- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіруді (сақтандыруды) коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің Қазақстандық қоры» жүзеге асырады.
Қор мақсаты екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылады. Қор акцияларын ҚР Үкіметі сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық капиталы 1 млрд. Теңгені құрайды. Қорды жалпы басқаруды 7 адамнан тұратын Директорлар Кеңесі басқарады. Қордың директорлар кеңесінің құрамына: Ұлттық Банктің 4 өкілі, Қаржы министрлігінің 1 өкілі, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының 1 өкілі және Қордың Бас директоры кіреді. Қордың Бас директоры Ұлттық Банкпен тағайындалады.
Қордың банк шоттары тек Ұлттық Банкте ашылады. Қордың ақшасы мынадай ретпен орналастырылады:
1) Қордың активтерінің 80% - мемлекеттік бағалы қағаздарға;
2) Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне)
Банк-агент Қормен агенттік келісім негізінде салымшыларға орнын толтыру төлемдері бойынша шараларды жүзеге асыратын банк;
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкі – жеке тұлғалардың салымдарын қайтару бойынша міндеттемелері ережеге сәйкес кепілденетін, қатысушы куәлігі бар, банк (қатысушы-банк)
Банк салымшысы (депозиторы) – қатысушы-банкте салымдары бар жеке тұлғалар
Салым (депозит) бойынша орнын толтыру – Қормен төлеуге жататын ақша сомасы
Банк төлемдері – қайтару бойынша міндеттемелері кепілденетін, салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерінде қатысушы-банкпен Қорға аударылатын ақша сомасы
Жеке тұлғалардың міндетті коллективтік кепілдендіру жүйесіне, банктің меншікті капиталынан жоғары мөлшерде жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау құқығы бар банктер бола алады.
Қатысушы банк сәйкес Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге міндетті:
1) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің тоқсан сайынғы төлемдері;
2) қосымша жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банк төлейтін бір жолғы төлемдер;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым сәйкес тәртіппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдері.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттемелерін тоқтатып қоймайды.
Қатысушы банктің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері сомасының 0,5 процентінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктен барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензия қайтарып алынған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемесі соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы банктердің қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
1. Қатысушы банк:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзімі жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді алуға;
2) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы мәліметтерді таратуға құқылы.
2. Қатысушы банк:
1) заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) клиенттерді қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеу шарттары туралы хабардар етуге;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілген депозиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін толық және уақтылы орындау мүмкін болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарлауға;
4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өздері төлеген жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді ұсынуға;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы бойынша тартылған депозиттер бойынша банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Қатысушы банктің тарату комиссиясы қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің соттың аталған шешімі заңды күшіне енген күнге жасалған есептерін табыс етуге міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының елу проценті шегінде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердің жарналары;
3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің төленген (төленетін) кепілдік берілген өтем сомалары бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған оның активтерін орналастырудан түскен кіріс шегінде және есебінен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы [28].
Депозиторларға кепілдік берілген өтем төлей бастау уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісе отырып қарыз алу үшін қажетті мерзімге, бірақ қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
