Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карым катынас лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]

Дәріс 7. Қарым-қатынастың вербальды емес элементі

Жоспар:

1 Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.

2. Әңгімелесушілердің өзара орналасуы.

3. Дене күйі, қозғалыстары және дене қимылдары.

Дәріс тезистері:

Вербальды емес (сөз арқылы емес) қарым-қатынас адамның сыртқы келбетінің дене және физикалық бөліктерінен, дене күйінің жалпы мағынасы, кеңістікте, аралықта және әңгімелесушінің көзқарастары арқылы түсіну негізінде жүзеге асырылады. Күнделікті өмір көрсеткендей адамдар бір-бірімен сөйлескен кезде біле тұра немесе кейде ойланбай сӛйлесудің белгілі бір техникаларын және әдістерін қолданатынын байқаймыз. Бұл ретте біз үшін айтылған сөздер емес, оның қалай айтылғаны маңызды. Көптеген зерттеушілер әңгіме кезінде сөз арқылы берілетін ақпарат көлемінің 7-10 пайызынан аспайтынын атап көрсетеді. Ақпаратты вербальды емес жолмен алу өте маңызды екендігі қазіргі уақытта кеңінен айтылып жүр, дамыған елдерде азаматтық және әскери бағдардағы барлық жоғары оқу орындарда оқытатын факт растайды, ал оны істей алу кез-келген лауазымдағы және кез келген саладағы адамдарда бағаланады.

Әңгімелесу кезінде хабарламаның мазмұнымен қатар, ым мен пантомимика да маңызды. Халықта «Біз дауыспен айтамыз, бірақ барлық денемен сөйлесеміз» деп бекер айтылмаған. Біздің көбіміз өзіміздің ойларымызды түсінікті және анық айту қабілеттіліктерімен бірге, оларды жақсы жасыра аламыз. Екінші тараптың вербальды емес (сӛзсіз) нысанда білдірілгенін сӛзі

мен әрекеттеріне еріксіз және санасыз реакциясы әңгімелесіп жатқан адамның жай-күйінің нақты куәгерлері болып табылады. Сӛзсіз әңгімелесудің негізгі құралдарына: адамның сыртқы келбеті, дене күйі, кеңістікте бағдарлану, серіктеске дейінгі ара қашықтық, кӛзқарасы, ымдары, дене қимылдары, басы мен денесінің қозғалысы, дене байланыс пен сӛйлеудің ерекшеліктері жатады. Адамның сыртқы келбеті: дене және физикалық құрамдас бӛліктерден тұрады. Біріншісі жасын, денсаулығын, денесінің түзілісін білдіреді, ал екіншісі оның қоғамдағы ахуалын және сол сәттегі кӛңіл күйін білдіреді. Осы құрамдас бӛлік айналасындағыларды жеке адамның әлеуметтік жағдайы, қызметі, талғамдары мен әдеттері, ол ӛзін-ӛзі қалай бағалайтыны туралы мәлімдейді. Адамдардың дене күйі кӛбінесе олардың әлеуметтік мәртебесін, психологиялық жай-күйін, мәдени деңгейі мен мінез-құлқының нақты нормалары бар белгілі бір топқа тиесілігін білдіреді. Кеңістікте бағдарлану серіктестердің әңгімелесу кезіндегі белгілі

орналасуын кӛздейді (отырып, тұрып, қарама-қарсы, бүйірінен, тіке, еңкейіп). Әңгімеге қатысушы адамдардың арасындағы ара-қашықтық таныстығының, қызығушылығының деңгейіне, нысаншылық және ұлттық тиесілігі дәрежесіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін және айтарлықтай шекарада тұрақсызданады.

Әңгімеге қатысушылардың оның әртүрлі кезеңіндегі көзқарастары кӛптеген нәрселерді білдіреді. Олар қызығушылық немесе парықсыздықты, қорқынышты немесе байсалдықты, қайғыны немесе қуанышты, сасқалақтау немесе жиынтықты білдіре алады және көптеген басқа ақпаратты ескеруге көмектеседі. Айтылған ойдың ерекшеліктері сөйлесудің вербальды (сөздік)

бөлігіне өзіндік қосымша бола тұра, жасырып тұрған қобалжудың және сөйлеп тұрған адамның басқа да сезімдерін білдіреді.

2.2 Әңгімелесушілердің өзара орналасуы

Әңгімелесушілердің арасындағы сақталатын белгілі ара-қашықтық олардың мінез-құлқымен байланысты. Әңгіме кезінде кеңістікте бағдарлану. Әңгімелесушілердің үстел үстінде орналасу нұсқалары жәнеоларға тән сипаттарды жатқызуға болады. Проксемика – бұл адамдардың қарым-қатынас үрдісіндегі ӛзара орналасуын зерттейтін арнайы ғылым. Әңгімелесу бойынша серіктестердің орналасуының неғұрлым кең тараған екі нұсқасын (тұрып және отырып) қарастырайық. Тұрып сӛйлесу кезінде әңгімелесушілер ойланбастан бір-бірінен белгілі бір ара қашықтықта орналасады, сонымен ӛздері үшін қажетті жеке кеңістікті қамтамасыз етеді. Бұған қоғамдық кӛліктегі тарлық, лифтіде болу немесе кезекте тұру сияқты орналасулар жатпайды. Ал, отырып сӛйлесу кезінде көп жағдайда адамдар өздеріне ыңғайлы, қолайлы орналасады. «Проксемика» ұғымын алғаш қолданысқа енгізген Э. Холл, ол әңгімелесушілердің арасындағы тӛрт типті арақашықтықты бөліп көрсеткен: сырластық, дербес, әлеуметтік және кӛпшілік. Әрқайсының ерекшеліктерін бӛлек қарайық. Сырластық ара-қашықтық (15-50 см). Тығыз достастықты бейнелейді, ана мен баланың, екі құрбының арасындағы сырды, құпияны айту барысында кӛрініс табатын әңгімелесушілердің арасындағы ара-қашықтық. Батыс қоғамда екі әйел арасындағы мұндай ара қашықтыққа жол беріледі. Ал еркектердің арасындағы осындай ара-қашықтықтағы әңгімелесуі, әсіресе, олар жақын таныс болмағанда ыңғайсыз және қолайсыз болуы мүмкін. Мұндай ара қашықтықта, әдетте, жақсы таныс және жақын адамдар әңгімелеседі. Араларындағы әңгіме байсалды және сенімді нысанада айтылады. Әңгімелесушілер бір-біріне қол тигізе алады. Бұл ерекше аймақ, оны қызғанышпен қорғайды, оның бұзылуына асқан сезімталдық білдіреді. Батыс Еуропада (әсіресе Ұлыбританияда) осы ара қашықтықтың жоғары шекарасы Шығыс Еуропадан гөрі айтарлықтай жоғары және 60 см-ге дейін жететіні байқалды. Сырлас ара қашықтық диапазонының төменгі бөлігі көбінесе Жерорта теңізі елдері үшін тән болады. Егер замануи қаланың жағдайында адамдар әртүрлі мән-жайларға байланысты бір-біріне сырлас ара-қашықтыққа жақындаған болса, олар белгілі ережелер сақтауға тырысады. Қозғалмай тұрады және көршілерге тиіп кетпеуге тырысады. Егер еріксіз тиіп қалса, бұлшық еттері қатая кетеді. Егер қатайтпаса, ал керісінше босаңсып, денелеріне тиіп тұруға мүмкіндік берсе, бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқындағы айқын қателік болып есептеледі. Қаралып жатқан жағдайда тікелей жақындықта тұрған адамдарға көп қарамау ұсынылады, басқа жаққа қарау дұрыс. Дербес арақашықтық 50-130 см. Оны кейде жеке жақындық аймағы деп те атайды. Дербес арақашықтыққа тән екі диапазон бар: жақын (50-80 см) және алыс (80-130 см) диапазон. Бірінші диапазонға қабылдау кештерінде қолда коктейль ұстап тұрып басқаларды қарсы алу тән болса, алыс диапазонды сақтау кезінде серіктеске қол тигізбейді, бірақ, бұл

арақашықтыққа жеке мәселелер бойынша дауласу тән, мысалы, таныс адамдар кӛшеде кішкене сӛйлесу үшін тоқтауы т.б. көруге болады. Қонақта, біз, кӛбінесе, әңгімені алыс диапазонды арақашықтықтан бастаймыз, кейін дербес арақашықтықтың жалпы таныс адамдардың ресми қабылдау кештеріндегі, жақын және туысқандарда қонақта, кештердегі әңгімелесулер үшін үлгілі жақын диапазонына ӛтіп сӛйлесеміз.

Сондай ара-қашықтықтағы әңгімелесу кезінде дауыстың қаттылығы әдетте орташа болады. Әлеуметтік арақашықтық (130-150 см). Әлеуметтік арақашықтыққа тән екі диапазон бар: жақын (130-200 см) және алыс (200-350 см). Жақын диапазонда табыскерді немесе жаңа қызметкерді кеңседе қабылдау, басшының қарамағындағы қызметкерлермен әңгімелесуін жатқызуға болады. Осындай арақашықтықта адамдардың кездейсоқ жиындары да өтеді.

