды кім ұйымдастырады?

  5. Сынып жетекшісі сынып ұжымы мен мұғалімдер ұжымының байланыстырушысы ретінде.

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№23 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің формалары.

Мақсаты: Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің формалары туралы білім беру.

Жоспары:

  1. І тоқсандағы оқу жұмысының қорытындысына арналған оқушылар, ата-аналар және пән мұғалімдерінің бірлескен жиналысы.

  2. Педагогикалық контилиум.

  3. Сынып жетекшісінің, пән мұғалімдерінің сабақтарына кіруі.

І тоқсандағы оқу жұмысының қорытындысына арналған оқушылар, ата-аналар және пән мұғалімдерінің бірлескен жиналысы.

Күні, айы, жылы

Мақсаты: оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жылының нәтижесін арттыруда олардың жауапкершілігін қалыптастыру. Оған ата-аналарды тарту.

Дайындық жұмыстары.

  1. Оқушылардың бірінші тоқсандағы оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау жасау.

  2. Оқушыларға анонимдік тұрғыда сауалнама сұрақтарын жүргізу.

  3. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу.

  4. Қаралып отырған мәселені талқылауға қатысты оқушылар тобын дайындау.

Өту барысы:

  1. Сынып жетекшісінің кіріпе сөзі.

  2. Сыныптағы оқушылардың бірінші тоқсан бойынша оқу жұмыстарының нәтижесіне талдау.

  3. Оқушылармен қаралып отырған мәселеге сай ортақ пікірді қалыптастыруға арналған сұрақтарды талқылау.

  4. Оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарын талқылау.

  5. Алдын-ала дайындаған оқушылардың жұмыс тобының пікірін тыңдау.

  6. Ата-ана мен пән мұғалімдерінің пікірін тыңдау.

  7. Жиналыстың шешімін әзірлеу тобын тыңдау.

  8. Шешім қабылдау.

Сынып жетекшісінің және пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің бір формасы педагогикалық консилиум. Мұның ерекшелігі оларда бала тәрбиесіне қатысты бірыңғай көзқарасты және әрекеттегі үйлесімділікті қалыптастыруға ықпал етеді. Белгілі бір нақты сыныпта жұмыс істейтін барлық мұғалімдерге оқушы жайында жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік туғызады: психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері, дене және ақыл-ойының дамуы, жеке-дара қабілеті, мүмкіндіктері мен қиындықтары т.с.с.

Сынып жетекшісі пән мұғалімдері қоян-қолтық жұмыс істеген жағдайда оқу-тәрбие үрдісінде айтарлықтай оң нәтижеге жетізуге болады. Ол үшін ынып жетекшісі өз сыныбында сабақ беретін әрбір мұғалімнің жұмы істеу тәсілін жақы білу керек. Әрбір мұғалімнің сабағына жиі іріп, олармен ынып ұжымы туралы әңгімелеіп отыруы қажет. Осындай жұмыс түрлері арқылы ол оқу-тәрбие жұмысын жақартуға ықпал етеді.

Сынып жетекшісі пән мұғалімдерінің сабағына кіргенде тек оқушыларды бақылаумен шектелмей, мұғалімнің сыныппен жұмыс істеуіне де көбірек назар аударғаны жөн. Мұғалімдер оқушыларға қойылатын бірыңғай талапты жүзеге асыра ала ма, олардың үсті-басына, оқу-құралдарына, сыныптың тазалығына бақылау жасай ма, жеке оқушыларға ықпал етуде сынып жетекшісі белгілеп берген жоспарды басшылыққа ала ма, міне, осындай тәрбиенің көптеген түйінді мәселелері сынып жетекшісінің үнемі зер алып отыруын талап етеді.

Қорыта айтқанда, сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен бала тәрбиесінде өзара бірлескен жұмыстарының формалары әртүрлі болып келеді. Оның нәтижелі болуы, көбінесе олардың өзара тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір нақты нәтижеге қол жетізуде екі жақтың өзара ынталы болуына байланысты.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқушылар мен педагогикалық ұжым байланысы.

  2. Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру қалай жүзеге асады?

  3. Сынып жетекшісінің мектеп психологымен жұмысының сипаты мен бағыттары қандай?

