Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Конференция мақсаты қандай?

  2. Конференция міндеттерін көрсет.

  3. Конференцияны ұйымдастырудың ерекшеліктері жөнінде не айта аласың?

  4. Мұғалімнің тұлғалық ерекшеліктері мен оған сәйкес келетін тиімді тәрбие жұмысының формаларының тәуелділігін көрсететін кесте толтыр.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№17 дәріс тақырыбы: Жарыс оқушыларды тәрбиелеу формасы ретінде

Мақсаты:Тақырып жөнінде білім беру.

Жоспары.

  1. Жарыс арқылы оқушыларда жағымды бәсеке тудырудың маңызы

  2. Конкурстар

  3. ХХІ ғасыр көшбасшысы.

Мектепте өткізілетін конкурстар оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Нәтижесінде ойлаған істің сәтті шығуына, оған белсене қатысуына мүмкіндік туғызады.

Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оныс қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.

Конкурстың түрлері әр алуан: конкурс-викторина, конкурс-инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет т.б.

Конкурс өткізбес бұрын конкурстың түрі анықталып, оған қатысушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар алқасы сайланады.

Конкурсты өткізу барысында жргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командалар ортаға шақырылып, таныстырылады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар мен тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып табылады. Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытындыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Конкурс-викторина дегеніміз не?

  2. Конкурс-инсценировканың ерекшеліктері қандай?

  3. Мәнерлеп оқудың мәні қандай?

  4. Фотосуреттің мәні қандай?

  5. Тәрбие жұмысының мазмұны, формасы мен әдістерінің өзара байланысын талда.

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№18 дәріс тақырыбы: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары

Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысы туралы білім беру.

Жоспары:

  1. Оқушылардың сынып жиналысы

  2. Оқушылардың сынып жиналысының хаттамасы

  3. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда клуб жұмысының маңызы

Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұысының негізгі формасы (түрі) – сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік, жауапкершілік қағидасын меңгереді.

Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оның негізгі қызметі – ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.

Сынып жиналысы тек бір мәселе жөнініде, болмаса бірнеше мәселені талқылауы жайында өткізілуі мүмкін.

Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Ол үшін әрбір ұжым мүшесі өз пікірін ашық айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізіп отыруы тиіс. Жиналыс барысында шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыланады, соған сәйкес міндеттері анықталады. Сондықтан жиналысқа қатысты мәселелерді анықтау барысында алдын-ала сауалнама жүргізіп, оқушылардан қандай сұрақтарды талдау қажеттілігі сұралуы да мүмкін. Жиналыс шешімі бойынша жауапты адамдар немесе топтар анықталып, атқарылатын шаралардың мерзімі, уақыты белгіленеді.

Сынып жиналысы айына бір мәрте өтізіледі. Соған қарамастан оқу жылына қатысты барлық мәселелерді алдын ала бір жиналыста қарастыру мүмкін емес. Кейде оның тақырыбы күнделікті жұмыс барысында да туындап отырады.

Сынып жиналысының хаттамасы

/Айы, күні, жылы/

Кімдер қатысты ............................................................................................

Тақырыбы......................................................................................................

Күн тәртібі:

1) ....................................................................................................................

2) ....................................................................................................................

3) ....................................................................................................................

Жарыс сөзге қатысқандар: ..........................................................................

........................................................................................................................

........................................................................................................................

Қабылданған шешім:....................................................................................

Төраға...................................................................../

Хатшы...................................................................../

Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда клуб жұмысының маңызы. Тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы адамдардың өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларын қамтыған олардың тұрмыс, демалыс және отбасылық қатынастардың маңызы ерекше болмақ. Сондықтан, оқушылар оқу орындарында өткізген өмірлерінде тек белгілі бір бағытта ғана, яғни теориялық білім алуымен шектелмей, ой-өрісін жан-жақты кеңейтіп, тәрбие алуы тиіс. Ол үшін қандай да бір оқу орыны болмасын, олардың дүниетанымдарының қалыптасуына жан-жақты әсер ете отырып, толыққанды дамуына толық мүмкінді жасауы тиіс.

Бұл міндетті шешуде оқушы жастардың қолы бос уақытын тиімді пайдалану барысында тәрбие жүйесінде клуб жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Тәрбиедегі осындай көзқарас барлық қоғамдық институттардың оқушы жастарға тәрбиелі ықпалында бірыңғай әрекетінің болуын қамтамасыз етуді де мақсат тұтады. Сондықтан да, оқушы жастармен клуб жұмыстарын ұйымдастыру, оқу орындарының мәдени-ағартушылық жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сынып ұжымын тәрбиелеудегі сынып жетекшісінің беделінің рөлі қандай?

