Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде

9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері.

9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама

9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру

9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері

Елдегі бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі ел экономикасы жағдайының көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржылық ресурстарды қайта бөлуді қамтамасыз етудің реттеуіші болып табылады және өндіріс сферасына инвестициялық қаражаттарды бағыттаудың тиімді механизмін құрады.

Бүгінгі күні елдегі бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық негіздер құралған. Дегенмен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуын тежеуші проблемалар бар. Мұндай проблемаларды шешуге елде бағалы қағаздар нарығының қолайлы инфрақұрылымын құру мүмкіндік береді. Қазақстанда экономиканың өзіндік ерекшеліктерін қанағаттандыратын инфрақұрылымды құру қажет.

Инфрақұрылым нақты нарықтағы мәмілелерге қызмет көрсететін және нарықтық инфрақұрылым институттарының құрылымы мен өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын трансакциялық шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін арнайы маманданған институттар жүйесін білдіреді.

Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының институттары осы нарықтың барлық қатысушыларының арасындағы өзара байланыстарды ықшамдауға қолдау көрсетеді және эмитент пен инвестордың мәмілені жылдам жүзеге асыруына жағдай жасайды, ал мемлекет – осы процесті реттеуді және бақылауды қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздар инфрақұрылымын мынадай ішкі жүйелерге бөлуге болады:

- реттеушілік инфрақұрылым;

- техникалық инфрақұрылым;

- ақпараттық инфрақұрылым;

- кадрлық инфрақұрылым.

Қазақстан Республикасында реттеушілік инфрақұрылым мынадай институттармен айқындалады: Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі, Қаржы нарығын және қаржылық ұйымарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік. Олардың негізгі функцияларына мыналар жатады:

- бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;

- бағалы қағаздар нарығын реттеуші заңдарды, заң астылық акттерді, жобаларды өңдеу;

- бағалы қағаздар нарығында бақылау және қадағалауды жүзеге асыру және т.б.

Бағалы қағаздар нарығының маңызды элементі техникалық инфрақұрылым болып табылады. Оның функционалдық бағыты бағалы қағаздарды сақтау, есебін жүргізу және олармен мәмілелерді техникалық қамтамасыз етуге негізделеді. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымының қажет деңгейін қамтамасыз ететін негізгі институттары болып «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарий» АҚ, сондай-ақ брокерлер-дилерлерді, тіркеушілер және кастодиан банктерді қоса алғанда, нарықтың кәсіби қатысушылары болып табылады. Бұдан өзге, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы, инвестициялық портфельді басқарушы және трансфер-агенттер жүзеге асырады. Нарықтық экономикалы көптеген елдерде, әрбір мәміледен кейін бағалы қағаздардың қозғалысын шектеу үшін орталықтандырылған депозитариилер қызмет етеді. Орталық депозитарий – негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым. Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi осы Заңға, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне, тiркеушiнiң iшкi құжаттарына және эмитентпен жасалған шартқа сәйкес тiркеушi жүзеге асырады. Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.

Ақпараттық инфрақұрылым бағалы қағаздар нарығының әлсіз үзбесі болып табылады. Эмитенттердің инвестициялық бағыты бойынша объективті ақпараттың болмауы жалған мәліметтерді пайдаланып, жоғары анықталмағандық және тәуекел жағдайында шешім қабылдуға әкеледі. Ақпараттардың болмауы жалпы нарықтағы айқынсыздыққа әкеледі.

Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары, оны қалыптастыратын және қызмет ететін мамандар болып табылады. Қазақстандағы ғылыми потенциал жоғары болғанымен бағалы қағаздар нарығындағы жоғары маманданған кадрлар жеткіліксіз, сондықтан бағалы қағаздар нарығының мамандарын дайындауға аса көңіл бөлу қажет.