  4. Білім беру үрдісіндегі сынып жетекшісінің педагогикалық ұжыммен өзара әрекеттестігінің мәні.

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№24 дәріс тақырыбы: Жеке оқушымен және оқушыларды сауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары.

Мақсаты: Жеке оқушымен және оқушыларды сауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары жөнінде білм беру.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының маңызы

  2. Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру.

  3. «Салауатты өмір салты» (тәрбие сағаты)

Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат – оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай оқушымен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.

Мұндай жұмыс барысында мұғалімдерден оған қатысты асқан сезімділікті, кішпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластылықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:

  1. Бала жанын жақсы түсіну.

  2. Баланың таңдау еркіндігін қолдау.

  3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау.

  4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету.

Кез келген оқушының сыныпта ерекше қарым-қатынас жасайтын құбылысы болады. Ол оның пікірімен санасады, ой бөліседі және жүріс-тұрысы да бірге болады. Олай болса, мұғалім сол оқушыға ықпал ету арқылы, оларды өзіне ынтымақтастыққа тартады.

Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру. «Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» - Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. «Деннің саулығы» - адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.

«Өмір салты» - адамның денелік, интеллектуалдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бір сарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, «өмір салты» - деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты өмір сүру» ұғымын білдіреді.

Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.

«Салауатты өмір сүру салтына» 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындығы. Осы үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын айқындау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы керек. Ол өзінің педагогикалық әрекетін «АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК» заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқушы тұлғасын жетілдіру, әлеуметтендіру мәселесінің мәні қандай?

  2. Салауатты өмір салты дегеніміз не?

  3. Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру қалай жүзеге асады?

  4. Салауатты өмір салтының идеяларын дәріптеудің мәні неде?

  5. Баланың жеке тұлғасының қандай аспекттері бар?

  6. Салауатты өмір салтын ынталандырудағы сынып жетекшісінің беделінің алатын орны қандай?

  7. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеудегі білім беру және медицина саласы мамандарының бірлескен әрекеті қалай ұйымдастырылады?

  8. Н. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы.

Әдебиеттер тізімі: [ № 19 – 34 ]

№25 дәріс тақырыбы: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысын талдау.

Мақсаты: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдауға үйрету.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау мақсаты.

  2. Оқу жылының нәтижесін талдау кезеңдері.

  3. Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуінің жоспары

Тәрбие жұмысындағы педагогикалық талдаудың ролі ерекше. Талдау мақсат қоюмен, болжаумен, жоспарлаумен өте тығыз байланысты. Тәрбие жұмысын талдау нәтижесінде педагогтар педагогикалық үрдістің нәтижесін, жасалынған жұмыстың деңгейін, нәтижеге жетудегі факторларды, қолданылатын құралдардың тиімділігін, олардың тәрбие үрдісіне тигізер әсерін, тәрбие жұмысының кемшіліктері мен жетістіктерін, тәрбие жұмысын дамытудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Талдау жоспардың ғылымилығын, тәрбие жұмысының реттілігін, бірізділігін, бақылауды қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысын талдауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

  1. Тәрбие жұмысын талдау объективті болуы шарт.

  2. Барлық педагогикалық құбылыстарды өзара әрекеттесу және өзара байланысу негізінде қарастыру қажет.

  3. Талдау пәнін пайда болу, тұрақтану, өзгеру және даму процесінде қарастырған жөн.

  4. Талдау тәрбие үрдісін тұтас, өзгермелі, өзара әрекеттесуші жүйе ретінде белгіленеді.

  5. Талдау мақсатты болуы тиіс.

  6. Талдау педагогикалық ұжымның барлық мүшелері жүргізеді.

  7. Талдауды ұйымдастыру және өткізу тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған.

Тәрбие жұмысын талдау түрлері:

Объект бойынша (не талданады?):

  1. мектептегі тұтас тәрбие жұмысын талдау;

  2. құрылымдық бөлімдердің (бастауыш сыныптар, клубтар жұмыс және т.б.) жұмысын талдау;

  3. сынып, үйірме, топтың жұмысын талдау;

  4. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жұмысын талдау.

