- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
Зейнетақы нарығының қатысушыларына жатпайды:
1) актуарий;
2) банк-кастодиан;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
5) зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері:
1) ашық, корпоративті;
2) ашық интервалдық;
3) жабық, инвестициялық;
4) ашық, жабық;
5) жеке, корпоративті.
Қандай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының жұмыс істейтін және тұратын жерлеріне қарамастан салушылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады?
1) ашық;
2) корпоративті;
3) жабық;
4) мемлекеттік;
5) жеке.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қандай құқығы жоқ?
1) салымшылардың атынан сақтандыру ұйымдарымен келісім шарт жасауға;
2) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
3) зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс алуға;
4) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
5) зейнетақылық келісім шарт жасауға.
Жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттеріне жатпайды:
1) ақша-несиелік саясатты жүргізу;
2) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат беру;
3) жинақталған қаражаттар мен төлемдерді жеке есепке алуды жүзеге асыру;
4) ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету;
5) алушыға зейнетақы төлеу.
Бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттық бағалы қағаздарды сақтау және клиент ақшасын есепке алуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, бұл
1) банк кастодиан;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
3) брокерлік компания;
4) клирингтік палата;
5) орталық депозитарий.
Берілген жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың жұмысшы-алушылары үшін құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры, бұл:
1) корпоративті;
2) ашық;
3) жабық;
4) мемлекеттік;
5) жеке.
Төмендегілердің қайсысы жинақтаушы зенетақы қорының құқығы болып табылады?
1) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алу;
2) алушыға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлеу;
3) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыру;
4) салымшы мен алымшыға кемінде жылына бір рет , сондай-ақ оның сұрауы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпарат беру;
5) алушының жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету;
Төмендегілердің қайсысы жинақтаушы зейнетақы қорының міндеті болып табылады?
1) алушының жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету;
2) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыру;
3) өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақы алу;
4) зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші негізінде ҚР-ның заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін қорғау;
5) уәкілетті орган лицензиясы негізінде зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру.
Салымшылар мүдделерін және құқықтарын қорғау мақстында жинақтаушы зейнетақы қорларына қандай жағдайларда тыйым салынады:
1) аталғандардың барлығына;
2) өз мұқтаждықтары үшін сатып алынған мүлікті қоспағанда, мүлікті сатып алу, сатуды жүзеге асыру;
3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру;
4) зейнетақы активтерін кепілге беру;
5) акциялардан басқа бағалы қағаздар шығару.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу заңға сәйкес белгіленетін кірістің қанша пайызы есебінен жүргізіледі?
1) 60 %;
2) 70 %;
3) 80 %;
4) 75 %;
5) 25 %.
Зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорынан аударымдарды ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары
1) зейнетақы активтері;
2) зейнетақы төлемдері;
3) зейнетақы жарналары;
4) зейнетақы аударымдары;
5) дұрыс жауабы жоқ.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша қызметті жүзеге асыра бастаған бірінші күнтізбелік жылдың аяқталғанынан кейін 5 ай ағымында қандай капитал құруы қажет?
1) резервтік капитал;
2) жарғылық капитал;
3) меншікті капитал;
4) қосалқы капитал;
5) негізгі капитал.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері қандай мақсатқа қолданылуы мүмкін?
1) аталғандардың барлығы дұрыс;
2) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарына орналастыру;
3) зейнетақы төлемдерін ҚР-ның заңдарына сәйкес жүзеге асыру;
4) қате есептелген зейнетақы жарналарын және басқа да қате есептелген ақшаны қайтару;
5) ҚР-ның заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығындарды өтеу.
Жинақтаушы зейнетақы қорынан алымшы 58 жастағы әйел адам. Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының мөлшері 93000 теңге. 58 жастағы тұлға үшін ағымдағы құн коэффициенті 0,06016. Аталған тұлға жинақтарын қандай реттілікпен алады?
1) барлық соманы бірден;
2) 12 еселенген минималды зейнетақы мөлшерінде;
3) 100000 теңге сомасында;
4) жинақталған сома мөлшері ағымдағы құн коэффициентіне көбейтіледі;
5) аталғандардың барлығы дұрыс.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан хейнетақы төлемдері қандай жағдайда төленеді?
1) аталған жауаптардың барлығы дұрыс;
2) дұрыс жауабы жоқ;
3) зейнеткерлік жасына толғанда;
4) тұрғылықты орнын ауыстырғанда;
5) салымшы қайтыс болғанда, мұрагерлікке.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының акивтерін басқаруды кім жүзеге асырады?
1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
2) банк-кастодиан;
3) инвестор;
4) басқарушы компания:
5) тіркеушілер.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны, бұл
1) меншікті капитал;
2) жарғылық капитал;
3) резервтік капитал;
4) қосалқы капитал;
5) негізгі капитал.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыруы мүмкін бе?
1) уәкілетті органның сәйкес қызмет түрімен айналысуға лицензиясы негізінде басқаруы мүмкін;
2) мүмкін емес, өйткені активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым басқарады;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры ашық формада болса, басқаруы мүмкін;
4) жинақтаушы зейнетақы қоры корпоративтік формада болса, басқаруы мүмкін;
5) аталғандардың барлығы дұрыс.
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың негізгі принциптері
1) аталғандардың барлығы
2) ресурстар мен реттеу құралдарын тиімді пайдалану
3) қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметінің айқындығы
4) тәуекелдерді бағалауға негізделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру
5) қаржылық ұйым органдарының жауапкершілігі
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның ішінде банктік қызмет көрсетуге деген қажеттерін олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға.
1) кредиттік серіктестік;
2) ломбард;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) микрокредиттік ұйымдар;
5) сақтандыру компаниялары.
Қатысушының кредиттік серіктестік мүлкіне берген ақша сомасы, бұл
1) қосымша жарна;
2) міндетті салым;
3) негізгі капитал;
4) қосымша капитал;
5) жарғылық капитал.
Қатысушының кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталына енгізуге жататын ақшасы, бұл
1) міндетті салым;
2) қосымша жарна;
3) күнтізбелік жарна;
4) қосалқы салым;
5) дұрыс жауабы жоқ
Кредиттік серіктестіктің құрылтай шартында қандай мәлімет көрсетілмейді?
1) кредиттік серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
2) кредиттік серіктестікке кіру кезінде төленуге тиісті міндетті салымның ең төменгі мөлшері
3) кредиттік серіктестік қатысушыларының міндетті салымды салу тәртібі мен шарттары
4) кредиттік серіктестіктің таза кірісін бөлу тәртібі
5) дұрыс жауабы жоқ.
Кредиттік серіктестіктің жарғысында қандай мәлімет көрсетілмейді?
1) кредиттік серіктестіктің таза кірісін бөлу тәртібі
2) кредиттік серіктестіктің фирмалық атауы мен орналасқан орны
3) кредиттік серіктестікке қатысу тәртібі мен міндеттері
4) кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері туралы мәліметтер
5) кредиттік серіктестіктің қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
Кредиттік серіктестік қатысушыларының құқықтарына жатпайды:
1) құрылтай шартының және жарғының талаптарын сақтау, кредиттік серіктестік органдарының шешімдерін орындау
2) кредиттік серіктестіктің органларын сайлау және оларға сайлану
3) серіктестіктің жарғысында көзделген тәртіппен кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу
4) кредиттік серіктестік көрсететін қызметті пайдалану
5) кредиттік серіктестік қызметін басқаруға қатысу
Кредиттік серіктестікке қатысу қандай жағдайда тоқтатылады?
