- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
Кредиттiк серiктестiк - жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға.
Кредиттік серіктестік қызметінің заңды аспектілеріне тоқтала келсек, ол өзінің жарғысына қарай қызмет ететін және құрылтай шартына негізделген, шектелген жауапкершілік серіктестік формасында құрылады.
Кредиттік серіктестік, қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын қадағалау және реттеу бойынша Қазақстан Республиканың Агенттігінің бақылауында және мониторингінде болатын ұйым болып табылмайтын, қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз банктік операциялардың жеке түрлетін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Кредиттік серiктестiктер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етедi. Кредиттік серiктестiк оның мемлекеттiк тiркелген кезiнен бастап құрылды деп есептеледi. Кредиттік серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға несиелiк серiктестiк деп атала алмайды. Несиелiк серiктестiк қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.
Кредиттік серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерi енгiзген мiндеттi салымдар мен қосымша жарналардың құны шегiндегi несиелiк серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындардың тәуекелiн өз мойнына алады.
Кредиттік серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Кредиттік серiктестiк уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
Кредиттік серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады және оның қатысушыларының мiндеттi салымдары мен қосымша жарналарынан, несиелiк серiктестiк алған кiрiстерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады. Кредиттік серiктестiктерге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады.
Кредиттік серiктестiктердi мемлекеттiк қолдау республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ауыл шаруашылығы өндiрiсiн несиелеу үшiн тиiстi жылға арналған бюджеттерде көзделген сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкін.
Кредиттік серiктестiктiң құрылтай құжаттары:
1. Кредиттік серiктестiктiң құрылтай шарты
2. Кредиттік серіктестік жарғысы
Кредиттік серiктестiктiң құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:
1) Кредиттік серiктестiкке кiру кезiнде төленуге тиiстi мiндеттi салымның ең төменгi мөлшерi;
2) Кредиттік серiктестiк қатысушыларының мiндеттi салымды салу тәртiбi мен шарттары;
3) Кредиттік серiктестiктiң таза кiрiсiн бөлу тәртiбi болуға тиiс.
Кредиттік серiктестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:
1) Кредиттік серiктестiктiң фирмалық атауы мен орналасқан жерi;
2) Кредиттік серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi;
3) Кредиттік серiктестiкке қатысу тәртiбi мен шарттары;
4) Кредиттік серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;
5) Кредиттік серiктестiк қатысушыларының қосымша жарнаны салу тәртiбi мен шарттары;
6) Кредиттік серiктестiк органдары туралы ережелер, шешiмдер қабылдау, соның iшiнде несиелiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына қатысушылар және өкiл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын басым көпшiлiгi қажет болатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;
7) Кредиттік серiктестiк органдарының арасындағы құзыреттi бөлу;
8) Кредиттік серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртiбi;
9) Кредиттік серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;
10) Кредиттік серiктестiктiң резервтiк капиталын құру және пайдалану тәртiбi болуға тиiс.
Кредиттік серiктестiк уәкiлеттi органға несиелiк серiктестiктiң жарғысына енгiзiлген барлық өзгерiстер мен толықтырулар туралы олар қабылданған күннен бастап бiр айдың iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Кредиттік серiктестiктiң қатысушыларының құқықтары:
1) Кредиттік серiктестiк көрсететiн қызметтердi пайдалану;
2) Кредиттік серiктестiктiң iстерiн басқаруға қатысу;
3) Кредиттік серiктестiктiң органдарын сайлауға және оларға сайлану;
4) серiктестiктiң құрылтай құжаттарына сәйкес Кредиттік серiктестiк қызметiнен кiрiс алу;
5) осы Заңда және Кредиттік серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен Кредиттік серiктестiкке қатысуды тоқтату;
6) серiктестiктiң жарғысында көзделген тәртiппен Кредиттік серiктестiктiң қызметi туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасымен танысу.
Кредиттік серiктестiкке қатысушылардың Қазақстан Республикасының 3aң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.
Кредиттік серiктестiктiң қатысушыларының мiндеттері:
1) құрылтай шартының және жарғының талаптарын сақтауға, несиелiк серiктестiк органдарының шешiмдерiн орындауға;
2) Кредиттік серiктестiк органдарына өзiнiң қаржылық жағдайы туралы қатысушыларды несиелеуге қатысты шешiмдер қабылдау үшiн жеткiлiктi болатындай дұрыс ақпарат беруге.
Кредиттік cepiктecтiккe қатысушылардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттерi болуы мүмкiн.
Кредиттік серiктестiкке қатысу келесідей жағдайларда тоқтатылады:
1) өз еркiмен шыққанда;
2) өз үлесiн Кредиттік серiктестiктiң басқа қатысушыларына немесе үшiншi тұлғаларға иелiктен айырып берген кезде;
3) Кредиттік серiктестiктiң талап етуi бойынша несиелiк серiктестiк қатысушыларының қатарынан шығып қалғанда;
4) Кредиттік серiктестiк қызметi тоқтатылған жағдайда;
5) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да жағдайларда.
Кредиттік серiктестiктен өз еркiмен шығу туралы өтiнiш несиелiк серiктестiк басқармасының қарауына берiлуге тиiс, басқарма өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде оны қарауға және Кредиттік серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына енгiзуге мiндеттi.