  2. Сынып ұжымының даму ерекшеліктерін көрсет?

  3. Үйірме жұмысының мәні қандай?

  4. Клубтар жұмысының қалыптасу тарихы жөнінде не білесің?

  5. Сынып жиналысының хаттамасы құрылымы қандай болады?

Әдебиеттер тізімі: [ № 1 - 9 ]

№19 дәріс тақырыбы: Сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде ата-аналармен ынтымақтастығы.

Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмысының мазмұны жөнінде білім беру.

Жоспары:

  1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмысының мазмұны

  2. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардағы сынып жетекшісінің міндеттері

  3. Ата-аналармен атқаратын жұмыстардағы сынып жетекшісінің қызметі.

Жанұя - өзара жауапкершілік пен өзара көмек беруге, ортақ тұрмыстық жағдайға, некеге немесе туысқандық байланыстарға негізделген кіші топ, онда жұбайлары, ата-аналары мен балалары, балалардың арасындағы өзара әрекеттесуді реттейтін нормалар мен ережелер жасалады. Жанұя жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды институты. Бала дамуының қай жағын алсақ та, оның тиімділігі жанұяға тәуелді. Жанұя адамның дене және эмоционалдық дамуын қамтамасыз етеді, баланың психологиялық жынысының қалыптасуына әсер етеді, баланың ақыл-ойының дамуында ерекше орынға ие, сонымен қатар баланың оқуға көзқарасын қалыптастырады. Жанұя әлеуметтік нормаларды әсіресе жанұя рөлдерін орындауға қажет нормаларды меңгертуде елеулі орынға ие. Жанұяда әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынастардан көрінетін, адамның өмір сүру бағытын, мақсатын, жоспарын, іс-әрекет тәсілдерін анықтайтын негізгі құндылықты бағдарлары қалыптасады. Жанұя адамның әлеуметтік даму үрдісінде үлкен орын алады. Себебі жанұяның қолдауы, мақұлдауы, қабылдамауы адамның ортасына бейімделуіне көп әсерін тигізеді.

Жанұя тәрбиесі - баланы жан-жақты дамыту мақсатындағы ата-аналар мен жанұяның басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуі. Жанұя тәрбиесінің мазмұны, сипаты, нәтижесі тұлғалық ресурстарға байланысты. Тұлғалық ресурстар, бір жағынан, жанұя құрамымен (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, ағасы және т.б.) анықталса, екінші жағынан, жанұядағы ересек адамдардың денсаулығының күйімен, білімділік деңгейімен, қызығушылықтарымен, құндылықты бағыттарымен, әлеуметтік мақсаттарымен де белгіленеді. Жанұя тәрбиесінің маңызды сипаты ретінде ондағы қарым-қатынас стилі танылған, яғни жанұядағы ересек адамдардың балалармен өзара әрекеттесу тәсілдері мен сипаты. Олар: авторитарлы (өктем), демократиялық, либералды стильдер болуы мүмкін.

«Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М Әуезовтың аталы сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды, өркениетті даму жолындағы қоғам алдымен балалы отбасына жан-жақты қамқорлық жасап оның мәртебелік орнын жоғарғы деңгейге көтеруге тырысады. Отбасы - адам баласы дүниеге келгенде есігін айқара ашып, өсіп өнетін, ер жететін үйі, тәрбие алатын аса қажетті, қасиетті алтын бесігі. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелірінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен әрекеті сыйлауға тұратындай, жас өспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы абзал.

Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру, түсіндіру, ақыл-кеңес беру, иландыру, жеке өнеге, мадақтау, сыйлық, мақтау, жазалау, балалар үшін қызықты перспектива, достықтан бас тарту, рахаттылыққа рұқсат бермеу. Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әр түрлі құралдар бар: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуал, күн тәртібі, әдебиет, спорт мейрамдары, символ, атрибуттар және т.б.

