Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Пән бойынша әдістемелік нұсқау.

Семинар сабақтарына қажет әдістемелік нұсқау.

№1 семинар тақырыбы: Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының жүйесі.

Мақсаты: Тәрбие процесінің ерекшеліктерімен, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының жүйесімен танысу.

Негізгі сұрақтары:

  1. Тәрбие процесінің мәні.

  2. Тәрбие процесінің заңдылықтары қандай?

  3. Тәрбие процесінің әдістері қалай жіктеледі?

  4. Тәрбие әдістерін оқушылардың жас, жеке және жыныстық ерекшеліктеріне байланысты таңдау.

  5. Жеке тұлға қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеу.

  6. Жеке тұлға қалыптасуындағы қайта тәрбиелеудің мәні.

  7. Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар:

    1. Тақырып бойынша әңгімелесуді ұйымдастыру. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№2 семинар тақырыбы: Сынып жетекші тәрбие жұмысының субъектісі ретінде.

Мақсаты: Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының субъектісі ретінде қарастыра отырып, оған тән кәсіби сапалар мен қызметтер туралы түсінік қалыптастыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Сынып жетекшінің тұлғасы және бойындағы сапалары.

  2. Сынып жетекшінің қызметінің вариативтілігі.

  3. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметі.

  4. Ұйымдастырушылық қызметі.

  5. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару қызметі.

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№3 семинар тақырыбы: Сынып жетекшінің ұйымдастырушылық қызметі.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің оқушыларды зерттеу жолдарымен, әдістерімен танысу. Тәрбие жұмысының жоспарын құрастыруды үйрену.

Негізгі сұрақтары:

    1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

    2. Педагогикалық диагностика әдістері.

    3. Бақылау, әңгімелесу, анкета.

    4. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары және оны құру жолдары.

    5. Тәрбие жоспары үлгі бойынша толтыру жолдары.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Дөңгелек үстел. Көрнекі құралдарын, үлгі-сызбаларды қолдану арқылы студенттердің тәрбие жоспарын жасаудың жолдарын бірігіп талқылап, үйренуі. Кейбір диагностика әдістерін топта қолданып көру.

№4 семинар тақырыбы: Оқушылар ұжымын тәрбиелеу және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

Мақсаты: Студенттердің оқушылар ұжымындағы тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және оны ұйымдастыру жолдары жөнінде білімдерін жетілдіру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ұжым тәрбиелеу ортасы ретінде. Ұжым және оқушы тұлғасы.

  2. Ұжымның қалыптасу кезеңдері және өзін-өзі басқару.

  3. Өзін-өзі басқару жүйесінің құрылымы

  4. А.С.Макаренко бойынша балалар ұжымы.

  5. Өзін-өзі басқару жүйесінің ұстанымдары.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.

№5 семинар тақырыбы: Сынып жетекшінің практикалық және психологиялық жұмысы

Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің психологиялық қызметі, тәрбие шараларын ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Негізгі сұрақтары:

  1. Мектеп психологы және тәрбие жұмысы.

  2. Оқушылармен, педагогикалық ұжыммен жұмыстағы психологиялық әдістер.

  3. Педагогикалық қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.

№6 семинар тақырыбы: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру талаптарымен танысу

Негізгі сұрақтары:

  1. Мектептен тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері, қызметі.

  2. Тәрбие жұмысын жүргіздегі жалпы талаптар.

  3. Тәрбие жұмысының формалары

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Дөңгелек үстел. Көрнекі құралдарын, үлгі-сызбаларды қолдану арқылы студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастырудың талаптарын бірігіп талқылап, үйренуі.

№7 семинар тақырыбы: Тәрбие сағатын ұйымдастыру мен талдау үлгісі

Мақсаты: Сыныптағы тәрбие сағатын ұйымдатырудың ерекшеліктері мен оларды талдау туралы білімдерін бекіту.

Негізгі сұрақтары:

  1. Тәрбие сағатының түрлері.