Субъект бойынша (кім талдайды?):

  1. директор, оның орынбасары жүргізетін талдау;

  2. сынып жетекшінің, үйірме жетекшісінің жргізетін талдауы;

  3. оқушылар талдауы;

  4. педагогтар, ата-аналар, оқушылар қатыса жүргізілетін талдау

Мақсатына қарай (не үшін талданады?):

  1. педагогикалық шындыққа объективті баға беру;

  2. жұмысты қорытындылау және болашақ міндеттерді белгілеу;

  3. жұмыстағы кемшіліктерді жою;

  4. педагогикалық үрдісті реттеу;

  5. тәрбие жұмысының нәтижесін зерттеу.

Мазмұнына қарай (талдаудың сипаты қандай?):

  1. кешенді талдау;

  2. тақырыптық талдау,

  3. параметрлік талдау.

Қайталануы бойынша:

  1. кезеңді;

  2. міндетті;

  3. қорытынды.

Тәрбие жұмысын талдау бірнеше деңгейде жүреді:

  1. стихиялық-эмпирикалық;

  2. эмпирикалық;

  3. теориялық.

Талдаудың жалпы үлгісін өзара байланысты екі ойлау операцияларымен көрсетуге болады:

жинақтау 1 – талдау – жинақтау 2.

Егер талдауға мына қасиеттер тән болса, тәрбие жұмысын талдау нәтижелі болады:

  • тәрбие жұмысының формасын талдаудың мақсат-міндеттері айқын белгіленсе;

  • бағдарламаға сәйкес мақсатқа жету қозғалысы таладанады;

  • талдау барысында жұмыстың негізгі бөліктері ажыратылады;

  • тәрбие жұмысы формаларының жүйе жасаушы байланыстары талданады;

  • әрбір кезеңнің микроқұрылымына сипаттам беріледі;

  • әрбір кезеңнің міндетінің орындалуы келесі кезеңдегі міндеттерді шешумен, мақсатқа жетумен байланыстырылады;

  • тәрбие жұмысының орны мен ролі белгіленеді;

  • жасалынған жұмыс бойынша қорытынды жасалып, бағаланады.

Талдау – педагогтарға өте күрделі жұмыс. Сондықтан оны ұйымдастыруда түрлі формаларды қолданып, дұрыс ұйымдастырған жөн.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Талдау жұмысының түрлері қандай?

  2. Нәтижені талдауды қалай жүреді?

  3. «Срез» тәсілін жүргізудің мәні?

  1. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдаудың маңызы?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 13, 16, 35 ]

№26 дәріс тақырыбы: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау үлгісі.

Мақсаты: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау үлгісімен таныстыру.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі.

  2. Сынып жетекшісінің күнделік дәптері.

Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі.

І. Сыныптағы педагогикалық жұмысты талдаудың жалпы нәтижесі.

1.1. Оқушылардың тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы.

1.2. Оқушылар ұжымының даму деңгейі, ұжымдағы оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапалы көрсеткіші.

1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

ІІ. Сынып алдында қойылған міндеттердің орындалуына талдау.

    1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы, өз уақытында қойылуы, уақытпен сәйкестігі.

    2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылды?

    3. Қандай міндеттер орындалмады?

Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды:

  • Сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;

  • Сыныптағы атқарылған педагогикалық жұмыстың мақсатқа сәйкестілігін;

  • Нәтижеге қол жетізудің факторларын, себептерін, қозғаушы күштерін;

  • Пайдаланылған педагогикалық құралдарының нәтижелігін және сынып жұмысының нәтижесіне олардың ықпал ету дәрежесін;

  • Педагогикалық әрекеттің жетістіктері және кемшіліктерін, олардың себебін;

  • Пайдаланбай қалған мүмкіндіктер мен педагогикалық құралдарын, болашақта сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды т.б.

Сынып жетекшісінің күнделік дәптері.

Бұл – сынып жетекшісі жұмысының есебін жүргізудің маңызды және қажетті буыны. Себебі, сынып жетекшісінің күнделігі оқушылар ұжымының оқу-тәрбие жұмысының орындалуы мен нәтижесіне талдау жүргізу, оған түзетулер енгізіп, бағыт-бағдарын нақтылап отыруды жүйелеп атқаруға мүмкіндік туғызады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жеке оқушылармен жұмыс нәтижесін талдау қала жүзеге асады?

