Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.3 Ұйымдастыру іс-шараларынан қорғану

Қызылорда қаласындағы қысымсыз темірбетон құбырын зауыт 2 ауысыммен жұмыс істейді және бес күндік жұмыс аптасы қарастырылған.

Еңбекті қорғауды жалпы басқару зауыттың еңбекті қорғау және төтенше жағдай бөліміне жүктеліп, ол тікелей зауыт директорына бағынады. Аталған цехтарда еңбекті қорғау жауапкершілігі цех меңгерушісіне жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы бойынша инструкциялары бар.

Цехта жұмыс жасауға келесі инструктаж түрлерінен өткен адамдарды жібереді:

-енбек инструктаж жұмысқа кіру кезінде еңбектң қорғау бөлімінің қызметкерлерімен өткізіледі. Оның мәні жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру;

-біріншілік инструктаж жұмыс орнында зертхана мамандарымен өткізіледі;

-ағымдық инструктаж, оның мәні еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қолдануды бақылау және инструкцияларды ұстануды бақылау;

-қайталау инструктаж 6 айдан кейін білімді тексеру жіне денгейін жоғарылату үшін өткізіледі;

-жоспардан тыс инструктаж технологиялық үрдіс өзгергенде, жабдық өзгеріп немесе жетілдірілгенде, жоспардан тыс жұмыстарды жасағанда жүргізіледі.Қолайлы еңбек жағдайын жасаған кездегі әр түрлі іс-шаралар зерттеп және тиімді қолдану үшін оларды біріктіру қажет.

Еңбекті қорғаудың барлық мүмкін түрлерін келесі 4 топқа сыныптастырады:

-еңбек өндірісін ұйымдастыру;

-кәсіпорын және цехтарды орналастыру;

-технологиялық үрдістер және жабдықтар;

- жеке қорғаныс.

Еңбек жағдайларын жақсарту үшін аталған топтардағы барлық іс шаралардың кешенді орындалуын қажет етеді. Өндірісті және еңбекті ұйымдастыру, қызметкерлерді іріктеу, еңбек және демалыс уақытын, жұмыс дисциплинасын белгілеу, жұмыстарды дұрыс жүргізу, стандарттарды, гигиеналық нормативтерді және қауіпсіздіктің техникалық нормативтерін бекіту, кауіпсіздік инструкцияларын және ережелерін жасау.

5.4 Техникалық іс-шаралар

Жобаланатын темірбетон бұйымдары зауытының бас жобасында автомобиль жолдары мен темір жолдар ескерілген. Жол асфальтобетоннан жасалған ені-6 м. Автокөліктің жүру жылдамдылығы 15км 1сағатқа дейін шектелген. Цех ішіндегі автокөліктердің жылдамдылығы 5 км/сағ. Көліктердің шығу және кіру жолдарынан бөлек цех ішіндегі көліктер құрамына көпірлі крандар, өздігінен жүретін арбалар пневмотронспортерлер электр тиегіштер, ленталы конвейерлер кіреді. Техникалық процестердің берілген параметрлерінен ауытқуынан авариялық жағдай пайда болған кезде, қауіпті зонаға адам кірген кезде белгі беруші қондырғылар орнатылған.

Айналатын механизмдерді жедел түрде тоқтату үшін сақтандырғыш тежегіш қондырғылар орнатылған.

Технологиялық бойлықтың басқару түріне келетін информацияны белгі беруші қондырғылар дыбыс немесе свет белгілері арқылы береді – ленталы тасымалдағыштың қозғалатын бөлшектері қоршаған қоршау қондырғылары экран түрінде орындалған.

5.5 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Электрмен жұмыс істейтін құрал-жабдықтар жерлендірілген. Қондырғыларды қолданудағы қауіпті зоналар қоршалған. Қалыптау цехтарында ауа ылғалдылығы жоғары, температура жоғары.

Таңдалған бөлмелердің электр қауіпсіздік класы бойынша анықталады. Әкімшілік ғимараттың қауіптілігі жоғары емес. Қалыптау, бетон араластыру цехтары, толтырғыштар, жанғыш майлау материалдары қоймалары өте қауіпті.

Зауытта жабық түрде жасалған электр құрал-жабдықтары қабылданған, электр сымдары 2-ші қабатты изоляциясы бар трубалар көмегімен қабырға және пол арқылы жүргізіледі.

Ғимараттар мен құрылыстар атмосферадағы электролиттен, найзағайдан қоршағыштармен қоршалған.