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) өз еркімен шыққанда
3) өз үлесін кредиттік серіктестіктің басқа қатысушаларына немесе үшінші тұлғаға иеліктен бөліп бергенде
4) кредиттік серіктестіктің тлап етуі бойынша кредиттік серіктестіктқатысушыларының қатарынан шығып қалғанда
5) кредиттік серіктестік қызметі тоқтатылғанда
Кредиттік серіктестік басқармасының өкілеттіктеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) кредиттік серіктестік қызметінің ішкі ережелерін қабылдау туралы және оларды кейіннен өзгерту туралы ұсыныстар әзірлеу
3) шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның атқарылуы ткралы есепті дайындау және табыс ету
4) жылдық қаржылық есепті дайындау және табыс ету
5) қызметкерлер үшін еңбек ақы мөлшерін белгілеу
Кредиттік серіктестік лицензиясы болған жағдайда өзінің қатысушылары үшін банктік және өзге де операциялардың қандай түрлерін жүзеге асыруға құқылы
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) кассалық операцмялар
3) заем операциялары
4) сейф операциялары
5) дұрыс жауабы жоқ
Кредиттік серіктестіктің өзінің кредит саясатын жүзеге асыратын бөлімшесі, бұл
1) кредиттік комитет
2) басқарма
3) қатысушылардың жалпы жиналысы
4) тексеру комиссиясы
5) мұндай бөлімше құрылмайды
Сақтандыру нарығының қатысушысы болып табылмайды:
1) дұрыс жауыбы жоқ
2) сақтандыру брокері
3) актуарий
4) өкілетті аудиторлық ұйым
5) сақтандыру агенті
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қажетті төлемқабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында , сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға, бұл:
1) актуарий
2) сақтандыру брокері
3) сақтандыру агенті
4) сақтанушы
5) сақтандырушы
Берілген өкілеттілігіне сәйкес сақтандыру ұйымдары атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасау жөіндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе заңды тұлға, бұл:
1) сақтандыру агенті;
2) сақтандыру брокері
3) сақтанушы;
4) сақтандырушы;
5) актуарий.
Сақтандыру және қайта сақтандыру сұрақтары бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, бұл:
1) сақтандыру брокері
2) сақтандыру агенті
3) сақтанушы
4) сақтандырушы
5) актуарий
Сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерiн мүлiктiк жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешенi, бұл
1) сақтандыру
2) сақтандыру пулы
3) сақтандыру ұйымы
4) сақтандыру жағдайы
5) сақтандыру резерві
Сақтандыру объектісінен тәуелді сақтандыру түрлері:
1) жеке, мүліктік
2) міндетті, ерікті
3) жалпы, өмірді
4) жинақтаушы, жинақтаушы емес
5) мемлекеттік, мемлекеттік емес
Сақтандыру төлемдерін іске асыру негіздері бойынша сақтандыру түрлері:
1) жинақтаушы, жинақтаушы емес;
2) міндетті, ерікті;
3) жалпы, өмірді;
4) жеке, мүліктік;
5) мемлекеттік, мемлекеттік емес.
Міндеттілік деңгейі бойынша сақтандыру түрлері:
1) міндетті, ерікті;
2) жалпы, өмірді;
3) жинақтаушы, жинақтаушы емес;
4) жеке, мүліктік;
5) мемлекеттік, мемлекеттік емес.
Сақтандыру қызметінің салалары:
1) жалпы, өмірді;
2) міндетті, ерікті;
3) жинақтаушы, жинақтаушы емес;
4) жеке, мүліктік;
5) мемлекеттік, мемлекеттік емес.
Сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн немесе сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы, бұл:
1) өмірді сақтандыру;
2) аннуитеттік сақтандыру;
3) міндетті сақтандыру;
4) жеке сақтандыру;
5) жауапкершілікті сақтандыру.
Сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде периодты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жеке сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы, бұл:
1) аннуитеттік сақтандыру;
2) міндетті сақтандыру;
3) өмірді сақтандыру;
4) жеке сақтандыру;
5) жауапкершілікті сақтандыру.
Зейнетақы нарығының қатысушыларына жатпайды:
1) актуарий
2) банк-кастодиан;
3) жинақтаушы зейнетақы қоры;
4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
5) зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қандай қымет түрін жүзеге асырмайды?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) инвестициялық қызмет
3) сақтандыру қызметінне байланысты консультациялық қызмет көрсету
4) сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беру
5) мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру
Сақтандыру ұйымының ҚР-сы заңдылығы талаптарын бұзуы жағдайында пайда болатын, шығындардың пайда болу тәуекелі, бұл:
1) құқықтық тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) операциялық тәукел
4) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
5) нарықтық тәуекел
Сақтандыру ұйымының ішкі бақылауды ұйымдастыру талаптарын бұзу салдарынан пайда болатын шығындар тәуекелі, бұл
1) операциялық тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
5) нарықтық тәуекел
Сақтандыру ұйымының өзінің міндеттемелерін орындамауы немесе уақытылы орындамау кезінде пайда болатын тәуекел, бұл:
1) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) нарықтық тәуекел
Нарық бағаларының толқуы нәтижесінде сақтандыру ұйымының капиталы және табысы үшін ағымдағы немесе перспективалық тәуекел, бұл:
1) нарықтық тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Сақтандыру ұйымының өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел валютасының курсының өзгерісімен байланысты пайда болатын шығындар, бұл
1) валюталық тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Сыйақы ставкаларының өзгерісімен байланысты шығындар тәуекелі, бұл:
1) проценттік тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Сақтандыру ұйымына сенімнің төмендеуі немесе негативті қоғамдық пікір салдарынан пайда болатын шығындар тәуекелі, бұл:
1) репутациялық тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Сақтандыру ұйымының қаражаттары инвестицияланған бағалы қағаздар курсының және олардың табыстылығының төмендеуі, өтімділігін жоғалту нәтижесінде, сондай-ақ оның эмитентінің жағдайының құлдырауы нәтижесінде пайда болатын шығындар тәуекелі
1) портфельдік тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Шетел мемлекеттерінің немесе шетел мемлекеті резидентінің сақтандыру ұйымы алдындағы міндеттемелері бойынша жауап бермеуі салдарынан пайда болатын тәуекел, бұл :
1) трансферттік тәуекел
2) несиелік тәуекел
3) құқықтық тәукел
4) операциялық тәуекел
5) өтімділіктің жоғалу тәуекелі
Төмендегілердің қайсысы сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы көрсеткішіне жатпайды?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) жарғалық және меншікті капиталдардың минималды мөлшері
3) активтер құны және оларды диверсификациялау нәтижесі
4) сақтандыру резервтері және басқа міндеттемелер мөлшері
5) сақтандыру қызметін көрсету рентабельділігі
Төмендегілердің қайсысы сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы көрсеткішіне жатады?
1) аталғандардың барлығы
2) жарғалық және меншікті капиталдардың минималды мөлшері
3) активтер құны және оларды диверсификациялау нәтижесі
4) сақтандыру резервтері және басқа міндеттемелер мөлшері
5) сақтандыру қызметін көрсету рентабельділігі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестиция мөлшері сақтандыру ұйымдары активтерінің сомасының қандай мөлшерінен төмен болмауы қажет?
