- •Түсініктемелік жазба
- •5В07300-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
- •Түсініктемелік жазба
- •5В073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1.1 Зауытың жұмыс тәртібі
- •1.1.2 Өндірілетін өнімнің номенклатурасы
- •1.1.3 Шикізаттар мен қосымша материалдарға сипаттама
- •III. Негізгі материалдарға қойылатын талап
- •2.3.1. Байланыстырғыш заттар
- •4.3 Арматура
- •2.3.2. Толықтырғыштар
- •4.4 Бетон дайындайтын су
- •4.5 Бетонға қосылатын қоспалар
- •1.1.5.2 Өндірістің технологиялық схемасының сипаттамасы
- •Құбыр өндірісінің Технологиялық схемАсы
- •Бетон құрамын есептеу
- •3.1.2. Шикізат материалдары шығынының қажеттілігін есептеу.
- •5.1 Ұйымдық және құқықтық аспектілері
- •Еңбекті қорғау
- •5.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.3 Ұйымдастыру іс-шараларынан қорғану
- •5.4 Техникалық іс-шаралар
- •5.5 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.6 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •5.7 Өндіріс орнындағы жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.8 Метеорологиялық шарттарды қамтамассыз ету
- •5.10 Өртке қарсы іс-шаралар
- •2.3 Жинақтық жылу балансы
- •2.4 Өндірістің өндірілмейтін қажеттіліктеріне кететін жылу шығынын анықтау
- •2.3 Кесте – Технологиялық қажеттіліктерге кететін бу шығыны
- •Аэродинамикалық есеп
- •4.1 Бетонараластырғышты автоматтандыру қажеттігі
- •4.2 Бетонараластырғыштың технологиялық процессін сипаттау
- •Сурет 4.1 - Бетонараластырғышты автоматтандыру тізбегі
- •3.1.5. Бетонараластыратын цехты есептеу мен жобалау.
- •3.2. Қалыптау цехының технологиялық есебі
- •XI бақылау әдістері
- •Қонышты құбырдың сынау схемасы
- •Фальцты құбырдың сынау схемасы
- •XIV Нормативтік әдебиеттер тізімі
XI бақылау әдістері
11.1 Қысым түсірілген құбырды беріктілікке сынау мен жарықшақтыққа сынау ГОСТ8829 талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
11.2 Сынауға бүтін құбырды немесе ұзындығы 1 м-ден аз емес целиндрлік қиындыны аламыз.
11.3 Сынауға гидростатикалық (суөткішбеушілікке) сыналған құбыр пайдаланылуы мүмкін.
11.3 Салмақ түсірілген құбырлардың сурет-схемасы :
қонышты - 1 сурет;
фальцті – 2 сурет
Құбырды екі ағаш діңгекке көлденең орналастырады, қозғалмайтын негізде құбыр бойлық ось бойынша параллель жиналады. Құбыр үстіне жоғары цилиндрлік бөлік құрайтын ағаш діңгеті жағалай орнатамыз, оған болат тіреуіш (траверс) қойылады.
Қонышты құбырдың сынау схемасы
1 – резина немесе цемент араласпасы төселген; 2 – ағаш діңгек; 3 – болат тіреуіш (траверс)
1 - сурет
Фальцты құбырдың сынау схемасы
1 – резина немесе цемент араласпасы төселген; 2 – ағаш діңгек; 3 – болат тіреуіш (траверс)
2 - сурет
11.4 Жүктеме түсіру кезінде құбыр біркелкі жатуы үшін, 20-30 мм етіп үстіңгі және астыңғы діңгекке біркелкі цемент апаласпасын немесе беттік резеңке жолақ төсейді. Резеңке жолақтарының қаттылығы 45-60 аралығында болуы тиіс.
11.5 Ағаш діңгектерінің өлшемі 100×100 мм болуы керек. Тіреуіш (траверс) қаттылығы болуы тиіс: максималды жүктеу кезіндегі майысуы сыналатын құбыр ұзындығының 1/720 аспауы керек.
11.6 Сынақ жабдықтарының жүктемені өлшеу қателігі 3% көп болмауы қажет.
11.7 Сынақ кезінде жүктеме біркелкі кезекте жүргізіледі. беріктікке сынау кезінде жүктемені қосу 2-3 мин. 0,1 шегіне жеткенше. Ұстау уақыты 10 мин. Жарықшақтылыққа сынауда жүктеме қосу шегіне жеткенде, жарықшақтың пайда болуын ГОСТ 25706-83 сәйкес үлкейткіш әйнекпен немесе ГОСТ 14968 сәйкес микроскоппен қарайды.
