- •Бұрғылау жабдықтары
- •1.Ұңғы туралы түсінік, бұрғылау қондырғылары
- •1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
- •1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы
- •1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау
- •1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау
- •1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау
- •2.1. Қашаулар
- •2. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •2.2. Арнайы қашаулар.
- •2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары
- •2.4. Калибраторлар
- •3. Бұрғылау және шегендеу тізбектері
- •3.1. Бұрғылау тізбегі
- •3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •3.3 Бұрғылау құбырларының материалы
- •3.4 Шегендеу тізбектері
- •3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырларының өлшемдері
- •4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері
- •5 Бұрғылау роторлары
- •5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы.
- •5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш
- •6. Түптік қозғалтқыштар
- •6.1 Турбобұрғылар
- •6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау приципі
- •6.3 Бірсекциялы турбобұрғы
- •6.5 Шпиндельді турбобұрғылар
- •6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
- •6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш
- •6.8 Электрбұрғылар
- •7 Көтеріп-түсіру кешені
- •7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар
- •7.4. Кронблоктар және тәл блоктары
- •7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок
- •8 Бұрғылау шығырлары
- •8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы
- •8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық сипаттамалары
- •8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері
- •8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі
- •8.4 Таспалы тежегіштер
- •8.5 Гидродинамикалық тежегіш
- •8.6 Электромагнитті тежегіштер
- •10 Бұрғылау сораптары
- •10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары
- •10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары
- •10.3 Оао «Уралмашзавод» және взбт бұрғылау сораптары.
- •10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау
- •10.5 Манифольд
- •11 Циркуляциялық жүйе
- •11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік
- •11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары
- •11.4 Араластырғыштар
- •11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар
- •11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
- •11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
- •12.1 Жетек түрлері
- •12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
- •12.4 Муфталар
- •13.1 Превенторлар
- •13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы
- •13.3 Окк тізбек басы
- •13.4 Окм тізбек басы
- •14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі.
- •15.1 Бірсатылы цементтеу
- •15.2 Цемент араластырғыш машиналар
- •Бұрғылау жабдықтары
12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
Күштік берілістер қозғалтқыштардан шығырға, сораптарға, роторға және бұрғылау қондырғысының басқа да энергия тұтынатын механизмдеріне қуатты таратуға арналған құрылғылар. Негізгі жетектің күштік берілістері келесі қызметтерді іске асырады:
- бұрғылау шығыры мен роторда пайда болатын момент пен айналу жиілігін пайдалану жүктемелерінің өзгеруіне байланысты реттеп отырады;
- бұрғылау сорабының поршень жүрістерін қажетті қысым мен беріліске тәуелді реттейді;
- көпмоторлы және топтық жетек кезінде қозғалтқыштар қуатын теңестіреді;
- ортақ жетекті бұрғылау қондырғыларында сорап, шығыр, ротор арасындағы қуатты таратады;
- қозғалтқыштарды біркелкі қосып және шамадан тыс жүктемелерден қорғайды;
- жылулық қозғалтқыштар көмегімен іске асырылатын шығыр мен роторды реверсті қосады.
Бұрғылау қондырғыларының жетектеріне берілетін айналу моментінің құрылу тәсілімен ерекшеленетін механикалық, гидравликалық, электрлік және ауалық берілістер қолданылады. Ережеге сәйкес гидравликалық және электрлік берілістер механикалықпен үйлесіп гидромеханикалық және электрлік берілістер құрайды.
Механикалық берілістер пайдалануда қарапайым және сенімді, айналу жиілігінің сатылы өзгеруімен және жоғары ПӘК-мен ерекшеленеді. Бұрғылау қондырғыларының жетектерінде келесі механикалық берілістер қолданылады: төмендеткіш тісті бәсеңдеткіштер, теңестіргіш және таратқыш шынжырлы бәсеңдеткіштер, сыналыбелдікті және карданды берілістер, шиналы-пневматикалық муфталар және басқа құрылғылар.