Әлеуметтік арақашықтықтың алыс диапазонында басшының кабинетіндегі ұзын үстелдегі отырыстар өтеді. Мұндай арақашықтық ӛзіндік қорғау сезіміне тән, бұл ретте өз ісімен айналыса отырып,14 құрметпен қарау сезімі кӛрінеді. Мұндай арақашықтықта әдетте семинарлар, пікірталастар және баспасӛз-конференциялары өтеді. Мұндай жағдайдағы қарым-қатынасқа кабинеттер мен фирмалардың кеңселері пайдаланады. Көпшілік арақашықтық 350 см астам. Оны сондай-ақ, қоғамдық ара-қашықтық деп атайды. Оның да екі диапазоны бар: жақын (350-500 см) және алыс (500 см астам). Бірінші диапазон ресми емес жиналыстар үшін пайдаланылады. Алыс диапазон кӛпшілікке баяндамалар, оның ішінде трибунада сөз сөйлеу жатады. Мұндай арақашықтықта саяси қайраткерлер халықпен кездесуін атауға болады. Бұл қарым-қатынас үшін қатты сөйлеу, мұқият сӛз тыңдау және дұрыс айту тән. Жеке тұлғалық кеңістіктің келтірілген типологиясын мысал ретінде қарауға болады, ӛйткені әртүрлі елдерде ұлттық мәдениет пен әдет-ғұрыптардың ерекшеліктеріне байланысты оның айтарлықтай ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы, аталған диапазонның арғы бӛлігін әңгімелесу кезінде ағылшындар, жаңа зеландиялықтар және австриялықтар басымдық береді. Орташасына солтүстік американдықтар, немістер, швейцариялықтар, австриялықтар, финдар және орыстар пайдаланылады. Кішісіне испандар, француздар, итальяндар, гректер, арабтар, жапондар және оңтүстік американдықтар басымдылық береді. Әрбір адамның әртүрлі жағдайдағы соның шеңберінде ӛзін ыңғайлы сезінетін ӛзінің кӛлемі бар дербес жеке тұлғалық кеңістігі болады. Тарлық сезімі адамдарды қауырт, мазасыз және ашулы қылдырады. Егер бұл ұдайы болып тұрса, адамды стреске және невроздарға әкеп соғуы мүмкін. Тынымсыз, эмоционалды және жанжал адамдар әңгімелесіп тұрған адамнан алысырақ тұруға тырысатыны байқалды, ал тынық, салмақты және қарым-қатынасты адамдар әңгімелесіп жатқан адамға жақын тұратыны байқалды. Адамдар ұнайтын адамға жақынырақ орналасады, алайда, түйсікті біз, әдетте, ӛкілеттіктері немесе жағдайы бізден жоғары адамнан айтарлықтай ара қашықтықта тұрамыз. Әңгіме кезіндегі ӛзара орналасу әңгімелесіп жатқан адамдар арасында белгілі қашықтықпен ғана емес, кеңістіктегі бағдарымен сипатталады. Әдетте бірін-бірі жақсы білдетін немесе жұмыс бабымен ынтымақтасатын адамдар іргелері тиіп тұрып сӛйлеседі. Әңгімелесіп тұрған адам еңкейіп қисаюы ілтипат және назар білдіру деп танылады. Әңгімелесіп тұрғандардың үстелдегі ӛзара орналасуы әңгімеде маңызды болады. Әңгіме немесе кеңес кезінде біз басшыға қарай қандай орын алып тұрғанымыз біз сол сәтте айтып тұрған ойларымызға басқа басшылар мен әріптестердің кӛзқарасына байланысты болады. Іскерлік әңгімеге қатысты сондай орналасудың тӛрт нұсқасын ерекшелейді: бұрыштық, жанында, тікелей қарама-қарсы және шеттеліп қарама-қарсы отырады. Әңгімелесіп жатқан адамдардың бұрыштық орналасуы бірін-бірі жақсы білетін немесе жұмыс бабымен ынтымақтасатын адамдардың еркін достық әңгімесі үшін тән. Мұндай орналасқан кезде үстел аумаққа бөлінбейді. Әңгімелесіп жатқан адамдардың үстелде қасынан орналасуы жалпы шешімдер пысықтау және талқылау үшін қолайлы. Мұндай орналасу мәселелерді бірлесіп шешкен кезде тиімді іскерлік ӛзара іс-қимыл жасасуға ықпал етеді. Әңгімелесіп жатқан адамдардың «тікеден қарама-қарсы» орналасу позициясы көбінесе бәсекелестік және күресу ахуалын көрсетеді, ал анда-санда лауазым немесе жұмысының жағдайы бойынша басымдылықты білдіреді. Мұндай жағдайда әңгімеде қолайлы ахуалға қол жеткізуқиындау болады. «Шеттеле отырып қарама-қарсы» сызбасы бойынша орналасқан әңгімелесушілер бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға ниеттері жоқ екенін, өз тұрғысының тәуелсіздігі мен ынтымақтасуға мүдделі еместігін білдіреді. Үстелдің нысаны әңгіме мен келіссӛздердің ахуалына әсер ететіні байқалады. Мысалы, төрт бұрышты және тік бұрышты үстелдер отырған адамдардың, әсіресе олар бір-біріне қарама-қарсы орналасқан кезде бәсекелестік және қарама-қарсы келу ахуалына ықпал етеді. Үстелдің сондай нысаны әңгімелесіп жатқан адамдардың арасындағы субординациядағы айырмашылықты күшейтеді. Керісінше, дөңгелек үстел ресми емес және қолайлы ахуалға, келісімдерге қол жеткізуге ықпал етеді. Іскерлік әңгімелесудің белгілі психологиялық ахуалына қол жеткізу шін үстелдегі нақты орны, оның терезеге, есікке орналасуы өте маңызды жағдай болып табылады. Әңгімелесіп жатқан адам үстелде есікке арқасымен отырған дұрыс деп есептеледі. Егер оның артында ашық кеңістік болса (терезе немесе есік), ол өзін қолайсыз сезінеді. Мән-жайларға байланысты әңгіме немесе кеңес кезінде үстелде нақты орын алдын ала белгілене алады немесе қабылдаушы тарап соңғы сәтте ұсына алады, ал анда-санда оны таңдау кеңеске қатысушылар немесе келушілер өздері таңдайды.

