Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тәрбие сағатының маңызы қандай?

  2. Тақырыптық тәрбие сағатының ерекшеліктері неде?

  3. Тақырыптық тәрбие сағатының мақсаты қандай?

  4. Тәрбие сағатын ұйымдастыру талаптары жөнінде не айта аласың?

  5. Берілген тәрбие сағатының үлгісін жазбаша талдаңыз.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№15 дәріс тақырыбы: Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары

Мақсаты: Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдарын айқындау.

Жоспары:

  1. Тәрбие сағатын ұйымдастыру әдіс-тәсілдері, формалары

  2. Пікірталас, әңгіме

  3. Саяси хабарлама, газетпен жұмыс жасай білу

  4. Саяси ұйымдар мен клубтар

Тәрбие сағатын ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдары бар. Оларға пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, газетпен жұмыс жасай білу, газет оқуға үйрету, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, баспасөз конференциясы, конкурстар және т.б.

  • Пікірталас.

Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады.

Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылық пен пайымдауға үйретеді.

Пікірталастың мақсаты – оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету.

Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты - алдын-ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастыру. Жүргізуші кіріспе сөз сөйлеп, оның мақсатын түсіндіреді, одан әрі қарай пікір алмасу басталады. Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалуы, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

  • Әңгіме.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып – адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақчсы ұғынуға, өмір тәжірибеіңн дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен бірге әңгіме барыында адамгершілік ұғымдардың мәнін түсінуге нәтижелі мүмкіндік туғызатын нақтылы мысалдар, деректерді келтірген дұрыс. Осы тұрғыда әңгімені үнемі өсиет айту, үгіт-наихатқа айналдырып жібермеу керек. Ол үшін жеткіншектермен әңгімені өткізгенде адамгершілік мазмұнды жағдаят формасында ұйымдастырған жөн.

  • Саяси хабарлама

Бұл саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалармен танысуға көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси хабарларға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері көптеп қолданылады.

Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі.

  • Газетпен жұмыс жасай білу

Балалар газеті оларға өз замандастарының өмірі мен істерін жеткізе отырып, оларды өте маңызды саяси оқиғалармен белгілі бір дәрежеде таныстыра алады.

Балалар газеттен алған әсерлері мен ой-түйіндерін өз сыныбының жұмысына пайдаланып, басқа балалардың жақы істерін қабылдап, өздері жайлы немесе көкейде жүрген ойларын айтып, газетке үн қосқаны абзал.

  • Саяси үйірмелер мен клубтар

Мұның міндеті сабақта, газет, радио, көгілдір экран арқылы алған білімдері мен көзқарастарын кеңейтуге, шыңдауға көмектесу. Саяи үйірмелер мен клубтар әдетте жоғары сынып оқушылары арасында қолданылады. Ондағы жұмыстың формалары мен әдістері әр алуан. Мұнда дәрістер мен баяндамалар тыңдалып, пікір алысу жұмыстары жүргізіледі. Оның жұмысына мектеп оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері мен қоғамдық негіздегі баяндамашылар қатысады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Пікірталастың мақсаты қандай?

  2. Этикалық әңгіменің мәні?

  3. Әңгіменің қандай негізгі бағыттарын білесің?

  4. Жоғары сынып оқушыларының көзқарасын, сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыратын әдісті атаңыз.

  5. Пікірталастың рөлі қандай?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№16 дәріс тақырыбы: Конференция – тәрбие сағатын ұйымдастыру формасы ретінде

Мақсаты:Аталған тақырып жөнінде білім беру.

Жоспары:

  1. Оқырмандар конференциясы

  2. Тақырыптық конференция

  3. Қызықты кездесулер

  4. Баспасөз конференциясы

  • Оқырмандар конференциясы

Оқырмандар конференцияы мектеп оқушыларының оқудан тыс кездерінде қызықты әдеби-көркем шығармалары мен ғылыми көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.

Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.

Дайындық барысында оқушылардың өзара пікір алмасуы, жазба жұмыстарының жүргізуінің өзі – конференцияның бастамасы, ал оны өткізу кезеңі – қорытындысы болып табылады. Конференцияны өткізу барысында сынып жетекшісі кіріспе сөз сөйлеп оның жұмысын бастайды. Онда таңдап алынған кітап жайлы, оның мақсаты, маңыздылығын айта келе қатынасып отырған қонақтарды таныстырып өтеді. Оқушылардың назарын нақтылы мәселелерге аударып, оны талқылауға бағыт-бағдар береді.

Конференция соңында сынып жетекшісі қорытынды сөз сөйлеп, оның жұмысына баға береді.

  • Тақырыптық конференция

Тақырыптық конференция – белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отыра, көкейкесті мәселелерді шешуге арналады. Оның ауқымы кең. Ондағы қаралатын мәселелер өмірдің кез-келген саласына арналады.

Конференцияның тақырыбын таңдаудың маңызы ерекше. Ол оқушылардың тілегімен сәйкес, әрі оларды қызықтыратын болуы керек.

Тақырыптық конференция, оның мақатына сай көкейкесті сұрақтарды әзірлеп, алдын-ала оқушыларға оны ұсынудың да маңызы ерекше. Конференция өтізу қарсаңында арнайы көрме ұйымдастырылады, алдын-ала баяндама әзірленеді, хабарлама ілінеді.

Жүргізуші сөз сөйлеп, мақсатын хабарлайды. Баяндамалар оқылады, кейде пікірталасқа ұласады. Конференция соңында сынып жетекшісі немесе жүргізуші қорытынды сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға баға береді.

  • Қызықты кездеулер

Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру – мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы. Әсіресе қызықты кездеулермен өткізген тәрбие сағаты нәтижелі болады.

Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшеліктерін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жөнінде кеңес береді.

  • Баспасөз конференциясы

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны ынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп, сөз саптауына дағдыландырады. Соған орай конференцияны ойын түрінде өтізген дұрыс. Оған қатысушы әрбір оқушы тілші, белгілі бір саланың қызметері, қоғамдық және саяси партиялар мүшесі секілді рөлдерді атқарады. Соның барысында оқушылар баспасөз конференциясының қатысушыларына үлкен ілтипат білдіріп, көп нәрседен хабардар болады.