Трансмиссия үшін жалпы тәуелділіктер Қозғалтқыш білігін 1 деп белгілейміз, ал жетектегі трансмиссия білігін 2 деп белгілейміз. Сонда кез келген трансмиссия үшін былай жазуға болады
= М2п2/М1п1 (12.1)
мұнда М1, М2 жетекші және жетектегі біліктердің бұрау моменті;
п1, п2 сол біліктердің айналу жиілігі.
и21= п2/п1 қатынасы трансмиссияның беріліс саны деп, ал моменттерідің қатынасы k= М2/М1 бұрау моментінің тасымалдану коэффициенті деп аталады.
Сондықтан ПӘК әр уақытта = k и21 тең болады.
Кез келген трансмиссияда үш бұрау моменті қатысады: қозғалтқыш моменті М1, жұмыс моменті М2 және тірек моменті М3. Трансмиссияның тепе теңдік шартынан үш бұрау моментінің алгебралық қосындысы нөлге тең.
М1+ М2 +М3 =0 (12.2)
Сыртқы тірексіз (М3 =0) трансмиссияны муфталар деп атайды. Олар үшін, жұмыс жасау шартына тәуелсіз М1 = М2, k=1, = и21.
Редуктордың айналыс жиілігін төмендететін трансмиссия үшін k 1, өйткені М3 М1, тіректік момент М3 оң таңбалы (айналу бағыты М1 сәйкес). k=1 және М1 = М2 кезде трансмиссия жиілік пен моментті тасымалдайды яғни муфтаның жұмысын атқарады ( = и21).
Үдеткіш трансмиссиялар (мультипликаторлар) үшін тіректік момент теріс таңбалы k 1, и211, М2 М1.
Моментті өзгертуге арналған трансформатор трансмиссиясы үшін міндетті түрде сыртқы тірек қажет.
Трансмиссия қозғалтқыштың сипаттамасын орындаушы механизмге қажетті параметрлерге байланысты ыңғайластыратын екі арадағы тізбек. Бұл жерде жүктеме және айналу жиілігінің ұзақ жұмыс жасау кезінде және қосылутоқтату кезіндегі жүктеменің жиі өзгеру сипаттамасын ажырату керек. Қозғалтқыштың сипаттамасына байланысты трансмиссия сәйкестелініп жабдықталады.
Бұрғылау қондырғыларында орындаушы механизмдер ұзақтұрақты немесе қосқыштық жиі өзгеретін болып әр түрлі режимде жұмыс жасайды. Мысалға салыстырмалы түрде сирек қосылатын сораптар мен ротор үшін, жиі ауысатын қайталанбалы жүктемелік режимде жұмыс жасайтын шығырға қарағанда қозғалтқыштың күш алғыштық сипаттамасы аса маңызды емес. Осы орындаушы механизмдерде ұзақтұрақты жүктемелер жұмыс барысында әрқалай өзгеріске түседі, сондықтан олардың тиімділігін толық қамтамасыз ету үшін трансмиссия осы талаптарға сай келіп және олардың қайталанбалы жүктемелік, тежегіштік және ұзақтұрақты жүктемелік режимдерін қанағаттандыруы тиіс.
Қозғалтқыш қозғалысы мен энергиясын бұрғылау қондырғысы орындаушы механизмдеріне беретін, орындаушы механизмдерде жүктеме өзгерген шақта не моментті, не айналу жиілігін автоматты түрде реттемейтін әр түрлі берілістерден (тісті, белдікті беріліс, муфталар ж т.б.) және біліктерден тұратын тізбекті механикалық трансмиссия деп атайды.
Механикалық трансмиссия кез келген аралық шамада айналу жиілігі мен бұрау моментін тасымалдап және ретеуді қамтамасыз ете алады.