2.3 Дене күйі, қозғалыстары және дене қимылдары

Адамның болып жатқан оқиғаға көзқарасын сөзсіз білдіретін қозғалыстарға: дене күйі, қозғалыстары және дене қимылдары жатады. Олар тек нақты адамды сипаттайды деген пікір бар. Дегенмен, сөзсіз қимыл арқылы кӛзқарасын білдіруде қолданылатын қимылдарда әлеуметтік мәртебе, мәдени нормалар және жеке тұлғаның белгілі психологиялық жай-күйі көрінеді. Дене күйі – адам кеңістікте қабылдайтын дене қимылының оған ілесетін немесе оны ӛзгертетін қозғалыстарымен келісуі. Көптеген адамдарға тән кейбір үлгілі дене күйлерін қарайық. Мысалы, атап айтқанда, «ашық» және «жабық» дене күйлері ерекшеленеді. Бірінші дене күйі үшін бұлшық еттердің босаңсуы, әңгімелесіп жатқан адамға бет бұру, аяқ-қолдарының айқаспауы, бетке тік қарау тән. «Жабық» дене күйінде адамның жекелеген дене мүшелерінің бұлшық еттері қатаяды, еденге немесе басқа жаққа қарап отырады, қолдары немесе аяқтары айқастырылады. Біз өмірде жиі байқайтын кейбір дене күйлерін сипаттау үшін танымал сөздік айқындаулар пайдаланылады. Мысалы, «ол басын биік көтеріп келе жатты» немесе «ол жартылай еңкейіп тұрды». Біздің әрқайсымызда жақсы көретін бір немесе бірнеше дене күйлеріміз бар, олар сол сәттегі көңіл-күйімізге сәйкес келмеуі де мүмкін, бірақ айналадағы адамдар оларды жиі қолдануды әдет деп емес, нақты мән-жайға әрекет ретінде бағалауы мүмкін. Емін-еркін дене күйінде тұрған адаммен сӛйлесу оңай. Айқастырылған қолдар мен аяқтар әдетте, адамның қорғаныс әрекеті мен оның сол сәтте сӛйлескісі келмейтінін білдіреді. «Қолдарымен иегін ұстап тұру» дене күйі серіктес қатты ойланғанын немесе болып жатқан жағдайда қызығушылығы жоғалғанын білдіреді. Егер адам әңгіме кезінде сізге еңкейсе, оған сізбен әңгімелесу оңай