1) 20 %
2) 15 %
3) 10 %
4) 5 %
5) 100 %
Бағалы қағаздарға сақтандыру ұйымдарының инвестицияларының сомалық мөлшері сақтандыру ұйымдары активтерінің сомасының қандай мөлшерінен аспауы қажет?
1) 30 %
2) 80 %
3) 10 %
4) 20 %
5) 100 %
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз жарғылық капиталының мөлшерін көбейте алатын инвестициялық қор түрі, бұл:
1) ашық;
2) жабық;
3) реттеуші;
4) өзара;
5) дұрыс жауабы жоқ.
Инвестициялық пай қорының формалары:
1. ашық, жабық, интервалдық
2. өзара, инвестициялық
3. акционерлік, акционерлік емес
4. тура, жанама
5. ашық, жабық, инновациялық
Инвестициялық пай қорының қай түрі 2 аптада бір рет оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуды талап ету құқығын береді?
1) ашық
2) жабық
3) аралық
4) акционерлік
5) жанама
Инвестициялық пай қорының қай түрі пайды ұстаушыларға жылына бір рет басқарушы компаниядан заңда және инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуды талап ету құқығын береді?
1) аралық
2) жабық
3) ашық
4) акционерлік
5) жанама
Инвестициялық пай қорының қай түрі пайды ұстаушыларға пай бойынша дивиденд алуға, қордың жалпы жиналысына қатысуға құрық береді, бірақ басқарушы компаниядан пайды сатып алуды талап ету құқығы жоқ
1) жабық
2) ашық
3) аралық
4) акционерлік
5) жанама
Инвестициялық пай қорының активтеріне меншік құқығындағы үлес қандай органмен шығарылатын пай үлестері негізінде анықталады?
1) басқарушы компаниямен
2) Қазақстан Даму Банкімен;
3) ¦лттық банкпен;
4) аудиторлық компаниямен
5) Қаржы нарығы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша мемлекеттік орган.
Акционерлік инвестициялық қордың қандай құқықтары бар?
1) жай акцияларды шығару
2) еншілес ұйымдарды құру;
3) облигациялар шығару;
4) алтын акцияны енгізу
5) аталғандардың барлығы дұрыс.
Инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, бұл:
1) басқарушы компания
2) кастодиан
3) брокер-дилер
4) депозитарии
5) өзін-өзі реттеуші ұйым
Инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсаттарын, стратегиясын, шарттарын, оларды шектеуді, қор активтерін хеджирлеу, диверсификациялау шарттарын айқындайтын құжат, бұл:
1) инвестициялық декларация
2) инвестициялық қор ережелері
3) қор жарғысы
4) келісім шарт
5) дұрыс жауабы жоқ
Инвестициялық декларациясында немесе ережелерінде белгіленген инвестициялау шарттарын сақтамай қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген инвестициялық қор, бұл:
1) тәуекелмен инвестицияланатын қор
2) ашық инвестициялық пай қоры
3) жабық инвестициялық пай қоры
4) аралық инвестициялық пай қоры
5) акционерлік инвестициялық қор
Төмендегі инвестициялық қорлардың қайсысы тәуекелмен инвестицияланатын қор бола алады?
1) акционерлік ИҚ және жабық ИПҚ
2) акционерлік ИҚ және ашық ИПҚ
3) ашық ИПҚ және жабық ИПҚ
4) акционерлік ИҚ және аралық ИПҚ
5) аталғандардың ешқайсысы бола алмайды
Инвестициялық қор активтерінің құрамына төмендегі активтердің қайсысы кірмеуі қажет?
1) аталғандардың барлығы
2) ИҚ-дың басқарушы компаниясының басқаруындағы басқа инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар
3) ИҚ-дың басқарушы компаниясы шығарған активтер
4) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері
5) ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда бір заңды тұлғаның бір түрдегі қаржылық құралдары
Инвестициялық қор активтерінің құрамына төмендегі активтердің қайсысы кіреді?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) ИҚ-дың басқарушы компаниясының басқаруындағы басқа инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар
3) ИҚ-дың басқарушы компаниясы шығарған активтер
4) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері
5) ҚР-ның мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда бір заңды тұлғаның бір түрдегі қаржылық құралдары
Инвестициялық қордың активтерін басқару бойынша басқарушы компанияның өзі басқаратын инвестициялық қорға қатысты қандай қызметті жүзеге асыруға тиым салынады?
1) аталғандардың барлығы
2) инвестициялық қор активтерін өтеусіз иеліктен шығару жөнінде инвестициялық шешімдер қабылдау
3) өзіне тиесілі активтерді инвестициялық қор активтерінің құрамына сату
4) активтерді кредитке сату
5) инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе ережесінде белгіленген талаптар бұзылатын мәмілелер жасау
Инвестициялық қорды басқарушы компанияның міндеті:
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) Инвестициялық қор активтерінің құнын бағалау
3) Инвестициялық қор активтерінің қозғалысын және құрамын есепке алу
4) Инвестициялық қор активткрінің құнын, қозғалысын және құрамын айына бір рет басқарушы компаниямен салыстыру
5) ҚР-ның заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес ИПҚ-ы активтерін бухгалтерлік есепке алуды бөлек жүргізуді және олар бойынша есеп берушілікті ұсынуды жүзеге асыру
Инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі, бұл:
1) пайдың есептеу құны
2) пайдың бастапқы құны
3) қосалқы құны
4) салыстырмалы құны
5) пайдың нақты құны
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі, бұл:
1) пайдың нақтылы құны
2) пайдың бастапқы құны
3) қосалқы құны
4) салыстырмалы құны
5) пайдың есептеу құны
Инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттарымен тәртібін айқындайтын құжат.
1) инвестициялық пай қорының ережесі
2) инвестициялық декларация
3) қор жарғысы
4) келісім шарт
5) дұрыс жауабы жоқ
Инвестициялық пай қоры активтердің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңі, бұл:
1) пайларды бастапқы орналастыру
2) пайларды қосымша орналастыру
3) пайларды екінші орналастыру
4) өзара орналастыру
5) дұрыс жауабы жоқ
Инвестициялық қор активтерін олардың құнының төмендеу қаупін азайту мақсатында түрлі қаржы құралдарына және өзге мүлікке орналастыру, бұл:
1) диверсификация
2) хеджирлеу
3) орнын толтыру
4) сақтандыру
5) дұрыс жауабы жоқ
Акционерлік инвестициялық қорлардың қандай қызметтерді жүзеге асыруға құқықтары жоқ
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) заңда көзделген қызметтен басқа қызмет түрлерін жүзеге асыру
3) жай акциялардан басқа қаржылық құралдар шығару және орналастыру
4) еншілес ұйымдар құру
5) алтын акция шығару
Инвестициялық пай қор қандай нысанда құрылады?
1) заңды тұлға болып табылмайды
2) заңды тұлға болып табылады
3) акционерлік қоғам түрінде
4) жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде
5) толық серіктестік
Инвестициялық пай қорының активтерінің ең төменгі мөлшері қандай?
