- •М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
- •5В010300- Педагогика және психология
- •Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені Курс – ііі
- •Орал, 2015 ж.
- •2. Курс бағдарламасы (sillabus).
- •2. Пәнді оқу бағдарламасы.
- •3. Ожсөж мазмұны:
- •4. Ожсөж мазмұны:
- •4. Сөж мазмұны:
- •7. Ожсөж мазмұны:
- •8 Кредит сағат
- •9. Ожсөж мазмұны:
- •10 Кредит сағат
- •10. Ожсөж мазмұны:
- •10. Сөж мазмұны:
- •15. Ожсөж мазмұны:
- •16. Ожсөж мазмұны:
- •16. Сөж мазмұны:
- •17. Ожсөж мазмұны:
- •18 Кредит сағат
- •18. Ожсөж мазмұны:
- •18. Сөж мазмұны:
- •3. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу карта
- •5. Дәрістер кешені.
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Пән бойынша әдістемелік нұсқау.
- •Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар. Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:
- •Сараман барысына әдістемелік нұсқау.
- •Студенттің сарамандық жеке жоспары
- •Студенттердің білімін тексеру және бағалау.
- •Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары
- •12. Сабақтарда қолданылатын бағдарламалы және мультимедиялық құралдар.
- •13.Арнайы жабдықталған аудиториялар мен лабороториялар:
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Оқушылар ұжымы қалай қалыптасады?
Сыныптағы қоғамдық пікірдің мәні қандай?
Ұжымдық шығармашылық форманың ерекшеліктері?
Балалар тәрбиелік ұжымының қалыптасуының этаптары?
Балалар тәрбиелік ұжымының қалыптасуының механизмдері?
Әдебиеттер тізімі
Иванов И.П. Воспитывать коллективистов: Из опыта работы. – М., 1982
Классному руководителю/Под ред,М.И.Рожкова. – М., 1999.
Макаренок А.С. Избр.пед.сочинения.: В 2т. –М., 1981
Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – М., 2000
Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. – М., 1978
Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2000. – С. 98-100
№8 дәріс тақырыбы: Сынып оқушыларының өзін-өзі басқар ұйымдары және оны ұйымдастыру.
Мақсаты: Сынып оқушыларының өзін-өзі басқар ұйымдарының түрлерімен таныстыру және олардың ұйымдастыру ерекшеліктерін айқындау.
Тірек ұғымдары: Өзін-өзі басқару жүйесі, оның құрылымы, ұстанымдары, функциялары.
Жоспары:
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының маңызы
Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы
Өзін-өзі басқару жүйесінің ұстанымдары
Ұжым жетілген сайын өзін-өзі басқару да жетіле түседі.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда балалардың өз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
адаптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бөлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (оқушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) өзін-өзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір бала өз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. өзін-өзі басқару балалардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті өз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер көмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, көсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген балалар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде өзін-өзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.
Өзін-өзі бақару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
Сынып жағдайында өзін-өзі басқару: оқу, еңбек, өпшілік-мәдени, спорт сеторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңеінің төрағасы басшылық жасайды.
Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады.
Мектеп жағдайында тең төрағалық (сопредедатель) басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесінің мүшелері, кеңесші мұғалімдер, ата-аналар кіреді.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруд дамыту үлісін шартты түрде блай көрсетуге болады:
Әрекеттің мақсатын анықтау;
Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болу талқылау);
Басқару мәселесін қою;
Шешімді ұжым болып талқылау;
Шешімді қабылдау;
Шешімді жүзеге асыру;
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.
Өзін-өзі басқару процесінің қозғаушы күші – ондағы мотивтің болуы. Сондықтан өзін-өзі басқарудың жоғарыда келтірілген әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Ұжым туралы түсінік.
Ұжымның өзіндік қасиеттері, ерекшеліктері.
А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдерін сипаттаңыз.
Ұжымға педагогикалық басышылықта нені есепке алу керек?
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде қандай ережелерді есте сақтау керек?
Ұжым алдындағы мақсат – перспектива дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару дегеніміз не?
Өзін-өзі басқару қандай функцияларды орындайды?
Әдебиеттер тізімі
Иванов И.П. Воспитывать коллективистов: Из опыта работы. – М., 1982
Классному руководителю/Под ред,М.И.Рожкова. – М., 1999.
Макаренок А.С. Избр.пед.сочинения.: В 2т. –М., 1981
Немов Р.С. Психология: В 3 кн. – М., 2000
Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива. – М., 1978
Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2000. – С. 98-100
№9 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің практикалық және психологиялық жұмысы
Мақсаты: Сынып жетекшісінің практикалық және психологиялық жұмысы жөнінде білім беру.
Жоспары:
Мектеп психологы және тәрбие. Психотерапия
Психологиялық әдістер және оқушылармен жұмыс
Ролдік ойындар, тренингтер.
Психологиялық жаттығулар және аутотренинг.
