Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖӘ 2015.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Курстық жобалардың әдістемелік нұсқауы.

(Жоспарда қарастырылмаған)

  1. Студенттердің өзіндік жұмыстарына қажет материалдар. Курс бойынша рефераттардың тақырыптары:

  1. Сынып жетекшісінің ережесі.

  2. Тәрбие процесінің мәні және өзіндік ерекшеліктері.

  3. Тәрбие әдістерінің жіктелуі және таңдап алу шарттары.

  4. Дәстүрлі тәрбие мен тұлғалық бағдарлы тәрбиенің ерекшеліктері.

  5. Оқушылар ұжымын тәрбиелеу және оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.

  6. Ұжым тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік-мәдени ортасы ретінде.

  7. Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері.

  8. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістерінің ерекшеліктері.

  9. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны мен бағыттары.

  10. Сынып жетекшісі жұмысындағы халықтық педагогика

  1. Сараман барысына әдістемелік нұсқау.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Студенттің сарамандық жеке жоспары

Аты-жөні _________________________

Мамандығы _______________________

Мектеп № _________________________

Мекен-жайы _______________________

Пән мұғалімі ______________________

Сынып жетекшісі __________________

Әдіскерлер ________________________

__________________________________

Күні

Оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны

Орындау жөнінде белгі

Бағасы

Әдіскер____________________________________________________________

Мектеп директоры __________________________________________________

Оқушының жеке басын танып білуге арналған үлгі.

Жалпы нұсқау. Педагогикалық практика кезінде оқушының жеке басын танып білу көптеген нақтылы материалдардың болуын талап етеді.

Психологиялық-педагогикалық мінездеме жеке басты танып білу төменде көрсетілген сұрақтарды терең талдаған жағдайда ғана мүмкін болады:

  1. Оқушының оқу, еңбек және қоғамдық әрекеті.

  2. Оқушының жеке басының бағыты және арнайы қабілеті.

  3. Темперамент және мінез ерекшеліктері.

Оқушының жеке басын танып білуге қандай бағыт таңдап алынса да, алдымен оқушы жайлы жалпы мағлұмат пен оның мектепке қатынасын және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасын анықтау керек.

  • Жалпы мағлұмат.

І. Оқушының аты-жөні, туған жылы, денсаулығы, отбасындағы тұрмыс-тіршілігі, үлендермен қарым-қатынасы, жанұя тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.

ІІ. Мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымен өзара қарым-қатынасы:

  1. Сыныпқа жалпы мінездеме.

  2. Ұжымдағы жағдайы.

  3. Сыныпқа қатынасы.

  4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттана ма, немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

  5. Мектепте болған кезін бағалай ма, ондай жағдайда негізінен нені бағалайды?

ІІІ. Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы.

  • Оқу әрекеті

  • Еңбек әрекеті

  • Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

  • Тәртібі

  • Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

Жалпы педагогикалық-психологиялық қорытынды.

Сынып ұжымын зерттеудің және оған мінездеме құрастырудың шамамен алған үлгісі.

Жалпы нұсқау. Мұғалімнің өзі жұмыс істейтін сынып ұжымын зерттеп, оған психологиялық мінездеме жазуы міндетті шара.

Сынып ұжымының қалыптасуы бірнеше даму сатысынан өтеді. Сонымен қатар, оның қалыптасуы, ішкі және сыртқы факторларға байланысты.

Сынып ұжымын зерттеу жұмыстарын мына төменде көрсетілген бағыттар бойынша жүргізілгені дұрыс:

  1. Сынып жайында жалпы мағлұмат.

  2. Сынып құрылымы.

  3. Ұжымның іс-әрекеті.

  4. Ұжымның даму дәрежесі.

  5. Жалпы қорытынды.