11.8 Құбыр беріктілігі жүктеме күшімен сипатталады. Құбырлардың бір-біріне тойтарылуынан (сопротивление) мынадай шарттардың бірі орындалуы мүмкін:
1) спираль арматураның жылжуынан, қос қаңқалы құбырларда өлшемі 1,5мм-ден көп жарықшақ ашылуы мүмкін, ал бір қаңқалы құбырларда жарықшақ өлшемі 2,0мм-ден көп болуы мүмкін;
2) қысылу әсерінен бетонның бөлшектенуі мүмкін;
3) спиральараматураның ажырауы мүмкін;
4) арматураның үзілуі мүмкін.
ҒЫЛЫМИ БӨЛІМ
БЕЛСЕНДІРГІШТІҢ ҚҰРЫЛЫС АРАЛАСПАСЫНА ӘСЕРІ
Ерiтiндiлер мен бетондарды дайындауда цементтiң сақталуын ескеру күрделi. Кез келген цементті сақтағанда 10-15% өз белсендiлiгiн ай ағымында жоғалтады. Мұндай процестiң себебі тек қана атмосфералық ылғал емес және де атмосфералық СО2нің әсері болады. Күрделі мәселе, бірақ бұл механикалық белсендіру арқылы шешілуі мүмкін, бір бөлік цемент бөлек, құммен қоспа да бір бөлек. Активтендiрген органикалық емес байланыстырғыш қолдану ерiтiндiлер мен бетондардың маркасын жоғарылатуға, сонымен бiрге байланыстырғыш шығынын азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де портландцемент пен цемент-құмды араласпа құрамына механикалық белсендіргіштің әсері зерттелді. Зерттеу барысында зертханада ортадан тепкiш қалақшалы араластырғыш-диспергатор (ЦЛС) пайдаланылды.
Қоспаларды механикалық белсендіру ылғалды және құрғақ күйінде жүргізілді. Бірінші жағдайда белсендірілу құрғақ күйінде жүргізілді. Екінші жағдайда цемент-құмды араласпа құрғақ белсендірілді де, содан кейін су қосып, қолмен араластырылды.
Цемент-құмды араласпа құрамына Бірқазан кен орнынан көп суқажеттілікті құм, ол су-цемент қатынасының ұлғаюына әкеп соғады. Зерттеу жұмысы жаз мезгілінде жүргізілді, сол себепті араласпаның бастапқы температурасы нормативтікке қарағанда жоғары болды (20±2⁰Ϲ) және 24-26⁰Ϲ құрады. Бұл өндірістік ортадағы инертті материалдардың нақты температурасына сәйкес келеді.
Белсендірілу кезінде цемент-құмды араласпа құрамы Ц:Қ=1:3 ылғалды күйде болғанда температура жоғарылады және судың жоғалуы байқалды. Конус жайылымының диаметрі МЕСТ 310.4-81 бойынша 16 см-ге жетуі үшін, белсендірілген соң қосымша су қосу қажет болды. МЕСТ 5802-86, МЕСТ 310.4-81 бойынша цемент-құмды араласпадан үлгілер дайындалды. Үлгілер 2-8-2 сағ 80⁰Ϲ режимінде жылумен өңдеуден өтті, ертеңіне сынама жүргізілді. Ылғал күйінде белсендірілген цемент-құм араласпасының сынақ нәтижелері 1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Араласпаның белсендірілу уақыты, мин |
С/Ц бастапқы |
Белсендірілу кезіндегі су жоғалу, % |
Қосымша су қажеттілік , % |
С/Ц нақты |
Араласпаның жайылымдылық диаметрі, см |
Араласпа температурасы, ⁰Ϲ |
Сығылуға беріктілігі, МПа |
Созылу кезіндегі иілу беріктілігі, МПа |
|
белсендіруге дейін |
белсендіруден кейін |
||||||||
0 |
0,9 |
- |
- |
0,9 |
16 |
24 |
25 |
3,9 |
0,81 |
3 |
0,9 |
18,5 |
- |
0,73 |
13 |
24 |
44 |
8,24 |
1,25 |
3 |
0,9 |
- |
15,5 |
1,04 |
16 |
24 |
43,7 |
6,47 |
1,29 |
3 |
1,04 |
1,04 |
- |
0,95 |
18 |
24 |
40 |
5,25 |
0,97 |
Белсендірілмеген 1 араласпамен салыстырғанда цемент-құм араласпасының белсендіргеннен кейінгі (құрам 2) беріктілік көрсеткіштері 2,1 есе (сығылуға беріктілігі) және 1,5 есе (созылу кезіндегі иілу беріктігі) жоғарылайды, оны 1 кестеден байқауға болады. Алайда, белсендірілу кезінде температураның жоғарылауы салдарынан бастапқы белсендірілмеген араласпада С/Ц 0,9 болса, белсендіргеннен кейін 0,73-ке дейін судың жоғалуы байқалды.
