Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.Дисахаридтер. Сахароза. Троммер реакциясы.

Дисахаридтер. Дисахаридтердің молекулалық формуласы С12Н22О11, судың бір молекуласын бөліп шығару арқылы моносахаридтердің екі молекуласынан құралған. Мұнда сахаридтердің арасында глозидтік байланыс қалыптасады. Табиғатта бос күйінде екі дисахарид – сахароза мен лактоза кездеседі. Ал крахмал, гликоген және целлюлоза полисахаридтері шала гидролизденгенде мальтоза, изомальтоза, целлобиоза түзіледі.

1.Сахароза (қызылша немесе қамыс қанты) α-D-глюкоза мен β-D-фруктоза қалдықтарынан құралады. Оның молекуласының түзілуін төмендегі формуладан байқауға болады. Реакция теңдеуінен көрініп тұрғандай, моносахаридтер қалдықтары арасында глозидтік байланыс α-β (1→2) қалыптасады, ондай байланыстың қалыптасуына глюкозаның да, фруктозаның да аномерлік топтары қатысады. Демек, бос карбонильдік тобы жоқ, сондықтан дисахаридтің тотықсыздандырғыштық қасиеті болмайды, атап айтқанда Фелинг сұйықтығымен реакцияласпайды. Сахароза гидролизденгеннен кейін реакция өнімдерінде (глюкозада, фруктозада) тотықсыздандырғыштық қасиет пайда болады. Сахароза өсімдік организмінде, олардың тамырында, сабағында, жемісінде кездеседі. Әдетте сахарозаны қант қамысынан алады. Сахароза – бағалы азықтық өнім, дәмі тәтті, суда жақсы ериді.

2. Лактоза (сүт қанты). Бұл қант β-D-галактоза мен α-D-глюкоза молекуласының қалдығынан құралады. Осы екі қалдық арасындағы гликозидтік байланыс галактозаның β-1-көміртегі атомы мен α-глюкозаның төртінші атомы, яғни β (1→4) арқылы іске асады. α-глюкозаның аномерлік атомы гликозидтік байланыс түзуге қатыспайтын болғандықтан, оның гидроксилдік тобы сәйкес келетін жағдайда бос карбонильдік топқа өте алады. Сондықтан лактоза тотықсыздандырғыш қантқа жатады. Лактоза сүттің құрамында болады, ол сүттегі бағалы қоректік бөлік. Лактоза тәттілігі сахарозанікінен екі есе кем, суда нашар ериді.

3. Мальтоза Бұл дисахарид крахмал мен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде алынатын өнім болып табылады. Ол α-D-глюкозаның екі молекуласы қалдығынан құралған. Мальтозадағы гликозидтік байланыс крахмалдың амилозалық фракциясында α (1→4) бағытты болады.

4. Изомальтоза мальтоза сияқты, изомальтоза да крахмалдың және гликогеннің шала гидролиздену кезінде түзіледі. Изомальтозаның құрылым формуласының айырмасы мұндағы гликозидтік байланыстың табиғаты біршама басқаша, α (1→6) болады. Изомальтоза крахмалдың және гликогеннің амилопектиндік фракциясына кіреді.

5 Целлобиоза Целлобиоза – целлюлозаның шала гидролизінің өнімі. Бұл дисахарид D-гликозаның екі молекуласы қалдығынан құралғанмен, мальтоза мен изомальтозаға қарағанда гликозидтік байланысы басқаша – β (1→4). Бұл қанттың биологиялық қасиетінің айырмашылығы осыған байланысты. Α-гликозидтік байланысты үзетін ферменттер β-гликозидтік байланысқа әсер етпейді.

Троммер реакциясы.Реакцияның химизмі:

Мыс тұзының артық мөлшері реакцияны бүркемелейді, өйткені мыстың (II) гидроксидін қыздырғанда қара түсті мыс оксидіне (СuО) және суға ыдырайды.

№ 8 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]