Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жана КИКБ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық қызметі

Ұлттық Банк мемлекеттің орталық банкі ретінде Қазақстан Республикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне кіру үдерісіне тартылған. Қазақстан Республикасы халықаралық қаржы ұйымдарының тұрақты мүшесі болып табылады. Ұлттық Банктің халықаралық қызметі мынада негізгі бағыттар бойынша дамиды: 

  • шетелдік мемлекеттердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен байланысты дамыту және тереңдету.

  • ТМД елдерінің мемлекетаралық ұйымдық құрылымдарына және аймақтық интеграциялық ведомстволарға қатысу.

  • Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарының жарғылық капиталына мүше болуы.

ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті

ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті Еуразия экономикалық қоғамдастығының 1996 жылғы 29 наурызда Мәскеу қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартты іске асыру жөніндегі атқарушы органы болып табылады. 1999 жылғы 26 ақпанда Интеграциялық Комитет шеңберінде Тәжікстан Республикасының Экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қосылу туралы шартқа қол қойылды.

ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің Кеден одағын қалыптастыру үдерісін тиімді алға жылжыту, олардың әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне интеграция кезіндегі тәсілдерін үйлестіру үшін құрылған. Басты мақсаттарының бірі – Қоғамдастық елдерінің серпінді дамуын олардың экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану кезінде әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды келісу арқылы қамтамасыз ету.

ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті – Еуразия экономикалық қоғамдастығының тұрақты жұмыс істейтін органы. Оның құрамына ЕурАзЭҚ елдерінің үкімет басшыларының орынбасарлары кіреді. Интеграциялық Комитеттің негізгі міндеттеріне ЕурАзЭҚ органдарының өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз ету, Мемлекетаралық Кеңес отырыстарының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ шешімдер мен құжаттардың жобаларын дайындау, Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылуын бақылау кіреді. Интеграциялық Комитеттің отырысы жылына кемінде төрт рет өтеді.

Егер Күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің және ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетінің отырыстарына қатысады.

Мемлекетаралық банк

Мемлекетаралық банк 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасында жасалған Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімге сәйкес құрылған. Банктің құрылтайшылары Армения Республикасы, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина болып табылады.

Банк негізгі операцияларын Достастық мемлекеттерінің аумағында жүзеге асырады. Банк Достастықтың интеграциялық іс-шараларын орындауға, төлем жүйелерін әзірлеуге қатысады. Мемлекетаралық банктің корреспонденттік желісінің құрылымы клиенттерге ТМД-ның кез келген аймағында және басқа елдерде контрагенттермен есеп айырысу схемаларын ұсынуға мүмкіндік жасайды. Мемлекетаралық банк операцияларды валюта нарығында, бағалы қағаздар, банкаралық кредиттер мен депозиттер нарығында жүргізеді.

Банк Банктің бірқатар құрылтайшы мемлекеттерінің ұлттық төлем жүйелеріне тіркелу кіруге рұқсат берілген халықаралық ұйым болып табылады, бұл Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының төлем жүйелеріне қатысу құқығында есеп айырысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекетаралық банк Кеңесінің 2009 жылғы 21 сәуірде Москва қаласында өткен 38-ші отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г. А. Марченко ТМД Мемлекетаралық банк Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

ТМД Атқарушы Комитеті

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина арасында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге сәйкес құрылды. 1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында 1991 жылғы 8 желтоқсанда Минск қаласында Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина арасында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге Хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Украина тең құқылы негізде және Жоғары Уағдаласушы Тараптар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрды. Осы Хаттама Жоғары Уағдаласушы Тараптар үшін ратификацияланған сәттен бастап күшіне енгізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жұмыс органы ТМД Атқарушы Комитеті болып табылады.

Мемлекетаралық валюта комитеті

МВК 1995 жылғы 26 мамырда Минск қаласында қол қойылған Мемлекетаралық валюта комитетін құру туралы келісімге сәйкес құрылды. Осы комитеттің құрылтайшылары: Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина болып табылады. Комитет валюта-төлем және кредиттік қатынастар, көпжақты есеп айырысу және кредиттік қатынастарға қатысты валюталық заңнаманы жақындату және жетілдіру қатысушы мемлекеттердің ақша-кредит және валюта сасатын үйлестіру нысандары мен әдістерін дамыту, сондай-ақ валюталық бақылау мәселелеріндегі ынтымақтастықты және келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыру саласындағы көпжақты ынтымақтастықты ұйымдастыруға ықпал жасау мақсатында құрылды.

ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі

ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесі 2001 жылғы 15 ақпанда құрылды. Кеңестің негізгі міндеті орталық (ұлттық) банктердің ұлттық валюталық-қаржылық және банктік жүйелердің, көпжақты және екіжақты төлем-есеп айырысу қатынастарын дамыту мәселелері және ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің құзыреті шеңберіндегі басқа мәселелер бойынша іс-қимылдарын үйлестіру болып табылады. ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктері басшыларының кеңесіне Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының орталық (ұлттық) банктері кіреді.

Кеңестің негізгі функциялары өзінің құзыреті шегінде мынадай мәселелер бойынша ұсыныс сипатындағы шешімдер қабылдау болып табылады:

  • ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары;

  • ұлттық банк жүйелерінің өзара іс-қимылы;

  • Базель банктік қадағалау комитеті айқындаған тиімді банктік қадағалаудың негізгі қағидаттары негізіндегі банктік қадағалау;

  • өзара сауда, саудаға жатпайтын операциялар, көлік және байланыс қызмет көрсетулері және басқа салалар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік, банктік және коммерциялық кредиттер бойынша төлем-есеп айырысу қатынастары;

  • баға құру механизмі, ұлттық валюталардың айырбасталымдылығы;

  • банк қызметінің және қаржы қызметін көрсету нарығын құқықтық реттеу;

  • валюталық реттеу және валюталық бақылау;

  • банктің және валюталық заңнаманың бұзылуы болдырмау;

  • банктік ақпарат жүйелерінің жұмысы, олардың өзара іс-әрекет жасуы және ақпарат алмасу;

  • кадрларды оқыту және мамандармен алмасу;

  • үйлестіру іс-қимылдары талап етілетін басқа мәселелер.

Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссия

ҚР және РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысының 2003 жылғы 20 наурыздағы хаттамасының 10-тармағына сәйкес банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Ресей Федерациясының Орталық банкі ҚР және РФ арасындағы банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссия (бұдан әрі – Шағын комиссия) етіп қайта құрды.

            Шағын комиссияны құрудың негіз мақсаты Тараптар арасындағы сауда-экономикалық және кредит-инвестициялық қатынастарға қызмет көрсету жөніндегі қаржы-банктік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Шағын комиссияның басты міндеті банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық саласында туындайтын мәселелерді шешу болып табылады.

            Шағын комиссияның құрамына Тараптардың орталық (ұлттық) және коммерциялық банктерінің және қаржы ұйымдарының, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өкілдері кіреді. Шағын комиссияның отырысы жылына екі рет, Тараптардың әрқайсысында кезекпен өтеді.

           2003 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында ҚР және РФ орталық және коммерциялық банктерінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрілігінің, ҚР Экономика және сауда министрілігінің және Қазақстан қор биржасының өкілдерінің қатысумен Шағын комиссияның бірінші отырысы өтті, оның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылды.

Шағын комиссияның соңғы 11-ші отырысы 2009 жылғы қазанда Алматы қаласында өтті. 2010 жылдың бірінші бөлігінде Ресей Федерациясында Шағын комиссияның кезекті 12-ші отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан-Қытай Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі шағын комитет

Қазақстан-Қытай Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі шағын комитеті (бұдан әрі – Шағын комитет) 2004 жылғы 17 мамырда қол қойылған, Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес құрылған. Шағын комитет өз қызметінде Келісімді және Шағын комитет туралы ережені басшылыққа алады.

Шағын комитеттің Қазақстан тарабынан тең төрағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Тәжіяқов Б.Ш., Қытай тарабынан Қытай Халық Банкі Төрағасының орынбасары Ма Делун мырза болып табылады.

Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің құрылымында Шағын комитет құрудың басты мақсаты екі елдің банктері мен басқа қаржы ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдарды осы ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық базасын нығайтуға бағытталған барынша дамыту, экономикалық және қаржы салаларындағы өзара ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға арналған неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тәжірибе және ақпарат алмасуды ынталандыру болып табылады.

Шағын комитеттің отырыстары жыл сайын кезекпен Қазақстанда және Қытайда Шағын комитеттің Тең төрағалары басқаруымен өтеді. Осы уақытқа дейін 5 отырыс өтті. Отырыстарда Қазақстанның және Қытайдың орталық және коммерциялық банктерінің, мүдделі министріліктер мен ведомстволардың өкілдері және қарды топтарының басқа өкілдері жүйелі түрде қатысады.

Қазақстан-Қытай Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі шағын комитетінің келесі 6-шы отырысын ағымдағы жылдың екінші жартысында ҚХРда өткізу жоспарланып отыр.

Орта Азия, Қара теңіз аймағы және Балкан елдерінің орталық банктері басқарушыларының клубы

Орталық банктер басқарушыларының клубы (бұдан әрі Клуб) Түркия Орталық банкінің бастамасы бойынша 1998 жылы құрылды. Клубты құру туралы шешім 1997 жылы Стамбул қаласында өткен аймақ елдерінің орталық банктерінің басшылары деңгейіндегі кездесу нәтижесі бойынша қабылданды.

Клубтың негізгі мақсаты қатысушы елдердің орталық банктеріне ақша-кредит саясатын жүргізу, банктік қадағалауды жүзеге асыру, банк жүйелерінің тұрақтылығын қолдау мәселелері бойынша жүйелі түрде пікір алмасу мүмкіндігін беру болып табылады. Клубтың міндетіне сондай-ақ оның мүшелері арасында көрсетілген мәселелер бойынша ақпарат жинақтау және алмасу кіреді. Клубтың хаттамасында орталық банктер қызметінің нақты бағыттары бойынша зерттеулерді және аймақтың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін оның макроэкономикалық жағдайын талдауды жүзеге асыру үшін жұмыс топтарын құру мүмкіндігі көзделеді.

Бастапқыда Клубты құру туралы хаттамаға оның мүшелері болған Албанияның, Болгарияның, Босния мен Герцеговинаның, Грецияның, Македонияның, Румынияның, Түркияның, Югославияның орталық банктерінің он төрт басқарушысы қол қойды. ТМД елдерін Арменияның, Әзірбайжанның, Грузияның, Қазақстанның, Қырғызстанның және Молдованың орталық банктері білдірді. Клубтың төрағасы болып екі жыл мерзімге Түркия Орталық банкінің Басқарушысы Гази Эркель сайланды. 1998 жылы Стамбулда және Анталияда (мамыр-қыркүйек) Түркия Орталық банкінің ұйымдастырумен клубтың бірінші отырысы болды.

Түркия Орталық банкінің Басқарушысы Гази Эркельден кейін Клубтың жұмысын Греция банкінің Басқарушысы Лукас Пападемос басқарды (2001 ж.). 2002 жылы, Лукас Пападемос Еуропа орталық банкінің вице-президенті болып тағайындалуына байланысты Клубты Греция банкінің жаңа Басқарушысы Николас Гарганас басқарды. 2003-2004 жылдары Клубтың Төрағасы Румыния Ұлттық банкінің Басқарушысы Мугур Исареску болып табылды. 2005 – 2006 жылдары Клуб қызметін үйлестіруді Ресей Банкі жүзеге асырды.

2007 – 2008 жылдар аралығында Клубтың жұмысын Сербия Ұлттық банкінің Басқарушысы Радован Еласич басқарды, Клуб Төрағасының орынбасарлары Черногория Орталық банкі Кеңесінің Төрағасы Любиша Кргович және Албания Банкінің Басқарушысы Ардиан Фуллани болып табылды. 2007 жылы Белград қ. (Сербия) және Будва қ. (Черногория) Клубтың екі отырысы өтті. 2008 жылы Клубтың екі отырысы өтті – 23-24 мамырда Тирана қ. (Албания) және Клубтың ХХ отырысы 25-28 қыркүйекте Сараево қ. (Босния және Герцеговина), осы отырыста Басқарушылар клубына кезекті төрағалық ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізілді.