С/Ц азаюынан араласпа беріктілігі жоғарылайтыны белгілі, ал бұл жағдайда араласпа тиімділігін жорамалдау қиын және бұл жағдайда 2 құрамды белсендіру тиімділігін кесіп айту да қиын. Осы фактордың ықпалын жою үшін цемент-құмды араласпаны (құрам 2) белсендіргеннен кейін, конус жайылымының диаметрі 16 см (құрам 3) болғанша қосымша су енгізілді. 1 кестеден көруге болады, цемент-құмды араласпадағы (құрам 3) нақты С/Ц 1,04 тең, ал конустың жайылым диаметрі 16 см. Конус жайылымдылығы бірдей болған 3 және 1 құрамның беріктілік көрсеткіштерінің белсендірілген араласпадан дайындалған үлгілердің сығылуға беріктілігі 1 белсендірілмеген құраммен салыстырғанда 3 құрамда 1,7 есе жоғары, ал созғандағы иілу беріктілігі 2 құраммен салыстырғанда 1,6 есе жоғарылағаны байқалды. Мұның себебі механикалық белсендіру кезіндегі компоненттерді бір мезгілде ұсақтау болуы мүмкін. Атап айтсақ, құрғақ күйінде белсендіруде құм түйіршіктерінің ірілік модулі 1,62-ден 1,6-ға; 1, 2 және 3 мин белсендірілгеннен кейін сәйкесінше 1,59-дан 1,57 ге төмендеді. Белгілі болғандай, конус жайылымдылығын біркелкі диаметрге жеткізу үшін араласпаға ұсақ толтырғыштарды пайдалансақ С/Ц жоғарылайды.
Белсендірілгеннен кейін құрғақ күйіндегі цемент-құмды араласпа құрамына Ц:Қ=1:3 мөлшерінде су енгізілді, сәйкесінше С/Ц=0,9 және С/Ц=0,73 болды. Цемент-құмды араласпаны құрғақ күйінде белсендірудің сынама нәтижесі 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Араласпаның белсендірілу уақыты, мин |
С/Ц |
Араласпа жайылымының диаметрі, см |
Араласпа температурасы, ⁰Ϲ |
Сығылу беріктілігі, МПа |
Созылу кезіндегі иілу беріктілігі, МПа |
|||
белсендіруге дейін |
белсендіруден кейін |
су қосқанға дейін |
су қосқаннан кейін |
|||||
0 |
0,9 |
16 |
- |
- |
24 |
23 |
3,9 |
0,81 |
0 |
0,73 |
14 |
- |
- |
24 |
23 |
4,3 |
0,83 |
3 |
0,9 |
14 |
25 |
123 |
89 |
67 |
4,76 |
0,88 |
3 |
0,73 |
12 |
26 |
110 |
77 |
54 |
6,64 |
1,19 |
Цемент-құмды араласпаның беріктілік көрсеткіштері белсендірілгеннен кейін (құрам 4) белсендірілмеген 1 құраммен салыстырғанда 1,2 есе ( сығылуға беріктілігі) және 1,1 есе ( созылу кезіндегі иілу беріктілігі) өскенін 2 кестеден байқауға болады. Осылайша, белсендірілуге және С/Ц байланысты конус жайылымдылығы құрамдас бөлшектердің мөлшер өзгерісін көрсетеді.
Қорытынды: Белсендірілмеген 1 құраммен салыстырғанда, С/Ц= 0,73 (құрам 4) 3 минут құрғақ күйінде белсендірілген цемент-құмды араласпа барынша жоғары беріктілік көрсетті. Осылайша, цемент-құмды араласпаны механикалық белсендірудің тиімділігі, араласпа беріктілігін белсендірілмеген байланыстырғыштан жасалған араласпамен салыстырғанда екі есеге дейін жоғарылатуға мүмкіндік беретіндігі тәжірибе түрінде дәлелденді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қысымсыз темірбетон құбырын шығаратын зауыт Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы Қызылорда қаласында орналасатын болады.
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің оң жағалауында, оның орта ағысында орналасқан. Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салынатын болады. Сондықтан дипломдық жұмыс республиканың оңтүстік аумағын сапалы, бәсекеге қабілетті темірбетон құбырларымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған және таңдалған тақырыптың маңызды практикалық мағынасы бар, өзекті міндеттерге арналған.
Қоймалары мен құрылымдары толық жинақталған, жергілікті шикізат базасымен, энергия және сумен жабдықталған, транспорт жолдарымен қамтамасыз етілген темірбетон құбырлары өндірісінің зауыты жобаланған.