және қызықты екенін, ал ол орындықта немесе креслода шалқайып отырса, оның сіздің хабарламаңызға теріс әсерін білдіреді. Бағынбауды білдіру – әңгімелесіп жатқан адам бүйірін таяп тұрған дене күйі, алайда, кейбір жағдайда бұл дене күйі жұмысқа кірісуге дайындықты білдіреді. Қолдарын артында ұстау – өзі-өзіне нақ сенімді болу дене күйі, бірақ бір қолы екінші қолының алақанынан ұстап тұрса, бұл кейбір сенімсіздік белгісі. Басының артына жіберілген қолдары, әсіресе, орындықта шалқаюмен ілескен кезде басқалардың алдында басымдылығын еріксіз білдіру немесе ӛзінің билігін сезіну дене күйі. Кейбір жағдайда бұл дене күйін ескерту ретінде түсінуге болады «Сіз мені алдай алмайсыз, мен осындай жағдайды білемін». Үстелде отырған адамның қолдарының тұрғысы маңызды заттарды білдіре алады. Әңгіме кезінде қолдарын үстелдің астында ұстайтын адам әңгімеге дайын емес немесе өзінің қобалжуын жасыруға тырысып жатыр деп есептейді. Бұл ӛзіндік қорғану дене күйі де бола алады, оны келуші адам тым белсенді әрекеттер кезінде қабылдаушы тарап пайдаланылады. Егер әңгіме кезінде сіздің серіктесіңіздің денесі сізге, ал аяқтары басқа жаққа қарап тұрса, ол адам әңгімені тез арада аяқтап, кеткісі келіп тұрғанын білдіреді. Тұрған кезде тығыз жақындаған аяқтар бағынуды немесе қорқынышты, сондай-ақ, сол сәтте келісуге және пікірін өзгертуге келісімін білдіреді. Дене қимылдары да көптеген жағдайды білдіреді. Оларға деген ӛзінің сезімі мен көңіл- күйін білдіру құралы ретінде көзқарас әртүрліелдерде әртүрлі болады. Мысалы, дене қимылдарын жиі қолданатын француздар итальяндықтардан тӛрт есе артта қалады, ал бұл тұрғыда скандинавтар дене қимылдарын мүлдем пайдаланбайтын сияқты көрінеді. Маңызды жағдайда адамдар ӛз дене қимылдарын бақылауға тырысады, өйткені олар жасырғысы келетін шынайы сезімдерін білдіретінін түсінеді. Мұндай жағдайда аз дене қимылдарын көрсетуге тырысу керек. Алайда, толығымен оны болдырмау қиын. Адамдар сөйлескен кезде пайдаланатын жекелеген дене қимылдарының мағыналық маңызын оның әрқайсысы дербес білінбейтінін, оны әдетте басқа параллельді белгілер ілесетінін ескере отырып қарайық. Нақты мәдениеттерге тән интернационалды және ұлттық дене қимылдарын бӛліп кӛрсетуге болады. Интернационалды дене қимылдарын шартты түрде келесі белгілер бойынша бірнеше топқа бӛлінеді: ашықтық, күдіктілік және сенімсіздік, келіспеушілік, жасырындық, агрессия, қорғану, ойлану және бағалау, сенімділік пен басымдылық. Ашықтық дене қимылдары – серіктеске қарай қадамдар, сенімділікке шақыру. Оларға қолдарының алақандарын жоғары қаратып тарту, саусақтарын ажырату, киімін ағыту немесе тіптен оны шешіп тастау.

