Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш

КТО кезінде жетек құбырдың қыспақтарын ротордан шығарады, ал құбырлар тізбегін роторда ұстап тұру үшін элеватор немесе пневматикалық жетекті сыналы қысқышты қолданады. Элеватормен салыстырғанда пневматикалық сыналы қысқыш КТО-ны жеңілдетеді және тездетеді. Сондықтан практикада пневматикалық сыналы қысқышпен (ПКР) жабдықталған роторлар кең таралған.

Пневматикалық сыналы қысқыш (5.5-сурет) төлкеден 5, екі конустық ішпектен 4, плашкалары 9 бар сыналардан 2 тұрады. Төлке және ішпектер столға қатысты жылжымай тұрады, ал плашкалары мен сыналар ішпектердің ойықтарында жылжиды.

Төмен жылжыған кезде сыналар ішпектердің ойықтарында сырғанайды және радиалды бағытта жақындасады. Тізбектің өзінің салмағынан сыналарда туындайтын радиалды күш әсерінен плашкалар құбырды қысады және тізбек роторда ұсталынып тұрады. Қысылып қалған құбырды босату үшін сыналар ілмекпен көтерілетін құбырлар тізбегімен бірге жоғары қарай қозғалады.

5.5-сурет. Пневматикалық сыналы қысқыш ПКР-560

Сыналы қысқыштың жетегі ротор тұғырының 12 кронштейнінде бекітілген пневматикалық цилиндрдің 11 көмегімен іске асырылады. Пневматикалық цилиндрдің штогы иінтіректің қысқа иығымен 10 қосылады. Иінтіректің ұзын иығының соңы айыр тәрізді түрде болады және сақиналық раманың роликтеріне 8 кигізіледі, онымен төлкенің 5 вертикалды бағыттаушы паздарында қозғалатын тіреуіш жалғанады. Тіреуіштердің жоғарғы шеттері траверсада 1 бекітілген, ол иінтіректерімен 3, сыналармен 2 қосылады.

Пневмоцилиндрдің поршендік қуысына берілетін қысылған ауаның әсерінен поршень штогы иінтіректі 10, сағат бағытына қарсы бұрады. Бұл кезде сақиналық рама 7, тіреуіштермен 6, траверсамен 1 және иінтірекпен 3 жоғары қарай жылжиды және сыналарды 2 көтереді. Сыналардың кері қарай қозғалуы қысылған ауаны пневмоцилиндрдің поршендік қуысына бергенде және иінтіректі 10, сағат бағыты бойымен бұрғанда іске асырылады. Иінтіректер 3 сыналарды көтеру және түсіру кезінде сыналардың радиалды бағытта орын ауыстыруын қамтамасыз етеді. Иінтірек 10 иығының қатынасы пневмоцилиндрдің поршень жүрісіне және сыналарды көтеру керек биіктігіне байланысты таңдалады.

Пневматикалық сыналы қысқыштардың техникалық сипаттамалары төменде келтірілген.

Пневматикалық сыналы қысқыш түрі .... ПКР-560 ПКР-300 ПКР-300М

Диаметрі, мм:

– ротор столының...............................................................560 760 760

  • ішкі ажырамайтын төлке тесігінің ................................400 560 560

пневматикалық цилиндрдің..............................................200 250 250

Жүріс, мм:

пневмацилиндр поршенінің..............................................260 290 290

сыналардың.........................................................................422 544 544

Жұмыстық қысымы, МПа...............................................0,7-0,4 0,7-0,9 0,6-1

Сыналармен ұсталып тұрған тізбек массасы, т...............320 320 320

Ұсталып тұрған құбырлар диаметрлері, мм................73-168 114-140 114-299

Масса, кг..........................................................................1415 4410* 6925**

* Пневматикалық сыналы қысқыштардың массасы

** Пневматикалық сыналы қысқыштардың және әртүрлі құбырлармен жұмыс жасауға арналған төсемелі сыналар, сыналы плашкалар жиынтығының массасы

Сыналы қысқышпен ұсталып тұрған бұрғылау тізбегінің массасы плашкалар мен құбыр денесі арасындағы рұқсат етілген әсерлесу қысымымен шектеледі. Әсерлесу қысымдарын төмендету үшін құбырларды олардың бойлық бүйіржақтары арасындағы саңылауы аз болатындай етіп ұстайтын арнайы плашкаларды және ұзартылған сыналарды қолданады. Кейбір құрылымдарда үш сына орнына алты сынаны қолданады, ол қысу мөлшерінің біркелкі таралуына мүмкіндік береді.

Ұстап тұру мүмкіндігі жеткіліксіз сыналы қысқыштарды, элеваторларды орнатуға арналған төсемелі сақинамен (5.6 а-сурет) немесе құбырды муфтасының бүйіржағынан ұстап тұратын төсемелі сыналармен алмастырады.

Диаметрі конустық төлкеден үлкен болатын шегендеу құбырларын түсіру үшін сыналарды және конустық төлкені (5.6 б-сурет) алмастыратын төсемелі сақина қолданылады.

Пневматикалық сыналы қысқыш ротор жетегімен бірге жұпталған, соның арқасында сыналы қыспақ көтерілгенде ротор столы айналып кетпейді. Бұрғылау кезінде сыналар траверсамен бірге алынып тасталады және жетек құбыр астына арналған қыспақпен алмастырылады, ал тіреуіштер сақиналық рамасымен шеткі төменгі орынға түсіріледі. Пневматикалық сыналы қысқыштарды басқару бұрғышы пультінде орнатылған басқыш (педаль) кранмен іске асырылады.

5.6-сурет. Шегендеу тізбегін түсіруге арналған жабдық

1 – элеватор; 2 – төсемелі сақина; 3 – бекіткіш; 4 – төлке; 5 – тұрықтық төлке;

6 – центратор.

Роторлар топтық немесе жеке (индивидуальный) жетекпен болады. Топтық жетек кезінде ротор бұрғылау шығырының қозғалтқыштарымен шынжырлы беріліс, карданды білік, тісті бәсеңдеткіш көмегімен қосылады. Жеке жетек тереңдігі 6000м және одан да терең ұңғыларды бұрғылауға арналған электрлі бұрғылау қондырғыларында қолданылады. Ротормен берілетін айналу моментінің мөлшері жетектік білікте немесе ротордың күштік берілістерінде орналасқан датчиктермен бақыланады.