- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
Листингтік комиссияның құрамына мыналар кіреді:
- қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі;
- листинг, делистинг немесе қор биржасының сауда жүйесінде айналымға жіберілген бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелеріне жетекшілік ететін қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
- қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері.
- Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.
Листингтік комиссияның құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Листингтік комиссияның отырысына бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының (бұдан әрі – қаржы кеңесшісі) ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсететін ұймының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Листингтік комиссияның шешімі листингтік комиссия мүшелерінің жалпы санынан үштен екісінен кем емесі оны қабылдауға дауыс берсе, ол қабылданады.
Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселесі қаралатын бағалы қағаз эмитентіне және (немесе) оның қаржы кеңесшісіне қатысты аффилиирленген листингтік комиссияның мүшелері дауыс беруге қатыспайды. Листингтік комиссия қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
Қор биржасының ресми тізіміне бағалы қағаздары енгізілуі көзделетін немесе енгізілген эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қорытындыны дайындау үшін қор биржасы эмитенттер аудитінің мәселелері бойынша қор биржасының директорлар кеңесінің комитетін (бұдан әрі - эмитенттер аудиті жөніндегі комитет) құрады. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қорытындысы листинг немесе бағалы қағаздар тізімінің сыныбын ауыстыру мәселелерін қарастырғанда листингтік комиссияға ұсынылады.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамына мыналар кіреді:
1) уәкілетті органның өкілі;
2) қор биржасының атқарушы органының мүшесі;
3) негізгі функциясы бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі болып табылатын қор биржасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
4) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелері;
5) аудит саласында кәсіби білімдері бар тәуелсіз сарапшылар.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңымен айқындалған қор биржасының эмитенттер аудиті жөніндегі комитетінің құрамына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның өкілі кіреді.Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Эмитенттер аудиті жөніндегі комитеттің қызмет тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
2) ақпаратты өндеу және тарату;
3) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін бағдарламалық қамтамасыз ету;
4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметін техникалық қамтамасыз ету.
Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына негізгі функциялары мыналар болып табылатын дербес бөлімшелер кіреді:
1) бағалы қағаздардың листингі және листинг талаптарына бағалы қағаздардың бұдан былай сәйкес келу мониторингі;
2) қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау бойынша қызметті жүзеге асыру.
Соңғы уақытта ҚР-ның бірқатар ірі компаниялары өздерінің акцияларын шетелдік қор биржаларында бастапқы шығаруы және орналастыруды жүзеге асырады. Қазақстандық компаниялардың акцияларын орналастырудың сәтті болуы басқа эмитенттерге де қозғау салды да, олар акцияларын шетелде шығару мен орналастыру рәсімдерін дайындап жатқаны туралы мәлімдімелерімен шығып та үлгереді. Осындай эмитенттердің қатарына қазақстаннның резиденттері болып табылатын ірі мұнай – газ және қаржы компаниялары кіреді. Кейбір компаниялар үшін қосымша қаражат тартудың тәсілі болып табылады. Басқалары үшін бұл компанияның нарықтық құнының әділ бағасын алудың тәсілі болып табылады. Үшіншілері үшін басты нәрсе – жария компания мәртебесін алып, халықаралық капиталдар нарығына шығу.
Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдік мемлекеттің аумағында бірнеше басты жолмен орналастыруға болады. Бірінші жол-қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдік мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне тікелей енгізу. ҚР-ның 2003 жылғы 2 шілдедегі «бағалы қағаздар нарығы туралы» №461-2 Заңының 22-1 бабына сәйкес, ҚР-ның резиденті болып табылатын ұйымның тек ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және шетелдік мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруға құқығы бар, бұл орайда ҚР-ның аталған резиденті бұрынырақ шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар ҚР-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне енгізілген болуға тиіс.
Қазақстан Республикасының резидент- ұйымдары ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан басқа да заңды тұлғалар танылады. Тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) деп негізгі басқару жүзеге асырылатын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешім қабылданатын орын танылады.
Акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе қатысуымен шығарылатын және базалық активті осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын акцияларды, сондай-ақ туынды бағалы қағаздарды орналастырған кезде, аталған акциялар қор биржасының тізіміне листингінің ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейінгі келесі санаты бойынша кіргізілуге тиіс. Қоғамның уәкілетті органының акцияларды орналастыру туралы шешімінде аталған акциялардың жалпы санының кем дегенде жиырма пайыз Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында сатып алу үшін ұсынылуға тиіс деген шарт болуға тиіс. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында сатып алу үшін ұсынылуға тиіс акциялардың саны аталған акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын іске асырудың нәтижесі болып табылса, олардың саны орналастырылатын акциялардың жалпы санының кем дегенде жиырма пайызын құрауға тиіс.