Механикалық трансмиссияны күрделі және қарапайым деп бөлуге болады. Қарапайым трансмиссиялар айналыс жиілігі мен моментті реттеместен олардың тұрақты берілісін қамтамасыз етеді (12.5, а-сурет). Күрделі трансмиссиялар оператордың көмегімен айналыс жиілігі мен моментті реттеу мүмкіншілігі бар. Бұрғылау қондырғыларының күрделі трансмиссияларында айналыс жиілігі мен момент беріліс қорабы көмегімен сатылы реттеледі (12.5, б-суретте бұрғылау шығыры жетегі трансмиссиясы берілген).
Күштік жетектің тізбек соңында, білік ұшындағы сипаттамасы оның өзінің және трансмиссияның тұрақтылық сипаттамасына байланысты.
Механикалық трансмиссияның қосқыштық сипаттамасы тек қана қозғалтқыштың және қысқамерзімді қосуажырату режимінде қолданылатын муфтаның сипаттамасына байланысты.
12.5-сурет, Күштік жетек трансмиссия сұлбасы
а-сораптың реттелмейтін, механикалық, бірбірімен жалғанған екі жетектік қозғалтқыштары; б – реттелетін мезаникалық беріліс қорабымен шығыр жетегі; в – жартылай автоматты сорап пен шығыр жетегі; 1 – қозғалтқыш; 2 – карданды білік; 3 – тірек; 4 – фрикционды муфта; 5 – қосақталатын шынжырлы беріліс; 6 – сораптың сынабелдікті берілісі; 7 – тісті беріліс; 8 – сорап; 9, 10 – шығыр жетегінің «тез» және «жәй» шынжырлы берілісі; 11 – беріліс қорабы; 12 автоматты реттегіш құрылым.
Егер қозғалтқыш жүктелген күйінде қосу мүмкіндігіне ие болса (бу машиналары, тұрақты ток электрқозғалтқыштары және фазылы роторлы айнымалы ток электрқозғалтқыштары) трансмиссияда қозғалыс басталғанға дейін қосылған тұрақты муфталарды (тісті, жұдырықшалы т.б.) қолданғанда трансмиссияның күш алуы қосулы муфтамен, жүктеулі жүзеге асады. Бұл шақта қозғалтқыш статикалық (жұмыстық) кедергіні, трансмиссияның инерциялық күштерінің және негізгі айналысқа түсетін бөлшектердің кедергісін жеңеді, яғни өтпелі процесстердің механикалық тепетеңдігінің теңдеуі төмендегідей болады,
Мд-Мст-Мид-Мит=0, (12.3)
мұнда Мд және Мст қозғалтқыштың және статикалық кедергінің айналу моменті;
Мид және Мит қозғалтқыштың айналатын бөлшектерінің инерциялық күштері және айналу өсіне қатысты трансмиссия моменті.
Инерциялық моменттердің өлшем бірлігі Нм.
(12.4)
мұнда J0i қозғалтқыштың және трансмиссияның айналатын бөлшектерінің қозғалтқыш өсіне келтірілген моменті, Нмс2;
i – біліктердің бұрылу бұрышы, рад;
t өтпелі процесс уақыты.
12.6-суретте Уралмаш ЗД-76 бұрғылау қондырғыларында қолданылатын механикалық берілісті аралас дизельді жетектің кинематикалық сұлбасы келтірілген. а блогына бұрғылау шығыры және бір сорапқа арналған үш дизель (І, ІІ, ІІІ) кіреді. б блогы екі дизельді (IV және V) екінші бұрғылау сорабының жетегі үшін қызмет етеді. Дизель қуаты шығыр мен сораптарға иілгіш муфталар ИМ, төмендеткіш редуктор Р, шиналы-пневматикалық муфталар А, сыналыбелдікті байланыстар СББ және берілістерді ауыстырудың тісті қорабы БАҚ арқылы беріледі.