Қысымсыз темірбетон құбырын дайындай ГОСТ 6482-88 сәйкес жүзеге асырылады. Зауыттың жұмыс режимі жыл ішіндегі жұмыс күндерінің санымен, тәулік ішіндегі жұмыс ауысымының санымен, яғни екі ауысымды жұмыс циклында 253 жұмыс күндерін құрайтын, ауысымдағы жұмыс сағатының санымен сипатталады.
Қысымсыз темірбетон құбырлары өндірісі үшін шикізат материалдары болып табылады: портландцемент ПЦ – 400 – Д20 АҚ «Шымкентцемент”, белсенділігі 403,5 кгс/см² және үгілі жұқалығы 94% келесі негізгі клинкерлі минералдардан құралатын: бұл ГОСТ 10178-85 талаптарына сәйкес келеді; қиыршықтастан шағыл фракциясы 5 – 20 мм дейін, ұсату маркасы 1000 және шынайы тығыздығы 2,71 г/см³ «Шалқия», ГОСТ 8267-93 талаптарына сай келетін: табиғи құм ірілік модулі 2,17, ішіндегі сазды қоспалар 2,1% көп емес «Бірқазан», бұл ГОСТ 8736-9В талаптарына сәйкес келеді.
Жұмысшы арматура ретінде А-ІІІ, Ат-ІІІ С, Ат-ІV, Ат-ІV С класты болат өзекті арматура және арматура сымдарының Вр-І, Врп-І периодты профиль класты, сондай-ақ қаңқалар мен торлардың көлденең өзектері үшін А-І, А-ІІ класты өзекті арматуралар пайдаланылады.
Қазіргі уақытта өндірістің келесі әдістері бар: агрегатты-ағынды, стендтік, кассеталық, конвейерлік. Темірбетон бұйымдарының агрегатты-ағынды әдісі өндірісі кешенді механизациялауға және бұйымды дайындаудың технологиялық процестерін автоматтандыруға, еңбек өнімділігін айтарлықтай көтеруге және технологиялық қондырғыларды барынша толық әрі тиімді қолдана отырып, дайын өнімді көбейтуге мүмкіндік береді.
Бетон құрамын іріктеу негізінде есептелген құрам бойынша бетонды үлгі – кубтар құйылды және алынған шамалардың негізінде түзету жүргізілді. 1м³ үшін 400 (В30) маркалы ауыр бетонның нақты құрамы келесідей:
цемент – 300 кг/м³, су – 171 л/м³, қиыршық тас (10-20 мм) – 1273 кг/м³, құм – 638 кг/м³, қоспа 3 кг/м³.
Қысымсыз темірбетон құбырлар өндірісінің өндірістік цехы ауыр және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін барынша нәтижелі құрылыс материалы болып табылатын құрамалы темірбетоннан жасалған. Зауыт аумағында сондай-ақ дайын өнімдердің қоймасы, цемент қоймасы, толтырғыштар қоймасы және болат арматура қоймасы қарастырылған.
Шұңқыр камераларының жылуылғалды өңдеу режимін есептегенде, өнімділігі техникалық жобалау нормаларына сәйкес белгіленген және есептелген. Жылуылғалды өңдеу режимі 12 сағатты құрайды, булау камерасы – 6.
Жобаның экологиялылығы мен қауіпсіздігі сонда, яғни зауыт электр энергиясының негізінде жұмыс істейтін болады, бұл экологиялық көзқарас тұрғысында ТЭС құбырларынан жанып кеткен өнімдердің қалдығын шығаруды азайтуға септігін тигізеді, 1 квт-с электр энергиясын өндіру үшін жұмсалатын отынның шығынын азайту есебінен қоршаған орта қауіпті және улы заттар қалдықтарымен ластанбайды, барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған. Қысымсыз темірбетон құбырлар өндірісінің кәсіпорындарында қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігінің барлық талаптары сақталады.
Қуаттылығы жылына 30 мың м³ қысымсыз темірбетон құбыры зауытының техника-экономикалық шығынның өтелу мерзімі 3,9 жылды құрайды.
Өзіндік құны мен босатылатын баға құрылыс нарығындағы осындай бұйымның құнынан төмен, бұл өнімдердің өз уақытында өтімін қамтамасыз етеді.
Сонымен жобаланған қуаттылығы жылына 30 мың м³ қысымсыз темірбетон құбыры зауыты жеткілікті оң ТЭК ие, бәсекеге қабілетті сапалы өнімдер шығаратын болады, бұл өнімді сатуды және тез арада оның құрылысына кеткен шығынды өтеуді қамтамасыз етеді.
