Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карым катынас лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]

Дәріс 14. Қатынас кезінде қосымша себепкерлерді есепке алу

Жоспар:

  1. Сыртқы келбет. Киім кию ережесі. Нақты стиль. Шаш үлгісі. Көзілдірік кию. Бояну ережесі.

  2. Қарым-қатынас кедергісі. Мінез ерекшеліктері.

  3. Эмоциялық кедергілер.

  4. Моральды тұрақтылық. Діни бағдар.

  5. Тәрбиенің жасқа байланысты ерекшеліктері.

Дәріс тезистері:

Сыртқы келбет

Әрбір іскер адамның сыртқы киіміне қарап, бірінші танысқаннан бастап оның білімінің, байлығының қандай дәрежеде екенін білдіреді. Іскер ӛмірде ғана емес, жай қарапайым ӛмірде де адамның сыртқы киіміне қарап баға береді. Ең бастысы адаммен танысқанда қалай киінгеніне, сӛйлеген сӛздеріне және ӛзін-ӛзі ұстауы да, оның қоршаған ортаға және ӛзінің дәрежесіне деген жауапкершілігін білдіреді. Сыртқы ортаға әдемі де сұлу болып кӛріну үшін шыдамдылық және нақты қалау керек. Іскер адамның киімі әрбір жағдайға сай келуі керек, ол ӛте жоғары сапалы және де іскер адамның да талғамы ӛте жоғары дәрежеде болуы керек. Мұндай таңдауда қателеспеу үшін, кеңесшілерге жүгіну қажет немесе осы саланы жақсы білетін маманды тандаған дұрыс. Іскерлік киім алуда мына ұсыныстарға кӛз жүгірткен абзал:

1.Сапасы жоғары болуы керек.

2.Қазіргі сәнге сәйкес болуы керек.

3.Кӛзге оғаш кӛрінетін заттардың болмауы қажет.

4.Ӛзінің жұмысына ыңғайлы, үйлесімді болуы керек.

5.Ӛзінің накты стилі жұмыс орнына сай болуы тиіс.

6.Ӛзінің ӛлшеміне және дене бітіміне сай болуы қажет.

7.Ӛзінің шашының, кӛзінің және терісінің түсіне сәйкес болуы керек.

8.Ӛзінің қалтасы кӛтеретін болуы тиіс.

Іскер ер адамдарға күнделікті жүмыс уақытында күз қыс және кӛктем жаз мезгілдерінде қара қоңыр және қара-кӛкшіл түсті костюмдер, ақшыл жейде галстугімен киген дұрыс. Қысқы уақытта галстіктері қара кӛкшіл түсті болғаны абзал, ал жазда жарқын, тек тым ақшыл болмауы тиіс. Жейделер тек ақ ғана емес кӛк және сұрлау түрі болады. Оған сызықтар және білінбей тұратын жолақтар болады. Жеңі ұзын кигенде жейденің қолы 1,5-2 см шығып түру керек. Жиналыс уақытысында пиджактың барлық түймелері салынуы

қажет, тек ең соңғы түймесі салынбайды. Пиджактың түймесін салмай тек креслода және тамақтанған уақытта отыруға болады. Кеудедегі қалташаға зат салынбауы тиіс. Шалбарға келетін болсақ, ол денеге жабыспай кең болып түруы тиіс. Шұлықтарда сурет, сызықтар болмағаны абзал. Ол шалбарға қарағанда үзын және қаралау болуы тиіс. Аяқ-киімдернің түсі ашық түсті болса киюге болмайды. Тек костюмдеріңіз ашық түсті болса, оған түрлі аяқ-киімдер киюге болады. Бірақ, жаз уақытында. Шаш үлгісі және сақал-мұртын іскер кісілерде ұқыпты және күтілген болуы тиіс. Түрлі әшекейлер және кӛп функциональды сағаттарды тағуға тиым салынған. Кейбір жиналыстар спорт алаңында, залдарда және бассейіндерде болуы мүмкін. Сондықтан оған лайықты киімдер болуы тиіс. Мысалы; теннис алаңында болса, онда ақ түсті матадан, ал кемемен саяхатқа баратын болса джинси киюге болады. Аяқ-киімде спорттық, ал кемедегі саяхатқа жеңіл туфлилер киюге болады. Ал, іскер әйелдерге әр түрлі киінуге қазіргі сәндік стильдер мүмкіндік береді. Негізі стиль іскерлік жұмыста 2-ге бӛлінеді: ерлерге және әйелдерге. Қазіргі уақытта кӛпшіліктің қалауы әйелдердің – сәнді киінуінде болып отыр. Әрбір іскер әйелдің киімдерінің ішінде міндетті түрде костюм-юбкасымен табылады. Қыста олар – жүнді, ал жазда- жұқа қағаз секілді түрлерін киген дұрыс. Кӛйлек киюге де болады, тек жеңі ұзын болуы тиіс. Олар қара кӛкшіл,

қара қоңыршаң, сұрлау және ақшыл-кӛк түсті болады. Классикалық сұрлау

түс ұсақ сызықтары болып табылады. Кӛйлекпен жакет киюге де болады, түстері сай келуі тиіс. Жазда ақшыл юбкамен жакет киюге болады. Плащ – тым әсерлі болмауы және юбканы жауып тұрмауы тиіс. Шұлық пен колготкилер – натуралды болуы тиіс (олар: қара - қоңыр, кӛкшіл, қара). Туфлилер – қара қоңыр, кӛкшіл, қара және тым биік болмауы тиіс (4 см). Жаңбырлы күндерде міндетті түрде бір түсті ақшыл емес сәндікке кішкентай қолшатыр болуы тиіс. Әйелдердің шаш үлгісінде қысқалау және тік болғаны абзал. Тым қысқа шаш іскер әйелдерге жараса бермейді (Сидину следует скрывать, если не удается ее эффективно использовать в прическе). Қара түсті іскер әйелдерге – билік құмар, ал ақшыл сарғыш түсті іскер эйелдер – танымал болады. Кӛзілдірік – бір жағынан әйелге салиқалық, ал басқа жағынан тартымдылығын тӛмендетеді. Сондықтан да кӛзілдірік таңдауға аса кӛңіл бӛлу керек. Қара түсті кӛзілдіріктерді жұмыста киюге ұсынылмайды, сұрау бойынша әйелдердің сенімділік білдірмейтінін кӛрсетті. Кӛзәйнектің жиегі орта ӛлшемді ұсынылады: ашық түсті шаштарға – қоңыр түстер, ал қоңыр, қара түстілерге – сәйкесінше қоңыр қара түстер ұсынылады. Іскер әйелдің бояулары кӛзге түспеуі тиіс.Салыстырмалы әшекейлер принципін сақтау аз болғаны жақсы. Егер де бәрі бір киюге мәжбүр болса, олардың функциональды орнына қарап қолдану. Осы заманға сай іскер әйелдің иелігі атташе-кейс иемесе кішкентай сӛмке ешқандай суретсіз, темір-терсектерсіз, ашық түстерсіз, теріден жасалған қоңыр түсті. Әмиянға да осындай талаптар қойылады. Киім таңдағанда аз киім алып, үйлесімділігі кӛп болуы.