- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстанның Ұлттық Банкi мыналарды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау, сондай-ақ банкаралық клирингтi жүзеге асыру, төлем карточкалары мен чек кiтапшаларын шығару және пайдалану тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органда (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияны алу үшiн қорытынды бередi, сондай-ақ осындай қорытынды берудiң тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар ретiндегi халықтың мүдделерiн қорғау мақсатында, айырбас пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша шетел валютасының сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шектерiн белгiлеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы;
қаржы рыногындағы сыйақының рыноктық ставкаларына ықпал етудi жүзеге асырады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға лицензиялар бередi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;
банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актiлерiмен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын есепке ала отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есеп саясаты мен әдiстерiн айқындайды;
барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
арнайы қаржы компанияларының орындауы үшiн мiндеттi бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiк және операцияларды автоматтандыру жүйелерi мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы, қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелерiне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
төлем балансы, сыртқы борыш, ақша-кредит және қаржы статистикасы жөнiндегi алғашқы статистикалық деректердiң тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн айқындайды және оны жинауды жүзеге асырады;
уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептiлiктiң тiзбесiн, оны табыс етудiң мерзiмдерi мен тәртiбiн, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi жариялау тәртiбi мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемi мен аударымы мәселелерi бойынша есептiлiктi және мәлiметтердi табыс ету тәртiбiн, нысандарын және мерзiмдерiн белгiлейдi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiнде орындалуға мiндеттi талаптарды тиiстi уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейдi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құруға құқылы;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияны жүргiзуге Ұлттық Банктiң лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды белгiлейдi;
өзiнiң бухгалтерлiк балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
елдiң төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдiң сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзiрлеуге қатысады;
мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместердiң валюталық операцияларының мониторингiн (валюталық мониторингтi) жүзеге асырады;
мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;
ақшаны клиенттiң банктiк шотына қате есептелгенi анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктiк шоттан ақшаны алуға оның келiсiмiн растайтын құжаттар бар болса, клиенттiң банктiк шотын дебеттеуге құқылы;
мемлекеттiк органдар мен қаржылық ұйымдар үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;
Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
банк шоттарының құқықтық режимiн және құрылымын белгiлейдi;
ең төменгi резервтiк талаптарды, олардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
лицензиаттарға Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңнамасын, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн өз құзыретi шегiнде ықпал ету шараларын және санкциялар қолданады;
қаржы ұйымдары қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын және банк қызметi, ақша төлемi мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлiк есептi және бухгалтерлiк есептi жүргiзудi автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi бұзған жағдайда, оларға өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметi, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайды және қолданады;
жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық және коллекциялық монеталарды сату бағасын белгiлейдi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайды;
сұраныс пен ұсыныс көздерiнiң, сондай-ақ iшкi валюта нарығында шетелдiк валютаны пайдалану бағыттарының мониторингiн жүзеге асырады;
қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органның сұратуы бойынша заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзiнiң ақпараттық жүйелерiнен мәлiметтердi табыс етедi;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функцияларына мыналар жатады:
мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
банктерде операциялар жасауға сенiмхат беру тәртiбiн белгiлеу;
Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын шығару , олардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде банкноттар мен монеталарды ауыстыру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ тозған және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу;
коллекциялық және инвестициялық монеталардың шығарылу тақырыбын, дайындалу таралымын, қорытпасын, шығарылу мерзiмдерi мен күнiн айқындау;
басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн айқындау ;
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;
банктерге арналған ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн, банктерге арналған ең төменгi резервтiк талаптар туралы нормативтiк құқықтық актiнi бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде инкассация операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнiң бiрден бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және оны қалыптастыру тәртiбiн белгiлеу;
айырбастау пункттерi арқылы жүргiзiлетiн операциялар бойынша шетелдiк валютаның сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан ауытқу шегiн белгiлеу және оларды белгiлеу тәртiбiн айқындау;
алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
монетарлыққа жататын қызметтi айқындау;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын , жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi , сондай-ақ оған өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
басшысының ұсынуы бойынша уәкiлеттi органды қаржыландырудың жалпы сомасын бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) және оны пайдалану, жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi құралдары мен өзге де мүлкiне билiк ету тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек, оған ақы төлеу, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлу, бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау жағдайларын айқындау және бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультациялық-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;
Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту және т.б.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгi резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгi жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар. Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
Кесте 1 – Қазақстан Ұлттық Банкi жүргiзетiн тексерулер
Тексеру түрлері |
Тексеру мазмұны |
жоспарлы |
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру жоспарларына сәйкес жылына бiр реттен асырмай жүргiзiлетiн тексеру |
жоспардан тыс |
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнде жазылған фактiлер, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар бойынша, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарынан сауалдар түскен кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны туралы айғақтайтын ақпарат пен материалдар алған кезде, Қазақстан Республикасының ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне, оның қаржы жүйесiнiң тұрақтылығына қатер төнген кезде тағайындалатын, сондай-ақ бұдан бұрын анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатындағы тексеру |
рейдтiк |
бiр мәселе, бiр негiз бойынша бiр мезгiлде бiрнеше субъектiлердiң қызметiн қамтитын, алты айда бiр реттен жиi жүргiзiлмейтiн тексеру |
Тексеру жоспарлары тоқсан сайын жасалады және оны Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы бекiтедi. Қазақстан Ұлттық Банкi тексеру жүргiзу басталарда тексерушi топқа тексерiлетiн тұлға ұсынуға мiндеттi құжаттардың (мәлiметтердiң) тiзбесiн көрсете отырып, алдағы тексеру туралы тексерiлетiн тұлғаны жазбаша хабардар етуге құқылы [7].
Тексеру Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары не Қазақстан Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысы бекiткен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
