- •Мазмұны
- •1 Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі және қаржылық институттар жіктемесі
- •1.1. Қаржылық институттар мәні және функциялары.
- •1.2. Қаржылық институттар жіктемесі.
- •2. Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері
- •2.1. Қаржылық институттар қызметін реттеудің өзіндік ерекшеліктері
- •2.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің реттеу мақсаты және әдістері
- •2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
- •2.4. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі
- •2.5. Өзін өзі реттеуші ұйымдардың қызметін ұйымдастыру
- •3. Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы мемлекеттік саясат
- •3.1. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі
- •Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары
- •3.2. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы
- •Қаржы секторын қадағалау және реттеу жүйесін нығайту
- •Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы және реттеу тиімділігі
- •Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық қағидатын енгізу
- •Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау рәсімдерін жетілдіру
- •Корпоративтік басқару сапасын және қаржы ұйымдары қызметінің айқындылығын арттыру
- •Жүйелік тәуекелдерді реттеу және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы
- •4. Банктер негізгі қаржылық институт ретінде
- •4.1. Банктер түрлері және қызметін ұйымдастыру
- •Пассивті операциялар өзіндік қаражаттың, тартылған қаражаттың және эмиссияланған қаражаттың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.
- •4.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық құрылымы
- •5. Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері
- •5.1. Инвестициялық қорлар: жалпы сипаттамасы және жіктелімі
- •5.2. Акционерлік инвестициялық қор және инвестициялық пай қорларының қызметін ұйымдастыру
- •5.3. Инвестициялық қорлардың проблемалық мәселелері және оларды дамыту перспективалары
- •6. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметінің ұйымдастырылуы.
- •6.2. Сақтандыру компанияларының қызметін басқару және реттеу ерекшеліктері
- •6.3. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары
- •7. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері
- •7.2. Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың зейнетақы жүйесіндегі орны
- •7.3. Зейнетақы активтерін басқару процесі
- •7.4. Зейнетақы жүйесін жетілдіру перспективалары
- •8. Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы
- •8.1. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі
- •8.2. Кредиттік серіктестіктердің қызметін ұйымдастыру
- •8.3. Ломбардтар және олардың қызметін ұйымдастыру
- •8.4. Депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) Қорының қызметін басқару
- •8.5. Банктік емес қаржылық институттар даму тенденциялары және негізгі өзгерістері.
- •9. Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде
- •9.1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері
- •9.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама
- •9.3. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру
- •Листингтік комиссия тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листингтік комиссия мүшелерінің саны тоғыз адамнан кем емес болады.
- •10. Қазақстандағы Даму институттары
- •10.1. Қазақстан Республикасындағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары және қағидаттары
- •10.2. Қазақстан мемлекеттік даму институттарының қызметі
- •11. Халықаралық қаржылық институттар
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •11.1. Халықаралық капиталдар нарығының қатысушылары – халықаралық қаржылық институттар
- •11.2. Тмд елдерімен және көпжақты интеграциялық институттармен ынтымақтастық
- •«Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша тесттер
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің қаржылық институттар қызметін реттеудегі рөлі
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу мен қадағалауға бағытталған қызмет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған.
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мақсаттары:
1) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы нарығында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың принциптерi:
ресурстар мен реттеу құралдарын тиiмдi пайдалану;
қаржылық ұйымдар мен қаржылық қадағалау қызметiнiң айқындығы;
тәуекелдердi бағалауға негiзделген қаржылық ұйымдарды басқаруды ынталандыру;
жаңа қаржы құралдарын және қызмет көрсетудi дамытуды қолдау арқылы қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың кешендiлiгі, сондай-ақ қаржы нарығына қазiргi заманғы технологияны енгiзу;
қаржылық ұйым органдарының жауапкершiлiгi болып табылады.
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеудiң және қадағалаудың мiндеттерi:
қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау;
қаржы жүйесiндегi тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi;
қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
қазiргi заманғы технологияларды енгiзудi ынталандыру, қаржылық ұйымдардың қызметi және олар көрсететiн қаржылық қызметтер көрсету туралы ақпараттың тұтынушылар үшiн толымдылығын және қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады.
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын бiртұтас уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Уәкілетті орган – Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттік (ҚҚА) болып табылады.
ҚҚА мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiндегi шараларды iске асыру;
2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау;
3) қаржылық ұйымдардың қызметiн peттeу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн көтеру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану болып табылады.