Әңгімелесіп жатқанда киімін ағытып тастаған ер адамдар келісімге жиі және тез келеді.Сенімсіздік және күдіктілік дене қимылдары әңгіме бойынша серіктеске күдікті немесе сенімсіз қарауды білдіреді. Оған белгі болып мұрнын ұстау, оны сипау, сондай-ақ еңінен қарау. Осы топтың басқа үлгілі дене қимылы болып көзін сүртіп қою. Әйелдер еркектерге қарағанда мұндай жағдайда саусақпен көзінің астынан жүргізеді. Келіспеу дене қимылдары әңгіме бойынша серіктес ұсынылып жатқан көзқараспен немесе пікірмен келіспеген жағдайда көрсетіледі. Егер әңгімелесуші иегін үлкен және майысқан ортаңғы саусағымен қысқандай ұстап тұрса және бұл ретте оның екінші саусағы бетінде көлденеден тұрса, ол келтіріліп жатқан негіздерге сын көзбен қарайтынын білдіреді. «Айқастырылған қолдар» дене қимылының нұсқасында үлкен саусақтар көлденеден ұсталып, ақырындап қозғала алады. Бұл дене қимылы адамның болып жатқан жағдайға теріс көзқарасын және кейбір іскер адамдар жиі қолданатын басымдылықты көрсетеді. Ұсынылып жатқан пікірмен келіспеу туралы, атап айтқанда, отырған адамның шешім қабылданып жатқан үй-жайдан шыға беріс жағына аяғын бұрып отыру білдіреді. Жасыру дене қимылдары адамның әңгімелесіп жатқан адамнан бірнәрсе жасыру ниетін білдіреді. Бұл жағдайда ол еріксіз көздерін немесе иегін сүрте береді, аузын, көздерін немес құлақтарын қолдарымен жабуға тырысады, басқа жаққа қарап отырады, сөйлескен кезде өтірік жөтеледі. Психологтар өтірік айтып жатқан адамды, ол айқындықты жасырғысы келсе де, дене қимылдары білдіріп қояды деп есептейді. Бұл жағдайда әңгімелесіп жатқан адамның күйгелектігін жасырып жатқан өтірігінен айыру маңызды. Өтірікті қалай айыру және анықтау туралы әрі қарай арнайы тарауда толығырақ айтылады. Агрессияны білдіретін дене қимылдары қолдың саусақтарын тізеде айқастыру, жұдырығын тұю, қолдарын белде ұстау және бұл ретте аяқтарын алшайтып тұру, сұқ саусағы әңгіме бойынша серіктестігінің жағына бағытталған. Егер әңгімелесіп жатқан адам шабуыл тұрғыға өту күйінде тұрса немесе дұшпандық білдіре бастаса, күйгелектіктен айырылу үшін өзінің сөзін және қимылдарын баяулату керек, ал ол көмектеспесе, әңгіменің тақырыбын ауыстыруға тырысу керек. Қорғануды білдіретін дене қимылдары әңгімелесуші қауіп-қатерді сезген кезде кӛрінеді. Оны кеудесінде айқастырылған қолдары білдіреді. Бірақ, кейбір жағдайда ол - өзіне сенімділік пен жан тыныштығын білдіреді. Осы топтың дене қимылдарына қолдарды айқастыру, қол буындары иықтарды күшпен саусақтары ағарғанша құрсаулау жатады. Мұндай дене қимылы қарама-қарсы тұруда шекті күштенуді білдіреді. Бұл сәтте серіктес сізге суық кішкене сығарайған көзқараспен, кейбір жағдайда жасанды күліп қарай алады. Мұндай кезде шиеленіскен жағдайды азайту жөнінде шаралар дереу қабылдау керек, немесе ол өзін бақыламауы мүмкін. Ойлану және бағалау дене қимылдарына «қолдары бетінің қасында» жақсы танымал дене қимылы жатады. Біл бірінші кезектен қызығушылық білдіруді растайды. Осы топқа жататын басқа дене қимылы болып «кеңсірікті уқалау» болып табылады. Бұл әдетте көзді жабумен, болып жатқан жағдайды терең ойланумен ілеседі. Шешім қабылдау сәтінде, әсіресе шешім қалыптасу кезеңінде болған жағдайда, әңгімелесуші иегін аздап қасып, көздерін сығырайта алады. Өзіне сенімділік пен басымдылық дене қимылдары «білектерін ұстап, қолдарын арқасының артына жіберуді», «қолдарын басының артына жіберуді» қамтиды, екінші жағдайда бұл өзіндік алдында айтылып кеткен басымдылықты білдіреді. Осындай дене қимылдар түріне қол саусақтарын пирамида ретінде жинау және қолдарды қалтаға салып, үлкен саусақтарды сыртқа шығарып қою жатады. Күйгелектік пен сенімсіздікте қолдары мен саусақтарының айқастырылуы, алақандарын уқалау, қолдарын аздап сипалау, құлағын, көздерін немесе киімінің жағасын тарту, сақиналарын, білектері немесе қолдарындағы сағаттарды дұрыстап отырады. Әңгіме барысында жасап жатқан барлық дене қимылдары шартты түрде екі топқа бӛлінеді: дербес және қосымша дене қимылдары. Бірінші жағдайда оларды коммуникативті және мәнерлі деп атайды, екінші жағдайда суреттеу деп аталады. Дене қимылдарының бірінші тобына жеңіске жету, қауіп төндіру, амандасу, тыйым салу, алғыс білдіру және т.с.с. қимылдары жатады. Екіншіге қуану, таңқалу, масаттану, мақұлдау, сасқалақтау секілді дене қимылдары жатады. Осы топтың дене қимылдары көбінесе еріксіз, яғни адам жасырғысы келген болады. Әңгімелесуде сөздің мазмұны дене қимылдарына сәйкес келмейтін және керісінше бірін-бірі толықтыратын жағдайлар болады. Орынды дене қимылдары қызығушылық пен жылы шырайлы білдіретінін, артық дене қимылдары – алаңдау мен сенімсіздікті білдіретінін ескеру керек. Әрине, көптеген дене қимылдары көп функционалдық болып табылатынын, ал кейбіреулері әртүрлі елдерде әртүрлі мағынаға ие екенін ұмытпау керек,