Үш дизельді а блогы бөлек және бір уақытта БАҚ қуатын бұрғылау шығыры мен сорабына 1 бере алады, сонымен қатар бір дизельді, дизельдер жұбын және үш диезльді І, ІІ, ІІІ қолдана алады. Екі дизельді б блогы сорап жетегін 2 әр диезльден жеке немесе бір уақытта екі дизельден IV, V қамтамасыз ете алады. Екі блоктағы дизельдерді бір блокка жалғайтын конструкциялары бірдей күштік агрегаттар, төмендеткіш редуктор және сынабелдікті транмиссиядан тұрады. Сынабелдік шкивтерінің санына байланысты біршкивті 1Ш және екішкивті 2Ш күштік агрегаттарды ажыратады. а блогында көрсетілген агрегаттар айнымалы беріліс қорабының күштік агрегаты деп аталатын үшінші агрегатпен Тр жалғанады.
12.6-сурет. Механикалық берілісті аралас дизельді жетектің кинематкалық сұлбасы
Төмендеткіш редуктор дизелмен берілетін айналу жиілігін сыналы-белдікті берілістің мүмкін болатын шегіне дейін төмендетуге қызмет етеді. Ротордың беріліс саны 1,53, тік тісті ілінісудің модулі алтыға тең. Жетекті білік-тістегершік 5 (12.7-сурет) және отырғызылған сақиналы 8 жетекші білік 9 болттармен қосылатын қақпақ 2 пен шойын тұрықта 3 жонылған орындарға отырғызылған мойынтіректерде 11 орнатылады.
12.7-сурет. Төмендеткіш редуктор
Тұрқы мен қақпақтың түйісетін беттері картон төсемемен тығыздалады. Бәсеңдеткіштің біліктерінде жартымуфталарды отырғызу мен бекіту үшін бұрандалы конустық хвостовиктері бар. Жетекші білік 9 шиналы-пневматикалық муфтаға ауа әкелу үшін тесігі бар. Бәсеңдеткіштегі май деңгейі майкөрсеткішпен 1 бақыланады. Білік шетіндегі шығаберістерден майдың ағып кетпеуін ескерту үшін фланецтерде 7 қақпақпен 10 қысылатын севанитті тығыздауыштар 6 орнатылған. Бәсеңдеткіш тұрқында майды салқын сумен суыту үшін иректүтік 4 орналасады. Қыс мезгілінде майды қыздыру үшін ыстық су немесе бу қолданылады. Бәсеңдеткіш күштік агрегаттың рамасына сегіз болтпен бекітіледі және центрлеуден кейін конустық штифттармен қатайтылады.
Барлық келесі бұрғылау қондырғыларының модельдеріндегі шығырлардың жетектерінде 12.8-суретте көрсетілген шынжырлы беріліс қорабы қолданылады,. Пісірілген ажырамалы тұрқыда 1 жетекші 2 және жетектегі 5 біліктері орналасқан. Тұрқыда май сақталатын түптік ыдыс (поддон) болады. Поддонда майды қыздыру және суыту үшін иректүтік 4 және майжинауыш 3 орнатылған.
12.8-сурет. Ауыспалы шынжырлы беріліс қорабы
Электрлі жетекті бұрғылау қондырғыларында механикалық берілістердің саны азаяды және осының арқасында жетек қарапайым және жинақты болады. Бұл 12.9-суретте Уралмаш 3000 БЭ қондырғысындағы У2-2-11 шығырының электрожетегінің мысалында көрсетілген. Екі асинхронды қозғалтқыштардың 3 қуаты шиналы-пневматикалық муфта 2 арқылы беріледі және шынжырлы берілістер 4, 6 арқылы редуктордың 7 білігінде 5 теңестіріледі және ары қарай шынжырлы ауыстырылмалы беріліс қорабының тезжүрісті білігіне 1 беріледі.
12.9-сурет. Шығырдың электржетегінің кинематикалық сұлбасы
Гидромеханикалық берілістерде механикалық берілістер гидродинамикалық берілістермен үйлеседі. Бұрғылау қондырғыларының жетектерінде гидротрансформаторлар қолданылады. Гидродинамикалық муфталарды аз қолданады, себебі олар берілетін айналу моментін созылмалы және терең реттеу үшін күрделі басқару конструкциясын қажет етеді. Белгілі гидротрансформаторлардың қатарынан бұрғылау кешендерінде кешенді гидротрансформаторлар қолданылады.