Педагогика саласындағы психологияның алатын орны ерекше. Өйткені екеуінің де мәні, зерттейтін пәні – жас жеткіншектің жас ерекшелік динамикасы, олардың жан-жақты дамуы, психологиясы, білімді игерудегі жасқа лайық мүнкіндіктері, ақыл-ойының өсуі мен толысуы, айналамен қарым-қатынасы, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы психолог мамандығының да басты міндеті - бала, жас жеткіншек, жасөспірімдердің жас ерекшелігіне сай даму динамикасын зерттеу, бағыт-бағдар беріп отыру. Психолог оқушылардың тәрбие ықпалы жағдайындағы психикалық іс-әрекеттері заңдылықтарын, олардың өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін аша отырып, жеке адам қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді. Баланың психикасының даму заңдылықтарын, іс-әрекеттің жетекші типінің өзіндік ерекшелігін, олардың мектеп оқушылары іс-әрекетінің басқа түрлері мен қарым-қатынасының өзара байланысын есепке алу білім беру саласындағы психолог қызметінің дұрыс ұйымдастырылуына мүнкіндік береді. Жоғары интеллектуальды және шығармашылық мүмкіндіктері бар, белсенді, өзіндік іс-әрекеті бар жеке тұлғаны қалыптастырудағы талап педагог-психолог мамандардың алдына оқу-тәрбие жұмысының мазұмын, әдістерін және оны ұйымдастыруды психологиялық мәліметтер негізінде құру мақсатын қояды.
Жалпы білім беру ісіндегі педагог-психолог мамандардың негізгі жұмыс мақсаттарына мынылар жатады:
этникалық мәдени білім беру кеңестігінде оқу-тәрбие үрдісі үшін психологиялық оң ахуыл тудыру;
жеке тұлғаның иетеллектуалдық қабілетінің дамуын, танымдық құбылыстарын, тәрбиелік деңгейін зерттеу;
әр баламен (дарынды, тәрбиесі қиын, денсаулығы нашар, жаңадан келген, өз еркімен қатысушы) жұмыс;
мектеп немесе гимназиядағы оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы, жаңадан ендірілген пәндер, таңдаулы курстардың берілу деңгейі, басқа пәндермен үйлесімділігі, кері әсерін зерделеу;
ұстаздың шығармашылық әлеуетін және кәсіптік тұлғалық бағытын, типологиялық ерекшеліктерін, өзін-өзі дамыту қабілетін анықтау. Педагогикалық ұжымда психологиялық ахуал тудыру;
ата-аналардың мектептегі оқу-тәрбие үрдісімен психологиялық қарым-қатынас байланысын қалыптастыру, нақты мәселерді шешу барысында жұмыстар жүргізу.
Сондай-ақ сынып ішіндегі жағымды және конфликтілік позицияны ұстаушылар, топтан сырттап қалушылар анықталып, сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне арналған психологиялық кеңес, консилиумдар өткізіліп тұруы тиіс.
Жалпы алғанда мектептегі, яғни білім беру саласындағы психологтың қызмет жұмысының мазмұны өзінің бастапқы қалпынан біраз өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыттар бойынша дамып келеді. Қызмет аясы кеңіп, бірнеше бағыттарды қамтитын мүмкіндіктер туып, психолог маманның қызметі жан-жақты сұранысқа ие болуда. Қазақстан Республикасының көптеген мектептерінде эксперименттік алаң ретінде жұмыс жасай бастаған психология (жантану) деп аталатын 1-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламалық курстары психологиялық қызмет орталығы болып құрылып, жұмыс жасай бастады.
Психологиялық қызмет жұмысының негізгі мазмұны мектептің ішкі проблемаларынан туындап, құралып отырады. Осы психологиялық орталықтарда көтерілген мәселелер өз денгейінде мектеп ішінде көтеріліп, ол тақырып ауқымы мен мәселенің қиын-жеңілдігіне, педагогикалық ортадағы орнына қарай, педагогикалық кеңестікте диагностикалық, түзету жұмыстары, психологиялық ойындар немесе трени нгтер ретінде жүргізіліп отырады. Көптеген психологиялық орталық жұмысы жақсы жолға қойылған мектептерде мектеп психологы жетекшілік ететін әр түрлі жас психологтар үйірмесі жұмыс жасайды. Олар әр түрлі жастағы балалар арасында жиі көтерілетін сұрақтар мен мәселелер төңірегінде әңгіме көтеріп, мектептегі барлық оқушылар мен педагогтардың, сынып жетекшілерінің өзара қарым-қатынастарын дамыту барысында жұмыс жасайды. Мысалы, мұндай мәселелер немесе тақырыптарға педагогикалық ұжымның, мектеп әкімшілігінің, бірлестік жетекшілерінің, мектеп оқушыларының сұраныстары бойынша атқарылатын мынандай жұмыстарды айтуға болады:
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі, олардың арасында психологиялық оң ахуал туғызу;
Жекелеген оқушылардың кейбір пәндерге қызығушылығын ояту;
Пәндерге қызығуды тудыру;
Педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуеті;
Интеллектуалдық деңгейді анықтау;
Жалпы мектепте оң ахуал тудыру.
Мектептегі психолог маманның алдында қойған мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы қызметін жандандыру үшін ең алдымен оның сынып жетекшілерімен жұмысын оң нәтижелі жолға қоюы керек, содан сон ата-аналарымен тығыз байланыстағы қарым-қатынас, оқушылармен өзара сенімділіктегі, жоғары кәсіби әрі ерекше қарым-қатынас қалыптастыру, оларды дамытып, зерттеу жұмыстарын жақсарту нәтижесінде оң ахуалды жұмысты айқын көруге болады.