  2. Тәрбие сағатын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері.

  3. Тақырыптық тәрбие сағатының ерекшеліктері.

  4. Тәрбие сағатын талдаудағы ескеретін шарттар.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Теориялық конференция. Дәріс материалдарына, сонымен бірге өзбетті іздене отырып, тақырып бойынша терең теориялық талдау жасап, бар білімдерін жалпылау.

№8 семинар тақырыбы: Тәрбие сағатын ұйымдастыру формасы мен жолдары.

Мақсаты: Тәрбие сағатын ұйымдастыру формаларын таңдауға үйрену.

Негізгі сұрақтары:

  1. Бастауыш сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысы формаларының түрлері.

  2. Орта сыныптағы тиімді тәрбие формалары.

  3. Жоғары сыныптарға сәйкес тәрбие формаларын

  4. Тәрбие жұмыстарының негізгі формаларын таңдаудағы жас, дербес және жыныстық ерекшеліктерін ескерудің маңызы.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.

№9 семинар тақырыбы: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары.

Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарына талдау жасап, ерекшеліктерін анықтау.

Негізгі сұрақтары:

  1. Оқушылардың сынып жиналысының тиімділігі.

  2. Жиналысты ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі.

  3. Конкурстар

  4. Клуб жұмысы.

Әдістемелік ұсыныстар:

      1. Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№10 семинар тақырыбы: Ата-аналармен жұмыс әдістемесі.

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс жасау әдістемесімен танысу.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ата-аналармен жұмыс жасау формалары.

  2. Отбасының педагогикалық-пихологиялық диагностикасы

  3. Ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас жасау.

  4. Ата-аналарды оқыту.

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Дөңгелек үстел. Ата-анамен жұмыс жасау жолдарын бірігіп талқылап, пікір алмасып, үйренуі. Кейбір диагностика әдістерін топта қолданып көріп, тәжірибе жинақтау.

№11 семинар тақырыбы: Сынып жетекшісі және педагогикалық ұжым.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің педагогикалық ұжыммен бірлескен жұмысы бағыттарын талдау.

Негізгі сұрақтары:

    1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны

    2. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының бағыттары.

    3. Пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеудегі сынып жетекшісінің рөлі.

Әдістемелік ұсыныстар:

      1. Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№12 семинар тақырыбы: Сынып жетекшісінің оқушыларды тәрбиелеу жұмыстары.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін тәрбиелік жұмыстарын жан-жақты талдау.

Негізгі сұрақтары:

  1. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысында ескерілетін жағдайлар.

  2. Баланың жеке тұлғасының аспекттері.

  3. Сынып жетекшісі мен оқушының өзара қарым-қатынас сипаты.

  4. Салауатты өмір салтының идеяларын дәріптеу.

Әдістемелік ұсыныстар:

1. Семинар – пікірталас. Студенттердің дәріске негізделіп және семинар сұрақтарын талдай отырып тақырыпты жан-жақты қамтуына жағдай жасау, бағыттау.

№13 семинар тақырыбы: Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдау.

Мақсаты: Жалпы сыныптағы және жеке оқушымен оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін талдауға үйрену

Негізгі сұрақтары:

  1. Талдау жұмысының мазмұны.

  2. Талдау жұмысының формасы.

  3. Жеке оқушылармен жұмыс нәтижесін талдау.

  4. Жалпы сынып ұжымының өміріне талдау жасау (оқу-тәрбие жұмысы)

Әдістемелік ұсыныстар:

    1. Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№14 семинар тақырыбы: Жастар қозғалысы: балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері.

Мақсаты: Балалардың қазіргі ұйымдары мен бірлестіктері туралы мағлұмат алу, олардың маңызын айқындау.

Негізгі сұрақтары:

  1. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері

  2. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы.

  3. І-ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұны мен бағыттары.