Гидротрансформаторлар гидромуфталардан олардың жұмыстық бөлігіне турбиналық 1 және сорғылық 2 дөңгелектерден басқа қозғалмайтын қалақшалы құрылғы реакторды 2 орнатады. Гидротрансформаторда момент реактор қалақшаларының сорғылық дөңгелектен турбиналық дөңгелекке түсетін сұйықтықтың жылдамдығы мен бағытына әсер етуден туады. 12.10-суретте кешенді гидротрансформатор көрсетілген.
12.10-сурет. Кешенді гидротрансформатордың конструкциялық сұлбасы а мен техникалық сипаттамасы б.
Гидротрансформатордың жұмыс сұйықтығының айналым жүйесі 12.11-суретте көрсетілген. Бактан 5 жұмыстық сұйықтық ірі тазалау сүзгісінен 4 сорап 3 арқылы гидротрансформаторға беріледі, одан ол үшсекциялы радиаторға 1 барады және суығаннан кейін 5 бакка қайта құйылады. Дизельдің қаптамасында бақылаушы-өлшегіш аспаптар, тұтқалар және басқару кнопкалары үшін қалқан орнатылған.
12.11-сурет. Гидротрансформатордың жұмыстық сұйықтығының айналым жүйесі
Шынжырлы редуктор. 12.12-суретте БУ2500ДГУ қондырғысының шынжырлы редукторы көрсетілген. Ол редуктор біліктерімен 3, 5, 6 қосылатын үш дизельді-гидравликалық агрегаттардың қуатын беруге арналған. Пісірулі конструкциялы тұрық 4 қатты бекітілген екі Л және П бөліктерінен тұрады. Редуктор шынжырлы берілістерге және майлау жүйелеріне технкалық қызмет көрсету мен тексеру үшін арналған люктері бар қақпақпен жабылады. Редуктор біліктері екі қатарлы сфералы роликті мойынтіректерде орнатылған. Мойынтіректердің ішкі сақиналары аралық төлкелерге 13 тіреледі және гайкалармен 13 тартылады. Мұндай бекіту тәсілі мойынтіректердің нақты өстік орнығуын қамтамасыз етеді.
Гайкамен жасалатын өстік тарту сақинаның білікке қатысты айналып кетпеуін қамтамасыз етеді. Мойынтіректердің сыртқы сақиналарын редуктордың тұрқына шпилькалармен 18 қатты бекітілетін стаканға 17 орнатады. Сыртқы сақиналарды өстік орнықтыру шеңберлік тірегіштермен 15 және тығыздауыш төсемелі қақпақтармен 16 іске асырылады. Редуктор біліктерінде қадамы 31,75 мм алты қатарлы шынжырлы жұлдызшалар бекітілген. Шеткі біліктер 9 және 22 тістегершікті майлау сораптарының 10 жетегі үшін шынжырлы жұлдызшалармен 8 жабдықталған. Редуктор картерінен тістегершікке сораптармен берілетін май майжолдары арқылы білік шынжырлары мен мойынтіректерге келеді. Білікте 5 шығырдың беріліс қорабы мен редуктор біліктерін азғана бұрышқа бұратын стартер 14 жетегі үшін тістегершік орнатылған.
Қарастырылып отырған конструкцияда шынжырлы жұлдызшалар да жұдырықшалы муфталар да жоқ, сондықтан редуктордың конструкциясы мен басқарылуы жеңілдейді. Бірақ та жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштардың санына қарамастан редуктордың барлық біліктері үнемі айналып тұрады, бұл қарастырылып отырған конструкцияның кемшілігі болып табылады. Шиналыпневматикалық муфталардың шкивтері майтүтік 20 арқылы майланатын екі қатарлы сфералық роликті мойынтіректерде 21 орнатылады. Шиналыпневматикалық муфталардың планшайбалары 1 біліктермен қосылады.