Психологиялық әдістер және оқушылармен жұмыс
Баланың жас ерекшелігінің дамуын зерттеу барысында ғалымдар бірнеше блоктар мен әдістерден тұратын зерттеу әдістерін пайдаланады. Жалпы психологиядан жас ерекшелігі психологиясында танымдық процестер мен баланың жеке тұлғасын зерттеуге арналған барлық әдістері алынған, бұл әдістер баланың жасына негізделген және оның түйсігі, есі, ойлауы, қиялы және сөзін зерттеуге арналған. Әдістер көмегімен балалардың танымдық процесстеріндегі жас ерекшеліктері алынып тасталады, бір жас топтамасынан екінші жас топтамасына өту ерекшеліктері талданады.
Бақылау әдісі – балалармен жұмыста психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі түрі болып саналады. Бақылау - балалар туралы әр түрлі және ең қажетті, дұрыс, нақты ақпарат беретін, бірнеше варианттары бар өте кең таралған әдіс. Кез-келген бақылауды мақсатты, нақты бір бағдарлама мен жоспарға сәйкес жүргізу керек. Бақылау жасамас бұрын бақылаудың мақсатын анықтап, не үшін, неге және нәтижеде неге жету керектігі анықталды. Содан соң бақылау бағдарламасын жасап, күтілетін нәтижеге бағытталған жоспар құру керек. Кез келген зерттеу әдісінің нәтижесін алу үшін бақылау ұдайы әрі нақты жүруі тиіс. Балалар өте тез өседі, соған сәйкес олардың психологиясы мен мінез-құлқы да көз алдында өзгереді. Мысалы, баланың жеке өсу қарқынын байқау үшін оның өсуі кезінде бір ай немесе 2-3 ай көрмесек, оның бойындағы, психологиясындағы, мінез-құлқындағы өзгерістерді тез аңғаруға болады.
Балаларға сұрақ қою арқылы зерттеу жүргізу ең күрделі әдіс болып есептеледі. Сұрақ қою ауызша немесе жазбаша болуы да мүмкін. Мұндағы қиындықтар баланың өзіне бағытталған сұрақтарды дұрыс түсінбеуінде болады. Сондықтан да балаға сұрақ қойғанда, оның түсінікті екеніне көз жеткізу қажет.
Эксперимент туралы айтылған мәселелер балаларды психологиялық тестілеу ісіне тікелей қатысты болып есептелінеді. Өздерінің интеллектуалдық және жеке қасиеттерін балалар тек ерекше құралған, тартымды, соңынан сыйы бар тестілеу кезінде айрықша көрсетеді. Психодиагностика кезінде балаларға ересек адамдарға қолданылатын тестілеу қарапайым, түсінікті болады. Жас ерекшеліктеріне қарай мектептегі оқушылардың жеке психологиясын зерттеу және сәйкесінше қорытынды жасап, оны күнделікті балалармен жұмыста қолданып отыру – педагог-психологтың алдында қойылған негізгі міндеттердің маңыздысы болып саналады.
Белгілі педагог К.Д.Ушинский: «Егер мұғалім әр баланың ерекшеліктерін жан-жақты жақсы білсе, онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал болып табылмақ» деген. Ендеше, балалардың жеке ерекшеліктерімен санасу – ұстаз-психологтың парызы.
Оқушыларды зерттеп бақылауда тағы бір ерекше жағдай – олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық қасиеттерінің әрдайым бірқалыпты болмай, үздіксіз дамып отыратындығы. Олардың түсінігі, әр түрлі құбылыстарды қабылдау қасиеттері әр түрлі болады. Мысалы, біреулері сыпайы, тәртіпті, тіл алғыш, сезімтал, кез келген нәрсені тез меңгеріп кете алса, енді біреулері самарқау, айтқанды қиын қабылдайтын, жалқау боып келеді. Оған себеп, олардың әр түрлі жанұядан шыққаны болып табылады. Мінез-құлқы тұйық, сыныптан оқшауланған балалардың сабаққа селқостығы анықталған. Оқшаулықты сүйетіндері сабақты нашар оқиды, үлгерімін жақсарту үшін талпынбайды. Осы жайт сыныптастарына оған деген немқұрайлылықты туғызады. Мұндай оқущылар ұжымның жетістігі мен кемшіліктеріне қуанбайды немесе мазасызданбайды.
Осылайша әр оқушымен үзбей, жүйелі жүргізілетін жұмыстар оқушылардың білім шеберлігін, дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың психологиялық ерекшеліктері, бағдарлама көлемінде юерілген білім, жеке жұмыстар, олардың қорытындылары анықталып, алдағы мақсаттар жалғаса береді.
Мектептегі психологтың қызметінің нәтижелі болуы, оның ата-аналармен тығыз байланысынан да көрініп отырады. Ата-аналар үшін жалпы тақырыптағы анкеталық сұрақ түрінде хат жолдап, онда баласының қабілеті туралы, үйдегі еңбекке тәрбиелеу жайы туралы, бала тәрбиесіндегі мектеп кемшілігі неде деп ойлайсыз, сондай-ақ ата-ананың кемшілігі туралы, үйдегі ата-ананың рөлі туралы мәліметтер беру сұралады. Осы сияқты жұмыстарды үзбей жүргізіп отыру сыныптағы немесе мектептегі үлгерімі немесе мінез-құлқы төмен балалардың өз қатарластарымен теңесуге тырысуына, талпынуына әкеледі. Алайда, мектептегі балаларға бірдей киім үлгісін кигізу мүмкін болғанымен, оларды бірдей тәртіпте тәрбиелеп шығару мүмкін емес. Өйткені, олар - жеке тұлғалар, өздерінің туа біткен қасиеттері олардың өз-өздерін тәрбиелеумен ғана өзгертілуі мүмкін. Ал мектептегі психолог маман оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, қоғамнан алыстамауына, ұжымнан мүлде бөлінбеуіне әсер етеді.
