Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.1 Ұйымдық және құқықтық аспектілері

Осы дипломдық жұмыстың бөлімі Қазақстан Республикасының келесі заңдарына сүйене отырып жазылған.

- «Қазақстан және еңбек қорғау заңы» 28.04.2004 жылдың № 528 - II ҚРЗ;

- «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік заңы» 03.04.2002 жылдың № 314 - II ҚРЗ;

- «Өрт қауіпсіздігі туралы заңы» 21.01.1996 жыл;

- «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы заңы» 10.12.1999 жылдан №493 – I ҚР Еңбек туралы заңы (ҚР заңдарына өзгертілер еңгізілген 06.12.2004 жылдан № 260 – II; 25.09.2003 жылдан № 484 - II).

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Тау-кен өндірісі үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентті бекітесін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ашық кен орындағы тиеу-тасымалдау процессі кезінде жұмысшыларға қажетті жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін мына нормативті - құқықтық актілер қолданылады:

- 12.1.005 – 88 ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигеналық талаптар;

- 12.3.009 – 76 ЕҚСЖ. Тиеу-тасымалдау жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары;

- СанЕжН 1.02.011 – 94 Жұмыс аймағындағы зиянды заттардың шектң рұқсат етілген концентрациясы;

- 12.2.022 – 80 ЕҚСЖ. Конвейерлер. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары;

- 12.2.058 – 81 ЕҚСЖ. Жүк көтергіш крандар;

- 12.2.098 – 84 ЕҚСЖ. Дыбыс оқшаулайтын кабиналар. Жалпы талаптар;

- МЕСТ 12.2.120 – 88. Тракторлардың, карьерлік автосамосвалдардың және ауылшаруашылық машиналардың жүргізушілерінің кабиналары мен жұмыс орны;

- 12.2.106 – 85 ЕҚСЖ. Кен орындарында пайдалы қазбаларды өндіру кещінде пайдаланылатын машиналар мен механихмдер. Жалпы гигиеналық талаптар мен бағалау тәсілдері;

- 12.2.130 – 91 ЕҚСЖ. Бір шөмішті экскаваторлар. Жүргізушінің жұмыс орнына қойылатын негізгі қауіпсіздік эргономикалық талаптар және оларды басқару тәсілдері

Еңбекті қорғау

Технологиялық процестерді орындау барысында көптеген цехтар маңызды шаң, конвенциялы немесе сәулелі жылуды, булар мен зиянды газдарды бөліп шығарады; қалыптау цехтарында вибрациялы механизмдер қолданылады, олар жұмысщылардың денсаулық жағдайына теріс әсер етеді және шу мен т.б. шығарады, сондықтан кәсіпорындар еңбектің қауіпсіз және қалыпты санитарлық – гигиеналық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында әр зауыт әрекеттегі өндірістік санитария мен техника қауіпсіздік ережелерін қатаң басшылыққа алуға міндетті.

Техникалық шарты бойынша дарбазасы ұзақ уақытқа ашылатын ( 40 мин.аса) цехтарда немесе есепті ауа температурасы - 200 С төмен аудандарда ауалық перделеу қарастыру қажет.

Барлық кәсіпорындар мен қосымша ғимараттарда табиғи немесе еріксіз желдеткіш ( вентиляция) қарастырылу керек.

Ғимарат ауасының бөлінген зиянды заттармен бүлінуін болдырмау мақсатында жабдықтар, аспаптар, құбыр – өткізгіштер және басқа да жылу бөлетін көздер жылу – оқшаулануы керек: пайдалану барысында ылғал бөлетін агрегаттар мен құрылғылар жабылып – оқшаулануы керек; шаң бөлінуге байланысты технологиялық процестерді олардың жұмысы адам араласпай – ақ іске асатындай етіп оқшаулау керек,ал шаң, бу және зиянды газ түріндегі технологиялық шығарылып тасталған заттар атмосфераға шығарылмас бұрын тазалаудан өтуі керек.

Вибрациялық механизмдер қолданылатын цехтарда шудың деңгейі мен вибрацияның әсерін азайтатын шаралар қолданылу керек. Вибрациялық механизмдердің жұмысында шу дыбыстық қысымының деңгейімен, децибелмен, ал вибрация – виброжылдамдықпен сипатталады. Дыбыстық қысымды шу шығатын жерден 1 м қашықтықта және еденнен 1,5м биіктікте шу өлшегішпен өлшейді. Өндірістік шудың жиілік құрамын АШ – 2Ми шу спектрінің анализаторының көмегімен, ал тербеліс амплитудасының шегі 0,05 – 1,5мм, 15 – 200Гц жиілік диапазонында ВИП – 4 виброметрмен анықтайды.

Виброжылдамдықты формула бойынша анықтайды:

V = 2πАf,

мұндағы А – амплитуда,

F – тербеліс жиілігі

V = 2· 3,14 · 1,2 · 150 = 1130,4 мм/с

Жұмыс орындарындағы шу мен вибрация деңгейі рұқсат етілген шектен асып кетпеу керек.

Қарама – қарсы жағдайда жұмыс орындары мен машиналарды, ғимараттарды дыбыстық және вибрациялы оқшаулау керек, мысалы: виброалаңқайларды көлемді іргетасқа орнату; еденнен серпінді қабатпен оқшауау, пружиналы немесе резеңкелі вибро оқшаулағыштарға вибраторлы машиналарды орнату, үлгілерді виброалаңқайларға және соққы столдарға міндетті түрде бекіту, виброалаңқайды акустикалық қаптамамен қаптау, дыбыс жұтатын материалдармен қаптау,уақытылы профилактикалық тексеру, виброциялық жабдықтарды жөндеу және реттеу.

Жұмысшылар губкалы резинадан жасалған табаны қалың аяқ киім, шуға қарсы құлақ қап ( антифон), астары пенопласт қолғап киюлері керек.

Көп концентрациялық шаңды ғимараттарда жеке қорғану ретінде Ф – 45 немесе ПРБ – 1 респираторларын, герметикалық қорғаныс көзілдірігі мен арнайы киім қолдану керек. Негізгі технологиялық бөлісу жұмысында техника қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы керек.

Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде темір арматура цехында дәнекерлеу аппаратын жерге қосу керек ( заземлеть).

Көзілдірік пен жарықфильтрлі қалқан қолдану жұмыс орындарына резеңке кілемшелер дәнекерлеу постыларын қорғаныс экрандарымен қоршалау, ал дұрыс кесетін станоктың жұмысында олардың қаптамасын жергілікті аспирация жүйесіне қосу керек.

Бұйымдарды қалыптау дыбыстық сигнализация қосылып тұрғанда жасайды, қалыптау машиналары қашықтан басқарылуы керек.

Бұйымдарды жылумен өңдеу барысында камерадан будың ағуына жол бермеу керек, камераға тиеу, түсіру автоматты траверс көмегімен іске асырылады.