2009 жылғы 28 – 31 мамырда Астана қ. аймақ орталық банктерінің басшы құрамының және Отырыстың қонақтары – спикерлердің қатысумен Орта Азия, Қара теңіз аймағы және Балкан елдерінің орталық банктері басқарушыларының клубының XXI Отырысы өтті.

«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша бақылау сұрақтары

  1. Қаржылық институттар деген не?

  2. Қаржылық институттар қалай классификацияланады?

  3. Даму институттары деген не?

  4. Даму институттарына қандай институттар жатады?

  5. Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар

  6. Реттеуші қаржылық институттар сипаттамасы

  7. Қазақстан Даму Банкінің мақсаты

  8. Ұлттық инновациялық Қор мақсаты

  9. Қазаұстан инсвестициялық қорының мақсаты

  10. Маркетингті сараптамалық зеттерулер орталығының мақсаты

  11. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың негізгі принциптері

  12. Кредиттік серіктестік деген не?

  13. Қосымша жарна деген не?

  14. Міндетті салым деген не?

  15. Кредиттік серіктестіктің құрылтай шартында қандай мәлімет көрсетілмейді?

  16. Кредиттік серіктестіктің жарғысында қандай мәлімет көрсетілмейді?

  17. Кредиттік серіктестік қатысушыларының құқықтары

  18. Кредиттік серіктестікке қатысу қандай жағдайда тоқтатылады?

  19. Кредиттік серіктестік басқармасының өкілеттіктеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

  20. Кредиттік серіктестік лицензиясы болған жағдайда өзінің қатысушылары үшін банктік және өзге де операциялардың қандай түрлерін жүзеге асыруға құқылы?

  21. Кредиттік комитет деген не?

  22. Актуарий деген кім?

  23. Сақтандыру агенті деген кім?

  24. Сақтандыру брокері деген кім?

  25. Сақтандыру деген не?

  26. Сақтандыру объектісінен тәуелді сақтандыру түрлері қандай?

  27. Сақтандыру төлемдерін іске асыру негіздері бойынша сақтандыру түрлері қандай?

  28. Міндеттілік деңгейі бойынша сақтандыру түрлері қандай?

  29. Сақтандыру қызметінің салалары қалай бөлінеді?

  30. Өмірді сақтандыру деген не?

  31. Аннуитеттік сақтандыру деген не?

  32. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қандай қымет түрін жүзеге асырмайды?

  33. Құқықтық тәуекел деген не?

  34. Несиелік тәуекел деген не?

  35. Операциялық тәукел деген не?

  36. Өтімділіктің жоғалау тәуекелі деген не?

  37. Нарықтық тәуекел деген не?

  38. Проценттік тәуекел деген не?

  39. Репутациялық тәуекел деген не?

  40. Портфельдік тәуекел деген не?

  41. Трансферттік тәуекел деген не?

  42. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштері

  43. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция мөлшері сақтандыру ұйымдары активтерінің сомасының қандай мөлшерінен төмен болмауы қажет?

  44. Бағалы қағаздарға сақтандыру ұйымдарының инвестицияларының сомалық мөлшері сақтандыру ұйымдары активтерінің сомасының қандай мөлшерінен аспауы қажет?

  45. Инвестициялық пай қорының формалары қандай?

  46. Инвестициялық пай қорының активтеріне меншік құқығындағы үлес қандай органмен шығарылатын пай үлестері негізінде анықталады?

  47. Акционерлік инвестициялық қордың қандай құқықтары бар?

  48. Ашық инвестициялық пай қоры деген не?

  49. Басқарушы компания деген не?

  50. Инвестициялық декларация деген не?

  51. Тәуекелмен инвестицияланатын қор деген не?

  52. Инвестициялық қор активтерінің құрамы

  53. Инвестициялық қордың активтерін басқару бойынша басқарушы компанияның өзі басқаратын инвестициялық қорға қатысты қандай қызметті жүзеге асыруға тиым салынады?

  54. Инвестициялық қорды басқарушы компанияның міндеті

  55. Пайдың есептеу құны деген не?

  56. Пайдың нақтылы құны деген не?

  57. Инвестициялық пай қорының ережесі деген не?

  58. Пайларды бастапқы орналастыру деген не?

  59. Диверсификация деген не?

  60. Акционерлік инвестициялық қорлардың қандай қызметтерді жүзеге асыруға құқықтары жоқ?

  61. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері қандай?

  62. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры деген не?

  63. Жабық инвестициялық пай қоры деген не?

  64. Аралық инвестициялық пай қоры деген не?

  65. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары

  66. Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері

  67. Банк кастодиан деген не?

  68. Корпоративті ЖЗҚ деген не?

  69. Салымшылар мүдделерін және құқықтарын қорғау мақстында жинақтаушы зейнетақы қорларына қандай жағдайларда тыйым салынады?

  70. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу заңға сәйкес белгіленетін кірістің қанша пайызы есебінен жүргізіледі?

  71. Зейнетақы активтері деген не?

  72. Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша қызметті жүзеге асыра бастаған бірінші күнтізбелік жылдың аяқталғанынан кейін 5 ай ағымында қандай капитал құруы қажет?

  73. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан хейнетақы төлемдері қандай жағдайда төленеді?

  74. Меншікті капитал деген не?

  75. Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы мүмкін бе?

  76. Инвестициялық пай қор қандай нысанда құрылады?

  77. Инвестициялық пай қорының активтерінің ең төменгі мөлшері қандай?

  78. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді кім қабылдайды?

  79. Басқарушы компанияның бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқығы бар ма?

  80. Жабық инвестициялық пай қорының нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгертуге бола ма?

  81. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге бола ма?

  82. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру қандай мерзімге созылады?

  83. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі қандай жағдайда тоқтатылады?

  84. Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қандай тұлға жүзеге асырады?

  85. Ұлттық банк оның мақсаттары және міндеттері

  86. ҚР Ұлттық банкі қызметінің негізгі бағыттары

  87. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және мақсаты.

  88. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың құқықтары және міндеттері және оның мүшелері.

  89. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаттары, міндеттері және принциптері.

  90. Қаржылық институттар қызметін реттеу және қадағалау ерекшеліктері.

  91. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының мақсаты қандай?

  92. Салым (депозит) бойынша орнын толтыру деген не?

  93. Банк төлемдері деген не?

  94. Қатысушы-банк деген не?

  95. Банк-агент деген не?

  96. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының құрылтайшысы?

  97. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының жарғылық капиталының мөлшері қандай?

  98. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының функциялары қандай?

  99. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының құқықтары

  100. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының директорлар Кеңесінің өкілеттілігі

  101. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкінің міндеттері қандай?

  102. Қандай жағдайда қатысушы куәлігі қайтарылып алынады?

  103. Қатысушы куәлігін алған банктер қандай құжатта тіркеледі?

  104. Міндетті күнтізбелік жарналар ставкасы әрбір қатысушы-банк үшін оның қаржылық жағдайынан тәуелді міндеттемелері кепілденетін салымдар сомасының қандай мөлшерін құрайды?

  105. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорынан қандай мөлшердегі салым (депозит) толығымен қайтарылады?

  106. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкінің салымшысы (депозиторы) бойынша орнын толтырудың максималды мөшері қандай?

  107. Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің банк-агенті қандай критериге сәйкес келуі керек?

  108. Инвестициялық банктер деген не?

  109. Еншілес банк деген не?

  110. Банктік холдинг деген не?

  111. Банк филиалы деген не?

  112. Банк өкілдігі деген не?

  113. Банктің есеп кассалық бөлімі деген не?

  114. Кассалық операциялар деген не?

  115. Аударымдық операциялар деген не?

  116. Есептік операция деген не?

  117. Займдық операциялар деген не?

  118. Сейфтік операциялар деген не

  119. Ломбардтық операциялардеген не?

  120. Банкаралық клиринг деген не?

  121. Брокер-дилерлік қызмет деген не?

  122. Тіркеушілік қызмет деген не?

  123. Лизинг деген не?

  124. Факторинг деген не?

  125. Форфейтинг деген не?

  126. Трасттық операция деген не?

  127. Пай деген не?