Психологиялық жаттығулар және аутотренинг
Аутотренинг термині – «аутогендік жаттығулар» гректің «autos» - өзім және «gennao» жасаймын деген сөздерінен құралған. Ол функционалды және органикалық сипаттағы аурулықты емдеуге арналған кең ауқымды психотерапиялық әдіс болып саналады. Сондай-ақ адамның қалыпты жағдайын анықтау құралы ретінде де пайдаланылады. Оның негізі - Шығыстың өзін-өзі басқару және өзін-өзі сендіру медитациясы техникасының бір элементі ретінде пайда болып қалыптасқан. Ол жылылықты, ауырлықты, тыныштықты, бейтараптықты және т.б. адам баласының негізгі психофизиологиялық өзгерістерді өз еркінше қабылдаудың қалыптылығы мен белсенділігін реттейді.
Аутотренингтің классикалық әдісін неміс психотерапевті И.Г.Шульц (1932) алғаш рет пайдаланып, ашқан. Ал клиникалық іс-тәжірбиеде аутотренинг тек 1950 жылдардың басынан бері кең түрде қолданылып келеді. Алғашында жүйке, депрессиялық жағдайдағы, психосоматикалық ауруларды емдеуде пайдаланылған. Кейіннен, 1960 жылдардың соңына қарай аутотренинг кәсіби спорттағы кейбір психологиялық профилактика ретінде, сондай-ақ жайсыз жағдайларды түзету үшін пайдалана бастады. Аутотренинг қазір психологиялық жұмыстардың ең негізгі элементі ретінде өндірістегі психологиялық релаксация ретінде пайдаланылып жүр. Қазіргі кездегі пайдаланылып жүрген аутотренингтің көптеген түрлері негізгі екі бағытта дамуда: 1) классикалық бағытын жетілдіру; 2) релаксациялық ықпал ету кешеніне кіретін өзін-өзі реттеу құралдарының ауқымын кеңейту. Осы екінші бағытқа байланысты аутотренингтің түсіндірмесі өзіндік жоғалтуларға тап болды. Өйткені, соңғы кезде «релаксация әдістері» немесе «психологиялық өзін-өзі реттеу әдісі» терминдерімен синонимдік баламалармен беріліп жүр.
Міне, осылайша аутотренингті пайдалану арқылы жас жеткіншектің психологиялық дамуын реттеу және қалыптылығын байқап отыру бүгінгі педагогикалық жұмыста кең қолданылып келеді. Қазір мектепте психолог маманының болуы осындай түрлі бағыттағы зерттеу, бақылау жұмыстарын жүргізуге көп септігін тигізуде. Осы орайда сынып жетекшілері аутотренинг әдісін кең қолданып, баланың психологиялық дамуын жан-жақты бақылап, тиісінше дерек ала алады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Психология мен педагогиканың педагогикалық үрдістегі байланысын нақты мысал келтіре отырып, көрсетіңіз.
Педагог-психологтың негізгі міндеттері қандай?
Мектепке психологтың қажеттілігі қандай?
Психолог мамандығының бүгінгі таңда дамытылу бағыттары.
Тренинг, аутотренинг дегеніміз не? Түрлері, мақсаты, қолдану әдістемесі.
Әдебиеттер тізімі
Алпысбай А. Халықтың білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат-міндеттері // Ұлағат – 2002.-N4.-40-4 бб
Әбиев Ж.Ә. және т.б.Педагогика: Оқу құралы – Алматы: Дарын, - 2004
Бап-баба С. Жалпы психология: Оқу құралы.- Алматы: Дарын.-2003
Бимашева С. Оқушы психологиясын ескере отырып, тиянақты білім беру//Білім әлемі.-2005.-N2.-3б
Жаманкөзова Г. Психологиялық қызмет // Ұлағат.-2004.-N6.-3б-39б
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас... Психология очерктері.-Алматы: Мектеп,1987
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы,2000
Мамандыққа кіріспе: педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы:Ана тілі, 1990
Нұржакупова А. Жастар тәрбиесіндегі психологияның мәні//Сынып жетекшісі .-2004.-N57-8-96
Савин Н.В. Педагогика.-Алматы: «Мектеп», 1975
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.-Алматы: Мектеп, 1987
Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшеліктері //Бастауыш мектеп.-2004.-N12723-25б
Хамзин Е. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас психологиясы // Мектеп директорының орынбасары.-2004 N4.-34.35б
Серамина Г. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас//Сынып жетекшісі – 2004, №2 21-бет
Мырза Н. В. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру//Білім берудегі менеджмент – 2003, №3 63-бет
№10 дәріс тақырыбы: Педагогикалық қарым-қатынас ережелері.
Мақсаты: Педагогикалық қарым-қатынас ережелерін ұғындыру.
Жоспары:
Педагогикалық қарым-қатынас.