1) 50000 айлық есептік көрсеткіш
2) 80000 айлық есептік көрсеткіш
3) 100000 айлық есептік көрсеткіш
4) 40000 айлық есептік көрсеткіш
5) 60000 айлық есептік көрсеткіш
Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді кім қабылдайды?
1) егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының директорлар кеңесі
2) егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаса, осы қордың кастодианы
3) егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылмаса, осы қордың кастодианы
4) инвесторлар
5) акционерлер
Басқарушы компанияның бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын құруға құқығы бар ма?
1) бар, бірақ олардың инвестициялық декларацияларында айырмашылық болуы қажет
2) аталғандардың барлығы дұрыс
3) бір басқарушы компания тек бір инвестициялық пай қорын басқарады
4) бар, бірақ олардың есебі әр түрлі кастодиандарда жүргізілуі керек
5) бұл заңға қайшы келеді
Жабық инвестициялық пай қорының нысанын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгертуге бола ма?
1) жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы мұндай шешім қабылдауы мүмкін
2) мұндай шешім мүлдем қабылданбайды
3) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорлары жабық инвестициялық пай қорларына ауыстырылуы мүмкін, ал керісінше жоқ
4) жабық инвестициялық пай қорының нысанын тек ашық инвестициялық пай қорына өзгертуге болады
5) жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы мұндай шешімді қабылдамайды
Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге бола ма?
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының нысанын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді
2) жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы мұндай шешім қабылдауы мүмкін
3) ашық немесе аралық инвестициялық пай қорлары жабық инвестициялық пай қорларына ауыстырылуы мүмкін, ал керісінше жоқ
4) жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының жалпы жиналысы мұндай шешімді қабылдамайды, бірақ өзгертілуі мүмкін
5) дұрыс жауабы жоқ
Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру қандай мерзімге созылады?
1) 3 айға
2) 5 айға
3) 6 айға
4) 2 айға
5) 1 жылға
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі қандай жағдайда тоқтатылады?
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) инвестициялық пай қорын құру ережесінде белгіленген мерзім өтсе
3) пайларды бастапқы орналастыру аяқталғаннан соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе
4) пайларды сатып алу жөніндегі өтінімдерді орындау нәтижесінде инвестициялық пай қоры активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе
5) жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдаса
Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қандай тұлға жүзеге асырады?
1) басқарушы компания
2) тіркеуші
3) инвесторлар
4) уәкілетті орган
5) ҚР ¦лттық Банкі
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының мақсаты қандай?
1) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
2) уақытылы салынған депозиттер бойынша сыйақылар төлеп отыру
3) екінші деңгейдегі банктердің пассивтік операцияларын қамтамасыз ету
4) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған заңды тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
5) дұрыс жауабы жоқ
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорымен төлеуге жататын ақша сомасы, бұл:
1) салым (депозит) бойынша орнын толтыру
2) банк төлемдері
3) жарна
4) аталғандардың барлығы дұрыс
5) дұрыс жауабы жоқ
Қайтару бойынша міндеттемелері кепілденетін, салымдар (депозиттер) сомасы мөлшерінде қатысушы-банкпен депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорына аударылатын ақша сомасы, бұл:
1) банк төлемдері
2) салым (депозит) бойынша орнын толтыру
3) салымдар жиынтығы
4) аталғандардың барлығы дұрыс
5) дұрыс жауабы жоқ
Жеке тұлғалардың салымдарын қайтару бойынша міндеттемелері ережеге сәйкес кепілденетін, қатысушы куәлігі бар, банк бұл:
1) қатысушы-банк
2) салымшы
3) депозитор
4) банк-агент
5) депозитор-банк
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорымен агенттік келісім негізінде салымшыларға орнын толтыру төлемдері бойынша шараларды жүзеге асыратын банк, бұл
1) банк-агент
2) салымшы
3) депозитор
4) қатысушы-банк
5) депозитор-банк
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының құрылтайшысы?
1) ҚР-ның ¦лттық банкі
2) заңды және жеке тұлғалар
3) қатысушы банктер
4) банк агенттер
5) ҚР-ның Үкіметі
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының жарғылық капиталының мөлшері қандай?
1) 1 млрд. теңге
2) 1 млн. теңге
3) 10 млн. теңге
4) 20 млн. теңге
5) 10 млрд. теңге
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының функциялары қандай?
1) аталғандардың барлығы
2) банктің мәжбүрлі жабылуы жағдайында оның салымшыларына (депозиторларына) салынған депозиттері бойынша сәйкес ережеде анықталған көлемде және ретпен орнын толтыруды жүзеге асыру
3) активтерді басқару
4) қатысушылар куәлігінің есебін жүргізу
5) қор жарғысында және ¦лттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық акттерінде көзделген функциялар
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының құқықтары
1) ¦лттық Банкпен ақпарат айырбасы туралы келісім жасау және банк құпиясын құрайтын мәліметтерден басқа, банктердегі кепілденетін салымдардың жалпы сомасы туралы және банк-қатысушылардың қаржылық жағдайы туралы ақпараттар алу
2) ережеге сәйкес Қорға міндетті күнтізбелік және басқа жарналарды банк-қатысушылармен енгізу ставкаларын және мерзімін тағайындау
3) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен банк-қатысушыны шығару туралы шешім қабылдау
4) келісім бойынша ¦лттық Банкке Қор активтерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау
5) мәжбүрлеп жойылатын банк-қатысушының салымдарының орнын толтыру төлемдері туралы шешім қабылдау
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының директорлар Кеңесінің өкілеттілігі:
1) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінен банк-қатысушыны шығару туралы шешім қабылдау
2) ¦лттық Банкпен анықталған ретте, нысанда және мерзімде жылдық есепті, өзінің қаржылық жағдайы туралы есепті ¦лттық Банкке тапсыру
3) шетел валютасындағы салымдар (депозиттер) бойынша орнын толтыру, сондай-ақ шетел валютасында алынған займдарды өтеу үшін ішкі нарықта шетел валютасын сатып алу
4) өзінің жылдық балансын, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепті ағымдағы басылымдарда жариялайды және қатысушы-банктерге ұсыну
5) аталғандардың барлығы дұрыс
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) қорының директорлар Кеңесінің өкілеттілігіне төмендегілердің қайсысы жатпайды?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) келісім бойынша ¦лттық Банкке Қор активтерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау
3) мәжбүрлеп жойылатын банк-қатысушының салымдарының орнын толтыру төлемдері туралы шешім қабылдау
4) банк-агентті таңдау
5) Қордың лауазымды тұлғаларын тағайындау
Төмендегілердің қайсысы жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкінің міндеттеріне жатпайды?
1) дұрыс жауабы жоқ
2) ережеге және Қордың Директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес уақытылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқа жарналарды енгізу
3) ережеге сәйкес Қорға уақытылы және толық көлемде мәліметтер ұсыну
4) банк-қатысушының мәжбүрлі жойылуы туралы сот шешімдерінің күшіне енген күннен бастап салымшы (депозитор) алдындағы міндеттемелерді орындау туралы Қорды дереу хабардар ету (ескерту)
5) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінен банктің шығарылуы жағдайында, алты ай ағымында кепілденетін салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша міндеттемелерді дербес өтеу немесе салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша міндеттемелер сомасын Қорға төлеуді жүзеге асыру;
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкінің міндеттері қандай?