ҚҚА қаржылық ұйымдардың қызметiн реттеу және қадағалау мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, қаржылық ұйымдардың бөлiмшелерiн ашуға келiсiм бередi, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келiсiмдердi беру тәртiбiн айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi не келiсiм беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келiсiмдi берудiң не беруден бас тартудың тәртiбiн айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолданылуын тоқтату және керi қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi, аталған лицензияларды бередi, қолданылуын тоқтатады және керi қайтарып алады;
4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады;
5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық және статистикалық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлiк есеп стандарттары туралы заңдарын қаржылық ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi;
9) қаржылық ұйымдарға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген шектеулi ықпал ету шаралары мен санкциялардың қолданылу тәртiбiн айқындайды және қолданады;
10) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды;
11) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
ҚҚА банк қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мыналарды жүргізеді:
жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi;
банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөнiндегi талаптарды белгiлейдi;
банктiк топтар үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;
активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртiбiн белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды;
банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды;
Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚҚА сақтандыру қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мыналарды жүргізеді:
жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не оларды беруден бас тартады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн қалыптастыруына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерiн орналастыру және инвестициялау тәртiбiн айқындайды;
сақтандыру полистерiнiң нысандары мен мазмұны бойынша талаптарды белгiлейдi;
актуарийлiк қорытынды және оның мазмұнына талаптар негiзiнде аннуитет шарттарын қолдану кезеңiнде тұрақты сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн көбейту тәртiбi мен талаптарын айқындайды;
жинақтаушы сақтандыру бойынша қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына заемдарды беру тәртiбi мен талаптарын айқындайды;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру (сақтандыру полистерi), оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының белгiленген (шарттармен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарын есепке алу тәртiбiн айқындайды;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленген жағдайларда сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру тәртiбiн айқындайды;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚҚА бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мыналарды жүргізеді:
қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, акцияларды шығару және орналастыру, облигацияларды орналастыру мен өтеу және бағалы қағаздар шығаруды жою туралы есептердi қарап, бекiтедi және мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi;
бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналымға жiберудiң және өтеудiң шарттары мен тәртiбiн, мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбiн айқындайды;
бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң, оларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ жоюдың қорытындылары туралы есептердi қараудың талаптары мен тәртiбiн белгiлейдi;
бағалы қағаздардың және туынды бағалы қағаздардың орналастырылуы мен айналысын тоқтату және қайта бастау талаптары мен тәртiбiн айқындайды;
бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар тiзiлiмiн жүргiзедi;
бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен операциялар жасау шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың және институционалдық инвесторлардың инвестициялық қызметiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және өзiн өзi реттейтiн ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚҚА жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеудi және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында мыналарды жүргізеді:
жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне, басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
жинақтаушы зейнетақы қорлары жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн, оны қалыптастыру тәртiбiн және құрамын белгiлейдi;
алушылардың жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi және оның дұрыс жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын аудару тәртiбiн белгiлейдi;
жеке және заңды тұлғалардың ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, осындай келісімді береді не беруден бас тартады;
жинақтаушы зейнетақы қорларының еншілес ұйым құруына және ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына едәуір қатысуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған рұқсаттарды береді не беруден бас тартады;
жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуы жөніндегі талаптарды белгілейді;
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi;
қайта құрылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа қорға беру тәртiбiн белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген жағдайларда зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке берiлген жинақтаушы зейнетақы қорларының лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды;
жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды;
Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қаржылық ұйымдарды және олардың аффилиирленген тұлғаларын, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банктердің тарату комиссияларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын (бұдан әрі - ұйымдар) тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарту арқылы жүргізеді. Тексеру түрлері төмендегі 1 суретте келтірілген.
ҚҚА ұйымды алдағы тексеру туралы жазбаша хабардар етеді. Оның алдағы тексеру туралы хабарламасында тексерілетін ұйым тексеру жүргізу басталарда тексеру тобына беруге міндетті құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Хабарламаның екі данасы ұйымға беріледі, оның біреуі ұйымның хабарламаны алғаны туралы белгі қойылып, уәкілетті органға қайтарылады. Тексеру алдын ала хабарландырылмай да жүргізілуі мүмкін.
Ұйым тексеру басталғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей тексеру тобы жетекшісінің атына мынадай:
1) тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге жауапты басшы туралы және оны ауыстыратын адам туралы;
2) ұйымның қажетті құжаттарды (мәліметтерді) әзірлеуге, оларды уақытында тексеру тобына беруге және тексеру тобынан аралық есептерді алуға жауапты мамандары туралы деректерді қамтитын хатты табыс етеді.
Ұйым тексеру тобына уәкілетті орган тексеруге берген тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкіндігін және ақпаратты тексеру үшін қажетті кез келген көздерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Сурет 2 - Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігімен жүргізілетін тексерулер түрлері
Ұйым тексеру тобына жұмыс жасау үшін жеке үй-жай және өз әкімшілік ғимараттарына кіруге рұқсат береді, өз қызметкерлерінің тексеру тобы мүшелерінің сұрақтарына түсініктемелер (ауызша және жазбаша) беруін, ұйымның қызметіне қатысты ақпараттарға, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен деректер базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді, тексеру тобына қажетті құжаттардың көшірмелерін түсіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ тексеру тобына тексеруді уақтылы аяқтауға көмек көрсетеді.
Тексеру тобы ұйымға қарау үшін берілетін аралық есептер жасауы мүмкін. Аралық есептерге тексеру тобының орындаушысы мен жетекшісі қол қояды. Аралық есептің мазмұнында ескертулер бар болған жағдайда ұйым аралық есепті алған күннен бастап төрт жұмыс күні өткенде өздерінің жазбаша қарсылықтарын табыс етеді.
Аралық есептерде жазылған қорытындылар алдын ала болып табылады және ұйымнан алынған келіспеушіліктер мен қосымша, оның ішінде үшінші тұлғалардан алынған ақпарат ескеріліп, тексеру нәтижелері туралы жиынтық есепте қайта қаралуы мүмкін.
Тексеру аяқталғаннан кейін отыз күнтізбелік күн ішінде ұйымның бірінші басшысының атына тексеру жетекшісі мен оның тікелей басшысы қол қойған тексеру нәтижелері туралы қорытынды есептің екі данасы жіберіледі.
Тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепте жазылған тексеру нәтижелері бойынша келіспеушіліктер болған кезде ұйым тексеру нәтижелері туралы қорытынды есепті алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оларды уәкілетті органға жазбаша түрде табыс етеді.
ҚҚА өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен өзiне берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ешкiмге тәуелсiз. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органның заң тұрғысында бекiтiлген өкiлеттiктерiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқылы емес. Уәкiлеттi орган басқа мемлекеттердiң қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарымен ынтымақтастықта болады және олардың қадағалау функцияларын жүзеге асыруына қажеттi ақпарат алмасуға құқылы [8].
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы заңдарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