Балалармен қарым-қатынас жасау ережелері.
Ата-анамен қарым-қатынас ережелері.
Әріптестер конфликтологиясы. Қарым-қатынас ережелері.
Жеке тұлға «барлық қоғамдық қатынастардың» бірлігі ретінде қарым-қатынастан тыс қалыптаса алмайды. Сондықтан да адам өзін-өзі тани отырып, өзінің қоршаған ортаға, басқа адамдарға қарым-қатынасқа түседі. Өскелең ұрпақ үшін жеке тұлғаны қалыптастыру шартты түрдегі кіші топтың (отбасы, мектепке дейінгі мекеме) қарым-қатынастарынан басталады. Осыдан бастап баланың ересектермен сөйлесу, өзара байланысты жүзеге асыру, өзіне назар аударта алу және т.б. қабілеттері қалыптаса бастайды. Зерттеушілердің «қиын» балалардың пайда болу себептеріне «қарым-қатынас тапшылығын» жатқызатыны бекер емес. М.А.Березовиннің, Я.Л.Коломинскийдің, А.В.Кирильчуктың, А.В.Мудриктің және т.б. зерттеулері көрсеткендей, педагог балалар ұжымына өте жақсы әсер ете алады, кіші топтардағы байланыс психологиялық жағынан сенімді, мейірімді болып, қарым-құатынастың табыстылығына әкеледі. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеті ретінде ынтымақтастықты ұйымдастыруға, әрекетті келістіруге бағытталған. Бұның өзі Л.П.Буев, Б.Ф.Ломов және т.б. айтуынша, қарым-қатынастың арқауын құрайтын іс-әрекет мазмұнымен байланысты. Міне, сондықтан да шартты топтардың іс-әрекетінің қорытындысына жетудегі мақсат, міндет, әдістерді түсіну ұжымның басым белгісі болып табылады.
Қарым-қатынастың әлеуметтік рөлін талдау жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогикалық үрдіс мүмкіндіктерінің, педагогтың қарым-қатынасты басқаруда қандай тиімді әсерлермен қамтамасыз етілетініне байланысты.
Педагогикалық қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз не? Біз кез келген топқа келгенде, балалардың назарын өзімізге аудару үшін белгілі бір әрекет жасау қажеттігін сеземіз. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – балалардың қызығушылығын тудыру үшін өзін дұрыс көрсету. Психологияда ол өзін сыйға тарту деп аталады. Қарым-қатынас мектепке дейінгі ұйымның табалдырығынан басталады, ол мақсатқа бағытталған процесс, ол тек біздің жеке ниеттерімізге ғана байланысты емес, сонымен қатар оқыту және тәрбие логикасымен анықталады. Осы жағдайдың өзінен әртүрлі көзқарастар мақсатқа бағытталынып, қарым-қатынастың вербальды (дыбыстап айтылатын) және вербальды емес (дыбыссыз) құралдарын таңдау қажеттілігі туады.
Педагогикалық қарым-қатынас мақсат және жорамалдаумен қатар құрылуы қажет. Қарым-қатынас тұтастай жүзеге асырылуы керек: ақпарат алмасу, өзара қатынастарды ұйымдастыру. Егер бұл фунциялардың ішінен қарым-қатынас процесінде біреуі таңдалса, қарым-қатынастың біртұтас жүйесі бұзылады, қарым-қатынас механизмінде іркілістер болады.
Педагогикалық қарым-қатынаста іскерлік және жеке бас қатынасының деңгейлері өзара әрекеттеседі. Егер бұл жүзеге асырылмаса, өзара әрекет жемісті болмайды.
Педагогикалық үрдісте қарым-қатынастың ролі тым жоғары. Қазіргі мектептегі қарым-қатынас ынтымақтатық педагогикасы негізінде құрылуы тиіс:
а) сенімділік (балалармен қарым-қатынаста үндестілік болуын тексеріңіз);
ә) диалогтық (баланы тәрбие әсерлерінің объект-субъектісі ретінде таңдай білу керек);
б) өзара түсіністік (ол ынтымақтастықтың психологиялық негізі болып табылады);
в) нақты психологиялық байланыс (іскер және жеке байланыстары негізінде туындайды);
г) жеке әсерден бас тартып, өзара әсерге көшу қабілеті.
Балалармен педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық процесс, ол өмірге көптеген күтпеген өзара әрекет жағдаяттарын келтіреді. Баламен кез-келген өзара әрекеттесу шығармашылық міндетті шешу болып табылады. Оның түрлері бар.
шарттастық, психикасы әр түрлі балалармен қарым-қатынасқа тез және оңай түсе алу;
басқарудың демократиялық стилі;
түсінушілік, шыдамдылық, қызығушылық, эрудиция, сезгіштік, бір сөзбен айтқанда адамның жанын тәрбиешіге аша алу.
Белгілі бір тәсілдің бір тәрбиешіде жақсы қорытынды берсе, екіншісінде ондай әсер етпейтіні белгілі. Педагогикалық қарым-қатынас процесінде педагогтың жеке тұлғалық қасиеттері, шығармашылығы жақсы көрінеді. Педагог жаман адам болмауы керек деп айтатыны да сондықтан. Ол өз пәнін жақсы білсе де, кәсіби педагог бола алмайды. Педагог қарым-қатынаста белсенді болуы керек. Қарым-қатынас осыдан тиімді болады.