Әдістемелік ұсыныстар:

    1. Тақырып бойынша студенттердің семинар сұрақтарына баяндамалар жүйесін даярлап, оқуы. Сұрақтар қою арқылы пысықтау, талдау. Көрнекі құралдарын, сызбаларды қолдану.

№15 семинар тақырыбы: Оқушының және сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық профессиографиясы.

Мақсаты: Оқушының және сынып ұжымын зерттеу, психологиялық-педагогикалық профессиографиясын құрастыруды үйрену.

Негізгі сұрақтары:

  1. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеудің маңызы.

  2. Сынып туралы жалпы мағлұмат.

  3. Сынып құрылымы.

  4. Бақылау, әңгіме, сауалнама әдістері, социометрия, эксперимент әдістері.

Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Дөңгелек үстел. Оқушылардың жеке басы мен сынып ұжымын зерттеу жолдарын бірігіп талқылап, пікір алмасып, үйренуі. Кейбір диагностика әдістерін топта қолданып көріп, тәжірибе жинақтау.

    ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау

Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі

Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г

Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г

Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |

В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /

/ \

В Г

Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

“Аквариум” – балаларға мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

№1 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тәрбие туралы түсінік.

Қоғамның дамуындағы тәрбиенің рөлі.

Тәрбиенің ерекшеліктері.

Мақсаты: Қоғамның дамуындағы тәрбиенің рөлін пысықтау

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№2 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тәрбие, оқыту, білім беру, даму, қалыптасу.

Тәрбие әдістерінің мақсатқа, принцип пен мазмұнға тәуелділігі.

Мақсаты: Тәрбие әдістерінің мақсатқа, принцип пен мазмұнға тәуелділігін талқылау

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№3 ОЖСӨЖ мазмұны

Тәрбие әдістері, олардың жүргізілу ерекшелігі.

Ғалымдардың тәрбие әдістерін жіктеу нұсқалары.

Тәрбие әдістерін оқушылардың жас, жеке және жыныстық ерекшеліктеріне байланысты таңдау.

Мақсаты: Тәрбие әдістері, олардың жүргізілу ерекшелігі

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№4 ОЖСӨЖ мазмұны:

Мұғалім – басты тұлға.

Оқушылар тұлғасын оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы сынып жетекшінің рөлі.

Мақсаты: Оқушылар тұлғасын оқытудағы, тәрбиелеудегі және дамытудағы сынып жетекшінің рөлін талдау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№5 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастырдың бағыттары.

Тәрбие мақсатын анықтаудағы ескерілетін шарттары.

Тәрбие міндеттерін жобалау кезеңдері.

Мақсаты: Сынып жетекшінің тәрбие жұмысын ұйымдастыруы жөнінде білімдерін бекіту.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№6 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық қызметі.

Ұйымдастырушылық қызметі.

Оқушылардың жалпы әрекетін басқару қызметі.

Мақсаты: Сынып жетекшінің ызметтерін талдау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№7 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық диагностика мазмұны мен қызметі.

Педагогикалық диагностика әдістері.

Мақсаты: Педагогикалық диагностика мазмұны мен қызметін талдау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№8 ОЖСӨЖ мазмұны:

Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі.

Жоспар – сынып жетекшінің шығармашылық зертханасы.

Тәрбие жоспарын құру амалдары.

Мақсаты: Тәрбие жоспарын құру амалдарын қарастыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№9 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық диагностика әдістері.

Бақылау, әңгімелесу, анкета.

Тәрбие жоспары үлгі бойынша толтыру жолдары.

Мақсаты: Педагогикалық диагностика әдістері туралы білімдерін толықтыру.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№10 ОЖСӨЖ мазмұны:

Оқушылар ұжымы және оның өзіндік белгілері.

Сыныптағы қоғамдық пікір.

Ұжымдық шығармашылық форма.

Мақсаты: Оқушылар ұжымы туралы алған білімдерін бекіту.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№11 ОЖСӨЖ мазмұны:

Өзін-өзі басқарудың тиімділігі.

