Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карым катынас лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

Практикалық сабақтардың жоспары

1 Тақырып. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері Практикалық сабақ жоспары:

  1. «Қарым-қатынас» пәні түсінігі және негізгі принциптері.

  2. Қарым-қатынас мәселелері.

  3. Қарым-қатынас түрлері.

  4. Қазақстандағы нарықтық қатынастарда рухани-адамгершілік потенциалдың дамуы.

Сабақ мақсаты:

Қарым-қатынас психологиясы туралы білімдермен қаруландыру. Қарым-қатынастың құрылымын, түрлерін меңгерту.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарым-қатынас дегеніміз не?

2. Қарым-қатынас түрлері.

3. Қарым-қатынас түрлеріне бағытталған әңгіме түрлерінен

мысалдар келтіріңіздер.

4. Қарым-қатынас барысындағы адамдардың ерекшеліктерін

анықтайтын ұғымдарды атап, түсінік беріңіз.

Блиц-тест:

1. Адамдардың бірін-бірі тануымен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар – бұл . . .

А. коммуникация;

В. интеракция;

С. қарым-қатынас;

Д. перцепция;

Е. ортақтасу.

2. Мақсатына қарай қарым-қатынас психологиясы тұлғааралық ортақтасудың неше түрін ажыратады?

А. үш;

В. екі;

С. төрт;

Д. бір;

Е. жеті.

3. Психологиялық қорғаныстың неше жолы бар?

А. бір;

В. төрт;

С. бес;

Д. үш;

Е. екі.

4. Көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайтындар адамның қай типіне жатады?

А. холерик;

В. астеник;

С. атлетик;

Д. акробатик;

Е. пикник.

5. Р.С.Немов күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін қай тәсілдерді қолдану керек деді?

А. бітіс тану;

В. алғашқы әсерлену;

С. жаңалықты әсерлену;

Д. асыра сілтей әсерлену;

Е. барлық жауап дұрыс.

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]

2 Тақырып. Қарым-қатынастың коммуникациялық сипаттамасы

Практикалық сабақ жоспары:

  1. Тұлғааралық қатынастағы кері байланыс.

  2. Коммуникациядағы кедергі туралы түсінік.

  3. Коммуникациядағы ықпалдау.

  4. Қарым-қатынас барысындағы ақпарат алысу деңгейлері.

Сабақ мақсаты:

Білім алушыларды тұлғааралы қарым-қатынас теорияларымен және қарым-қатынастың коммуникациялық сипатымен таныстыру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарым - қатынаста өзара түсінудің механизмдерін түсіндіру;

  2. Тұлғаарлық қарым-қатынастағы коммуникацияның алатын орны;

  3. Коммуникация үрдісіне нелер жатады? Оларға анықтама беріңіз.

Блиц-тест:

1. Өзінің ым-ишара, дене қимылдарын көрсететін белгілік жүйесі:

A) Паралингвистикалық.

B) Проксемика.

C) Экстралингвистикалық.

D) Оптико-кинетикалық.

E) Көзбен көру қарым -қатынасы.

2. Қарым-қатынастың демократиядық стиліне жатпайтын сипаты:

A) Бала деген құрмет және жоғары түрде талап қоя білу.

B) Кері байланысқа қажеттілік.

C) Жағдайларға әсер ету тәртібінің саны.

D) Өзінің қателігін мойындауға икемділігі.

E) Баланың позициясын қабылдауға және түсінуге икемділігі.

3. Қарым - қатынас процесінде серіктестердің бірін-бірі қабылдау процесі:

А) Интернализация.

B) Интроспекция.

C) Әлеуметтік интеракция.

D) Әлеуметтік коммуникация.

E) Әлеуметтік перцепция.

4. Белгілі бір ақпаратты білдіретін белгілер жүйесі:

А) Зейін.

В) Ойлау.

С) Сөйлеу.

D) Түсіну.

Е) Қабылдау.

5. ХІХғ. басында коммуникативтік мектеп теориясын негізін қалаған ғалым:

A) В.Вунд.

B) Дж.Дьюи.

C) С.Қ.Бердібаева.

D) Б.Г.Ананьев.

E ) Ж.Ж.Руссо.

Әдебиеттер: