Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.Гормондарға жалпы сипаттама.

Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан ол тірі ағза денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Денедегі барлық бездерді ішкі және сыртқы бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (секреция – сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады немесе дененің сыртына шығады. Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік бездер деп атайды. Оларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Эндокрин (грек endokrin – ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысанаға алынған жасушаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзақ болады. Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Гормон дегеніміз – биохимиялық процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың асас маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат.

“Гормон” деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (hormao – қоздырамын, қозғалтамын). Химиялық құрамына қарай гормондар – белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялық бездерден басқада, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлық гормондар ағзадағы зат алмасу процестеріне әсер етеді.

Гормондар тек жасуша деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (receptor – қабылдаушы деген латын сөзінен шыққан) болады, ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасақан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық процестергеәсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның жалпы өмірі ұзақ емес, әдетте ол бір сағатттан кем.

Гормондар ағзада асас маңызды үш түрлі қызмет атқарады:

-физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі;

-физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді;

-бірқатар асас маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымының, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуына қамтамасыз етеді.

Эндокрин бездерінің құрылым мен қызметін, одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуда гормондардың реттегіш механизмдерін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.

Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін реттейтін гормондар табылған. Химиялық табиғатына қараай гормондар 4 топқа бөлінеді.

-Белоктік және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары.

-Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар.

-Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек без гормоны, т.б.

-Жергілікті әсер ететін гормондар: полиқанықпаған май қышқылдарының – простагландиндер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]