  2. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (оқу-тәрбие жұмысы) арқылы қандай мәліметтерге қол жеткізуге болады?

  3. Талдауға қатысты қандай сұрақтар бар?

  4. Сынып жетекшісінің тәрбие әрекеттеріне қатысты есеп жұмыстары қалай жүргізіледі?

  5. Оқушының тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы дегеніміз не?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 13, 16, 35 ]

№27 дәріс тақырыбы: Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

Мақсаты: Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің маңыздылығы туралы білім беру.

Жоспары:

  1. Тәрбие процесінде балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің маңыздылығы.

  2. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейтіні анық. Себебі оның жан дүниесі тек айналасымен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Осы іс-әрекеттеріне түрткі болатындар: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады.

Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлеледейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс-әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.

Іс-әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Соған сәйкес оның нақты мақсаты мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жетіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Сондықтан тәрбие теориясы мен әдітемесінде балалар қозғалысын – тұлғаны дамытудың негізгі факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7-18 деп қарастырылған.

Осыған сәйкес бүгінде көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда. Мысалы, Алматы облысының әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларға үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда.

«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

  1. «Білік мектебі» халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқытады.

  2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз.

  3. Мен ертеңгі жауынгер.

  4. Тәні саудың – жаны сау.

  5. Салауат клубы.

«Мың бала» атты оқушы жастар ұйымының негізгі өнеге етіп ұстар тұтқасы, алатын жолы он бес жасар Сартай батырдың адамгершілік пен отаншылдық ерлігі. Мың баланы басқарған «Сартай батыр» дастанында елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге, ерлікке шақыру жағы басым.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Құрбылар қауымдастығы дегеніміз не?

  2. Бірлестіктердің мақсаттары неге байланысты?

  3. Скаутизм қашан қалыптасты?

  4. Біріккен ұлттар ұйымының баланы қорғау конвенциясының мақсаты қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 3,15, 16 ]

№28 дәріс тақырыбы: І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны.

Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасының мазмұнымен таныстыру.

Жоспары:

  1. «Атамекен» бағдарламасының мақсаты.

  2. «Атамекен» бағдарламасының қызметі мен құрылымы.

  3. Негізгі шығармашылық бағыттары.

«Атамекен» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми педагогикалық және методикалық бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгісіндегі жұмысын жасау, балалар мен ереектерді біріктіретін ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын /штабын/ құру.

Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармалық бағыттан құралған. Онда халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тарихы, этно-мәдениеті мен этностық тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып барлық ағарту-тәрбие процестері кешенді түрде қарастырылған. Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептен тыс мекемелерде, педагогикалық жоғары оқу орындары мен училищелерінде және өзге құлшыныс танытқан орындарда іс-әрекет етуші «Атамекен» ордасы құрылды.

Орда төрағасы, орынбасарын, 3-бірлестіктің жетекшілерін І-Ү сынып «Балдырғандар ата-баба елінде», Ү-ҮІІ сынып «Мұрагер» және ҮІІІ-ІХ-ХІ сыныптар – «Мирас» бірлестіктерін құрып, толық шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Негізгі шығармашылық бағыттары:

  1. «Салт» бағыты

  2. «Шежіре» бағыты

  3. «Шаhар» бағыты

  4. «Жібек жолы» бағыты

  5. «Сөнбе жұлдыздар» бағыты

  6. «Толғау бағыты

  7. «Асыл мұра» бағыты

  8. «Домбыра-Дастан» бағыты

  9. «Наурыз» бағыты

  10. «Зергер» бағыты

  11. «Төрт түлік» бағыты

  12. «Көкпар» бағыты

  13. «Дулыға» бағыты

  14. «Қасиет» бағыты

  15. «Ас» бағыты

  16. «Бабалар өсиеті» бағыты

  17. «Зерде» бағыты

  18. «Құсбегі» бағыты

  19. «Қыз бен жігіт» бағыты

  20. «Заман-ай» бағыты

  21. «Алыстағы бауырлар»

  22. «Достық» бағыты

  23. «Ардагер» бағыты

  24. «Ою-өрнек» бағыты

  25. «Бейнелер сыры» бағыты

  26. «Ата-ана» бағыты

  27. «Шариғат-құран» бағыты

  28. «Сәби» бағыты

  29. «Қайырымдылық» бағыты

  30. «Сауда» бағыты

Бағдарлама 1991 жылы 7-желтоқсанда «Атамекен» ұйымының І Құрылтайында қабылданды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Салт» бағыты, «Шежіре» бағыты, «Шаhар» бағытының мәні қандай?