1) ережеге және Қордың Директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес уақытылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқа жарналарды енгізу
2) келісім бойынша ¦лттық Банкке Қор активтерін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау
3) мәжбүрлеп жойылатын банк-қатысушының салымдарының орнын толтыру төлемдері туралы шешім қабылдау
4) банк-агентті таңдау
5) Қордың лауазымды тұлғаларын тағайындау
Қандай жағдайда қатысушы куәлігі қайтарылып алынады?
1) аталғандардың бардығы дұрыс
2) дұрыс жауабы жоқ
3) банк-қатысушыға жеке тұлғалардың банктік счеттарын ашуға және жүргізуге, депозиттерін қабылдауға берілген лицензиясы қайтарылып алынған және тоқтатылған жағдайда
4) жыл ағымында бірнеше (екі немесе одан да көп) рет Қорға жарналарды төлеуді кешіктіру немесе оны толық емес көлемде аудару жағдайында
5) банк-қатысушының ¦лттық Банкпен тағайындалған пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуы міндетті нормалар және лимиттерді жүйелі бұзуы жағдайында
Қатысушы куәлігін алған банктер қандай құжатта тіркеледі?
1) қатысушы-банктер реестрінде
2) қатысушы-банктер описінде
3) тіркеуші тізбесінде
4) ¦лттық Банк тізімінде
5) Қор жарғысында
Міндетті күнтізбелік жарналар ставкасы әрбір қатысушы-банк үшін оның қаржылық жағдайынан тәуелді міндеттемелері кепілденетін салымдар сомасының қандай мөлшерін құрайды?
1) 0,125%-тен 0,375% мөлшерін
2) 50 % мөлшерін
3) 12,5%-тен 37,5% мөлшерін
4) 5%-тен 75% мөлшерін
5) 0,001%-тен 0,032% мөлшерін
Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорынан қандай мөлшердегі салым (депозит) толығымен қайтарылады?
1) 200 мың теңге
2) 300 мың теңге
3) 500 мың теңге
4) 1 млн. теңге
5) 400 мың теңге
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банкінің салымшысы (депозиторы) бойынша орнын толтырудың максималды мөшері қандай?
1) 1 млн. теңге
2) 100 мың теңге
3) 2 млн. теңге
4) 600 мың теңге
5) 800 мың теңге
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті коллективті кепілдендіру жүйесінің банк-агенті қандай критериге сәйкес келуі керек?
1) аталғандардың барлығы дұрыс
2) жеке тұлғалардың салымдарын міндетті кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болуы
3) кассалық операцияларды жүргізуге лицензиясы болуы қажет
4) агенттік келісім жасау мерзіміне дейін алты ай ағымында банк пруденциялдық нормативтерді сақтауы қажет
5) салымдар бойынша орнын толтыруларды төлеу үшін филиалдары болуы қажет
Күрделі салымдарды қаржыландыру үшін алғашқы нарықтарда бағалы қағаздарды шығарып сату арқылы бизнеспен және үкіметке көмек көрсетуге мамандандырылатын фирмалар:
1) инвестициялық банктер
2) ипотекалық компаниялар
3) орталық банк
4) шаруашылық серіктестіктер
5) өндірістік кооперативтер
Қазақстан Республикасының І- ші деңгейлік банкі-
1) Ұлттық банк
2) Коммерциялық банктер
3) Қазақстан Даму банкі
4) Халық банкі
5) Мемлекеттік банк
Жарғылық капиталының 50 пайыздан артық бөлігі орталық банкке тиесілі ІІ деңгейдегі банк:
1) еншілес банк
2) банк филиалы
3) банктік холдинг
4) банк өкілдігі
5) мемлекеттік банк
Банк берген өкілеттілік шегінде банк атынан банктік операцияларды іске асыратын банктің орналасу орнынан тысқары орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын, банк бөлімшесі, бұл
1) банк филиалы
2) банктік холдинг
3) еншілес банк
4) банк өкілдігі
5) мемлекеттік банк
Банк тапсырмасы бойынша немесе банк атынан қызметететін және банктік операцияларды іске асырмайтын, банктің орналасу орнынан тысқары орналасқан заңды тұлға болып табылмайтын банк бөлімшесі, бұл
1) банк өкілдігі
2) банк филиалы
3) еншілес банк
4) банктік холдинг
5) банктің есеп кассалық бөлімі.
ҚР территориясында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын филиал немесе өкілдік статусы жоқ, заңды тұлға болып табылмайтын, уәкілетті орган келісімі негізінде құрылған банктің аймақтық ерекшеленген бөлімшесі, бұл
1) банктің есеп кассалық бөлімі;
2) банк филиалы;
3) еншілес банк;
4) банк өкілдігі;
5) банктік холдинг
Банктің дауыс беретін акцияларының 25 пайызын тура және жанама иемденетін ҚР-ның резидент және резидент емес заңды тұлғасы, бұл
1) банктік холдинг;
2) банк филиалы;
3) еншілес банк;
4) банк өкілдігі;
5) банктің есеп кассалық бөлімі.
Банкноталарды және монеталарды қабылдау, беру, сақтау, айырбастаумен байланысты операциялар, бұл
1) кассалық операциялар;
2) аударымдық операциялар;
3) есептік операциялар;
4) займдық операциялар;
5) сейфтік операциялар.
Жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және басқа қарыздық міндеттемелерін есептеумен байланысты операциялар; бұл:
1) есептік операциялар;
2) аударымдық операциялар;
3) кассалық операциялар
4) займдық операциялар;
5) сейфтік операциялар.
Ақшаны аудару бойынша бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау, бұл:
1) аударымдық операциялар
2) кассалық операциялар
3) есептік операциялар
4) займдық операциялар
5) сейфтік операциялар
Төлемділік, мерзімділік және қайтымдылық жағдайында ақшалай формада несиелерді ұсынумен байланысты операциялар, бұл:
1) заемдық операциялар
2) аударымдық операциялар
3) есептік операциялар
4) кассалық операциялар
5) сейфтік операциялар
Құжаттық формада шығарылған бағалы қағаздарды сақтау бойынша қызметтер, бұл:
1) сейфтік операциялар;
2) аударымдық операциялар;
3) есептік операциялар;
4) займдық операциялар;
5) кассалық операциялар
Жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарға және басқа мүлікке (қозғалмалы мүлікке) кепілдікке қысқамерзімді несиелер ұсыну, бұл:
1) ломбардтық операциялар
2) аударымдық операциялар
3) кассалық операциялар
4) займдық операциялар
5) сейфтік операциялар
Төлемдерді жинау, тексеру, сұрыптау және растау, сонымен қатар олардың өзара есеп айырысуын жүргізумен байланысты операциялар, бұл:
1) банкаралық клиринг
2) аударымдық операциялар
3) кассалық операциялар
4) займдық операциялар
5) сейфтік операциялар
Төмендегілердің қайсысы банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметіне жатпайды:
1) бағалы қағаздардың бірегейлендіру номерін тағайындау;
2) инвестор ретінде;
3) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
4) брокерлік-дилерлік қызмет;
5) эмитент ретінде
Банктердің сенімді тұлға немесе комиссионер ретіндегі бағалы қағаздармен азаматтық құқықтық мәмілелер жасауы, бұл:
1) брокер-дилерлік қызмет
2) тіркеуші ретіндегі қызмет
3) клирингтік қызмет
4) депозитарлық қызмет
5) бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет
Банктердің, басқа тұлғалардың бағалы қағаздарымен, осы тұлға мүддесі үшін сеніп басқаруды жүзеге асыруы және осы қызметі үшін сыйақы алуы, бұл:
1) бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет
2) тіркеуші ретіндегі қызмет;
3) клирингтік қызмет;
4) депозитарлық қызмет;
5) брокер-дилерлік қызмет.
Қандай бағалы қағаз коммерциялық банктермен шығарылмайды?
1) коносаменттер
2) облигациялар
3) жинақтаушы сертификаттар
4) депозиттік сертификаттар
5) акциялар
Қай операция банктердің активтік операцияларына жатпайды?
1) депозиттік операциялар
2) несиелік операциялар
3) инвестициялық операциялар
4) валюталық операциялар
5) лизингтік операциялар
Банктің пассивтік операциясына қай операция жатады?
1) депозиттік операциялар
2) несиелік операциялар
3) инвестициялық операциялар
4) валюталық операциялар
5) лизингтік операциялар
Банктердің қаржылық қызметтеріне жатпайды:
1) сейфтік
2) факторинг
3) форфейтинг
4) лизинг
5) трасттық
Құрал жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды төлем төлеу шартымен белгіленген мерзімге пайдалануға беруді қарастыратын жалға беруді қарастыратын жалға беру шарты, бұл:
1) лизинг
2) факторинг
3) форфейтинг
4) трасттық
5) сейфтік
Клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (счет фактура, вексель) бойынша төлемді талап ету құқығын басқаға беру, бұл:
1) факторинг операция
2) лизингтік операция
3) форфейтинг операция
4) трасттық операция
5) сейфтік операция
Орта мерзімді экспорттық қаржыландыруды ұсыну әдісі, бұл:
1) форфейтинг операция
2) лизингтік операция
3) факторинг операция
4) трасттық операция
5) сейфтік операция
Клиенттің сенімді тұлғасы ретінде, оның мүлкін басқаруға немесе тапсырмасы бойынша басқа да қызметтер көрсетуге байланысты банктің операциялары, бұл:
1) трасттық операция
2) лизингтік операция
3) факторинг операция
4) форфейтинг операция
5) сейфтік операция
Ломбардтар қандай операция орындамайды:
1) валюталық
2) лизингтік
3) сейфтік
4) бағалы металдарды кепідікке қабылдау және сатып алу
5) ломбардтық
Бағалы қағаздар нарығында инвестролар құқығын қорғау және ақшалай қаражаттарды тарту және оларды бағалы қағаздарға диверсификациялау жолымен, инвестициялық тәуекелдерді жеңілдету мақсатында құрылатын және қызмет ететін заңды тұлғалар, бұл
1) инвестициялық қорлар;
2) лизингтік компаниялар;
3) факторингтік компанилар;
4) трасттық компаниялар;
5) банктік холдинг
Инвестициялық пай қорындағы меншік иесінің үлесін, қор активтерін өткізуден алынған ақшаны алуға құқық беретін құжатсыз формада шығарылатын, эмиссиялық, атаулы бағалы қағаз, бұл:
1) пай
2) облигация
3) депозитарлық сертификат
4) акция
5) коносамент
Кепілге берілген жылжымайтын мүлік немесе ондағы кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі және пайдаланылуында қалатын, кепіл түрі, бұл:
1) жылжымайтын мүлік ипотекасы
2) ипотекалық шарт
3) ипотекалық қарыз
4) кепілдеме
5) дұрыс жауабы жоқ
Тараптардың негізгі міндеттемені қамтамасыз етуде ипотеканы белгілеу туралы келісімі, бұл:
1) ипотекалық шарт
2) жылжымайтын мүлік ипотекасы
3) ипотекалық міндеттеме
4) кепілдеме хат
5) дұрыс жауабы жоқ
Жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген банк қарызы, бұл:
1) ипотекалық қарыз
2) жылжымайтын мүлік ипотекасы
3) ипотекалық міндеттеме
4) кепілдік
5) ұзақ мерзімді міндеттеме
Негізгі міндеттеме бойынша оның заңды иемденушісінің құқықтарын растайтын ордерлік бағалы қағаз, бұл:
1) ипотекалық куәлік
2) ипотекалық облигация
3) ипотекалық міндеттеме
4) кепілдік
5) дұрыс жауабы жоқ
Төмендегілердің қайсысы ипотека шартында көрсетілуі қажет?
1) аталғандардың барлығы
2) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының аты-жөні және тұрғылықты жері
3) негізгі міндеттеменің мәні, оның мөлшері мен орындалу мерзімі
4) кепілге берілген жылжымайтын мүліктің тізбесі мен мекен жайы
5) тараптардың кез-келгенінің өтініші бойынша ипотека шартында келісімге қол жеткізілуге тиіс және заңда тиым салынбаған өзге де шарттар
Ипотекамен толық немесе жартылай қамтамасыз етілген борыштық және де өзге де міндеттеме, бұл:
1) негізгі міндеттеме
2) қосымша міндеттеме
3) ипотекалық қарыз
4) негізгі жарна
5) қосымша жарна
Жылжымайтын мүлкі немесе ондағы үлесі ипотеканың мәні (ипотека заты) болып табылатын тұлға, бұл:
1) кепіл беруші
2) кепіл ұстаушы
3) борышқор
4) үшінші тұлға
5) дұрыс жауабы жоқ
Негізгі міндеттеме бойынша міндеттемелері ипотекамен қамтамасыз етілген тұлға , бұл:
1) кепіл ұстаушы
2) кепіл беруші
3) борышқор
4) үшінші тұлға
5) дұрыс жауабы жоқ
Тұрғындарға ұзақмерзімді ипотекалық несиелер беретін, кредиторларды қайта қаржыландыруды жүзеге асыратын, ипотекалық несиелердің екінші нарығының операторы, бұл:
1) «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы
2) Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қоры
3) екінші деңгейдегі банктер
4) ҚР-ның ¦лттық Банкі
5) Микрокредиттік ұйымдар
Қазақстан Ипотекалық компаниясының мақсаты қандай?
1) екінші деңгейдегі банктермен ипотекалық несие ұсыну көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талаптар құқығын сатып алу жолымен, екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру
2) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
3) екінші деңгейдегі банктердің пассивтік операцияларын қамтамасыз ету
4) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған заңды тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
5) дұрыс жауабы жоқ
Қазақстан Ипотекалық компаниясының жарғылық капиталы қанша?
1) 2,5 млрд. теңге
2) 1 млрд. теңге
3) 1,5 млн. теңге
4) 3 млрд. теңге
5) 3,5 млн. теңге
2006 жылдың қаңтар айына Қазақстан ипотекалық компаниясының қатысуымен ипотекалық несиелендіру жүйесінде неше банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызмет етеді?
1) 17
2) 34
3) 20
4) 10
5) 15
2006 жылдың қаңтар айына неше жинақтаушы зейнетақы қор өзінің активтерін басқаруды жүзеге асырады?
1) 3
2) 5
3) 14
4) 1
5) жинақтаушы зейнетақы қорлары өздерінің активтерін басқармайды
2006 жылдың қаңтар айында зейнетақы нарығында неше жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етеді?
1) 14
2) 10
3) 15
4) 3
5) 20
Микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәліметтер, бұл:
1) кредиттік досье
2) ақпараттар базасы
3) реестр
4) кредиттік тарих
5) дұрыс жауабы жоқ
Қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану талаптарымен берілген микрокредит, бұл:
1) мақсатты
2) ұзақ мерзімді
3) қысқа мерзімді
4) орта мерзімді
5) дұрыс жауабы жоқ
Микрокредиттік ұйымдар құқықтары:
1) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату
2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыру
3) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар ету
4) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар ету
5) аталғандардың барлығы
Микрокредиттік ұйымдар құқықтарына жатпайды:
1) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар ету
2) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдау
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату
4) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес құқықтарды жүзеге асыру
5) дұрыс жауабы жоқ
Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылардың құқықтары:
1) микрокредиттiк ұйымның микрокредиттердi беру ережелерiмен танысу
2) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдау
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату
4) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес құқықтарды жүзеге асыру
5) аталғандардың барлығы
Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылардың құқықтарына жатпайды
1) дұрыс жауабы жоқ
2) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлiктi кепiлге қабылдау
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату
4) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес құқықтарды жүзеге асыру
5) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге
Микрокредиттік ұйымдардан қарыз алушылар міндеттері:
1) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеуге
2) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыру
3) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар ету
4) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар ету
5) аталғандардың барлығы
Микрокредиттік ұйым міндеттері:
1) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар ету
2) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттердi беруге, оның iшiнде берiлген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және жағдайларда мүлікті кепілге қабылдау
3) микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажет мәлiметтердi қарыз алушыдан сұрату
4) алған микрокредиттi қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредиттi беру туралы шартта белгiленген мерзiмде және тәртiппен төлеу
5) аталғандардың барлығы
Микрокредиттік ұйым міндеттеріне жатпайды:
1) дұрыс жауабы жоқ
2) орналасқан жерi өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттiк ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жерi бойынша екi баспа басылымында, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бұл туралы тиiстi ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерiстер болған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар ету
3) микрокредиттердi беру ережесiнiң көшiрмесiн оны көруге және онымен танысуға қолжетiмдi жерде орналастыру
4) қарыз алушы микрокредиттi алғанға дейiн микрокредиттi алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар ету
5) қарыз алушыны микрокредиттi алуға байланысты оның құқықтары мен мiндеттерi туралы хабардар етуге
Коммерциялық микрокредиттік ұйым қандай нысанда құрылады?
1) шаруашылық серіктестік
2) қоғамдақ қор
3) акционерлік қоғам
4) заңды тұлға болып табылмайды
5) аталғандардың барлығы
Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым қандай нысанда құрылады?
1) қоғамдақ қор
2) шаруашылық серіктестік
3) акционерлік қоғам
4) заңды тұлға болып табылмайды
5) аталғандардың барлығы
Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға микрокредиттік ұйымның меншікті капиталының мөлшерінің неше процентінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер бере алады?
1) 25 процентінен
2) 30 процентінен
3) 35 процентінен
4) 50 процентінен
5) 20 процентінен
Құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгі мөлшері қандай?
1) 8000 айлық есептік көрсеткіш
2) 100 айлық есептік көрсеткіш
3) 10000 айлық есептік көрсеткіш
4) 1 млн. теңге
5) 1 млрд. теңге
Микрокредиттік ұйымдарға қандай қызметпен айналысуға тыйым салынады?
1) бағалы қағаздар шығаруға
2) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыз (азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тартуға
3) уақытша еркiн активтердi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, корпоративтiк бағалы қағаздарға, екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да тәсiлдермен орналастыруға
4) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасуға
5) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға
Микрокредиттік ұйымдар микрокредит беру жөніндегі қызметіне қосымша қандай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы?
1) аталғандардың барлығы
2) өзінің меншік мүлкін жалға беру
3) лизинг қызметін жүзеге асыру
4) микрокредиттi қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлге салынған мүлiкпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мәмiлелер жасасу
5) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу
Клиент есебінен және оның мүддесі үшін тапсырыс келісімі немесе комиссия келісімі негізінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім шарттарды жасау бойынша қызмет, бұл
1) брокерлік қызмет
2) дилерлік қызмет
3) клирингтік қызмет
4) депозитарлық қызмет
5) тіркеуші қызметі
Өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық келісім жасау бойынша қызмет, бұл:
1) дилерлік қызмет
2) брокерлік қызмет
3) клирингтік қызмет
4) депозитарлық қызмет
5) тіркеуші қызметі
Бағалы қағаздардың есебін жүргізу және иеленушілерінің құқығын растау, бағалы қағаздармен келісім шарттарды техникалық қамтамасыз ету бойынша қызмет, бұл
1) депозитарлық қызмет
2) дилерлік қызмет
3) клирингтік қызмет
4) брокерлік қызмет
5) тіркеуші қызметі
Жақтардың өзара талаптарын есепке алумен байланысты қызмет, бұл:
1) клирингтік қызмет
2) дилерлік қызмет
3) депозитарлық қызмет
4) брокерлік қызмет
5) тіркеуші қызметі
Клиенттердің ақшалай қаражаттарын және бағалы қағаздарын сақтау және олармен келісімдер жасау бойынша екінші деңгейлі банктер қызметі, бұл
1) кастодиандық қызмет
2) дилерлік қызмет
3) депозитарлық қызмет
4) брокерлік қызмет
5) тіркеуші қызметі
Кредиттік тарихты қалыптастыру, кредиттік есепті ұсыну және басқа қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым, бұл:
1) кредиттік бюро
2) микрокредиттік ұйым
3) кредиттік серіктестік
4) уәкілетті орган
5) ломбард
Кредиттік тарихты қалыптастыру және ақпараттарды пайдалану қандай принциптер негізінде жүзеге асырылады?
1) аталғандардың барлығы
2) кредиттік тарих субъектісінің келісімінің бар болуы
3) кредиттік тарихтың барлық субъектілерінің теңдігі
4) ақпараттың құпиялығы
5) ақпаратты мақсатты пайдалану
Қазақстан ¦лттық Банкінің негізгі мақсаты:
1) Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
2) екінші деңгейдегі банктермен ипотекалық несие ұсыну көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талаптар құқығын сатып алу жолымен, екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру
3) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
4) екінші деңгейдегі банктердің пассивтік операцияларын қамтамасыз ету
5) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған заңды тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
Қазақстан ¦лттық Банкінің міндеттері:
1) аталғандардың барлығы
2) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
3) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
4) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру
5) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету
Қазақстан ¦лттық Банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі болады және қандай мөлшерді құрайды?
1) 20 млрд. теңге
2) 10 млрд. теңге
3) 1 млрд теңге
4) 2 млрд. теңге
5) 50 млрд теңге
Қазақстан ¦лттық Банкінің Төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті қандай мерзімге тағайындайды?
1) 6 жылға
2) 9 жылға
3) 10 жылға
4) 5 жылға
5) 8 жылға
Қазақстан ¦лттық Банкі басқармасының негізгі функциялары:
1) аталғандардың барлығы
2) мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу
3) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде банкноттар мен тиындардың көрсетілген құны мен дизайнын анықтау
4) қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілеу
5) банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту
Қазақстан ¦лттық Банкі Басқармасы неше адамнан тұрады?
