Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_shpor_dayyn_mine-1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Поляриметриялық анализ. Поляриметр. Кұрылысын схема түрінде көрсету

Поляриметриялық анализ әдісінде анализге берілген заттың концентрациясын анықтау үшін оның поляризацияланған сәулесінің жазықтықтағы айналу бұрышын есептейді ( ).

Поляризацияланған сәуле – бұл толқын тербелісі бір жазықтықта орналасқан сәуле. Ол мына формуламен өрнектеледі. = , мұндағы

 - жазықтың поляризациясының айналу бұрышы;

 - жазықтың поляризациясының меншікті айналу бұрышы;

l – кювета ұзындығы (трубканың ) см;

Т – анықталатын ерітіндінің титрі.

Өлшенетін бұрыш аналитикалық сигнал болып есептеледі.

Поляриметрияға қойылатын талаптар:

-анализге берілген зат оптикалық активті болуы керек, оның

оптикалық активтілігі молекула құрылысына байланысты болады;

Оптикалық активті зат сәулелері поляризациялық жазықтықа айналуы мүмкін, егер оңға айналса немесе оң (+) (сағат бағытымен айналады) болады.

Жазықтықтағы поляризациялық айналу бұрышын поляриметрия аспабымен өлшейді.

Поляриметрияның құрылысы:

табиғи Поляризатор талданатын анализатор кейбір

сәуле (П) ерітінді (А) қаранғылар

Бұл әдісті қант өндірісінде (углеводтар), тамақ өндірісінде (белоктар, тағам қышқылдары т.б.), фармацевтикада (мофрин, никотин т.б.) қолданады.

Поляриметрияның артықшылығы оның қарапайымдылығы, жылдамдығы, дәл мән өлшеуі болып табылады.

-поляризатор (П) – полризацияланған сәуле шығатын жер;

-анализатор (А) – жарық поляризациясын тексеретін жер.

Құрылысы жағынан поляризатор мен анализатор бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі (Николь призмасы). Қос сәуленің сынуы – Николь призмасынан табиғи сәулені жібергенде болады, бір сәуле – қарапайым, бастапқы бағытынан өзгереді, екі сәуле – күрделі түскен сәуленің бағытын сақтайды. Күрделі жарық призма арқылы өтіп, одан кейін оптикалық активті зат арқылы, пояризациялану жазықтығында айналады.

3. Көмірсулардың тотықтырғыш қасиеттері

Моносахаридтердің маңызды реакциясы болып сутектің көмегімен жүретін тотықсыздану реакциясы саналады. Олар көп атомды спирттерге айналады, оның ішінде сорбит пен ксилитке көңіл аударуға болады, себебі қант диабетімен ауыратын адамдарға қолданылады. Дисахаридтер моносахаридтерді сипаттайды, көптеген реакцияларға түсе алады: жай және күрделі эфирлер түзеді, глюкобион қышқылдарына дейін тотыға алады.

Тотықсыздандырғыш қасиетін көрсеткен маңызды өкілдеріне мальтоза, лактоза, целлобиоза жатады, ал тотықсызданбайтын дисахаридтерге - сахароза жатады.

Мальтоза - крахмалдың гидролиздену реакцияның нәтижесінде пайда болады. Мальтоза екі α-Д-глюкотеранозадан тұрады, бірінші молекуласын жартылай ацетальді тобына реакцияға түседі, екінші молекуласынан жай төртінші көміртегіндегі жай спирт тобы, арасында α-(1-4) гликозидтік байланыс пайда болады, екінші молекуласында жартылай ацетальді сақталады.

Мальтозаның дәмі тәтті. Альдегидтерді және спирттерді сипаттайтын бүкіл реакцияларға түседі. Тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

Целлобиоза-целлюлоза немесе клетчатка деген полисахаридтің жартылай гидролиздену реакциясының нәтижесінде пайда болады. Екі β-Д глюкопираноздан тұрады, арасында β(1-4) гликозидтік байланыс болады, целлобиозада тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.

Лактоза да тотықсыздандырғыштық қасиетті көрсетеді. Жартылай ацетальді топ арқылы циклді түрінен альдегидтік түрге айнала алады, осы изомерияны ашық және циклді түрде болуын - таутомерия деп атайды. Осы жартылай ацетальді гидроксил тобы арқылы олар (дисахаридтер-мальтоза, целлюлоза, лактоза)-гликозидтер түзе алады. Сахарозаның ерекшелігі оның құрамындағы моносахаридтерді екі жартылай ацетальді топтар α-1-2 гликозидтік байланысты түзу үшін пайдаланылады, сондықтан ол циклді түрінен ашық түрге айнала алмайды, таутомерияға ұшырамайды, себебі бірде-бір құрамындағы моносахаридтерге жартылай ацетальді топ жоқ. Сондықтан сахароза тотықтырғыштық қасиетті көрсетпейді. Медицинада сахароза ұнтақтарды, сироптарды және микстураларды дайындау үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]