- •Дәрістік кешен (дәріс тезистері, иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі); і модуль. Қарым-қатынас психологиясы пәні және міндеттері
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 17, 20, 21]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •А) Туған – туыстар арасындағы.
- •Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
- •Іі модуль. Тұлғаның әлеуметтенуі және іскерлік қарым-қатынас
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14 Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •1. Қазіргі жастардың әлеуметтену каналдары
- •2 Жастардың әлеуметтену механизмі
- •3 Әлеуметтенудің әлеуметтік-психологиялық мәселелері
- •4 Әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени мәселері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •1 Қарым-қатынас жасау туралы жалпы мәлімет пен ұсыныстар
- •2 Телефонмен қарым-қатынас жасауға дайындық
- •3 Радио және теледидар арқылы қарым-қатынас жасау ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Келіссӛздердің негізгі сипаттамалары
- •2 Келіссӛздерге дайындық
- •3 Серіктеске қойылатын сұрақтар және келіссөздер жҥргізу
- •4 Шет елдермен келіссөз жүргізу ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік таласты жҥргізу
- •2 Сынның әртҥрлілігі мен формалары
- •3 Сынай білу
- •4 Сынды қабылдау және оның негізгі жауаптары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Қарым-қатынас кедергісі
- •4 Тәрбиенің жасқа байланысты ерекшеліктері
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •1 Іскерлік әсер
- •2 Психологиялық әсер
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •2 Модуль бойынша Иллюстрациялық және үлестірмелі материалдар:
- •Практикалық сабақтардың жоспары
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 4, 5, 6, 8, 11,12] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 13, 18, 19, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 11,12,13] Қосымша әдебиеттер: [2, 5, 12, 13, 18, 19, 22, 23, 26]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 10, 11,12,14] Қосымша әдебиеттер: [2, 9, 12, 15, 16, 21, 26, 27]
- •Негізгі әдебиеттер: [ 1, 2, 4, 5, 6, 8, 11, 12, 13] Қосымша әдебиеттер: [2, 3, 8, 13, 15, 16, 20, 22, 25]
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 6, 8, 11,12, 13] Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 9, 12, 13, 18, 19, 22]
Дәріс 4. Қарым-қатынас психологиясындағы адамдардың өзара түсінушілігі мен түсініспеушілігі
Жоспар:
Қарым-қатынастың түрлері.
Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.
Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі. Қарым-қатынас. Қабылдау және түсіну.
Қарым-қатынас және коммуникациясы.
Қарым-қатынас әрекеттестік ретінде.
Дәріс тезистері:
Қарым-қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың түрлері: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы мен міндеттеріне орай қалыптасады. Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Адам аралық қатынастан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы.
Адамдар арасындағы қатынастардың ерекшелігі – олардың эмоционалды болуында. Адам адаммен араласа отырып, бір-біріне айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар субъективті сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екінші адамға деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді. Ал қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастар әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндіктен, олар ресми қатынастар деп те аталады. Өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді. Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кездесетін «сүйіспеншілік» қатынасын жатқызуға болады. Егер бір адамның екінші адамға психологиялық тартымы болса, бірін-бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, бір-біріне қолынан келген жақсылығын аямаса, міне, мұндай қатынасты – үйлесімді қатынас деуге болады.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан болса бұл қарама-қарсылықты қатынас деп аталады. Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жету үшін қажетті қатынасты үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Адамдардың бір-біріне өшпенділгі болған жерде жанжалды қатынас орнайды. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кездерде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де.
Адамдар арсындағы тағы бір ерекше қатынастың түрі – бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай қатынастың себебі бір адамның екінші адамға деген өзара тікелей екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұны психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Қарым-қатынасқа ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұдай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынастар болғанымен, уақыт өтуімен бірте-бірте арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастың орнығуына немесе өзгеруіне әсер ететін тағы бір фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Жастың айырмашылығы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым психологиялық келіспеушілік те көп болады.
Адамдардың өздерінің қатынасының сипатын сезе білуі бірнеше жағдайларға байланысты болады. Біріншіден, адамның ой-өрісі, сана-сезіміне байланысты. Ақылды адамдар өздерінің айналасындағылармен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Екіншіден, адамның жасына тәуелді. Егде жастағы адамдар, балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не келеңсіз қатынастарды оңай бағалайды. Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймайды, адамның оларды бсақару қабілеті де артады. Мұндай жағдайда адамға көмектесетін оның өмірлік тәжірибесі.
2. Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр адамның қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез бітістерінен, көңіл-күйі мен іс-әрекетінен көрінеді. Адамның тұлғалық дәрежесі оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, іс-әрекетінен, сөзінен, бет-әлпетінен байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей байланыс болмағанымен, олардың екеуі де өзара қатынаста болады. Басқа адам жөніндегі біздің пайымдауымыз сырт келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген. Дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар мінезі жағынан да өзара ұқсас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар – көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды; астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашалықты ұнатады, үнемі ойға шомып жүреді; ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Адамның сөзді қолдануы, сөз ырғағы мен әуені, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне қарап оның жеке ерекшеліктерін байқауға болады. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты да, ауыспалы да келеді. Адамның сырт көрінісіне қарай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Адамның тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері. Осылар бойынша санамызда жасалған образдар арқылы көп уақыттан бері көрмеген адамымызды танимыз. Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамның өзі көптен таныс секілді болып көрінеді. Сөйлесе келе оның іс-әрекетіне мән бере келе оның басқа адам екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та аданың мінез бітісінен, әрекет-қылығынан бұрыннан өзімізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен роль ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.
Уақыт ағымына берілмей, ұзақ уақыт сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен анық байқалуы тиіс.
Бөгде адамды тану, білу сияқты адам өзін-өзі де сарапқа сала білуінің оң да теріс те жақтары бар. Егер адам өзін-өзі танымаса, мұндай адамның әрекет-қылығы мен іс-әрекеті төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса оның іс-әрекеті кейбір жағдайларда оғаш көрінеді. Екінші жағынан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалады, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне жасаған қатынасынан байқауға болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өз қасиеттері мен сапаларын болжауына болады. Іс-әрекетте нәтижеге жетсе, мақтау алып не сәтсіздікке ұшырып, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезіксе әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде өз ісіне қанағаттануынан, болмаса қанағаттанбауынан ішкі, ниеттенген психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс, толық тани алады. Бұл жағдайда мынаны есте ұстаған жөн: өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне қосылуға болмайды. Себебі адамның өзіне ұнамды қатынастағы адамдар асыра мақтауға немесе керісінше жек көретін адамдар жамандауға бейім келеді. Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, барша адамдардың өзара түсінісуне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесі негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін Р.С.Немов келесі тәсілдерді қолдану керек дейді.: бітіс таңу, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі.
Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бітіс таңу. Ол адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреуге таңады, оның қылық-әрекетін түсінігісі келіп, сол адамның орнына өзін қояды. Осылайша басқаладардың мінез-құлқы мен мінез бітістерін өзімізді қызықтырған адамға таңу арқылы нақты тұлға жөнінде психологиялық мәлімет топтастыруға болады.
Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен болады. Назарға алынған адам туралы көп, әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген. Алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінуге болады: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесі күні бұрын жоспарланады. Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауында өте қажет. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі адамның болжамын растайтын болса, онда болжастыруға деген адам сенімі беки түседі не керісінше болуы мүмкін.
Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейінгілерге күшті ықпал етуінен болады. Мұндай әсерден бірінші берлген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйінде қалады. Егер қандай да адам бір көруден адамға ұнамды тарапынан танылса, кейін де сол бағасынан танбай, ол адамға басқа бір сын көзқарастарды жолатпауға тырысады немесе керісінше де болады.
Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл – жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні әрбір адам сан қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар ауыр мінезді, тұйық келеді. Осылайша жалпылай біріктіре түзген ішкі бейнемізден барлық қабағы түксиген адамдарды бірдей бағалай саламыз.
3. Бірін бірі түсінуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейім келеді.
Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Субъективті қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағдайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдау адамның сол мезеттегі жан толғанысына, көңіл шарпуы мен қажетсінуіне байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімі мен пікір пайымдауына да толық сене беруге болмайды.
Ситуативтік қателіктің мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысында нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін. Адам өзінің бақылауда екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады.
Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателіктің мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен адам ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болған жөн.
Қателіктердің тағы бір тобы жалған қарапайымдылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін-өзі шын мәніде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенімен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса соның арбауына түсіп кете береді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
