- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
Қазіргі уақыттағы әлемдік нарықтағы болып жатқан өзгерістер Қазақстан экономикасына да елеулі әсерін тигізуде. Зейнетақы жүйесі республиканың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі қарқынды дамушы сектордың бірі болып табылады. Осыған қарамастан, он жылдан астам уақыт шамасында қызмет етіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзіндік проблемалары бар. Сондықтан зейнетақы жүйесін қолдау және дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының басымдылықты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары оны одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар көздерi ретіндегi зейнетақы активтерiн басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстандағы зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесі қаржы нарығының қатысушыларының белсенді қолдауы жағдайында жүзеге асырылды. Осы зейнетақы реформасының өзіндік позитивті жақтары болды, яғни 1998 жылдан бастап зейнетақылық реформалау сәтінен мемлекет бюджетінде болашақ зейнеткерлерді ұстау, қамтамасыз ету шығындары қарастырылмайды. Зейнетақы жарналары жұмыскердің өзі таңдап алған жинақтаушы зейнетақы қорларында, олардың жеке шоттарында шоғырландырылады және әрбір адам өзінің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай өзінің болашақ зейнетақысын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әлемде зейнетақылық қамтамасыз етудің үш негізгі жүйесі бар: мемлекеттік, аралас (мемлекеттік-жеке) және мемлекеттік емес (жеке). Қазақстандағы зейнетақылық сақтандыру туралы заң жобасын өңдеушілердің бірі – Қ.Тулепбаевтың тұжырымдауынша, Қазақстан 1998 жылы зейнетақылық қамтамасыз етудің мемлекетік жүйесінен, аралас жүйені айналып өтіп, мемлекеттік емес жүйеге өтуі, қателік болуы мүмкін. Оның ойынша, 80 пайыз жұмыскерлерінің еңбек ақысы төмен және орташа болатын қоғамда мемлекетік жүйе қажет. Егер жұмыскерлерінің 10 пайызында – төмен, 60 пайызында – орташа, ал 30 пайызында – орташадан жоғары еңбек ақы болса, жеке жүйе тиімді болып табылады. Аралас жүйе қоғамның материалдық жағдайы бірінші жағдайдан жоғары, ал екінші жағдайдан төмен болған жағдайда қажет. Сондықтан Қазақстан қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда тек жеке жүйені емес, аралас жүйені енгізуі қажет. Әлемнің бүкіл елдерінде зейнетақылық қамтамасыз ету сферасының ғалымдары өзара байланысқан және өзарашартталған аралас ынтымақтастық-жинақтаушы жүйені, олар параллель әрекет етпеуі үшін олардың ішкі өзара тәуелділік және өзара шартталғандық механизмін құруға тырысады. Қазақстанда ынтымақтастық жүйе тек қазіргі зейнеткерлерді, ал жинақталған жүйе болашақ зейнеткерлерді қамтамасыз етеді және олардың арасында өзара байланыс және де өзара шартталғандық жоқ. Қ. Төлебаев ынтымақтасқан-жеке зейнетақы жарналарын төлеу көзінің механизмін ұсынады. Бұл жерде ынтымақтасу ұрпақтар арасында (тігінен) емес, ұрпақ ішінде (көлденең), сәйкесінше әрбір ұрпақ өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз етеді. Ұсынылатын зейнетақылық қамтамасыз етудің қазақстандық моделінде ынтымақтасқан-жеке сипаттағы қаржыландыру көздері нақты анықталған, жаңа құрылым – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің біріккен резервтік қоры ұсынылған, оның иесіз шотында жұмыс берушілердің жарналарын шоғырландыру болжанады. Зейнетақыны төлеуді ұйымдастырудың кепілдендірілген механизмі, инвестициялық саясаттың ережелері өңделген. Осылардың барлығы төмен жалақы алатын жұмыскерлерге орта еңбек ақының 60 пайызы мөлшерінде зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Әрине, ұсынылған ынтымақтасқан-жеке сипаттағы қаржыландыру көздері, болшақтағы зейнеткерлердің зейнетақы төлемдеріне тигізетін үлесі сөзсіз, дегенмен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің біріккен резервтік қорын құру арқылы қайтадан орталықтан басқаруға келуіміз мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде азаматтарды зейнетақылық қамтамасыз етудің үш деңгейлі моделі қалыптасқан: бірінші деңгей – тіркелген мөлшердегі мемлекеттік зейнетақылар; екінші деңгей – жұмыс істейтін азаматтарды міндетті қосымша зейнетақылық сақтандыру бойынша зейнетақылар; үшінші деңгей – жеке ерікті сақтандыру бойынша, сондай-ақ кәсіпорыннан қосымша кәсіби зейнетақылар [1].