12.12-сурет. Дизельді-гидравликалық агрегаттардың қуатын теңестіруші шынжырлы редуктор
12.4-кесте, Дизельді-гидравликалық агрегаттардың техникалық сипаттамалары
Параметрлері |
САТ-4М |
САТ-450 |
СА-6 |
Са-10 |
АДГ-1000 |
Максималды шыға беріс қуат, кВт |
235 |
250 |
265 |
353 |
625 |
Шыға беріс біліктің пайдалану диапозонының айналу жиілігі, айн/мин |
550-1350 |
550-1350 |
550-1300 |
800-1000 |
600-800 |
Пайдалану диапазонның шегіндегі максималды айналу момент, кН*м |
3,8 |
4 |
4 |
5 |
8 |
Пайдалы әсер коэффициенті |
|
0,85-0,74 |
0,85-0,74 |
0,85-0,74 |
0,85-0,73 |
Габариттері,м: ұзындығы ені биіктігі |
|
3257 1472 3397 |
3935 1680 2025 |
4250 1500 2252 |
5365 1857 2635 |
Агрегат массасы, кг |
3100 |
4431 |
5050 |
8500 |
13700 |
12.4-кестенің жалғасы |
|||||
Қозғалтқыш |
1Д12Б |
В2-450 |
В2-ТК |
6ЧН-21/21 |
6ЧН-26/26 |
Номиналды қуат, кВт |
235 |
330 |
330 |
463 |
735 |
Біліктің номиналды қуаты кезіндегі айналу моменті, айн/мин |
1600 |
1600 |
1250 |
1200 |
1000 |
Қозғалтқыш массасы, кг |
1700 |
1450 |
|
4800 |
8000 |
Гидротрансформатор |
ТТК1 |
ТТК1 |
ТТК-669 |
ТТК-745 |
ТТК-932 |
Қуат (кіре беріс), кВт |
294 |
294 |
294 |
426 |
- |
Трансформатор коэффициенті |
3,3 |
3,3 |
3,2-4 |
3,2-4 |
3-4 |
Масса, кг |
327 |
400 |
|
750 |
1080 |
12.5-кесте, Бұрғылау қондырғысы электр жетектерінің техникалық сипаттамалары
Параметрлері |
Уралмаш 4Э-76 |
БУ3000ЭУК |
Уралмаш 4000ЭУ |
БУ5000ЭУ |
Жетектің жинағы |
Аралас |
Жеке |
||
Қозғалтқыш типі: шығырлар сораптар
роторлар |
АКБ-114-6 СДЗБ-13-52-8
шығырдан |
АКБ-13-62-8 СДБ099/49-8ХЛ2 шығырдан |
СДБ099/49-8Х АКЗ-15-41-8Б2 шығырдан |
СД-3Б-42-8
АКСБ-15-69-6-6-ХЛ2 ПС152-5К |
Қозғалтқыштар саны |
4 |
3 |
3 |
5 |
Соның қатарында жетек үшін: шығыр, ротор сорап |
2 1 - |
1 1 - |
1 1 - |
2 1 1 |
Теңестірілген орнатылатын қуат, кВт |
1900 |
1760 |
2050 |
2640 |
Беріліс типі |
механикалық |
электромеханикалық |
||
Электромагниттік муфта |
- |
- |
ЭМС-750 |
|
Төмендеткіш редуктор типі |
тісті |
- |
шынжырлы |
|
Қуатты теңестіретін агрегаттар |
- |
- |
Шынжырлы бәсеңдеткіш |
|
Шығырдың берелісті ауыстыру қорабы |
тісті |
- |
шынжырлы |
- |
Қуатты теңестіретін агрегаттарды БАҚ-пен жалғау |
Карданды білік |
- |
ШПМ |
|
Қозғалтқыштың сораптармен жалғануы |
ШПМ, сыналыбелдікті беріліс |
|
Сыналы белдікті беріліс |
|
Төлкелі-роликті шынжырлар: редуктор |