  2. «Атамекен» бағдарламасы «Алыстағы бауырлар» бағыты бойынша жүргізілген жұмыстардың мазмұны мен мәні қандай?

  3. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің қалыптасу тарихы.

  4. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасының ерекшеліктері?

  5. І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны қандай?

  6. «Атамекен» бағдарламасы «Сәби» және «Қайырымдылық» бағыттары жұмыстарының маңызы.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1, 3,15, 16 ]

№29 дәріс тақырыбы: Оқушының және сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық профессиографиясы

Мақсаты:Аталған тақырып жөнінде білім беру.

Жоспары:

  1. Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.

  2. Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырудың шамамен алған үлгісі.

  3. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.

Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.

Жалпы нұсқау. Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы материалдардың болуын талап етеді.

Психологиялық-педагогикалық мінездеме жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады:

  1. Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.

  2. Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.

  3. Темперамент және мінез ерекшеліктері.

Оқушының жеке басын танып білуге қандай бағыт таңдап алынса да, алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат пен оның мектепке қатынасын және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасын анықтау керек.

  • Жалпы мағлұмат.

І. Оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс-тіршілігі, үлендермен қарым-қатынасы, жанұя тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

ІІ. Мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы:

  1. Сыныпқа жалпы мінездеме.

  2. Ұжымдағы жағдайы.

  3. Сыныпқа қатынасы.

  4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттана ма, немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

  5. Мектепте болған кезін бағалай ма, ондай жағдайда негізінен нені бағалайды?

ІІІ. Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы.

  • Оқу әрекеті

  • Еңбек әрекеті

  • Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

  • Тәртібі

  • Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

Жалпы педагогикалық-психологиялық қорытынды.

Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырудың шамамен алған үлгісі.

Жалпы нұсқау. Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сынып ұжымын зерттеп, оған психологиялық мінездеме жазуы міндетті шара.

Сынып ұжымының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасуы, ішкі және сыртқы факторларға байланысты.

Сынып ұжымын зерттеу жұмыстарын мына төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілгені дұрыс:

  1. Сынып жайында жалпы мағлұмат.

  2. Сынып құрылымы.

  3. Ұжымның іс-әрекеті.

  4. Ұжымның даму дәрежесі.

  5. Жалпы қорытынды.

Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің әдістемесі.

Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық-педагогикалық білім алу үшін көптеген әртүрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, оқу-тәрбие меңгерушісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін, алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды.

Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін бақылау, сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді қолдануға болады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Психологиялық-педагогикалық мінездеме дегеніміз не?

  2. Темперамент және мінез ерекшеліктерінің рөлі қандай?

  3. Сынып ұжымын зерттеудің қандай бағыттары бар?

  4. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің маңызы неде?

  5. Бақылау, әңгіме, сауалнама әдістерінің ерекшеліктері қандай?

  6. Социометрия, эксперимент әдістері қалай жүргізіледі?

  7. Сынып туралы жалпы мағлұматқа не жатады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№30 дәріс тақырыбы: Мектеп жағдайындағы оқушылардың денсаулығын ескеру.

Мақсаты: Оқу-тәрбие процесі барысындағы мектеп жағдайында оқушылардың денсаулығын ескеру және қадағалау жұмытарымен таныстыру.

Тірек ұғымдары: Мектеп жағдайындағы оқушылар, олардыңдың көру мүшесі, көрмеу себептері, алдын-алу шаралары, әдістемелері.

Жоспары:

  1. Мектеп жағдайындағы оқушылардың көру мүшесінің шаршауы.

  2. Жақын қашықтықтан көрмеу себептерін болдырмау, ескерту жұмыстарына арналған жаттығулар.

  3. «Денсаулық сағатын» өткізу әдістемесі

Мектептегі оқу процесіндегі оқушылардың көру мүшеіне артық салмақ түседі. Соның салдарын олардың көздеріндерінде шаршау, жақын қашықтықтан оқи алмау жағдайлары жиі кездеседі.