бірақ ол туралы кейіннен айтылады. Әңгіме айтып жатқан адамның басын еңкеюі көп нәрсені білдіреді, егер оның әртүрлі ерекшелігі адамның белгілі жан дүниесін білдіретінін ескерсе. Мысалы, басты сол жаққа енкею – тұрмыстық шаруаларды ойлау белгісі. Мұндай жағдайда әңгімелесіп жатқан адам сіздің тұрғыңызды түсінеді деп ойлауға қиын. Оңға еңкею – философиялық көңіл-күйді, ойға батуды білдіреді. Алға еңкею – өзін кінәлі сезіну, ар-ожданы алдында азап шегу күйін байқатады. Жартылай артқа еңкейту (басын жоғары ұстау) – сол сәтте өзіне сенімділікті көрсетеді. Адамның тік тұруы адамның байсалдылығы мен салмақтылығын білдіреді. Адамның басын көтеру және тік ашық көзқарас оның қарамағындағы адамдарға ықпал етуін білдіреді. Сөйлескен кезде тез бұрылу немесе басын еңкейту сол мезетте айтқысы келіп тұрғанын білдіреді. Адамның эмоционалды жай-күйі туралы оның жүрісі бойынша айтуға болады, адамның жүрісі оның қозғалу стилі мен әдетін сипаттайды. Мысалы, ашуланған кезде – ол ауыр, кербездік көрсеткен кезде – кең, қуанған кезде – жеңіл, азап шегу және қайғыру кезінде тұнжыраңқы болады. «Аршынды» (қадамдары үлкен) жүріс әдетте мақсатты және жігерлі адамда болады, ал үзілген және «сүрініп жүру» сенімсіз және жасқаншақ адамды сипаттайды. Қысқа және ұсақ қадамдар сақ, ұқыпты және тәсілқой адамда болады.

Біздің жүрісіміздің қосымша сипаттамасы үшін адамдар арнайы етістіктерді пайдаланады. Олар жүріп тұрған адамның асығыстығын немесе белгілі кӛңіл күйін көрсетуге көмектеседі. Мысалы, адам «зымырайды», «шабу» немесе «ұшып тұру» уақыттың тығыздылығы немесе бара жатқан орнына дереу келу кезде барады; «баяу жүру», «асықпай бару» өте басымды немесе дұшан болу жағдайында болады; «сенделіп жүру» және «әрең-әрең жүру» жұмысы болмаған кезде, сондай-ақ сасқалақтаған кезде білінеді. Сөйлесу кезінде басқа адамға қол тигізу өте маңызды, замануи уақытта оны тиімді пайдалануға қол алысу кӛмектеседі. И.Кант осыған орай қолды «мидың кӛрінетін бӛлігі» деп бекер айтпаған. Әрқашанда қол алысу серіктес туралы белгілі ақпарат білдіреді. Қолды тым қатты қысу әсер тигізу ниетін білдіреді. Тым әлсіз және қысқа қысу құрғақ қолдардың осал қол алысуы жасырған немесе керісінше кӛрсетіп тұрған парықсыздық пен немқұрайдықты білдіруі мүмкін. Ұзақ қол алысу және тым дымқыл қолдар адамның қатты алаңдауын

білдіреді. Аздап созылған қол алысу және күлімдеп, жылы қарау достық ниетті білдіреді. Қолдарды көп сілкілеу көбінесе жасандылықтың белгісі. Саусақтарының шетін намысқор тәкаппар немесе өте селқос адамдар береді.

Серіктестің қолын өз қолында ұстап қалу ұсынылмайды, өйткені ол басымдылығын көрсету үшін оның қолын әдейі ұстайды деген сезімнен ыңғайсыздық пен тітіркенуі мүмкін. Қол алысқан кезде алақанды әртүрлі айналдыру белгілі мағынаға ие болуы мүмкін. Егер сіз серіктестің қолы алақанымен тӛмен бұрсаңыз, ондай қол алысу сіздің тарапыңыздан билік кӛрсету деп есептеледі. Сіз әңгімеде басымды болуыңыз келетінін білдіресіз.