Кредиттік cepiктecтiккe қатысу «Кредиттік серіктестіктер туралы» Заңда көзделген тәртiппен қатысушының несиелiк серiктестiк алдында қабылдаған мүлiктiк мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн оның өз еркiмен шығуы арқылы тоқтатылуы мүмкiн.
Кредиттік серiктестiкке қатысушы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде, Кредиттік серiктестiктiң құрылтай және өзге де құжаттарында белгiленген өз мiндеттерiн бұзған, Кредиттік серiктестiктiң алдында өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, сондай-ақ несиелiк серiктестiкке зиян келтiрген жағдайда, серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес ондай қатысушының үлесiн сот арқылы мәжбүрлеп сатып алуды және оның қатысушылар қатарынан шығуын талап етуге құқылы.
Кредиттік серiктестiкке қатысушы үлесiнiң мәжбүрлеп сатып алынуы және шығып қалғаны туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
Несиелiк серiктестiктiң басқару органдары:
1) жоғары орган - несиелiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысы;
2) атқарушы орган - басқарма;
3) бақылаушы орган - тексеру комиссиясы (ревизор).
Кредиттік серiктестiктiң жарғысында байқаушы органдар (байқаушы кeңec) құру көзделуi мүмкiн.
Кредиттік серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi несиелiк серiктестiктiң жарғысында көзделедi.
Кредиттік серiктестiк қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн үш айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi.
Жыл сайынғы жиналыстан басқа, несиелiк серiктестiк басқармасының немесе несиелiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде жиырма бес процентiнiң бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін.
Жалпы жиналыс несиелiк серiктестiктiң жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне және заңға сәйкес шешiмдер қабылдайды, басқарма шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе оны бекiтедi.
Кредиттік серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының айрықша құзыретiне, Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде көзделген мәселелерден басқа мыналар жатады:
1) несиелiк серiктестiк қызметiнiң бағытына;
2) несиелiк серiктестiктiң несиелiк және инвестициялық саясатына;
3) басқарма мүшелерiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың) және несиелiк серiктестiктiң басқа да қызметкерлерiнiң төленетiн еңбекақысы мөлшерiн белгiлеу тәртiбiне;
4) қатысушылардың қосымша жарна енгiзу тәртiбiн белгiлеуге;
5) несиелiк серiктестiктiң активтерiн есептен шығару тәртiбiне;
6) қатысушылардың несиелiк серiктестiкке қабылдану және одан шығу тәртiбiне;
7) шығыстар мен кiрiстердiң жылдық сметасын және оның атқарылуы туралы есептi бекiтуге;
8) есепке алу саясатын қалыптастыруға;
9) жылдық қаржылық есептiлiктi бекiтуге;
10) өзге де мәселелерге қатысты iшкi ережелер мен басқа да құжаттарды бекiту жатады.
Жалпы жиналыс, егер оған несиелiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi қатысса, заңды деп танылады. Күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе жөнiндегi шешiм қатысушылардың айқын басым көпшiлiгiмен немесе бiрауыздан қабылдануға тиiс болатын жағдайда, егер оған барлық қатысушылардың кемiнде үштен eкici қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы.
Кредиттік серiктестiк қатысушысы өзiне тиесiлi төленген мiндеттi салым мен қосымша жарналардың мөлшерiне қарамастан, шешiм қабылдаған кезде бiр ғана дауысқа ие болады.
Жалпы жиналыста шешiмдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Жалпы жиналыста жарғыны бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ несиелiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер несиелiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi айқын басым көпшiлiгi даусымен қабылданады [26].
Жеке және заңды тұлғалардың, олардың қатысушылардың кредиттік және басқа да қаржы, соның ішінде банктік қажеттілігінің қанағаттандыру үшін олардың ақшасын жинау арқылы және Қазақстан Республиканың заңында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қанағаттандыруды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Кредиттік серіктестік қызметінің заңды аспектілеріне тоқтала келсек, ол өзінің жарғысына қарай қызмет ететін және құрылтай шартына негізделген, шектелген жауапкершілік серіктестік формасында құрылады.
Кредиттік серіктестік, қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын қадағалау және реттеу бойынша Қазақстан Республиканың Агенттігінің бақылауында және мониторингінде болатын ұйым болып табылмайтын, қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясынсыз банктік операциялардың жеке түрлетін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады. Кредиттік серiктестiктер жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде құрылады және өз жарғысына сәйкес әрекет етедi. Кредиттік серiктестiк оның мемлекеттiк тiркелген кезiнен бастап құрылды деп есептеледi. Кредиттік серiктестiк ретiнде тiркелмеген бiрде-бiр заңды тұлға несиелiк серiктестiк деп атала алмайды. Несиелiк серiктестiк қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.
Кредиттік серiктестiктiң қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өздерi енгiзген мiндеттi салымдар мен қосымша жарналардың құны шегiндегi несиелiк серiктестiктiң қызметiне байланысты шығындардың тәуекелiн өз мойнына алады.
Кредиттік серiктестiк өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Кредиттік серiктестiк уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде банктiк және өзге де операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
Кредиттік серiктестiктiң мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады және оның қатысушыларының мiндеттi салымдары мен қосымша жарналарынан, несиелiк серiктестiк алған кiрiстерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздерден құралады. Кредиттік серiктестiктерге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады.
Кредиттік серiктестiктердi мемлекеттiк қолдау республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен ауыл шаруашылығы өндiрiсiн несиелеу үшiн тиiстi жылға арналған бюджеттерде көзделген сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкін [5, 26].