Педагогикалық жұмыстағы конфликтілер.
Қарым-қатынастың педагогикалық техникасында ең маңыздысы педагогтың жеке тұлғасы. Қарым-қатынас әрқашан педагог үшін субъект ретінде көп факторлы процесс түрінде қарастырылуы қажет. Бұл факторларды қарым-қатынасқа байланысты екі үлкен топқа бөлуге болады: жеке бас факторы – адамның жеке тұлға ретіндегі қасиеті, іс-әрекеттік фактор - адамдармен байланыс қандай тәсіл, құрал көмегімен жүзеге асырылуы. Қарым-қатынаста жеке бас факторлары - сырт келбеті, киімі, тәжірибесі, білімі, эмоциясының көрінуі - өзіне байланысты қасиеттері қарым-қатынастың дамуында маңызды орын алады.
Қарым-қатынас шеберлігіне үйренуде педагог өз-өзін жақсы білуі керек. Ежелгі философтардың «өз-өзіңді тани біл» деген тезисі адамдардың қарым-қатынас құпиясын білудегі өзекті мәселесі болып қалуда. Өзінің жеке бастық сапаларын тек біліп қоймай, сонымен қатар басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктеріне қажетті ерекшеліктерді дамыту керек. Тек өзінің жеке бастық сапаларын есепке алып және жүзеге асыра отырып, педагог қарым-қатынас өнеріне үйренеді, өзара қатынастардың құралдары мен формаларының ерекшеліктерін таңдау мүмкіндіктеріне ие болады. Педагогтың кәсіби іс-әрекетінде бұл ерекшеліктерді есепке алу басқа адамдармен жемісті қарым-қатынас қалыптастыруға көмектеседі.
Қарым-қатынас стилі – адамгершілік категориясы екенін ұмытпау қажет. Балалар өздеріне дұрыс қарым-қатынас қажет етеді. Балалармен өзара қарым-қатынасты қалай ұйымдастыруды жан-жақты ойлау керек.
Балалармен қарым-қатынас жасау ережелері.
Қазіргі заманғы педагог өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға болып қалыптасуына белсенді ықпал ете білуі керек. Жеке тұлға болып қалыптасудың басты жолдары – іс-әрекет және қарым-қатынас. Сондықтан да педагогтың басты іскерлігі балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруға, олардың өзара және педагогпен қарым-қатынасына бағытталуы керек. Педагог үшін қарым-қатынас кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. Осы арадан педагог пен баланың қарым-қатынасы ұстанымдарының қарама-қайшылығы да байқалады. Бала қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүреді. Педагогпен, ата-анамен, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу - оның өмірінің бір бөлігі. Педагог балалармен қарым-қатынас жасай отырып, сырттай бақылаушы да болуы тиіс, олардың іс-әрекетін талдап, шешім қабылдап, оларды жүзеге асырудың оңтайлы тәсілдерін табуы керек. Оңтайлы деген сөз аз мөлшерде шығынданған құралдан ең көп нәтиже алу. Ал педагогтық қарым-қатынаста бұндай құралдарға сөз, интонация, көзқарас, ым, күлкі, дауыс, педагогтың сезімі мен күйзелісі жатады.
Ата-анамен қарым-қатынас ережелері
Ұстаз қауымы ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас жасау кезінде кей себептер негізінде кикілжің туатыны сөзсіз. Ондай жағдайда мұғалім де, ата-ана да мәдениеттен аспай, эмоцияға берілмегені жөн. Мұндай мұғалім мен ата-аналар арасындағы түсінбеушіліктен туатын кикілжіңді болдырмау үшін мұғалім ата-ананың өзіне көмекші, кеңесші болуына жағдай туғызуы қажет. Сонда ғана баланы дұрыс тәрбиелеуге болады. Ол үшін оқушының ата-анасымен, жанұя жағдайымен толық танысу керек: үйлеріне бару, ата-аналарды мектепке шақыру, сынып оқушыларымен бірге жиналыс жасау, ата-аналар комитетінің есебін тыңдау, бағыт беру, ата-аналарға педагогикалық тақырыптардағы әңгіме, баяндамалар оқып, оқулықтар мен түрлі басылымдардан, әдебиеттерден қажетті ұсыныстар мен пікірлермен таныстыру, пікір алмасып отыру, белсенді ата-аналарды басшылыққа алу, үлгі-өнеге ету. Осындай түрлі жұмыстар жүргізу мұғалімнің әр күнгі ісі болуы керек. Егер ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жұмыс жүргізілмесе, бұл жоспар нәтиже бермесі анық. Өйткені ата-аналар өз балаларының кемшілігін бүтіндей мұғалімдерге тапсырып, соларға сенім артады. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас жасай отырып, баласының негізгі кемшілігін жою үшін не істеуі керектігін дәл тапсаңыз, шешілмейтін мәселе жоқ.
Оқушыларды өмірге икемді етіп тәрбиелеу – бүгінгі ұстаздың алдындағы жоғары міндет. Олай болса, сондай дәрежеге жету үшін мұғалімдер ата-аналар қауымына сүйеніп, солармен тіл табысу арқылы өз жұмыстарының жемісін татады. Мұғалімдердің әрбір ісі, қимыл-әрекеті ата-аналарға да үлгі болуға тиіс.
Әріптестер конфликтологиясы. Қарым-қатынас ережелері
Тәжірибе көрсеткендей, пікірлестер тобы неғұрлым тиімді жұмыс істей алады. Осы пікірлестер арасында педагог өзін сырт көзбен көре алады, мінез құлықтың және қарым-қатынастың жаңа формаларын іздеп, сынай алады. Әріптестер бір-бірімен қарым-қатынастың ерекшеліктерін сезінеді және іс-әрекетінің жеке стилін саналы қалыптастырады. Осындай топ жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу лабораториясы бола алады. Ең алдымен, бұл шын мәніндегі пікірлес ұжым болу керек. Осындай ұжым құрған кезде психологтардың, топ жетекшілерінің пікірін есте сақтаған жөн. Егер топ мүшелері өте жақын немесе керісінше, бір-бірімен кикілжің (конфликтілі) қарым-қатынаста болса, ол топта қажетті психологиялық атмосфераны (бірін-бірі қабылдау, жақындасу, жылулық, эмоциональды қорғаныс сияқты қатынастарды) қалыптастыруда қиыншылық туғызады. Сондықтан, топ мүшелерінің арасында үнемі өзара қолдау болуы керек. Әрқайсысы өзін әсерлі қорғалған етіп сезінуі керек, оның әр сәтсіздігі оның жолдастарын қынжылтып, ал әр сәті қуантатынын білуі керек. Ал ең бастысы – бұл педагогтың өз-өзімен жұмыс істеуі, өзінің еркін істеуі, өзінің еркін сезімін, зиятын жетілдіру.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Педагогикалық қарым-қатынас дегенеміз не?
Педагогикалық қарым-қатынасты орнату әдістемесі.
Конфликтілі жағдайлар қандай себептерден пайда болуы мүмкін?
Ата-ана мен педагог арасында жиі кездесетін конфликт түрлерін атаңыз.
Әдебиеттер тізімі
Алпысбай А. Халықтың білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат-міндеттері // Ұлағат – 2002.-N4.-40-4 бб
Әбиев Ж.Ә. және т.б.Педагогика: Оқу құралы – Алматы: Дарын, - 2004
Бап-баба С. Жалпы психология: Оқу құралы.- Алматы: Дарын.-2003
Бимашева С. Оқушы психологиясын ескере отырып, тиянақты білім беру//Білім әлемі.-2005.-N2.-3б
Жаманкөзова Г. Психологиялық қызмет // Ұлағат.-2004.-N6.-3б-39б
Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас... Психология очерктері.-Алматы: Мектеп,1987
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы,2000
Мамандыққа кіріспе: педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы:Ана тілі, 1990
Нұржакупова А. Жастар тәрбиесіндегі психологияның мәні//Сынып жетекшісі .-2004.-N57-8-96
Савин Н.В. Педагогика.-Алматы: «Мектеп», 1975
Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.-Алматы: Мектеп, 1987
Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшеліктері //Бастауыш мектеп.-2004.-N12723-25б
Хамзин Е. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас психологиясы // Мектеп директорының орынбасары.-2004 N4.-34.35б
Серамина Г. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас//Сынып жетекшісі – 2004, №2 21-бет
Мырза Н. В. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру//Білім берудегі менеджмент – 2003, №3 63-бет
№11 дәріс тақырыбы: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Мақсаты: Тәрбие процесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығын айқындау.
Тірек ұғымдары: сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы, мақсаты мен міндеттері, қызметі.
Жоспары:
Мектептен тыс және сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.
Тәрбие жұмысының түрлеріне байланысты ұйымдастырудағы қойылатын талаптар.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте ыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып елетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ікерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбиие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған беленді қатыуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өтізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерңін, құралдары мен мазмұныны және бағытын таңдауда ерікті.
Алтыншыдан сыныптан ты тәрблие жұмыының нәтижесіне күнделікті бақылау мүміндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүміндік береді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады.
Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым терең ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.
Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқараы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектеу білітілігі қалптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
Балада көркемөнер әрееттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптатыру.
Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілі, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.
Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс тәрбие мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді – білімдік, тәрбиелік және дамытушылық.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігіне сай анықтайтын талаптар:
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында, бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақатты белгілемеу немесе оның оның нақтылы жағдайға байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалғандықты тудырады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізетін нәтижені алдын ала болжау.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысына оптимисттік көзқарастың болуы.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жаңа формалар мен тәсілдерді үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістің болуы шарт.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының талап-тілектерін ескеру.
Оқушыларға белгіленген шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын-ала таныстырып, оларға қажетті материалдар табу үшін тапырма берілуі тиіс.
Тәрбие жұмысының барлық түрінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді аралауына, олардың қоғамдық беленділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.
Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғалық қалыптастыруда, ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.
Талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарда қолданылуы мүмкін.
Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу.
Болашақта атқарылатын сыныптан тыс тәрбие жұмысын үлгілеу.
Үлгіні практикада жүзеге аыру.
Атқарылған тәрбие шарасын араптау, талдау.
Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу кезеңінің мақсаты – педагогикалық жағдайды шындық тұрғысынан бағалау және ең қажетті міндеттерді таңдауда және оны қалыптастыруда өзгеріс енгізуді қажеттігін анықтауға септігін тигізеді.
