- •Түсініктемелік жазба
- •5В07300-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
- •Түсініктемелік жазба
- •5В073000-Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1.1 Зауытың жұмыс тәртібі
- •1.1.2 Өндірілетін өнімнің номенклатурасы
- •1.1.3 Шикізаттар мен қосымша материалдарға сипаттама
- •III. Негізгі материалдарға қойылатын талап
- •2.3.1. Байланыстырғыш заттар
- •4.3 Арматура
- •2.3.2. Толықтырғыштар
- •4.4 Бетон дайындайтын су
- •4.5 Бетонға қосылатын қоспалар
- •1.1.5.2 Өндірістің технологиялық схемасының сипаттамасы
- •Құбыр өндірісінің Технологиялық схемАсы
- •Бетон құрамын есептеу
- •3.1.2. Шикізат материалдары шығынының қажеттілігін есептеу.
- •5.1 Ұйымдық және құқықтық аспектілері
- •Еңбекті қорғау
- •5.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •5.3 Ұйымдастыру іс-шараларынан қорғану
- •5.4 Техникалық іс-шаралар
- •5.5 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •5.6 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •5.7 Өндіріс орнындағы жасанды жарықтандыруды есептеу
- •5.8 Метеорологиялық шарттарды қамтамассыз ету
- •5.10 Өртке қарсы іс-шаралар
- •2.3 Жинақтық жылу балансы
- •2.4 Өндірістің өндірілмейтін қажеттіліктеріне кететін жылу шығынын анықтау
- •2.3 Кесте – Технологиялық қажеттіліктерге кететін бу шығыны
- •Аэродинамикалық есеп
- •4.1 Бетонараластырғышты автоматтандыру қажеттігі
- •4.2 Бетонараластырғыштың технологиялық процессін сипаттау
- •Сурет 4.1 - Бетонараластырғышты автоматтандыру тізбегі
- •3.1.5. Бетонараластыратын цехты есептеу мен жобалау.
- •3.2. Қалыптау цехының технологиялық есебі
- •XI бақылау әдістері
- •Қонышты құбырдың сынау схемасы
- •Фальцты құбырдың сынау схемасы
- •XIV Нормативтік әдебиеттер тізімі
2.3.1. Байланыстырғыш заттар
Құрылыс құрылымдарына бетон дайындау үшін органикалық емес заттар кеңінен қолданылады.
Бетон өндірісінде де портландцемент барынша кең қолданылады.
Портландцемент - суда немесе ауада қататын гидравликалық байланыстырғыш зат. Портландцементтік негізгі минералдары ретінде: үшкальцилі силикат 3CaO*SiO2 немесе C3S(алит), екікальцилі силикат 2CaO*SiO2 немесе C2S(белит), үшкальцилі алюминат 3СaO*Al2O3 немесе C3A(целит), төрткальцилі алюмоферрит 4CaO*Al2O3*Fe2O3 немесе С4AF.
Бұл минералдар портландцемент клинкері құрамында мынадай мөлшерлерде болады (%) : 3CaO*SiO2 – 45-60, 2CaO*SiO2 – 15-35, 3СaO*Al2O3 – 4-14, 4CaO*Al2O3*Fe2O3 – 10-18. Бұл гипс қосылған жұқа ұнтақталған клинкерден алынатын сұр түсті ұнтақ. Жоғары сапалы цемент алу үшін оның химиялық құрамы, демек араласпа шикізатының құрамы тұрақты болу керек.
Ұнтақтау барысында цементті клинкерге 10 - 20% домна қожы (шлак) түйіршіктерін немесе белсенді минералды қоспалар қосуға болады.
Гипстен басқа құрамында минералды қоспалары жоқ цемент - портландцемент деп аталады. Таза клинкерлі қоспасыз ПЦ жоғары төзімді бетондарда, құрама темірбетон өндірісінде, арнайы жағдайлардағы құрылыста (солтүстікте, ыстық және құрғақ климатты аудандарда) қолданылады.
Қоспасы бар ПЦ барынша кең таралған цемент болып табылады (шығарылатын барлық цементтің 60% құрайды). Оларды көбіне, арнайы талаптар қойылмаса, тегіс (монолитті) және құрама темірбетон құрылымдарында қолдана алады.
Цемент сапасына негізінен үшкальцилі силикаттың болуы (C3S), яғни төзімділігі жоғары тезқатаятын гидравликалық заттың қасиеттері бар алит әсер етеді.
Екікальцилі силикат (C3S) белит - орташа төзімділікті, баяу қатаятын гидравликалық байланыстырғыш.
Үшкальцилі алюминат (C3А) тез қатаяды, бірақ төзімділігі төмен, цементтің минералдық құрамын өзгерте отырып, оның сапасын түрлендіруге болады. C3S ( алитті цемент) көбірек қосып жоғары маркалы және тез қататын цемент дайындайды.
Құрамында белиті көп цементтер (белитті) баяу қатаяды, бірақ оның төзімділігі ұзақ уақыт бойы артады және бірнеше жылда біршама төзімді болуы мүмкін.
Кез келген цементтің сапасын сипаттайтын басты қасиеті – оның беріктілігі. Сығу кезіндегі цементтің беріктігі 30 – 60 МПа құраса, тиісінше арқалықтың иілуге беріктігі 4,5 – 6,5 МПа.
Ерітінді қоспасы шашырату столында 106 – 115 мм конустың қалқып шығуы керек.
Көптеген цементтерде бұл В/Ц = 0,4 жағдайда жетеді. Цементтің белсенділігін оның анық беріктігі деп атайды. Бетонның құрамын жоспарлағанда белсенді цементті қолданған дұрыс, өйткені бұл барынша нақты нәтиже береді және цементті үнемдейді.
Цементке беріктілігінен басқа бірқатар талаптар қойылады, соның ішінде анағұрлым маңыздысы қалыпты қоюлығы мен ұстасу мерзімі. ПЦ қалыпты қоюлығы 22 – 27 % құрайды. Цементке жұқа – майдаланған қоспаларды ( трепел, окопи) енгізген жағдайда қалыпты қоюлық артады.
Таза клинкерлі цементтер ең төменгі қоюлыққа ие болады.
Ұстасу мерзімі материалдық қатты денеге айналу процесінің басы мен аяғын анықтайды. Стандарт бойынша ұстасудың басталуы 200 С температурада 45 минут бұрын емес, ал ұстасу соңы цементті суға бастырғаннан бастап 10 сағат кем емес уақыт талап етіледі. Ұстасу мерзімін бетон араласпасын дайындау кезінде әртүрлі химиялық қоспалар қоса отырып реттеуге болады.
Бетонның температурасын көтергенде және В/ц азайтқанда ұстасу мерзімі қысқарады. ПЦ ережеге сай №008 елеуіштен өтетін цементтің жалпы массасынан 85% кем емес майда ұнтақтан тұрады. Цемент бөлшегінің орташа өлшемі 15 – 20 мкм құрайды. 1г цемент құрамындағы түйіршіктердің майда – жұқалығы дәндердің үстіңгі қабатын сипаттайды.
Орташа сапалы цемент 2000 – 2500 см2/г үстіңгі қабаттан, ал жоғары сапалы 3500 см2/г және одан жоғары үстіңгі қабаттан тұрады. ПЦ қоспасыз ақиқат тығыздығы 3,05 – 3,15 г/см3 құрайды. ПЦ тығыздығын (таза) бетон құрамын есептегенде шартты түрде тығыздалған жағдайы 1,3 кг/м3 деп қабылдайды.