Қазақстанда зейнетақы жарналарының міндетті, ерікті, ерікті-кәсіби түрлері қабылданған. Осы зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жағдайы сурет 5 келтірілген
Сурет 5 – ҚР-дағы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналары бойынша салымшылар динамикасы
Сурет мәліметтерінен көріп отырғанымыздай зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны жылдан жылға жоғарылауда және олардың ішінде басым үлесті 99,5% міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары алады. Келтірілген міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны оларға ашылған дербес (жеке) зейнетақы шотының санын сипаттайды. Бұл жерде мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша "бiр салымшы - бiр қор" принципі сақталмаған. Бүгінгі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі бір салымшы (алымшыда) бірнеше дербес зейнетақы шотының ашылуы. Бұл шоттар келесідей жағдайларда ашылуы мүмкін:
- салымшы өзінің қаржылық ісіне, жағдайына ешқандай мүдделілігінің болмауы, яғни жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде өзінің зейнетақылық қамтамасыз ету шартының көшірмесін жаңа жұмыс берушіге бермеуі. Мұндай жағдайда агент айлық жарнаны жалпы төлем жасалатын қорға аударады, сәйкесінше салымшыға (алымшыға) жаңа зейнетақы шоты ашылады;
- салымшы қосымша инвестицилық кіріс әкеледі деген есеппен өзінің алдыңғы қордағы шотын әдейі сақтағанда;
- салымшы өзінің аты-жөніндегі өзгерістер туралы қорға уақытында хабарламаған жағдайда.
Мұндай зейнетақы шоттарын жинақтаушы зейнетақы қорларының дербес жауып тастау құқығы жоқ, міндетті түрде салымшының (алымшының) өтініші қажет. Заңнамада салымшының (алымшының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен бір уақытта екі немесе одан артық зейнетақылық қамтамасыз ету шартын жасауға тиым салынады. Осы жағдайды түзету үшін 2006 жылдың екінші жартысынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі оңтайландыру бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Бағдарламаға сәйкес зейнетақы жарналары ең алдымен Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа түседі, ал одан жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлінеді. Бұл салымшының (алушының) қорды дербес таңдап, оны құпияда ұстауға мүмкіндік береді. Әрбір жинақтаушы зейнетақы қорларының ұсынған мәліметтері негізінде зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін құрастырып алған. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың нақты жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударуы үшін негіз болып, неғұрлым соңғы жасалған салымшы шарты табылады. 2007 жылғы мәліметтер бойынша әлі де 2348829 салымшының екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен қамсыздандыру туралы шарттары бар екендігі және олардың өсу беталысында екендігі анықталды [2].
Қазіргі кезде қосарлы шоттар проблемасын шешу үшін кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыға өзінің зейнетақы шотын кез-келген уақытта бақылауға және зейнетақы жинақтарын өзінің қалауы бойынша кез-келген қорға ауыстыруға мүмкіндік беретін электронды төлем карточкаларын енгізуді ұсынуда.
Зейнеткерлік жасы да зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі болып табылады. Әрине, ерлердің өмір сүру кезеңінің орта ұзақтығы 59 жас, ал зейнеткерлікке шығу жасы – 63 жас. Осыған орай зейнеткерлікке шығу жасын төмендету қажет. Сонымен қатар, міндетті кәсіби зейнетақының пайда болу сәтін үкіметпен емес, саланың өзімен анықтаған жөн, өйткені кәсіпорын коллективі ғана өзінің өндірісінің ерекшелігін ескеріп қандай жаста кәсіби зейнетақыны тағайындау керек екендігін анықтай алады.
Зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі оның қаржылық тұрақсыздығы болып табылады. 14 жинақтаушы зейнетақы қорының тек 4-5 ғана салыстырмалы тұрақтылық туралы айта алады. Бұл кезде салымшылары-алушыларының саны бойынша осы қорлардың үлесі бүкіл зейнетақы секторының 80 пайызға жуығын құрайды. Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарының құрылымы 5 кестеде талданған.
Ең көп жинақталған зейнетақы қаражаттары сомасына мынадай жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары (алушылары) ие болды: жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасынан «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ, «Ұлар Үміт» ЖЗҚ, «МЖЗҚ», «БТА Қазақстан» ЖЗҚ және «Грантум» ЖЗҚ. Жалпы алғанда, осы 5 қорға жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасының 80,07% келді.
Кесте 5 – ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының құрылымы
Жинақтаушы зейнетақы қорлары |
01.12.2006 |
01.12.2007 |
01.12.2008 |
|||
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд. теңге |
Үлесі, % |
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд. теңге |
Үлесі, % |
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд. теңге |
Үлесі, % |
|
«Грантум ЖЗҚ» АҚ |
57,3 |
6,6 |
70,1 |
6,0 |
78,5 |
5,7 |
«Капитал ЖЗҚ» АҚ |
18,5 |
2,1 |
32,2 |
2,8 |
51,1 |
3,7 |
«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ |
152,9 |
17,7 |
199,2 |
17,1 |
238,9 |
17,3 |
«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ |
152,3 |
17,7 |
204,1 |
17,5 |
194 |
14,1 |
«Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ |
233,7 |
27,1 |
338,2 |
29,0 |
394,5 |
28,6 |
«Отан» АЖЗҚ» АҚ |
18,6 |
2,2 |
28,6 |
2,5 |
40,3 |
2,9 |
«БТА Қазақстан» ЖЗҚ» АҚ |
80,1 |
9,3 |
118,8 |
10,2 |
173,4 |
12,6 |
«Евразиялық ЖЗҚ» АҚ |
34,3 |
4,0 |
41,6 |
3,6 |
45,4 |
3,3 |
«Мұнайгаз-ДЕМ» ЖЗҚ» АҚ |
20,5 |
2,4 |
29,1 |
2,5 |
38 |
2,8 |
«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН АЖЗҚ» АҚ |
3,7 |
0,4 |
31,4 |
2,7 |
30,8 |
2,2 |
«Қорғау» ЖЗҚ» АҚ |
12,4 |
1,4 |
16,4 |
1,4 |
22,2 |
1,6 |
«Атамекен» ЖЗҚ» АҚ |
21,9 |
2,5 |
29,5 |
2,5 |
34,9 |
2,5 |
«Қазақмыс» ЖЗҚ» АҚ |
19,5 |
2,3 |
24,3 |
2,1 |
27,9 |
2,0 |
«Валют-Транзит ЖЗҚ» АҚ |
36,9 |
4,3 |
|
0,0 |
|
0,0 |
«Республика ЖЗҚ» АҚ |
|
0,0 |
1,1 |
0,1 |
8,5 |
0,6 |
Барлығы |
862,6 |
100,0 |
1164,6 |
100,0 |
1378,4 |
100,0 |
Ескерту – ҚҚБ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
||||||
Жалпы жинақтаушы зейнетақы нарығының жағдайына талдау жасайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2008 жылдың желтоқсанында 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге 213,8 млрд теңгеге жоғарылаған (кесте 6). Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2008 жылғы қаңтардаға жағдай бойынша 339,7 млрд теңге болды немесе өткен жылдың желтоқсанында 20,3 млрд теңгеге (6,35%) артты. 2007 жылы «таза» инвестициялық кіріс сомасы 84,0 млрд теңгеге (32,86%) ұлғайды.
Көрсетілген кестеде есепті жылда «таза» инвестициялық кіріс көлемінің төмендегені байқалады. 2007 жылы «таза» инвестициялық кірістің өсім сомасы 2006 жылға өсімнен 16,6 млрд теңгеге (16,5%) төмен, ал 2008 жылдың есепті кезеңінде 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 млрд теңгеге, яғни 1,2 есеге төмендеген. «Таза» инвестициялық кіріс көлемінің кемуіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (жиынтық инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 28,7% құрайды), АҚШ долларында деномирлеген облигациялар бойынша кірістіліктің төмендеуі, сондай-ақ АҚШ долларының теңгеге қатысты курсының құнсыздануы ықпал еткенін атап өту қажет.
Кесте 6 – Жинақтаушы зейнетақы нарығының жағдайына талдау
(млрд теңге)
Көрсеткіштер |
01.12.2007 |
01.12.2008 |
Өсім сомасы |
Өсу қарқыны, % |
Зейнетақы жинақтарының сомасы |
1164,6 |
1378,4 |
213,8 |
18,4 |
Зейнетақы жарналары |
888,1 |
1156,9 |
268,8 |
30,3 |
«Таза» инвестициялық кіріс |
319,4 |
290,4 |
-29 |
-9,1 |
«Таза» инвестициялық кірістің зейнетақылық жинақтардағы үлесі, % |
27,4 |
21,1 |
- |
6,4 пайыз пунктке төмендеді |
Ескерту – ҚҚБ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
||||
Жиақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттары бұл «ұзын ақшалар» өйткені көптеген зейнеткерлер зейнетақылық төлемдерді он-жиырма және одан кейін алады. Сондықтан оларды зейнетақы қорларының табыстылығы емес, тұрақты және кепілденген табыс ынталандырады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің бағалы қағаздар операцияларымен шектелуі тәуекелді бағыт болатындығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан, зейнетақы қорларының инвестициялаудағы маңызды бағыты құрылысқа және жалға берілетін үйлерді, инфрақұрылым объектілерін пайдалануға қатысу болуы мүмкін.
Әлемдегі қаржылық дағдарыс салдарынан, өтімді қорлық құралдардың тапшылығы пайда болды. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшаларына үлкен қысым түсуде. Зейнетақы жарналарының ай сайынғы көлемі 15-20 млрд теңге. Ресми деректерге сәйкес 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әр зейнеткер-салымшыға шаққанда 145 мың теңгеден жиналыпты. Егер 2,5 миллион зейнеткер-салымшы екі және одан да көп зейнетақы қорларына салым салып жүргенін ескерсек, онда әрбір зейнеткер-салымшының жинағаны 200 мың теңге көлемінде болып шығады екен. Дәл қазіргі таңда әр зейнеткерге жылына шамамен 250 мың теңге, ал ай сайын 20800 теңге төленетінін ескерсек, онда болашақ зейнеткерлердің 10 жыл бойы жинағаны 9,5 айға ғана жететін болып шығады. Әрине, мемлекет қорлық құралдардың құнының төмендеуі салдарынан жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарының толық құнсыздануына жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы ЖЗҚ-ның артық өтімділігін төмендетеді, бірақ зейнетақы қорлары осы инвестициядан жоғары табыстылық алмайды, өйткені мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша орташа ставка 7–8% құрайды, ал бұл инфляция деңгейінен төмен (қазақ айында 14% құраған). Бюджетте қарастырылған мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясының көлемін жоғарылату өтімділік деңгейін жоғарылатуға бағытталған ішкі қор нарығын тұрақтандыру және әлемдік қаржылық дағдарыстың әсерін төмендету бойынша мемлекеттік саясаттың тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Қазақстан қор биржасында мемлекеттiк бағалы қағаздарды орналастыру мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру зейнетақы активтерiн дербес басқарушы ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ға қол жеткiзудi ұсыну мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерiн инвестициялауға арналған, инфляция мәнiне индекстелген сыйақы ставкасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру сауда-саттықты өткiзудiң жеке тетiгi пайдаланылып жүзеге асырылатын болады [3].
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың баламалы нысандарын дамыту осы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша мемлекеттiк кепілдiктердi бере отырып, осындай жобалардың тiзiмiн заң жүзiнде белгілеу жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттің кепiлдiктер бойынша міндеттемелердi орындау жағдайы туындаған кезде, оларды кейiн мемлекеттiң меншiгiне бере отырып, облигациялар эмитентінің акцияларын мәжбүрлеп шығару тетігі көзделуi мүмкiн.
Ел экономикасын қолдау үшін зейнетақы активтерін тарту кезінде тәуекел туралы айтпауға болмайды, осыған орай зейнетақы активтерінің жобаларға тартылу механизмін, ЖЗҚ-ның ақшаларын тиімді пайдалану мониторингінің жүргізілу реті қарастыру қажет.