Педагогтар мен ата-аналардың әрекет ету формалары. Сынып жетекшілердің ата-аналармен бірлесіп жүргізетін жұмыстарының түрлері: оқушылардың отбасына барып тұру, отбасы жағдайын зерттеу, ата-аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу, ата-аналарға арналған кештер, сұрақ-жауап, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру, тәжірибе алмасу, конференциялар және т.б. Тәрбие жұмысы нәтижелі болуы үшін сынып жетекшісі ата-аналармен, мұғалімдермен байланыс жасау керек. Жанұямен жұмыс жүргізбес бұрын оның жалпы деңгейіне қарай оларды топқа бөліп алған жөн.

1 топ: Бала тәрбиесін білетін, бала тәрбиесімен айналысатын жанұя. Мұғалім балаларды өзінің ата-анасымен жұмыста сүйеніш етуі керек.

2 топ: Бала тәрбиесімен айналысқысы келмейтіндер, тәрбиелегісі келетін, бірақ оның жолын білмейтін, яғни педагогикалық білімі жетіспейтін ата-аналар. Мұғалім бұларға ақыл-кеңес, педагогикалық білім беру мақсатын көздеуі қажет.

3 топ: Бала тәрбиесімен мүлде айналыспайтын ата-аналар. Бұндай ата-аналардың балалары - қиын балалар. Ата-аналармен жұмыс жүргізбес үшін осындай деңгейлерін анықтау арқылы әртүрлі шараларды ұйымдастырғаны жөн.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

  1. Жанұяға бару. Баланың жанұясына бару кезінде міндетті түрде мұғалім өзінің алдына мақсат қою керек. Мысалы: жанұясымен танысу, жанұядағы қарым-қатынасын зерттеу, үй тапсырмасын орындауын тексеру және т.б. Жанұяға бармас бұрын баратындығын ескерту қажет.

  2. Ата-ананы мектепке шақырту. Ата-ананы мектепке шақырту тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда болмауы керек Ата-ананы мектепке шақырту бала тәрбиесі туралы пікір алмасу, тәжірибе алмасу мақсатында, мектептегі әр түрлі шараларға, сынып сағаттарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылуы үшін де шақырылуы керек. Мектепке ата-аналарға арнап ашық есік күндері жарияланады.

  3. Ата-аналар жиналысы мектепте жылдың басында, аяғында, тоқсан сайын өткізіледі. Ата-аналар жиналысында тек қана үлгірім, тәртіп туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыпта тәжірибе алмасу, пікір алмасу тұрғысында болғаны жөн.

  4. Дәріс - бұл ата-аналармен тәрбие үрдісін ұйымдастырылуының жолындағы жұмыс түрі. Дәріс жүргізуші - лектор әрі педагог, әрі тәрбиеші. Ол ата-аналардың мәліметтері мен жағдайын білуі керек.Мұғалім өз дәрісінде баланың тәртібі, психикалық дамуы, жанұядағы тәрбиенің тәртібі туралы тақырыптарды қамтуы тиіс. Дәрістің тақырыбы ата-ана үшін өзекті және қызықты болуы керек. Мыс: «Мектеп оқушыларының күн тәртібі», «Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?» «Бала және махаббат»

  5. Конференциялар: ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу конференциялары, әкелерге арналған конференциялар. Конференциялардың тақырыптары нақты болуы тиіс.

  6. Практикум – бұл бала тәрбиесі жөніндегі ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыратын жұмыстың түрі. Практикумда мұғалім ата-аналарға қандай да бір ситуациядан шығатын жолды табуға шақырады.

  7. Ашық сабақ. Ата-аналардың пән бойынша жаңа бағдарламамен, оқытудың әдістерімен, мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптарымен танысу үшін ұйымдастырылады. Көбіне ашық сабақ бастауыш сыныптарда өтеді. Ашық сабық арқылы ата-аналар балаларының білім деңгейін танып біледі.

  8. Педагогикалық диспут. Педагогикалық мәдениетті қалыптастырудағы жұмыстың бірі. Диспуттың нәтижелі болуы, оның дайындығының жақсы өтуіне байланысты. Диспут тақырыбы бір ай бұрын беріледі.

  9. Рөлдік ойындар - қатысушылардың ұжымдық, шығармышылық іс-әрекетіне ұйымдастырылған форма. Ролдік ойындар ата-аналармен мына тақырыптарда болуы мүмкін.»Отбасылық кеңес», «Біздің ауылымызда ортақ мәселе тұр».

  10. Жеке тақырыптық кеңестер. Мұғалім оқушылар жөніндегі мәліметті олардың ата-аналарынан біліп отырады. Кеңес нәтижелі болуы үшін педагог пен ата-аналар арасында сенімділік болуы шарт.