ҚР-ның резидент – ұйымның эмиссиялық бағалы қағаздарымен шетелдік мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) рұқсат беруінің шарттары мен тәртібі ҚҚА Басқармасының 2005 жылғы 30шілдедегі №270 Қаулысымен бекітілген ҚР-ның резидент-ұйымының эмиссялық бағалы қағаздарын шетелдік мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру Ережелерімен айқындалады. Эмиссиалық бағалы қағаздарды шетелдік мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін ҚР-ның резиидент –ұйымы эмитенттің органы тиісті шешімді қабылдағаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ҚҚА-ға құжаттарды ұсынады, оларды бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға берілетін құжаттармен бір мезгілде қатар беруге болады. Эмиссиялық бағалы қағаздармен шетелдік мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат алу үшін ҚҚА-ға ұсынылатын құжаттардың тізбесіне ҚР-ның резидент –ұйымының эмиссиалық бағалы қағаздарын шетелдік мемлекеттің аумағында орналастыруға рұқсат беру туралы, эмитенттің толық атауы, аумағында орналастыру іске асырылатын мемлекет, эмиссиялық бағалы қағаздардың сәйкестендіру нөмірлері, орналастырудың болжамды бағасы және инвесторлардың болжамды тізбесі көрсетілген шешімнің көшірмесі кіреді. Сонымен қатар қарыз беруші ҚҚА-ға аталған акциялардың листингінің ең жоғары немесе жоғарыдан кейінгі келесі санаты бойынша қор биржасының тізіміне кіргізілгенін растайтын құжаттарды көрсетуге тиіс.
ҚР-ның резидент-ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарды ҚҚА олар ұсынылған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарастырады. Қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда, құжаттарды қарастыру мерзімі қайтадан есептеледі. ҚР-ның резидент-ұйымы рұқсат алу үшін ұсынған құжаттарды қарастыру нәтижелері бойынша ҚҚА ҚР-ның резидент-ұйымына ҚР-ның резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шетелдік мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат береді. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға немесе рұқсат беру туралы шешімді уәкілетті органның бірінші басшысы немесе оның орынбасары қабылдайды. ҚҚА «бағалы қағаздар нарығы туралы» заңмен көзделген шарттар орындалмаған жағдайда, немесе толық емес құжатта тізбесі ұсынылған, немесе ҚР-ның резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шетелдік мемлекеттің аумағында шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру Ережелерінің талаптарына сай болмаған жағдайда, ҚР-ның резидент-ұйымның рұқсат беруден бас тартады.
Алайда ҚР-ның резидент –ұйымының акцияларын шетелдік мемлекеттің аумағында тікелей орналастыру көбінесе аталған шетелдік мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне қазақстандық компанияның акцияларын кіргізу үшін шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдардың талаптардың салдарынан қиындай түседі.
Сондықтан шетелдік мемлекеттің аумағында қазақстандық компаниялардың акцияларын орналастырудың қазақстандық эмитенттердің арасында ең кең тараған тәсілі базалық активтері ҚР-ның резидент-ұйымдардың эимиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозиттік қолхаттарды немесе басқа да бағалы қағаздарды шетелдік мемлекеттің аумағында шығару немесе орналастыру болып табылады.
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 34-бабына сәйкес, базалық активтері ұйымдардың эмиисялық бағалы қағаздар болып табылатын депозиттік қолхаттарды немесе басқа да бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру арқылы бағалы қағаздардың қайталама нарығында ҚР-ның резидент-ұйымдарының сатып өткізуді жоспарлап отырған тұлға ҚҚА-ға шығарылым туралы хабарлауға міндеттеді. Осындай хабарламаның шарттары және ҚҚА-ның рұқсат беру тәртібін базалық активтері ҚР-ның резидент-ұйымдарының эмисиялық бағалы қағаздары болып табылатын депозиттік қолхаттарды немесе басқа да бағалы қағаздардың шығарылымы туралы құлақтандыру, оларды орналастырудың қорытындысы туралы есепхатты ұсыну, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды орналастыруға рұқсат беру туралы ҚҚА басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі №214 Қаулысымен бекітілген Ережелері айқындайды.
Базалық активтері Республиканың резидент-ұйымдарының орналастырған бағалы қағаздары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды шетелдік мемлекеттің аумағында шығаруға және орналастыруға ҚҚА-ның рұқсатын алу үшін, бағалы қағаздарды иеленуші – депозиттік қолхаттарды шығарудың бастамашысы болып табылатын ҚР-ның резидент-ұйымы тиісті шешім қабылданғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ҚҚА-ға шығару мен орналастыруға рұқсат беру туралы еркін пішінде құрастырылған арызды, сондай-ақ бастамашының органының туынды бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру туралы шешімнің көшірмесін ұсынады, онда шығарылуы жоспарланып отырған туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздар туралы мәлімет, туынды бағалы қағаздар туралы мәлімет көрсетілуі тиіс.
Бастамашы сонымен қоса ҚҚА-ға шығарылуы жоспарланып отырған туынды бағалы қағаздардың базалық активі болып табылатын бағалы қағаздардың бар екені туралы туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылданған күнгі беттік шоттан алынған үзінді көшірмені, сондай-ақ эмитент осыдан бұрын шығарған туынды бағалы қағаздардың ҚР-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне кіргізілгеннің дәлелдемесін ұсынуға тиіс. Сонымен қатар, арыз беруші ҚҚА-ға депозиттік қолхаттарды немесе басқа бағалы қағаздарды шығару шарттарын айқындайтын депозиттік қолхаттарды шығару ережелерінің көшірмесін, мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариаттық куәландырылған аудармасын қоса тіркей отырып ұсынуға тиіс. Депозиттік қолхаттарды шығару ережелерінде депозиттік қолхаттарды иеленушілері туралы құқықтық келісіміне сәйкес тәртібі жазылуға тиіс.