Басқарудағы белсенді оқушылардың (лидер) рөлі және оны даярлау.

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы және педагогикалық ұжым байланысы.

Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын талдау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№12 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ұжым және оқушы тұлғасы.

А.С.Макаренко бойынша балалар ұжымы.

Өзін-өзі басқару жүйесінің ұстанымдары.

Мақсаты: А.С.Макаренко бойынша балалар ұжымын талдау.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№13 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сынып жетекшісінің мектеп психологымен біріккен жұмысы

Психотерапия

Психологиялық әдістер

Мақсаты: Сынып жетекшісінің мектеп психологымен біріккен жұмысын талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№14 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық жұмыстағы конфликтілер.

Педагогикалық жағдаяттарды талдау.

Мақсаты: Педагогикалық жағдаяттарды талдау арқылы үйрену.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№15 ОЖСӨЖ мазмұны:

Психотерапия

Ролдік ойындар, тренингтер, жаттығулар және аутотренинг.

Педагогикалық жағдаяттарды талдау.

Мақсаты: Психотерапияны қолдану жолдарын қарастыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№16 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бағыттары.

Талап туралы түсінік.Талап қоюшылықтың мәні.

Социометрия, бақылау, сауалнама.

Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бағыттарын талдау.

Өткізілу формасы: «Презентация стратегиясы

№17 ОЖСӨЖ мазмұны:

Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі танымдық әрекеті.

Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі көңіл көтеру әрекеті.

Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі спорттық-сауықтыру әрекеті.

Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі еңбек әрекеті.

Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі шығармашылық әрекеті.

Мақсаты: Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттер түрлерін талдау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№18 ОЖСӨЖ мазмұны:

В.А.Сухомлинскийдің Павлыш орта мектебі.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының эстетикалық тартымдылығын арттыру жолдары.

Өмірдің «әдемілік заңы».

Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының эстетикалық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№19 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тәрбие сағатының жоспары.

Тәрбие сағатын өткізу құрылымы.

Тәрбие сағатын өткізу шарттары.

Мақсаты: Тәрбие сағатының жоспарын даярлау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№20 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тәрбие сағатының маңызы.

Тақырыптық тәрбие сағаты.

Тәрбие сағатын ұйымдастыру талаптары.

Мақсаты: Тәрбие сағатын ұйымдастыру талаптарын талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№21 ОЖСӨЖ мазмұны:

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формалары.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру тәсілдері.

Тәрбие сағатын ұйымдастыруды басқару.

Мақсаты: Тәрбие сағатының ұйымдастыру формаларын талдау.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№22 ОЖСӨЖ мазмұны:

Пікірталастың мақсаты.

Этикалық әңгіме.

Әңгіменің негізгі бағыттары.

Мақсаты: Тәрбие сағатының ұйымдастыру тәсілдерін талдау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№23 ОЖСӨЖ мазмұны:

Конференция мақсаты.

Конференция міндеттері.

Конференцияны ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Мақсаты: Конференцияны ұйымдастырудың ерекшеліктерін қарастыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№24 ОЖСӨЖ мазмұны:

Қызықты кездесулер.

Баспасөз конференциясы.

Мақсаты: Конференцияны ұйымдастырудың ерекшеліктерін қарастыру

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№25 ОЖСӨЖ мазмұны:

Конкурс-викторина.

Конкурс-инсценировка.

Мәнерлеп оқу.

Фотосурет.

Мақсаты: Конкурстар түрлерін, ұйымдастыру ерекшелктерін талдау.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№26 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сынып жетекшісінің беделі және сынып ұжымы.

Сынып ұжымының даму ерекшеліктері.

Үйірме жұмысы.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің беделі және сынып ұжымының қатынасын талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№27 ОЖСӨЖ мазмұны:

Клуб жұмысының мақсаты.

Клуб жұмысының бағыттары.

Мақсаты: Клуб жұмысының бағыттарын қарастыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№28 ОЖСӨЖ мазмұны:

Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігінің психологиялық-педагогикалық мәселелері.

