Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карым катынас лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

4 Шет елдермен келіссөз жүргізу ерекшеліктері

Шетелдіктермен келіссӛз жүргізудің арнайы ерекшеліктері болады. Бұл жағдайда келесі ұсыныстарға кӛңіл аудару керек: делегацияның жинақталу сипаты; шешімді қабылдау механизмі; бағалы жобалар; мінез-құлық ерекшеліктері; тәсілдердің тактикалық сипаты; идеологиялық және діни бағдарлар. Делегацияның құрылу сипаты ондағылардың ішкі қызығушылығымен келісуі, топ ішінде ӛзара қарым-қатынастарын, міндеттерін бӛлу. Шешімді қабылдау механизмі делегация мүшелерінің ӛзіндік дәрежесін, жоғары тұратын құрылым бағдарына, нұсқаулығына байланысты. Бағалы жобалар батыс елінің ӛкілдері қабылдауымен, ойлауымен, мінез-құлқымен ерекшеленеді. Американдықтардың негізгі мәдениеті – келіссӛз жүргізу кезіндегі мінез-құлқы. Олар ӛздерінің осы саладағы заңдарына бағынады. Сондықтан да, серіктестер олардың принциптерімен жүруі керек. Келіссӛз кезінде американдықтар ӛздерін ӛте белсенді, тұрақты кӛрсетеді. Олар саудаласуға бар және келісімді толық қабылдай алады. Келіссӛзді құпия жүргізуді ұнатпайды. Мұнда олар кӛбінесе ақпаратты беру түріне емес, оның маңызына кӛп кӛңіл аударады. Оларға қарым-қатынас жасау кезінде қарапайымдылық жарқындылық, тұрақтылық мінезі тән. Оларға ең маңыздысы ұсыныстың нақтылығы шынайлылығы. Есте сақтауыңыз керек, бұл елдің ӛкілдері келіссӛздің нәтижелілігіне шынайы кӛңіл аударады. Кейде пайдалы іс туралы сӛз қозғалса онда оларды тоқтату мүмкін емес. Олар оны бұралаңға салып, алдап кетуі мүмкін. Келісімді қорытындылауға келгенде олардың ұсынысы серіктеске қарағанда ӛте күшті деп санайды. Францияда іскерлік келіссӛз жүргізуге жиі дайындалады. Дегенмен, осыған қарамастан келіссӛз ақырын жүргізіледі. Мұның бірнеше себебі бар:

  • жағдайдың бәрін ескеруге тырысады;

  • келіспеушілікті ұнатпайды;

  • оларда тәртіп бойынша келісімнің артық нұсқасы жоқ;

  • олардың ӛзіндік қарама-қайшылықтары болады;

  • шешімдерді ӛзі жеке жеткілікті қабылдай алмайды.

Бұл елде келіссӛз жүргізу таңертеңгі сағат 11-де басталады. Мұнда негізгі тақырыпты бірден емес, біртіндеп жеткізеді. Француздар сұрақтарды талқылауды кӛзбе кӛз жасауды ұнатпайды. Қайта талқылауды, келісімге келуді талап етеді. Олар сыпайылығымен, «жақсы» қалжыңдарымен ерекшеленеді. Француздармен келісімшарт орнату қорытындысы тұрақтылығымен, қысқалылығымен байқалады. Ағылшындармен жұмыс жӛнінде талқыламас бұрын алдымен ауа райы, спорт туралы айтады. Венгрліктер ӛте эмоционалдылық танытады. Бұл елдің ӛкілдері жұмыс сұрақтарын жеке келіссӛз жүргізу кезінде талқылағанды ұнатады. Неміс халқы келіссӛз кезінде олардың ойынша нақты шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алады. Әр ұсынылған шешімдерді талқылауда дәйектілігін анықтаумен ерекшеленеді. Бұл елде келіссӛз бір немесе бірнеше серіктестердің қатысуымен жүргізіледі. Неміс халқының ұқыптылық, ұйымшылдық мінез-құлығымен ерекшеленеді. Арабтарда келіссӛз жүргізу барысында серіктестер арасында сенімділік орнату маңызы. Олар кӛбіне ӛткеніне, салт-дәстүріне, шамаланған сұрақтарды талқылауға тұспалдайды. Келіссӛз кезінде араптық серіктестер «иә» немесе «жоқ» деген жауаптарды қолданбайды. Қытайлықтар серіктестермен ұсыныстарды талқылауда әріптестік мән мағынаға кӛңіл бӛледі. Сондықтан оларды алдын ала бірнеше апта бұрын таныстыру керек. Келіссӛздерді бастау алдында олар сіздің отбасыңыз, балаларыңыз, денсаулығыңыз туралы сұрауы мүмкін. Бұл елдің ӛкілдері іскерлік ӛзара қатынас кезінде ресми емес байланыс орнатуға ән-мағына береді. Қытайлықтар келіссӛз жүргізуде 3 нәрсеге кӛңіл бӛледі: ақпаратқа қатысты талқылау, серіктес туралы ақпарат және достықтың қалыптасуы. Осыған байланысты серіктестің сыртқы келбетіне, мінез-құлқына, мәнеріне кӛңіл аударады. Бұл барлық қатысушылардың статусын анықтауға кӛмектеседі. Қытайлықтар келіссӛз кезінде ӛз ойын бірінші ашуға тырыспайды. Ӛз салт дәстүріне қарай «қонақ бірінші айтады» деп жол береді. Олар үнемі қолы жеткен мүмкіндіктерді жақсартуға тырысады. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: