- •Бұрғылау жабдықтары
- •1.Ұңғы туралы түсінік, бұрғылау қондырғылары
- •1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
- •1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы
- •1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау
- •1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау
- •1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау
- •2.1. Қашаулар
- •2. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •2.2. Арнайы қашаулар.
- •2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары
- •2.4. Калибраторлар
- •3. Бұрғылау және шегендеу тізбектері
- •3.1. Бұрғылау тізбегі
- •3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •3.3 Бұрғылау құбырларының материалы
- •3.4 Шегендеу тізбектері
- •3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырларының өлшемдері
- •4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері
- •5 Бұрғылау роторлары
- •5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы.
- •5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш
- •6. Түптік қозғалтқыштар
- •6.1 Турбобұрғылар
- •6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау приципі
- •6.3 Бірсекциялы турбобұрғы
- •6.5 Шпиндельді турбобұрғылар
- •6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
- •6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш
- •6.8 Электрбұрғылар
- •7 Көтеріп-түсіру кешені
- •7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар
- •7.4. Кронблоктар және тәл блоктары
- •7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок
- •8 Бұрғылау шығырлары
- •8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы
- •8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық сипаттамалары
- •8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері
- •8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі
- •8.4 Таспалы тежегіштер
- •8.5 Гидродинамикалық тежегіш
- •8.6 Электромагнитті тежегіштер
- •10 Бұрғылау сораптары
- •10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары
- •10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары
- •10.3 Оао «Уралмашзавод» және взбт бұрғылау сораптары.
- •10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау
- •10.5 Манифольд
- •11 Циркуляциялық жүйе
- •11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік
- •11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары
- •11.4 Араластырғыштар
- •11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар
- •11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
- •11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
- •12.1 Жетек түрлері
- •12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
- •12.4 Муфталар
- •13.1 Превенторлар
- •13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы
- •13.3 Окк тізбек басы
- •13.4 Окм тізбек басы
- •14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі.
- •15.1 Бірсатылы цементтеу
- •15.2 Цемент араластырғыш машиналар
- •Бұрғылау жабдықтары
10.5 Манифольд
Манифольд немесе айдау желісі дегеніміз – бұрғылау құбырына бұрғылау сұйықтығын жіберетін бұрғылау сорабы мен ұршық арасындағы құбыржолының бір бөлігі. Циркуляциялық жүйенің кешенінің құрамына кіретін бұрғылау сораптары, жекеленген қабылдау желісімен ортақ манифольдке ие. Тек кейбір бұрғылау сораптары ұңғы өстерінен алыс болатын жағдайларда ғана жекеленген манифольдпен жабдықталады.
Манифольд (10.20 сурет) бұрғылау сораптарының құбырлық байламынан 6, мұнаралы блоктың құбырлық байламынан 8, сорапты және мұнаралы блоктағы байламдарды байланыстыратын құбырдан 7, көмекші құбырдан 1 және басқару пультінен 4 тұрады.
10.20-сурет. Манифольд сұлбасы
Сораптардың құбырлық желісі тармақтары 2 арқалы бұрғылау сұйығын дросселді-тиекті қондырғының 5 таратқышына жіберуге арналған. Тармақтар құрамына құбырлық секциялар және таратқышпен сораптың айдаушы келте құбырын байланыстыруға қажетті ауыспалы иінді құбырлар кіреді. Тармақтарда бұрғылау сұйығын ағызуға арналған ысырма және сақтандырғыш құрылым мен манометрлер орналасқан. Таратқыштың ысырмасы 3 ұңғыға немесе араластырғыш және циркуляциялық жүйенің тазарту қондырғыларына бұрғылау сұйығын жіберуге арналған.
Мұнаралы блоктың құбырлық байламы 8 - тіреуіштен және бұрғылау сұйығын ұршыққа немесе превенторға жіберуге арналған таратқыш-тиекті, сонымен қатар оны цементтеуші агрегаттан айдап шығарушы құрылғыдан тұрады. Тіреуіш - линзалы байланысқан құбырлық секциялар жинағы болып табылады (10.21 сурет). Тіреуішке сұйықты ұршыққа жіберуге арналған бұрғылау жеңін байланыстыратын иілген құбыр бекітіледі.
1
0.21-сурет.
Линзалы байланыс.
1 – гайка; 2 – шайба; 3 – фланец; 4 – линза; 5 – қаптама; 6 – шпилька
Бұрғылау сорабының бос жұмыс режимінен жұмыс режиміне жайлап ауысуына бұрғылау қондырғысының компрессорлық станциясы көмегімен сығымдалған ауа арқылы қозғалысқа келетін дросселді-тиекті (10.22-сурет) қондырғы қолданылады. Бұл қондырғыны басқару, басқару пультінде орналасқан төрт клапанды кран арқылы іске асады.
Манифольдтың құбырлық секциялары тез ажырамалы кілтті байланыстар (10.23-сурет) арқылы жалғанады.
|
|
10.22-сурет. Дросселді-тиекті қондырғы. 1 – сығымдалған ауаны қосуға арналған штуцер; 2 – поршенді пневматикалық цилиндр; 3 – жуу сұйығын ағызатын; 4 – шар клапан. |
10.23-сурет. Тез ажырамалы кілттік байланыс. 1 – жартылай қамыт; 2, 4 – келте құбырлар; 3 – арматуралы манжет; 5 – шпилька; 6 – гайка. |
Бұрғылау қондырғысының жеке блоктарының арасындағы манифольд құбырлары байланысқан, құбырлардың бұрыштық ығысуын 100 ал олардың сызықтық ығысуын 200 мм дейін болуын қамтамасыз ететін монтаждық компенсаторлар (10.24 сурет) арқылы байланысады.
Манифольд қамытты байланыс арқылы бұрғылау қондырғысының негізіне және мұнараға бекітіледі. Манифольдтың техникалық мінездемесінде сынақтық жұмысшы қысым, құбыр қабырғасының диаметрі мен қалыңдығы, сонымен қатар оның салмағы көрсетілген.
10.24-сурет. Монтаждық компенсатор:
1 – ершік; 2 – тығыздама; 3 – шар; 4 – сақина; 5 – қаптама; 6 – цилиндр; 7 – төлке; 8 – манжет; 9 – ілме құлып;
Манифольд бұрғылау қондырғысының класына байланысты 20, 25, 32 және 40 МПа жұмысшы қысыммен жасалынады; сынақтық қысым мәндері сәйкесінше 30, 38, 48 және 60 МПа.
Манифольдтарда қолданылатын құбыр жүйесінің өту тесігінің диаметрлері 80, 100 және 125мм.
