- •Бұрғылау жабдықтары
- •1.Ұңғы туралы түсінік, бұрғылау қондырғылары
- •1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
- •1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы
- •1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау
- •1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау
- •1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау
- •2.1. Қашаулар
- •2. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •2.2. Арнайы қашаулар.
- •2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары
- •2.4. Калибраторлар
- •3. Бұрғылау және шегендеу тізбектері
- •3.1. Бұрғылау тізбегі
- •3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •3.3 Бұрғылау құбырларының материалы
- •3.4 Шегендеу тізбектері
- •3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырларының өлшемдері
- •4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері
- •5 Бұрғылау роторлары
- •5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы.
- •5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш
- •6. Түптік қозғалтқыштар
- •6.1 Турбобұрғылар
- •6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау приципі
- •6.3 Бірсекциялы турбобұрғы
- •6.5 Шпиндельді турбобұрғылар
- •6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
- •6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш
- •6.8 Электрбұрғылар
- •7 Көтеріп-түсіру кешені
- •7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар
- •7.4. Кронблоктар және тәл блоктары
- •7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок
- •8 Бұрғылау шығырлары
- •8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы
- •8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық сипаттамалары
- •8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері
- •8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі
- •8.4 Таспалы тежегіштер
- •8.5 Гидродинамикалық тежегіш
- •8.6 Электромагнитті тежегіштер
- •10 Бұрғылау сораптары
- •10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары
- •10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары
- •10.3 Оао «Уралмашзавод» және взбт бұрғылау сораптары.
- •10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау
- •10.5 Манифольд
- •11 Циркуляциялық жүйе
- •11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік
- •11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары
- •11.4 Араластырғыштар
- •11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар
- •11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
- •11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
- •12.1 Жетек түрлері
- •12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
- •12.4 Муфталар
- •13.1 Превенторлар
- •13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы
- •13.3 Окк тізбек басы
- •13.4 Окм тізбек басы
- •14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі.
- •15.1 Бірсатылы цементтеу
- •15.2 Цемент араластырғыш машиналар
- •Бұрғылау жабдықтары
11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
Ұңғыларды бұрғылау процесінде, бұрғылау ерітіндісінің құрамында қабат газынының, ауаның көбеюі және ертіндінің көбіктенуі мүмкін. Мұның нәтижесінде ерітіндінің технологиялық қасиеттері нашарлайды: тығыздығы төмендейді, тұтқырлық пен жылжудың статикалық кернеуі көбейеді. Сондықтан циркуляциялық жүйенің, бұрғылау сораптарының, жұмыс істеу шарттары нашарлайды, әр түрлі шиеленістердің туу қаупі артады. Бұрғылау ерітіндісінің газдалынуына байланысты қиындықтарды ескерту үшін, механикалық және вакуумды газсыздандыру әдістері қолданылады.
Механикалық әдістің негізінде газсұйықтық ағынды шашырату, турбулизация немесе инерциялық әсер ету арқылы газсыздандыру жатыр. Әдісті жүзеге асыру үшін әртүрлі, айналатын роторы бар қондырғыны, гидроциклонды, шашыратқыш қондырғыларды қолданады.
Вакуумды әдіс еркін газды сұйықтан шығару үшін, оның үстіңгі бөлігінде ауасы сиретілген аймақ жасауға негізделген. Бұл әдіс бойынша, периодты түрде немесе үздіксіз өңдеуге газдалған бұрғылау ерітіндісі берілетін және ваккумды сораптың көмегімен ауаның сиретілуі пайда болатын камерада газдың сұйықтан бөлінуі жүзеге асады.
Ұңғыларды бұрғылаудың отандық тәжирибесінде периодты әсерлі вакуумды дегазаторлар көптеп қолданылады. Олар бұрғылау ерітіндісін үлеске бөлшектеп өндейді. Сұйықты қабылдау және дегазациялау периодында камерада вакуум пайда болады, ал газсыздалған сұйықтықты құю сәтінде камера атмосферамен әсерлеседі. Мұндай принципте УкрНИИгаз конструкциясы ДВС-ІІ екі камералы вакуумды дегазатор қолданылады (11.16 сурет).
11.16 – сурет. Екі камералы ДВС-ІІ типті вакумды дегазатор.
Ол өзіне келесі негізгі түйіндерді, дегазациялық камерамен 3 жабдықталған, екі бірдей қуысқа бөлінген цилиндрлік камераны 8 кіргізеді. Дегазациялық камерада арнайы тостағанша 5 және конус 6 болады. Олар ыдыстан 13, қабылдаушы құбыр 4, қабылдау клапаны 1 арқылы сору кезінде өткізілетін бұрғылау ерітіндісін вакуумды ортада газсыздандырады. Ыдыс 11 қуысы жапқышпен 12 жабылады. Дегазациялық камералар қалтқы типтегі деңгей реттегішпен 7 басқарылатын атқарушы клапанмен 2 вакуумды сорапқа 9 периодты түрде қосылып тұрады. Дегазаторды басқаратын барлық жүйе вакуумды сорапқа вакуумды ресивер 15 арқылы қосылған. Қабылдау клапандары реттығынды механизммен 14 басқарылатын резиналы мембранамен жабдықталған. Автоматты қосылатын ағызу клапандары 10 бұрғылау ерітіндісі ағысы бағытының өзгеруі нәтижесінде ашылып жабылады.
11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өндеу қондырғысы бұрғылау қондырғысының жаңа жинақталынатын және қолданылатын циркуляциялық жүйесіне арналған. Ол экологиялық проблемаларды шеше отырып, амбарсыз бұрғылауға мүмкіндік береді. Негізгі қондырғы ОГШ-500 модельді центрифуга болып табылады. Ауырлатылмаған ерітінділерді тазалауда 5 мкм дейінгі өлшемді бөлшектер жойылады және құм мен ил айырғыштың қалдықтары сусыздандырылады. Қондырғыны қолдану тығыздығы 1,06 г/см3 бұрғылау ерітіндісін қолданғанда қабаттарды ашуға мүмкіндік береді.
Ауырлатылған бұрғылау ерітінділерін қолданған кезде қондырғыларды қолдану ауырлатқыштың бір көлемінде ерітіндіден коллоидты фазаны жоя отырып, бұрғылауды жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған сай баритты үнемдеу 40 – 60% және одан да көп болуы мүмкін; сонымен қатар химреагенттердің шығынын төмендетеді.
Центрифугаларды қолданғанда сорапты қондырғының жөндеу аралығы ұзарады және қашау тұрақтылығы артады. Сонымен қатар, бұрғылау ерітіндісінің көрсеткіштік құрамын басқаруды жеңілдетеді. Қондырғы ауырлатылған бұрғылау ерітіндісімен жұмыс жасау үшін ортадан тепкіш және мембраналы сораппен жинақталынады. Центрифуга флокуляция блоктарымен бірлесе жұмыс жасағанда, артық бұрғылау ерітіндісін сусыздандырып сұйық фазаны қайта сумен жабдықтауға жібереді.
ОГШ-500 центрифугасының техникалық көрсеткіші
Айналу жиілігі, айн/мин...............................................................1200 – 2000
Өнімділігі, дм3/с..............................................................................0,5 – 5
Жетек қуаты, кВт............................................................................30
Центрифуга салмағы, кг..................................................................2500
Өлшемдері, мм.................................................................................2465х1943х986
12- ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ КҮШТІК ЖЕТЕКТЕРІ
