- •Бұрғылау жабдықтары
- •1.Ұңғы туралы түсінік, бұрғылау қондырғылары
- •1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
- •1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы
- •1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау
- •1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау
- •1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау
- •2.1. Қашаулар
- •2. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •2.2. Арнайы қашаулар.
- •2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары
- •2.4. Калибраторлар
- •3. Бұрғылау және шегендеу тізбектері
- •3.1. Бұрғылау тізбегі
- •3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •3.3 Бұрғылау құбырларының материалы
- •3.4 Шегендеу тізбектері
- •3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырларының өлшемдері
- •4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері
- •5 Бұрғылау роторлары
- •5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы.
- •5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш
- •6. Түптік қозғалтқыштар
- •6.1 Турбобұрғылар
- •6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау приципі
- •6.3 Бірсекциялы турбобұрғы
- •6.5 Шпиндельді турбобұрғылар
- •6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
- •6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш
- •6.8 Электрбұрғылар
- •7 Көтеріп-түсіру кешені
- •7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар
- •7.4. Кронблоктар және тәл блоктары
- •7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок
- •8 Бұрғылау шығырлары
- •8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы
- •8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық сипаттамалары
- •8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері
- •8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі
- •8.4 Таспалы тежегіштер
- •8.5 Гидродинамикалық тежегіш
- •8.6 Электромагнитті тежегіштер
- •10 Бұрғылау сораптары
- •10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары
- •10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары
- •10.3 Оао «Уралмашзавод» және взбт бұрғылау сораптары.
- •10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау
- •10.5 Манифольд
- •11 Циркуляциялық жүйе
- •11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік
- •11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары
- •11.4 Араластырғыштар
- •11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар
- •11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
- •11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
- •12.1 Жетек түрлері
- •12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
- •12.4 Муфталар
- •13.1 Превенторлар
- •13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы
- •13.3 Окк тізбек басы
- •13.4 Окм тізбек басы
- •14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі.
- •15.1 Бірсатылы цементтеу
- •15.2 Цемент араластырғыш машиналар
- •Бұрғылау жабдықтары
10 Бұрғылау сораптары
Ұңғыны жуу жүйесінде бұрғылау сораптары келесідей жұмыстарға арналған:
– ұңғы түбін және оқпанды шламнан тазарту үшін ұңғыға жуу сұйығын айдау;
– қашауды майлау және салқындату;
– саптамасы бар қашаулармен бұрғылаған кезде гидромониторлық эффект алу;
– түптік гидравликалық қозғалтқыштарды жұмысқа қосу.
Бұрғылау сораптары келесі талаптарға жауап беру керек:
– бұрғылау сұйықтығының берілісі үнемі бір мөлшерде болып және ұңғының нәтижелі жуылуын қамтамасыз етуіне;
– сорап қуаты ұңғыны жууға және гидравликалық түптік қозғалтқыштарды қозғалысқа келтіруге жеткілікті болуына;
– жуу сұйығының сораптан шығу кезіндегі жылдамдығы бұрғылау барысын қиындататын, қосымша энергия шығындарын туындататын және металдың шаршауынан болатын бұзылуына алып баратын инерциялық жүктеме мен қысым соққыларын жою үшін бірқалыпты болуы;
– сораптар абразивті және құрамына май кіретін коррозиялық – активті әр түрлі тығыздықтағы жуу сұйықтықтарымен жұмыс жасауға бейімделген болуына;
– жуу сұйықтығымен әсерлесетін түйіндер мен бөлшектер ұзақтұрақтылыққа ие болуы және ақауланған жағдайда тез ауыстырылуына;
– үлкен өлшемді түйіндер мен бөлшектер сенімді бұтарланып, жөндеу кезінде орын ауыстырылуы мен техникалық қызмет көрсетуге арналған қондырғылармен жабдықталынуына;
– жетекші бөлігінің түйіндері мен бөлшектері жуу сұйықтығынан қорғалынуына және техникалық қызмет көрсітілуіне қол жетімді болуына;
– сораптар жиналған күйінде алыс қашықтыққа тасымалдануға қолайлы болуына;
– сораптар құрылымы сораптық агрегат қозғалтқыштарының сол және оң орналасуына мүмкіндік беруіне;
– сораптардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі олардың экономикалық тиімділігімен және қаупсіз пайдаланылуымен байланысты болуына.
Бұрғылау сораптарын дайындаудың техникалық шарттары МЕСТ-те көрсетілген мәндермен сай келуі керек.
Бұрғылау тереңдiктерi өскен сайын бұрғылау сораптарының қуаты да едәуір үлкейеді. Бұрғылаудың өскен талаптарына сәйкес келетiн бұрғылау сораптарының жаңа үлгiлерi өндiрiске жіберілуі қарастырылуда. Бұрғылау сораптары үздiксiз жетілдіріліп, сенiмдiлiгі және ұзақ уақытқа жарамдылығы жоғарылатылуда, массасы азайтылып, жасалу, пайдалану және жөндеуге кететін еңбек шығындары қысқартылуда.
Бұрғылау сораптарының жұмысшы органдары көбiнесе поршень түрiнде орындалады. Кеңінен таралған сорап түрі көп жағдайда екі поршеньді екіжақты әсерлі сораптар, олардың орнын соңғы жылдары үш поршеньді бiржақты әсерлі сораптар басуда. Екі жақты әсерлі сораптарда сұйықтық поршень және шток қуыстарында орналасады және бір екіеселенген поршень жүрісінде екі сору және екі айдау циклін орындайды. Бiржақты әсерлі сорапта сұйық поршеньнің жұмыс камерасы қуыстарында орналасады және бір екіеселенген жүрісте бір сору және бір айдау циклін орындайды.
Бұрғылау сораптарында тарелка түрінде кездесетін, өздiгiнен әрекет ететiн серiппелi клапандар қолданылады. Соратын және айдайтын клапандар өзара алмастырылатын болып тағайындалады. Поршеньдердің өстерi параллель және көлденең жазықтықтарда сорап жетегінің бір жағында орналасады, поршеньдердің қозғалысын жеткізетін бұрғылау сораптарының жетекшi буыны айналмалы эксцентрикті, кривошипті, саусақты немесе иінді білікті болып орындалады.
Жетекшi білік сораптың трансмиссиялық бiлiгiне цилиндрлiк тiстi жұп арқылы байланысады. Жуу сұйықтығы бiр сатылы және бiр тасқынды сұлба бойынша ортақ қабылдау жүйесі арқылы жылжып, орын ауыстырады. Сорап берiлісі ауыспалы цилиндрлi төлке көмегiмен немесе сораптың жүріс санының өзгеруі арқылы іске асады. Бұрғылауда қолданылатын сорапты агрегаттарда көп жағдайда электр қозғалтқыштары мен дизельдер қолданылады.
Аталған қозғалтқыштардың айналмалы қозғалысы сораптың трансмиссиялық білігіне сыналы белдік немесе тізбекті беріліс арқылы беріледі.