Ол ү.шін мұғалімдер, сынып жетекшілері төменде ұсынып отырған шарттарды естен шығармағандары жөн:

  1. Ай сайын оқушылардың орналау қатарын, отырған орнын ауыстырып отыру.

  2. Оқушылардың партада дұрыс отыруын, көзбен кітап, дәптер арасындағы ара қашықтықты дұрыс сақтауын қадағалап отыру. Ол 30-33 см. Қашықтық аралығында болуы керек.

  3. Әрбір сабақ барыында оқушылар көздерінің шаршау жағдайын болдырмау және оның алдын алу мақсатын көздей отыра, 3 минут шамаындай уақыт аралығында көзді шынықтыру жаттығуларын жүргізу.

«Денсаулық сағатын» өткізу әдістемесі

«Денсаулық сағаты» адамның жалпы денсаулығын дамытатын сауықтыру шарасы. Мәселе дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын дәстүрлі жұмыс түрлеріне, әдістері мен жүтемелер жиынтығына айналып кетпеуінде. Оны өтізгенде жергілікті жағдайларға сәйкес паралель кластарда немесе оқушылардың жастарына қарай, мысалы, І-ІІ, ІІІ-ІҮ, Ү-ҮІ немесе І-ІІІ, ІҮ-ҮІ, ҮІІ-ҮІІІ, ІХ-Х (ХІ) және бақа ыныптарды біріктіруге болады. Мұндай сабақтардың мазмұны мен жүктеме оқушылардың жатарына әйкес әртүрлі болуы керек. «Денсаулық ағатында» оқушылар арасында жарыстар, шаңғы, коньки, жүгірушілер «сағаттары», дәтүрлі халық ойындары және басқалары ұйымдастырылады.

«Денсалулық сағатына» берілетін негізгі баға оған барлық оқушылардың қатысуы, «Денаулық сағатын» өтізудегі тапқырлығы мен бір нәрені аяқ астынан ойлап шығарғыштығы, оған қатысушылардың көңіл қоштығы және абаққа қатыуға ниеттілігі, насихаттық санитарлық-ағартушылық жұмысы, сабақтарды өтізуге оқущылардың ата-аналарын, портшыларды, қамқоршы әсіпорын жастарын, мекиептің дене тәрбиесі жөніндегі беленділерді тартқаны үшін мадақталуы мүмкін.

«Денсаулық сағатын» өтізгенде дене тәрбиеі ағатарына қойылатын ұйымшылдықпен бастау, денеге түсетін ауырлықтың бірте-бірте өсе түуі, чсабақтың соңында оның төмендеуі секілді негізгі талаптар сақталуы ерек.

Оқушылардың денеіне түсетін ауыртпалық көзге түетін ыртқы елгілері арқылы, ейбірін бөліп қарау, тамырын ұстап байқау арқылы бақыланады. Денеге түетін ауырпашылықты көтере білгендіктен оқушылардың бастапқы еңгейге дейінгі 10 минуттық үзіліс оңында жүректің бір кеңейіп, бір тарылып соғу жиілігінің кемуінен байқалады.

Жүрек оғу жиілігінің минутына 15-20 және одан да көп болуы жүктеменің артып кеткенін, жаттығуының аз екенін немесе сырқаттығын дәлеледейді.

«Денаулық ағатының» мазмұнына педагогтар ұйымдастырған ойындар мен жаттығулар да, шәірттердің өздері дербес өткізетін ойындар мен сауықтар да кіреді. Олардың ара салмағы қатаң шеңберге алынбайды, сабақтардың мазмұны мен міндеттеріне шәкірттердің жастары мен мүдделеріне сәйкес өзгертіледі.

Денсаулығына байланыты арнаулы медициналық топқа жатқызылған шәкірттер бақа құрбыларымен қатар «Денсаулық сағатына» қатыады және әрқайсысының денаулық жайы, өзін сезінуі, денелеріне түсетін ауырпалыққа көнбестігі есе алынады.