Зерттеп тану жұмыстары, бізге мәлім педагогикалық зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі (бақылау, әңгіме, сауалнама, тәжірибе жүргізу т.с.с.)
Бақылау әдісі
Міндеті: белгілі бір сынып шараларын дайындау, өткізу барысында оқушылардың белсенділігін, ұйымшылдығын, іскерлігін анықтау.
Бақылау жағдайы: оқушылардың мектепте және мектептен тыс әрекеттері негізінде атқарады.
Жоспар мазмұны:
Шараны өткізу туралы бастаманы кім көтерді?
Сыныптағы барлық оқушылар бұл ұсынысты қабылдады ма|
Шараны дайындау және өткізу барысында оқушылар арасында міндеттер қалай бөлінді?
Сынып жетекшілердің негізг рөлі қандай болды?
Ресми емес лидердің рөлі қандай болды?
Шараны дайындау және өткізу барысындағы оқушылардың нақтылы қатысы қалай болды?
Қандай қиыншылықтар болды және оларды қалай жеңді?
Атқарған шараларға талдау жасалды ма? Оларға қандай қорытынды жасалды?
Сынып жетекшінің байқау барысындағы ұстанған жолы.
Нақтылы жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген бағдарламаны сынып жетекшісі толықтырып отыруы мүмкін. Егерде бақылау барысында сынып жетекшісіне басқа тақырыпта бақылау жүргізу қажеттігі ткса, онда ол жоғарыда көрсетілген бағдарлама нұсқасына сай өзіндік жоспар құрып, оны іс жүзінде жүзеге асыруына болады.
Әңгіме әдісі
Әңгіме дайындау барысында сынып жетекшісі сынып ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде және оған қатысты ақпар алу мақсатын көздей отыра, жан-жақты сұрақтар тобын әзірлеуі қажет. Мысалы:
1. Сенің біреумен жаман қарым-қатынаста болатын кезің бола ма? Болса оның себебі неде және ол қай кезде болады?
2. Сендердің сыныпта көп уақыт аралығында бәріңізге ортақ атқарып жүрген істер бар ма? Бар болса оларды атаңыз. Оған сіздің қатысыңыз қандай?
3. Оқушылар сынға қалай қарайды? Одан қорытынды шағара ма? Болмаса сыннан кейін сендерге өкпелеп қала ма?
Сауалнама жүргізу.
Мұғалім сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажетін алдын ала анықтау қажет. Сұрақтардың сипат мен сауалнаманың құрылымы осыған байланысты болып келеді. Сауалнаманы құра отырып көңіл аударатыны – сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары, немесе оларға алдын ала дайын жауаптардың әзірленуі, оқушылардың олардың біреуін таңдауы. Сауалнама жұмысын жеке-дара немесе оқушылардың барлығымен бір мезгілде жүргізуге болады. Сауалнама жұмыстарының нәтижесіне сай пән мұғалімдерінен де қосымша мәліметтер алуға болады. Сауалнама жұмыстар бойынша алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау барысында олардың нәтижесін күнделікке жазып отыру қажет.
Эксперимент әдісі
Мектептегі барлық оқу-тәрбие жұмысы мұғалімдер үшін тәжірибе орны болып табылады. Мұғалім өзінің педагогикалық жұмысына тек пән мұғалім ретінде ған емес, сонымен қатар зерттеуші ретінде де қарағаны жөн. Зерттеуді ұйымдастырғанда
зерттелген мәселенің мақсатын, насанасын анықтап, міндеттерін белгілеу
зерттелген мәселені педагогикалывқ және психологиялық тұрғыдан танып білу
зерттеу жұмыстарының нәтижесін практиға енгізу, олардың тиімділігін анықтап, тәрбие процесіне түзетулер енгізу және т.б. қажет.
Социометрия әдісі
Бұл әдіс сынып ұжымының өзара қарым-қатынасын зерттей отыра, оқушылардың жалпыға танымал немесе танымал еместігін, сонымен қатар сыныптағы шағын топтардың барын анықтауға болады. Бұл әдіс бойынша оқушылар арасында белсенділер кім, оқшауланған оқушы бар ма, ұлдар мен қыздардың қарым-қатынасы қандай дәрежеде, сыныпта өзара көмекті қалай ұйымдастыруға болатынын анықталады.
Социометрия әдісі бойынша эксперимент жүргізуге болады. Сынып оқушыларына бір парақ қағаз таратылады. Әр оқушы өзінің аты-жөнін, одан кейін өз сыныптастарыңның ішінде кіммен бірге жұмыс істегің келеді деген сұрақтарға жауап береді.
Тест – бұл диагностикалық әдіс. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде қабылдау алдында балаларға психологиялық тексеру жүргізеді. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа салу, басқа жағдайда – балаларды оқыту қарқыны әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады.. мұнда психолог арнайы тест қолданады. Тестілер – бұл стандартталған, жекелей психологиялық айырмашылықтарды анықтауға арналған, уақыт жағынан шектелген сынақ түрі. Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын дамыту бағдарламасын жасауға, оларды мектепке оқуға дайындауға және психикалық даму деңгейі сәйкес болмаған жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.
Тестілеу түрлері.
Мектепке қабылдауда бала топтық немесе жеке тестілеуден өтуі мүмкін. Топтық тестілеу нәтижелері әрқашанда шамамане алынған, болжамды сипатта болады.
