Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Заңына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушының екі түрі қарастырылған: қор биржасы және биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымы.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының маңызды институттарының бірі болып қор биржасы табылады. «Қазақстан қор биржасы» АҚ 1993 жылдың 17 қарашасында Қазақстан Банкаралық Валюталық Биржасы атауымен негізделген. Қазақстан Ұлттық Банкі және ірі екінші деңгейлі банктер қор биржасын құру инициаторлары болды. 1996 жылы биржаның аты өзгертілді және сол уақыттан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан қор биржасы (KASE) деп аталады.

Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға

KASE акционерлік қоғам нысанында қызмет етеді, бірақ коммерциялық емес ұйым болып табылады. Яғни биржа қызметінен алынған бүкіл пайда оның акционерлері арасында таратылмайды, ал биржаның дамуына жұмсалады.

Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;

2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;

3) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;

4) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткiзу;

5) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге acыру, не осындай есеп aйырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;

6) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;

7) бағалы қағаздар нарығы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;

9) қор биржасының iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржа мүшелері тек қана заңды тұлғалар болуы мүмкін.

Қор биржасы коммерциялық мақсат ұстанбайды. Оның қызметі өзін-өзі өтеуге негізделген. Қор биржасы коммерциялық ұйым емес.

Қор биржасының қызметі мыналар негізінен қаржыланады:

- онда «орын» сатып алған биржа қатысушыларының жарналары;

- өздерінің бағалы қағаздарын биржада айналысқа түсіретін кәсіпорындардың жыл сайынғы жарналары;

- биржа қатысушыларының және клиенттерінің биржалық операциялардан алымдар мен басқа да төлемдері.

Биржа қызметіне қатысты неғұрлым маңызды шешімдер оның барлық қатысушыларымен жиналыста қабылданады. Биржа мүшелері әртүрлі процедуралық сұрақтар қабылданатын биржалық кеңес сайлайды. Биржаны басқару және барлық ағымдағы сұрақтарды шешу биржа басқармасымен жүзеге асырылады.

Қор биржасының мүшелерi

1. Бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.

2. Қор биржасында бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.

3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртiбi, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.

5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

KASE саудасына тек оның мүшелері ғана қатыса алады. Оның мүшесі болу үшін 1500- айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мүшелікке кіру жарнасын төлеу қажет. Мүшелікке кіру жарналарынан басқа биржа мүшелері ай сайынғы жарналар төлейді. Мүшелік жарналарға қоса KASE компанияның бағалы қағаздарының листингі және биржа тізілімінде тұруы жарналарын ұстайды. Сонымен қатар биржа ақпараттық және аналитикалық қызмет көрсетулер үшін, мәмілелерді өңдеу және тіркеу үшін комиссиондық сыйақылар алады.

KASE қазақстандық биржалық нарықтың сауда жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы жүйеге оның мүшелерінің қол жетімділігіне мүмкіндік жасайды. Биржа бағалы қағаздарды оның тізіміне енгізу бойынша және осы бағалы қағазды шығарған компаниялараға қойылатын талаптар бойынша ережелерді өңдейді. KASE өзінің мүшелеріне ақпараттық, кеңес беру қызметтерін көрсетеді, бағалы қағаздар нарығының жүйелі аналитикалық зерттеулерін жүргізеді. Биржа эмитенттер туралы максималды ақпаратты ашу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Ең маңыздысы – биржа бағалы қағаздар, валюта, фьючерстер және басқа қаржылық құралдармен жүйелі сауда-саттықты жүргізеді, биржалық саудада жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырады.

Қор биржасының ережелерi мыналарды анықтауы тиіс:

1) қор биржасындағы мүшелiк санатын, қор биржасының мүшелiгiне кiру талаптары мен тәртiбiн, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасында мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары мен тәртiбiн;

2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарын енгiзу жорамалданып отырған және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;

3) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгiзудiң, оларды осы тiзiмнен және тiзiм санатының ауысымынан алып тастаудың талаптары мен тәртiбiн;

4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне (соның iшiнде ақпаратты жариялау бойынша) енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн;

5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткiзу тәртiбiн;

6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртiбiн; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

7) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;(бұр.ред.қара)

8) қор биржасының сауда жүйесiнде айналысқа жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;

9) биржалық сауда ережелерiн бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн;

10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды шешу тәртiбiн айқындауға тиiс.

Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгiзудiң талаптары мен тәртiбi оның ережелерiмен белгiленедi.

Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi.

Қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу және одан алып тастау шарттары мен тәртібі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді және уәкілетті органмен келісіледі.2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  1-1 тармақпен толықтырылды

Акциялары қор биржасының ресми тiзiмiне ең жоғары санат бойынша енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк-құқықтық актiлерiнде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөнiндегi қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi. 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  3  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

Егер эмитенттер белгiленген талаптарды орындамаса, қор биржасы және (немесе) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган  құқық бұзушылықтарды жою жөнiнде өз ережелерiне сәйкес шаралар қолдануға құқылы.  2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен   4  тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара)

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығындағы бағалы қағаздардың айналысын қоспағанда, қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздарды бiр мезгiлде басқа қор биржасында не Қазақстан Республикасының аумағында өзге де ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыноктарында айналысқа жiберуге болмайды.

KASE сауда-саттық әр жұмыс күні жүзеге асырылады. Әр түрлі қаржылық құралдар бойынша саудалық күн ұзақтығы біркелкі емес. Ең ұзақ сауда күні – шетел валюталарымен сауда-саттық бойынша. Ол Алматы уақыты бойынша сағат 10:15 басталады және 18:00 аяқталады. Бұл кезде ол үш сессияға бөлінеді: таңғы, күндізгі және кешкі. Фьючерстік контракттер бойынша сауда күні 10:30 басталады және 17:00 аяқталады. Мемлекеттік бағалы қағаздар (облигациялар) бойынша 11:30 дан 18:00-ге дейін. Акциялар, корпоративтік бағалы қағаздар бойынша 11:30 дан 11:00-ге дейін. Биржа сонымен қатар, халықаралық қаржылық ұйымдар бағалы қағаздарымен, шетел мемлекеттік бағалы қағаздарымен және векселдерімен сауда-саттық жүргізеді.

KASE сауда-саттықты электронды түрде жүзеге асырады. Электронды сауда-саттық жүйесі биржа мамандарымен өңделген және ең жоғары талаптарға сәйкес келеді.

Қор биржасының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі

Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листингтік комиссия) құрылады.