«Денаулық сағатын» ұйымдастыру оқу және оқушылар күн ұзағына болатын топтарда дене тәрбиеі, ауықтыру шараларын ұйымдастыру керектігін жоққа шығармайды. Дегенмен, «Денсаулық сағаты» шәкірттерді ауықтырудың, олардың белендңі қозғалысын жақсартудың негізгі түрлерінің бірі болып саналады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Көру мұшесінің құрылымы қандай?

  2. Көру түйсігінің ерекшеліктерін ескерудің мәні?

  3. Көру арқылы қабылдаудың маңызы қандай?

  4. Көз ауруларының пайда болу себептері қандай?

  5. Көз ауруларының алдын алу шаралары қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

  1. Семинар сабақтарының жоспарлары

№

Тақырыбы

Семинар сабағының мазмұны

Аптасы

Әдебиеттер

1

Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының жүйесі.

  1. Тәрбие процесінің мәні және өзіндік ерекшеліктері.

  2. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен әдістері.

  3. Жеке тұлға қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеу мен байта тәрбиелеудің мәні.

  4. Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

1

№ 1-9

2

Сынып жетекші тәрбие жұмысының субъектісі ретінде.

  1. Сынып жетекшінің тұлғасы.

  2. Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.

  3. Сынып жетекшінің мақсат қоюшылық қызметінің кезеңдері.

2

№1-16

3

Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі.

  1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

  2. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары және оны құру жолдары

3

№1-10

4

Оқушылар ұжымын тәрбиелеу және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

  1. Ұжым тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы ретінде.

  2. Ұжымның қалыптасу кезеңдері және өзін-өзі басқару.

  3. Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымын тиімді ұйымдастыру жолдары.

4

№1-7

5

Сынып жетекшінің практикалық және психологиялық жұмысы

  1. Мектеп психологы және тәрбие жұмысы.

  2. Оқушылармен, педагогикалық ұжыммен жұмыстағы психологиялық әдістер.

  3. Педагогикалық қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

5

№1-9

6

Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

  1. Мектептен тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері, қызметі.

  2. Тәрбие жұмысын жүргіздегі жалпы талаптар.

  3. Тәрбие жұмысының формалары

6

№1-9

7

Тәрбие сағатын ұйымдастыру мен талдау үлгісі

  1. Тәрбие сағатының түрлері.

  2. Тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.

  3. Тақырыптық тәрбие сағатының ерекшеліктері.

  4. Тәрбие сағатын талдаудағы ескеретін шарттар.

7

№1-9

8

Тәрбие сағатын ұйымдастыру формасы мен жолдары.

  1. Тәрбие жұмыстарының негізгі формаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері.

  2. Бастауыш сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысы формаларының түрлері.

  3. Орта сыныптағы тиімді тәрбие формалары.

  4. Жоғары сыныптарға сәйкес тәрбие формаларын таңдаудағы жас, дербес және жыныстық ерекшеліктерін ескерудің маңызы.

8

№1-9

9

Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары.

  1. Конкурстар – сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы.

  2. Оқушылардың сынып жиналысының тиімділігі.

  3. Жиналысты ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі.

  4. Клуб жұмысы.

9

№1-7

10

Ата-аналармен жұмыс әдістемесі.

  1. Ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас жааудың негізі.

  2. Отбасының педагогикалық-пихологиялық диагностикасы.

  3. Ата-аналарды оқыту.

  4. Ата-аналармен жұмыс жасау формалары

10

№1-16

11

Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.

  1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны мен бағыттары.

  2. Пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеудегі сынып жетекшісінің рөлі.

11

№1-16

12

Сынып жетекшісінің оқушыларды тәрбиелеу жұмыстары.

  1. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысында ескерілетін жағдайлар.

  2. Сынып жетекшісі мен оқушының өзара қарым-қатынас сипаты.

  3. Салауатты өмір салтының идеяларын дәріптеу.

12

№1-16

13

Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау.

  1. Талдау жұмысының мазмұны мен формасы.

  2. Жеке оқушылармен жұмыс нәтижесін талдау.

  3. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (оқу-тәрбие жұмысы)

13

№1-4

14

Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

  1. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің қалыптасу тарихы.

  2. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

  3. І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны.

14

№1-6

15

Оқушының және сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық профессиографиясы.

  1. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің маңызы.

  2. Бақылау, әңгіме, сауалнама әдістері.

  3. Социометрия, эксперимент әдістері.

15

№1-9