- - |
- 4Н-44,45 |
4Н-44,45 3Н-50,8 |
4Н-44,45 ЗН-50,8 |
12.5-кестенің жалғасы |
||||
ШПМ: берілісті өзгерту қорабының сораптардың |
2МП1070 МП500 |
МП700 МП500 |
МП-700 - |
МП700 - |
Шығырдың апаттық жетегі |
А083-8 |
РПДЭ |
РПДЭ |
РПДЭ |
Параметрлері |
Уралмаш 200Э-IV |
БУ-75БрЭ-70 |
БУ80БрЭ-1 |
БУ2500ЭУ |
Жетек жинақталуы |
Жеке |
Аралас |
Топтық,аралас |
Аралас |
Қозғалтқыш типі: шығырлар
сораптар
ротор |
СДБ099/49-8ХЛ2 СДЗБ-13-42-8
ПС152-5К |
АКБ-12-39-6
СДЗБ-13-42-8 |
СДЗБ-13-42-8
СДБО-099/49-8ХЛ2 шығырдан |
СДЗБ-13-42-8
СДБО-99/49-8ХЛ2 |
Қозғалтқыштар саны |
5 |
3 |
2 |
3 |
Соның қатарында жетек үшін: шығыр сорап ротор |
2 1 1 |
1 1 - |
- - - |
1 1 - |
Теңестірілген қуат, кВт |
3480 |
1220 |
900 |
1710 |
Беріліс типі |
Электромехан. |
Механикалық |
Электромехан. |
|
Электромагн. муфта |
ЭМС-750 |
- |
- |
ЭМС-750 |
Редуктор типі |
Шынжырлы |
Шынжырлы |
- |
Шынжырлы |
қозғалтқыштың трансмиссиямен жалғануы |
Карданды білік |
ШПМ |
ШПМ, карданды білік |
Иілгіш муфта |
Қуатты теңестіретін агрегаттар |
Шынжырлы бәсеңдеткіш |
- |
Шынжырлы бәсеңдеткіш |
- |
Шығырдың берілісті ауыстыру қорабы |
Шынжырлы |
Тісті |
Шынжырлы |
Шынжырлы |
Қуатты теңестіретін агрегаттарды БАҚ-пен жалғау |
ШПМ |
- |
ШПМ |
- |
Қозғалтқыштың сораптармен жалғануы |
Сыналыбелдікті беріліс |
Сыналыбелдікті беріліс |
ШПМ, шынжырлы беріліс |
ШПМ, сыналыбелдікті беріліс |
Төлкелі-роликті шынжырлар: редукторды теңестіруші БАҚ (бер. ауд. қораб) |
6Н-44-45 6Н-44,45 |
- - |
6Н-31,75 3Н-44,45 |
- 3Н-44,45 |
ШПМ: БАҚ(бер. ауд. қораб) сораптар |
МП700 - |
МП700 МП500 |
МП700 МП500 |
МП700 МП500 |
Шығырдың апаттық жетегі |
РПДЭ |
РПДЭ |
РПДЭ |
АО-81-4 |
12.6-кесте, Бұрғылау қондырғыларының дизельді және дизельді-гидравликалық жетектерінің техникалық сипаттамалары
Параметрлері |
Уралмаш ЗД-76 |
БУ3000БД |
БУ4000ДГУ |
БУ5000ДГУ |
Жетектің жинақталуы |
Аралас |
Топтық |
||
Дизель түрі |
В2-450АВ-С2 |
ВА-450-АВ-С2 |
В2-ТК-С3 |
64Н21/21 |
Сонымен қатар жетек үшін: шығыр және ротор бұрғылау сораптарының |
3 5 |
3 5 |
4 4 |
4 4 |
Теңестірілген орнатылатын қуат, кВт |
1654 |
1654 |
1323 |
1852 |
Беріліс түрлері |
механикалық |
гидромеханикалық |
||
Дизельді-гидравликалық агрегаттардың теңестірілген қуаты, кВт |
- |
- |
1058 |
1411 |
Гидротрансформатор |
- |
- |
ТТК-669 |
ТТК-745 |
Төмендеткіш бәсеңдеткіш типі |
Цилиндрлік |
Тісті |
- |
- |
Дизельді төмендеткіш бәсеңдеткішпен және гидротрансформатормен қосу |
Иілгіш муфта |
|||
Төмендеткіш редуктор және гидротрансформатордың трансмиссиямен қосылуы |
ШПМ |
Карданды білік, ШПМ |
||
Қуатты теңестіретін агрегаттар |
Бір және екішкивті сыналы берілістер |
Шынжырлы бәсеңдеткіш |
||
Шығыр мен ротордың берілісті ауыстыру қорабы |
Тісті |
Шынжырлы |
||
Қуатты теңестіретін агрегаттарды БАҚ-пен жалғау |
ШПМ |
Карданды білік, шынжырлы бәсеңдеткіш, ШПМ |
||
Күшті теңестіретін агрегаттарды сораптармен жалғау |
ШПМ |
Карданды білік, ШПМ |
||
Төлкелі-роликті шынжырлар: бәсеңдеткішті теңестіруші берілісті ауыстыру қорабы |
- - |
- 4Н-44,45 |
6Н-38,1 3Н-50,8 |
МЕСТ2183476 3Н-50,8 |
Шинно-пневматикалық муфталар: редуктор және БАҚ бұрғылау сораптарымен |
МП500 МП700 |
МП500 МП700 |
МП500 МП700 |
МП500 МП700 |
Жетек массасы, т |
39,6 |
41 |
44,8 |
57 |
Параметрлері |
БУ6500ДГ |
БУ75Бр-70 |
БУ80БрД |
БУ2500ДГУ |
Жетектің жинақталуы |
Аралас |
Топтық |
||
12.6-кестенің жалғасы |
||||
Дизель түрі |
1А-6Д49 (64Н-26/36) |
1Д-12-Б |
В2-450-АВ-СЗ |
В2-450АВ-СЗ |
Сонымен қатар жетек үшін: шығыр және ротор бұрғылау сораптары |
3 4 |
2 2 |
3 3 |
3 3 |
Теңестірілген орнатылатын қуат, кВт |
3087 |
618 |
1000 |
1000 |
Беріліс түрлері |
гидромеханикалық |
|||
Дизельді-гидравликалық агрегаттардың теңестірілген қуаты, кВт |
2646 |
495 |
800 |
800 |
Гидротрансформатор |
ТТК-932 |
ТТК-1 |
ТТК-1К |
ТТК-1 |
Дизельді редукторды гидротрансформатормен қосу |
Иілгіш муфта |
|||
Редуктор және гидротрансформатордың трансмиссиямен қосылуы |
ШПМ |
Карданды білік, ШПМ |
||
Қуатты теңестіретін агрегаттар |
Шынжырлы бәсеңдеткіш |
|||
Шығыр мен ротордың берілісті ауыстыру қорабы |
Тісті |
Шынжырлы |
||
Қуатты теңестіретін агрегаттарды БАҚ жалғау |
ШПМ,карданды білік, шынжырлы бәсеңдеткіш |
ШПМ,карданды білік, шынжырлы бәсеңдеткіш |
||
Күшті теңестіретін агрегаттарды сораптармен жалғау |
ШПМ |
Карданды білік, ШПМ |
||
Төлкелі-роликті шынжырлар: бәсеңдеткішті теңестіруші берілісті ауыстыру қорабы БАҚ |
6Н-44,45
6Н-44,45 |
6Н-31,75 |
6Н-31,75
3Н-44,45 |
6Н-31,75
3Н-44,45 |
Шинно-пневматикалық муфталар: редуктор және дизельгидравликалық агрегат БАҚ бұрғылау сораптарының |
МП700
МП700 МП700 |
2МП500
2МП500 2МП500 |
МП500
МП700 2МП500 |
МП500
МП700 2МП500 |
Жетек массасы, т |
91,8 |
- |
- |
- |