Нарықтық экономика жағдайындағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мәселесі.

Мақсаты: Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігінің психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін бекіту.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№29 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ата-аналарды тәрбиелеу.

Ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас жасаудың негізі.

Мақсаты: Ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас жасаудың негізін талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№30 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ата-ананы оқу-тәрбие жұмысына қатыстыру.

Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру.

Ата-аналар комитеті.

Мақсаты: Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыруды жүзеге асырудың жолдарын қарастыру.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№31 ОЖСӨЖ мазмұны:

Ата-аналар лекторийлері.

Ата-аналарға кеңес берудің мәні.

Мақсаты: Ата-аналармен жұмыс бағыттарын талдау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№32 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сынып жетекшісі және мектеп әкімшілігі.

Сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің байланысының негізі.

Мақсаты: Сынып жетекшісі және пән мұғалімдерінің байланысын қарастыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№33 ОЖСӨЖ мазмұны:

Оқушылар мен педагогикалық ұжым байланысы.

Ата-аналарды мектептегі басқаруға қатыстыру.

Сынып жетекшісінің мектеп психологымен жұмысының сипаты.

Мақсаты: Оқушылар мен педагогикалық ұжым байланысын талқылау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№34 ОЖСӨЖ мазмұны:

Педагогикалық консилиум, мақсаты мен маңызы.

Педагогикалық консилиум құрылымы.

Мақсаты: Педагогикалық консилиум туралы алған білімдрін талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№35 ОЖСӨЖ мазмұны:

Оқушы тұлғасын жетілдіру, әлеуметтендіру.

Бала жанын түсіну, көзқарастарын қабылдай білу.

Салауатты өмір салты.

Мақсаты: Оқушы тұлғасын жетілдіру, әлеуметтендіру туралы алған білімдерін бекіту.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№36 ОЖСӨЖ мазмұны:

Баланың жеке тұлғасының аспекттері.

Салауатты өмір салтын ынталандырудағы сынып жетекшісінің беделінің алатын орны.

Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеудегі білім беру және медицина саласы мамандарының бірлескен әрекеті.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ынталандырудағы сынып жетекшісінің жұмысын талдау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№37 ОЖСӨЖ мазмұны:

Талдау жұмысының түрлері.

Нәтижені талдау – комплексті жұмыс.

Сынып жетекшісінң тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін «срез» тәсілін жүргізуі.

Мақсаты: Сынып жетекшісінң тәрбие жұмысының нәтижесін талдау түрлерін талқылау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№38 ОЖСӨЖ мазмұны:

Оқушының тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы.

Оқушылар ұжымының даму деңгейі.

Түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

Мақсаты: Оқушылар ұжымының даму деңгейі туралы білімдерін бекіту.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№39 ОЖСӨЖ мазмұны:

Талдауға қатысты сұрақтар топтамасы.

Мақсаты: Талдауға қатысты сұрақтар топтамасын талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№40 ОЖСӨЖ мазмұны:

Құрбылар қауымдастығы.

Бірлестіктердің мақсаттары.

Скаутизм.

Мақсаты: Бірлестіктер туралы алғаг білімдерін толықтыру.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№41 ОЖСӨЖ мазмұны:

«Салт» бағыты.

«Шежіре» бағыты.

«Шаhар» бағыты.

Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасының бағыттарын талқылау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

№42 ОЖСӨЖ мазмұны:

«Жібек жолы» бағыты.

«Сөнбес жұлдыздар» бағыты.

«Толғау» бағыты.

«Асыл мұра» бағыты.

Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасының бағыттарын талқылау.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№43 ОЖСӨЖ мазмұны:

Психологиялық-педагогикалық мінездеме.

Темперамент және мінез ерекшеліктері.

Сынып ұжымын зерттеудің бағыттары.

Мақсаты: Психологиялық-педагогикалық мінездеме беруді үйрену.

