- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар орталық банк. Әр түрлі елдерде ол ұлттық банк, халықтық банк, резервтік банк деп әр қилы аталады. Ол Қазақстанда ҚР Ұлттық банкісі деген атауға ие. Оның басты міндеттеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп айырысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы деңгейін құрайды.
Эмиссиялық банк аса ірі қаражатқа ие. Ондай ірі құжатқа банктердің бірде біреуі ие емес. Бұл оған басқаларына көмек көрсетуіне және олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Қалған банктер эмиссиялық болып табылмайды, өйткені олар айналымға ақша шығарудың айрықша құқығына ие емес.
Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:
Эмиссиялық – бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақшасызға қарағанда қолма-қол ақшаның маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды, өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып қала береді.
Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резервтік шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған соманы сақтап қоюға міндетті.
Елдің ресми алтын-валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.
Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және одан да көп елдің ЖІӨ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.
Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың формасында несие береді.
Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік валюталармен операцияларды жүзеге асырады.
Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін реттейді) және несие саясатының (несие мөлшерін, проценттік мөлшерменің деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа көрсеткіштерін реттейді) шаралар жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер көбінесе өздері салым ақша түрінде алатын ақшалай капиталдың есебінен өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды несиелеу бойынша әмбебап операцияларды орындайтын жеке және мемлекеттік банктерді білдіреді.
Коммерциялық банктердің функциялары:
мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру (ағымдағы шоттарды жүргізу) және осы банктің атына жазылған чектерді төлеу;
кәсіпкерлерге несие беру;
барлық ұлттық шаруашылықтың ауқымында төлем айналымын ұйымдастыру әрі есеп айырысуларды жүзеге асыру және т.б.
Коммерциялық банк – бұл шаруашылық есеп принципімен әрекет ететін заңды тұлға болып табылатын, шаруашылықты дербес жүргізетін субъект. Өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа қарағанда банктер өндіріс саласында емес, айырбас саласында әрекет етеді. Олар ресурстарды тартады, несие береді, яғни, қайта бөледі, тауарлардың алмасуына ықпалын тигізеді.
Орындалатын функциялардың санына қарай коммерциялық банктерді әмбебап банк және мамандандырылған банк деп бөлуге болады.
Әмбебап коммерциялық банк – бұл көптеген қаржылық операциялар мен қызмет көрсетулерді орындайтын несие мекемесі. Бүгінгі таңда олар өз клиенттеріне 200-ге жуық әр түрлі өнімдері мен қызметтерін ұсына алады. Мұндай кең ауқымда әртараптандырылған операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерінен айырылмауға және өте қолайсыз конъюнктура жағдайында да пайда алуына мүмкіндік береді.
Мамандандырылған банк – бұл бір немесе бірнеше функцияны орындайтын, сонымен бірге, нақты экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын несие мекемесі.
Банкті функциялық мамандануына қарай инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктерге бөлуге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктер – облигациялық заимдарды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару әрі ұзақ мерзімді ссудаларды ұсыну арқылы ақша қаражаттарды ұзақ мерзімге шоғырландыруға маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімді салымға қаражаты жетіспеген кәсіпкерлер мен қаражатын ұзақ мерзімге салатын салымшылардың арасындағы делдалдық мекемені білдіреді. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады, алайда, олар тек технологиялық жаңа енгізулердің (инновацияның) әзірленуін және игерілуін несиелейді.
Ипотекалық банктер жердің және жылжымайтын мүліктің кепілімен қаражатты ұзақ мерзімге тарту және орналастыру бойынша несие операцияларын жүзеге асырады.
Бұл банктердегі пассивтің көп блөлігін ипотекалық облигациялар, акциялар және құнды қағаздар құрайды.
Салалық және аймақтық банктердің мамандану деңгейі, олардың активтері мен пассивтерін қалыптастырудағы өзіндік ерекшелігі көбінесе өздерінің қызмет салаларына, сондай-ақ, өндірістік процестің басқадай ауытқуларымен құрылған әр түрлі салалық ерекшеліктерімен байланысты болады.
Банктерді аймақтық белгілері бойынша аймақтың қажеттілігіне қызмет ететін жергілікті банк, тұтас елдің банкісі және халықаралық банк деп бөлуге болады. Әрине, бір жақты маманданған немесе бір салаға ғана қызмет ететін банкті кездестіру қиын, тек қысқа мерзімді несиелерді берумен ғана айналысатын немесе өнеркәсіп кәсіпорындарына ғана несие берумен шұғылданатын немесе тек бір ғана аймақтың клиенттеріне қызмет көрсететін банк болмайды емес, болады, бірақ, іс-тәжірибеде мұндай банктерді кездестіре алмайсыз. Осы заманғы экономикада көбінесе өзінің негізгі қызмет бағытын сақтай отырып, әр түрлі операцияларды орындай беретін банктерді көптеп кездестіруге болады. Оларды тек өздерінің негізгі қызмет бағыттарына қарап ажыратуға болады.
Банктерді меншік сипатына қарай мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жекеше, муниципалды, аралас деп бөлуге болады. Банк капиталын меншіктеу тұрғысынан алғанда мемлекеттік тұрпаттағы банктің мемлекеттік белгісі өзінің негіз қалаушысы болып табылады. Мұнда бастапқы сәтке олардың мемлекеттің ұлттық мүддеге бағыныштылығы жатады (мысалы, эмиссиялық банк жүйесі арқылы ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банктердің мемлекеттік жүйесі арқылы қандай да бір аймақтың немесе саланың даму бағдарламасын қаржыландыру). Бұл банктің ерекшелігі: олардың бастапқы капиталы көбінесе акционерлік болады, өйткені ол басқа меншік формасына жататын бөлікті де қамтиды. Алайда, бұл оның мемлекеттік сипатына нұқсан келтірмейді, өйткені ол ең алдымен ел экономикасының тиісті салаларындағы кәсіпорындарды дамыту үшін құрылған.
Банктер қаржылық делдал ретінде мынадай операцияларды орындайды:
несиедегі делдалдық;
есеп айырысудағы делдалдық;
кастодиандық делдалдық;
брокерлік-дилерлік делдалдық қызмет және т.б.
Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табылады. Олар биржалық операцияларды дербес ұйымдастыра алады әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды да дербес орындай алады.
Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл өтімділікте клиенттің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Банк өз қызметінде бұдан басқа да мыналарды жүзеге асырады:
пассивті операциялары;
активті операциялары;
меншікті операциялары.