1) 9
2) 6
3) 10
4) 11
5) 5
Қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы, бұл:
1) қаржы рыногы
2) қаржылық ұйым
3) қаржы
4) қаржылық жүйе
5) уәкілетті орган
Уәкілетті орган сақтандыру қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?
1) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолдану кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды
2) салымдарға (депозиттерге) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) тәртібін белгілейді
3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мамандарын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес инвестициялық қорлардың және оларды басқарушылардың құрылуы мен қызметін лицензиялауды, реттеуді жүзеге асырады
5) алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді және оның дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақы қаражатын аудару тәртібін белгілейді
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?
1) алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді және оның дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақы қаражатын аудару тәртібін белгілейді
2) салымдарға (депозиттерге) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) тәртібін белгілейді
3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мамандарын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес инвестициялық қорлардың және оларды басқарушылардың құрылуы мен қызметін лицензиялауды, реттеуді жүзеге асырады
5) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолдану кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды
Уәкілетті орган банк қызметін реттеу және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында қандай қызмет атқарады?
1) салымдарға (депозиттерге) міндетті коллективті кепілдендіру (сақтандыру) тәртібін белгілейді
2) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолдану кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындайды
3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мамандарын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес инвестициялық қорлардың және оларды басқарушылардың құрылуы мен қызметін лицензиялауды, реттеуді жүзеге асырады
5) алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді және оның дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ зейнетақы қаражатын аудару тәртібін белгілейді
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемелекеттік реттеудің және қадағалаудың мақсаты:
1) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету
2) Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
3) екінші деңгейдегі банктермен ипотекалық несие ұсыну көлемін ұлғайту үшін ипотекалық несиелер бойынша талаптар құқығын сатып алу жолымен, екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру
4) екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған жеке тұлғалардың ақшаларын қайтаруды қамтамасыз ету болып табылады
5) дұрыс жауап жоқ
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің және қадағалаудың міндеттері:
1) қаржылық ұйымдар қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жағдайларын жасау
2) ресурстар мен реттеу құралдарын тиімді пайдалану
3) қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметінің айқындығы
4) тәуекелдерді бағалауға негізделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру
5) қаржылық ұйым органдарының жауапкершілігі
Глоссарий
Аторней (Attorney) – биржаның сауда залында бағалы қағаздарды сату-сатып алуға тапсырыстарды орындайтын, брокерлік фирманың қызметкері.
Альпари (итал. Al pari) – бағалы қағаздың биржалық курсының оның номиналына теңдігі
Арбитраждық (Arbitrage) операция – қандай да бір нарықта немесе басқа нарықта болашақта табыс алу мақсатында бағалы қағаздарды немесе валютаны неғұрлым тиімді баға бойынша қайта сату жолымен табыс алу мақсатында жүргізілетін операция.
Активтер (Asset) – компанияға тиесілі мүліктік құқықтар, ақшалай қаражаттар, борыштық міндеттемелер және т.б. жиынтығы.
Акциялар (Stock) – акционерлік қоғаммен шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздар, белгілі тағайындалған мерзімі болмайды. Акциялар оның иеленушісінің қоғамның акционерлік капиталындағы (жарғылық қор) үлесін растайды. Акция оның иеленушісіне мүліктік құқық, дивиденд түрінде пайданың бөлігін алуға, бағалы қағаздар нарығында сатуға, акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді.
Акционер (Shareholder) – компанияның артықшылықты немесе/және жай акцияларын иеленетін, инвестор.
Американдық депозитарлық қолхат (ADR) (American Depository Receipt) – шетел компанияларындағы капиталды иеленуді растайтын және АҚШ-та саудаланатын, бағалы қағаз.
Америка банктері депозитарлық қолхаттарды АҚШ инвесторлары үшін шығарады. Аталған қолхаттар компания тіркелген елдің банкінің депозитінде сақталады. Қолхаттар басқа бағалы қааздар сияқты сатылады.
Андеррайтер (Underwriter) - бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы.
Аффилиирленген тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда)
Базалық пункт (Basis Point) – табыстылық және пайыздық мөлшерлеме бағамының өзгерісін сипаттау үшін қолданылатын пайыздың жүзден бір бөлігі (0.01%).
Банко (итал.Banco) – банк бағалы қағаздарды сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын курс.
Базалық актив (Basis аsset)- стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер.
Брокер (broker) - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы.
Бастапқы бағалы қағаздар нарығы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы.
Биржалық операциялар (Exchange business) – тауарлық және қор биржаларында жүргізілетін операциялар, биржаларда сату-сатып алу мәмілелерін жасау.
Биржалық мәміле (Exchange transaction) – сауда барысында биржалық тауарға қатысты биржалық сауда қатысушыларының арасындағы құқықтарды және міндеттемелерді өзара беру, сату-сатып алу туралы келісім.
Биржалық спекуляция (Exchangig profiteer) – тәуекелдерді төмендету мақсатынсыз, тек бағаның өзгерісінен пайда алу мақсатында жасалатын биржалық операция.
Биржалық тиым салулар (Exchange prohibition) – биржада тиым салынған әрекеттер:
- бағаға әсер ету мақсатында бір тұлғамен немесе тұлғалар тобымен жүзеге асырылатын ірі масштабты мәмілелер;
- конъюнктуралық сипаттағы жалған сыбыстар тарату және т.б.
Бағалы қағаздардың қайталама нарығы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар.
Делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау.
Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет.
Депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз.
Депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым.
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы.
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы.
Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар
Жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды eceпкe алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы.
Жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор.
И07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 24-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi.
Инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартын жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға.
Инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі негізгі активтері осы бағалы қағаздар болып табылатын осы бағалы қағаздардың немесе туынды бағалы қағаздардың рыноктағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат.
Институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға.
Инфрақұрылымдық облигация – эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында орналастырылған облигация.
Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген банк қарызы
Ипотекалық куәлік - негізгі міндеттеме бойынша оның заңды иемденушісінің құқықтарын растайтын ордерлік бағалы қағаз
Қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз.
Қаржы құралы - қаржы рыногының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi.
Қаржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы.
Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға.
Кастодиан - бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы.
Левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы.
Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу, оған енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген.
Лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз.
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар.
Миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер
Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома.
Облигациялық бағдарлама - эмитент бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару.
Оригинатор - секьюритилендіру мәмілесін жасасу кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым
Опцион - шарт, оған сәйкес бiр тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бiр санын осы шартта келiсiлген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн
Пай - инвестициялық пай қорындағы меншік иесінің үлесін, қор активтерін өткізуден алынған ақшаны алуға құқық беретін құжатсыз формада шығарылатын, эмиссиялық, атаулы бағалы қағаз
Пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi
Сауда жүйесi - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмiлелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi.
Секьюритилендіру - бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талапты басқаға беру негізінде қаржыландыру.
Своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмi - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберуге рұқсат етiлген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жасалған тiзiмi.
Трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы
Төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым.
Тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы
Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз
Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы.
Фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.
Хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тәуекелдерден қорғау.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар.
Эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған бiрлестiгi.