Өткізілу формасы: «Аквариум» стратегиясы

№44 ОЖСӨЖ мазмұны:

Көру мұшесінің құрылымы.

Көру түйсігінің ерекшеліктері.

Көру арқылы қабылдаудың маңызы.

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын сақтау шараларын талдау.

Өткізілу формасы: Презентация стратегиясы

№45 ОЖСӨЖ мазмұны:

Сынып туралы жалпы мағлұмат.

Сынып құрылымы.

Ұжымның даму дәрежесі.

Мақсаты: Сынып туралы жалпы мағлұмат алудың мәнін талқылау.

Өткізілу формасы: Мозайка әдісі

Әдебиеттер тізімі

  1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын-2004

  2. Әбдіразақов Е., Макуов Д., Пошанов К. Класс жетекшілері үшін тәрбие жұмысын жоспарлаудың үлгі нұсқасы. //Қазақстан мектебі. 1994

  3. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. А.: Мектеп 1980

  4. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау. А.Мектеп 1975

  5. Ильясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. А.1991

  6. Маслов А., Карагоз Ю.А. Планирование воспитательной работы в учебной группе. М. 1985

  7. Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. //Қазақстан мектебі. 1988ж 29-30 беттер

  8. Степаненков Н.К. О планировании работы классного руководителя. Минск 1978

  9. Сергеева В.П. Классный руководитель: планирование и организация работ от А до Я. М.2001

  10. Илиьна Т.В. Педагогическое планирование в образовательных учреждениях. – Ярославль, 1995

  11. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М., 2003

  12. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Педагогический словарь для студентов высши и средних пед,учеб.заведений. М., 2000

  13. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. – М., 1986

  14. Коротов В.М. Общая методика учебно-воспитательного процесса. М., 1987

  15. Макаренко А.С. Методика организации воспитательного процесса//Пед.соч.:В 8 т. М., 1984. Т.4

  16. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного процесса в школе. – М., 2001

  17. Тәрбие үрдісі мен оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалаудың өлшемдері./Авторлавр ұжымы. А., 2005

  18. Щуркова Н.Е. Классное руководство: теория, методика, технология. М., 1999.

  19. Алпысбай А. Халықтың білім беру жүйесіндегі психологтың мақсат-міндеттері // Ұлағат – 2002.-N4.-40-4 бб

  20. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, Дарын-2004

  21. Әбиев Ж.Ә. және т.б.Педагогика: Оқу құралы – Алматы: Дарын, - 2004

  22. Бап-баба С. Жалпы психология: Оқу құралы.- Алматы: Дарын.-2003

  23. Бимашева С. Оқушы психологиясын ескере отырып, тиянақты білім беру//Білім әлемі.-2005.-N2.-3б

  24. Жаманкөзова Г. Психологиялық қызмет // Ұлағат.-2004.-N6.-3б-39б

  25. Жарықбаев Қ. Ұстаздық еткен жалықпас... Психология очерктері.-Алматы: Мектеп,1987

  26. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.-Алматы,2000

  27. Мамандыққа кіріспе: педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.-Алматы:Ана тілі, 1990

  28. Нұржакупова А. Жастар тәрбиесіндегі психологияның мәні//Сынып жетекшісі .-2004.-N57-8-96

  29. Савин Н.В. Педагогика.-Алматы: «Мектеп», 1975

  30. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.-Алматы: Мектеп, 1987

  31. Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшеліктері //Бастауыш мектеп.-2004.-N12723-25б

  32. Хамзин Е. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас психологиясы // Мектеп директорының орынбасары.-2004 N4.-34.35б

  33. Серамина Г. Ата-аналармен жан-жақты қарым-қатынас//Сынып жетекшісі – 2004, №2 21-бет

  34. Мырза Н. В. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру//Білім берудегі менеджмент – 2003, №3 63-бет

  35. Сокольников Ю.П. Системный анализ воспитания школьников. – М., 1986