Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1.1.5.2 Өндірістің технологиялық схемасының сипаттамасы

Қысымсыз темірбетон құбыры өндірісінің кәсіпорны бір сатылы және үш сатылы өңдеу технологиясын таңдауы тиіс.

Темірбетон құбырлар өндірісі ауыр бетоннан жасалады. Оларды виброгидропрестеу технологиясы бойынша жасайды. Мұндай темірбетон құбырларының басқа құбырлармен салыстырғанда анағұрлым жоғары техникалық сипаттамасы бар. Жоғары көрсеткіштеріне келетін болсақ: төзімділігі мен жарылуға беріктігі, аязға төзімділігі ( F 200 кем емес) және су өткізбеушілігі ( W6 кем емес).

Виброгидропрестеу — бетон және темірбетон құбыры өндірісінде ең көп тараған әдістердің бірі, екі технологиялық операцияларды бір мезгілде орындауды қамтамасыз етеді – қалыпқа тиелген бетон араласпасына конфигурация беру (құбыр немесе басқа құбыр тектес бұйымға) және араласпаны нығыздау. Виброөңдеу кезінде бетон араласпасының алғашқы құрылымдық беріктігі жойылып, бетон араласпасы ағылмалы жағдайға көшіп салмақ тарту күшімен қалыпқа жайғасып, ауа мен бос суды ығыстырып шығарады. Осының нәтижесінде:

  • компоненттердің компактілі орналасуы болады;

  • толтырғыштармен цементтің байланысуы жақсарады;

  • бетон араласпасын араластыруда пайда болған ауа ығыстырылып шығарылады;

  • судың біраз бөлігі бұйымның бетіне ығыстырылып бөлінеді.

Қысымсыз темірбетон құбырын дайындауда бір сатылы технология бойынша виброгидропрестеу әдісі қолданылады. Қысымсыз темірбетон құбырын виброгидропрестеуде жабдық ретінде: алдын-ала кернелген диаметрі 5 мм болатын жоғары сапалы сымнан арматура қаңқасын кесу үшін СМЖ-131 станогы; өлшеніп кесілген сым басына стержнді суықтай орнату машинасы СМЖ-155; ені 20 мм және қалыңдығы 0,5 мм болатын болат жолағын кесу үшін СМЖ-94 машинасы;

Спиральді қаңқа дайындау үшін СМЖ-88 орау станогы; бұрандалы (винтовый) бетонтөсегіш СМЖ-96; ИВ-64 вибраторымен жабдықталған қалып; арматураны алдын-ала кернеуге гидродомкрат СМЖ-86; жаңақалыпталған құбырларды жоғары қысымды престеуге арналған қондырғы; вакуум-қондырғы; құбыр қоныштарын тегістейтін қондырғы; құбырды сынауға арналған қондырғы және де басқа да қосымша жабдықтар.

Негізгі қалыптау агрегаты – ішкі және сыртқы қабықшадан тұратын қалып. Кіші диаметрлі құбырлар үшін сыртқы қабықша екі жарты формалы, ал үлкен диаметрлі үшін – төрт сегментті болып келеді.

Қалыпты бетон араласпасымен толтыруға дайындау барысында, оның барлық элементтерін бұрынғы бетон араласпа қалдықтарынан мұқият тазартады, содан соң көлденең жатқан жартықалыптың шеткі беттерін, тіреуіш және калибрлі сақиналардың ішкі беттерін, сонымен қатар жартылай қалыптың бойлық фланецтерін немесе қоныштан 1 – 1,5 м ұзындықта сыртқы қабатын битумды мастикамен майлайды.

Осыдан кейін бір жартықалыпқа екіншісін жатқызады және оларды қажетті күшпен тартылатын болттармен біріктіреді. Жартықалыптардың түйісетін жерлеріне желімді лента салады және оны нығыздап қысады, содан соң ішкі беттеріне эмульсиялы майлау қабатын жүргізеді.

Бойлық арматураны керу барысында сымдар үзілуі мүмкін. Диаметрі 500-900 мм құбырлар үшін бір сымның және диаметрі 1000-1600 мм құбырлар үшін қатар жатпаған екі сымның үзілуіне рұқсат етіледі. Көп мөлшерде сым үзілген жағдайда гидродомкратпен барлық сымдардағы керілуді тоқтатады, үзілген сымдарды ауыстырады және керілу процесін қайталайды.

Дайындалған қалыптың сыртқы қабатын арнайы траверс көмегімен 90° төңкереді және қонышын төмен қаратып орнатады.

Қалыптау постында қалыптың сыртқы қабатына вибраторлар бекітеді, ал ортаңғы конусқа жоғарыдан жүктеме араласпа вибратор қосылған бұрандалы бетонтөсегіш арқылы түседі. Жүктеуші конус та вибратормен жабдықталған. Үлгіні бетон араласпасымен толтырғаннан кейін жүктеуші конус, центрлеуші сақина және вибраторларды түсіреді, ал үстіне нығыздағыш сақина – крестовина қояды және үлгіні пресстеу постына ауыстырып, оны тік жағдайда бекітіп қояды.

Қысым көтерілу 30-35 гс/см2 30 минут ішінде орын алады.

Тігінен орналасқан қалыпқа жоғарыдан бетонтөсегіштің көмегімен бетон араласпасын тиейді. Қалыпты жүк көтергіштігі 10 т болатын көпірлік кранмен жылумен өңдеу постына жібереді. Жылуылғалды өңдеу режимі: ұстау - 2 сағ, температураны 80°С дейін көтеру - 2 сағ, 80°С температу­рада қыздыру - 8 сағ, суыту – 1сағ.

Булаудан кейін қалыптан босату алаңына беріледі. Қалыптан босату алаңында қалыпты тазалайды, майлайды және құрастырады, гидродомкраттармен арматураны алдын-ала 5 мм дейін кернейді.

Ішкі гидравликалық қысыммен құбырды сынау. СМЖ-97 қондырғысында сұрыптаудан кейін барлық құбырлар суөткізбеушілікке сыналады. Ішкі гидравликалық қысымы құбырдың беріктілік класына байланысты 1,8; 1,2 және 0,6 МПа.

Құбырларды сынау үшін қондырғылар келесі негізгі бөліктерден тұрады: сол және оң жақ бөліктен, жылжымалы қақпақтан, сужетек, арба және басқару пультінен.

Сол жағында жоғарғы және төменгі қысымға арналған сорғы, ал оң жағында жылжымалы қақпаққа тасымалдау үшін сужетек орналасқан. Сол және оң жақ бөлік ұзына бойы көлбеу арқалықтармен жалғасқан. Құрылғыны суға толы шұңқырда және люк торын жауып монтаждайды. Сынау үшін жеңіне сақина резеңке кигізілген құбырды арбаға орнатады. Содан кейін құбырды сорғы көмегімен төменгі қысымды суға, одан кейін жоғары қысымды суға толтырады. Қысым манометр арқылы басқарылады. 500-1200 мм диаметрі құбырлар үшін сынақ қысымы - 2,5 МПа дейін.

Сынамадан өткен құбыр зауыттың техникалық бақылау бөліміне ауысады, кейін дайын өнім қоймасына жөнелтіледі. Әрбір камера бөлігі ұзындығы бойынша үш бөлікке бөлінеді: 1 – бұйымды 70 0С дейін қыздыру, 2 - 800С температуда ұстау және 3 – бұйымды 200С дейін суыту. Камерадан шыққан құбырды тасымалдаушы арба кантовательге жеткізеді, құбырды кантователь асымалдаушы арбадан ағытып, көлденеңінен бұрып көтереді.