  128. Жылжымайтын мүлік ипотекасы деген не?

  129. Ипотекалық шарт деген не?

  130. Ипотекалық қарыз деген не?

  131. Ипотекалық куәлік деген не?

  132. Негізгі міндеттеме деген не?

  133. Қазақстан Ипотекалық компаниясының мақсаты қандай?

  134. Қазақстан Ипотекалық компаниясының жарғылық капиталы қанша?

  135. Кредиттік досье деген не?

  136. Микрокредиттік ұйымдар құқықтары

  137. Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылардың құқықтары

  138. Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылар міндеттері

  139. Микрокредиттік ұйым міндеттері

  140. Коммерциялық микрокредиттік ұйым қандай нысанда құрылады?

  141. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым қандай нысанда құрылады?

  142. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға микрокредиттік ұйымның меншікті капиталының мөлшерінің неше процентінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер бере алады?

  143. Құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгі мөлшері қандай?

  144. Микрокредиттік ұйымдарға қандай қызметпен айналысуға тыйым салынады?

  145. Микрокредиттік ұйымдар микрокредит беру жөніндегі қызметіне қосымша қандай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы?

  146. Депозитарлық қызмет деген не?

  147. Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты

  148. Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері

  149. Қазақстан Ұлттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі болады және қандай мөлшерді құрайды?

  150. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қандай мерзімге тағайындайды?

  151. Қазақстан Ұлттық Банкі басқармасының негізгі функциялары

  152. Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы неше адамнан тұрады?

  153. Уәкілетті орган сақтандыру қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?

  154. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?

  155. Уәкілетті орган банк қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?

  156. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаты

  157. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың міндеттері

  158. Халықаралық қаржылық институттар түрлері

  159. Халықаралық валюталық қор мақсаты

  160. Халықаралық валюталық қор міндеттері

  161. Қорға кіру үшін төленетін жарнаның мөлшері қандай?

  162. Қаржы нституттарының ұғымы және мәні

  163. Қаржылық институттар классификациясы және оларға сипаттама

  164. Қаржылық институттар қызметін лицензиялау ерекшеліктері

  165. Банктер қызметтерін ұйымдастыру негіздері және олардың функциялары.

  166. Банктердің инвестициялық операциялары

  167. Бағалы қағаздар нарығына банктердің қатысуы

  168. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру

  169. Жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы

  170. Жинақтаушы зейнетақы қорларының есебі және есеп берушілігі

  171. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі.

  172. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басқарушылық құрылымы.

  173. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның міндеттері мен қызметін шектеу, жауапкершілігі.

  174. Сақтандыру делдалдарының қызметі

  175. Инвестициялық қорлардың мәні және түрлері

  176. Инвестициялық қор актив- терінің құрамы мен құны

  177. Акционерлік инвестициялық қорлар қызметін басқару

  178. Инвестициялық пай қорлары-ның қызметін басқару

  179. Инвестициялық қорлардың активтерін басқару

  180. Инвестициялық қорлардың активтерін есепке алу және сақтау

  181. Депозиттерді сақтандыру Қорының мәні және қажеттілігі.

  182. Қор қатысушылары және қатысушы банктердің міндеттері

  183. Сақтандыру салымдарын төлеу процедурасы: сақтандыру депозиттерін есептеу әдістері

  184. Депозиттерді сақтандыру Қорының айналмалы капиталы

  185. Қазақстан ипотекалық компа ниясының несие алу үшін қоятын талаптары.

  186. Кредиттік серіктестіктердің қалыптасуы және қызметін ұйымдастыру ережелері

  187. Кредиттік серіктестіктер қатысушылары, оның құқықтары және міндеттері.

  188. Кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысушының үлесін сатып алу ерекшеліктері

  189. Микрокредиттерді беру, оларды беру туралы шарттың міндетті талаптары

  190. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі.

  191. Микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталын қалыпастыру және микрокредиттерді беру ережесі.

  192. Почта жинақтау жүйесінің ұғымы.

  193. ҚР-ның почта жинақтау жүйесін реформалау.

  194. Почта жинақтау жүйесінің қызметі.

  195. Номиналды ұстаушыларға сипатама.