Егер сіз қол алысу үшін алақанды бетімен қаратып берсеңіз, сіз бойсұнушылықты, ниет түзулікті, әңгіме бастамасын серіктеске беруге дайындығыңызды білдіресіз. Егер қол алысу кезінде серіктестер қолдарын бірдей орналастырса, екі тарап бір-біріне қадір-құрметпен қарайтынын және өзара түсіністікке бағытталғанын білдіреді. Тіке (майыстырмай) қол алысу құрметтемеу белгісі болып табылады. Бұл теңсіздікті өзіндік білдіру және ара-қашықтықты сақтаудың жасырын ниеті. Екі қолмен амандасу серіктеске байланысты шын ниет пен сезімнің тереңділігін білдіреді және жақсы танитын адамдарға қатысты қолданылады. Егер қол алысу кезінде екінші қолы серіктестің шынтағына салса, бұл білегін ұстаудан көрі көбірек сезімді білдіреді. Егер қолын иығына салса, бұл одан да терең сезімді білдіреді. Тым қатты емес және тым осал емес дұрыс амандасу деп есептеледі. Қол алысуға басқа да кӛзқарастар бар олар: барабар, сұрау, басымды және еліктейтін төрт бағытта қарастырылады. Барабар деп оны серіктестің қол алысуы сияқты (жылдамдығы, қаттылығы, ұзақтылығы және сілкілеудің болуы) бергісі келетіндіктен аталады. Іс жүзінде бұл сізге қарама-қарсы отырған адамға қол алысу кезінде жетекші роль берумен қол жеткізіледі. Оған дұрыс жауап бергеннен бұрын ол қалай жасайтынын барлық құрамдас бөліктерін түсініп алу үшін бір сәт күте тұрыңыз, содан кейін жауап беріңіз. Бұл ретте серіктестің қолын тек ол сіздің қолыңызды жібергеннен кейін жібере салыңыз. Тәжірибе кӛптеген адамдардың қол алысуына ыңғайлану керек екенін кӛрсетеді. Алайда, «қатты» немесе «әрең-әрең» қол алысатын адамға қатысты осыны қайталау керек емес, ӛйткені бірінші жағдайда сіз жарақат ала аласыз, ал екінші жағдайда болашақтағы қарым-қатынасты бүлдіріп аласыз. Сұрау қол алысу басты сұрақты қоюдың ерекше тәсілі үшін пайдаланылады – серіктес сіздің ойларыңызға қаншалықты қарсылық білдіретінін білу үшін. Бұл келесі әдіспен тексеріледі. Сіз алақаныңызды аздап ашып (сағат тілі бойынша тігінен аздап бұрылған) қолыңызды бересіз.

Сіздің қолыңызды алғанда серіктес оны сол бағытта әрі қарай бұруға тырысады. Сіз оны қарсы бағытта бұруыңыз керек. Бұл қозғалыс әзер байқалатын болуы керек және қол алысу басталғаннан кейін жасалуы тиіс егер сіз бұл ретте серіктестің буындарында қатты қарсылық сезсеңіз, оны мінезі қайсар және осы сәтте оның тарапынан оңай келісім болмайтыны және керісінше екенін білдіреді. Басымды қол алысуды пайдаланылатын адам екінші тарапты алақаны жерге қараған қолды ұсыну арқылы бағынысты жағдай алуға мәжбүрлеу мақсаты бар. Оған қарсылық білдіру үшін біріншіден, серіктестің қолын қарама-қарсы бұруға тырысуға болады, екіншіден, (бұл неғұрлым тиімдірек), алға кішкентай қадам жасап, қысқан қолын өзіне тартуға болады. Үшіншіден, сіз ӛзіңіздің бос қолыңызды қолдардың үстінен қоя аласыз, бұл ауызша айтылмаған «мен бәрібір бағынбаймын» деген сөздермен тең болады. Еліктейтін қол алысу – бұл негізінен толық қол алысу емес, бұл кезде бізге қолдың буындарын емес, білегін ғана ұсынады. Қалыптасқан қиын және сізге жағымсыз жағдайдан шығу үшін сол қолыңызбен серіктестің он қолының білегін ұстап, кӛздеріне байсалды қарап, оң қолыңызды оның білегіне итеріп жіберіп, қалыпты қол алысу ұсынылады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: