Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

11 Циркуляциялық жүйе

Бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйелері өзара байланысқан қондырғылардан және жабдықтардан тұрады. Олар келесі негізгі функцияларды орындау үшін тағайындалған: бұрғылау ерітіндісін дайындау, бұрғыланған жыныстан және басқа зиянды қоспалардан бұрғылау ерітіндісін тазалау, бұрғылау сұйығының физико-механикалық көрсеткіштерін ыждағатты реттеу. Циркуляциялық жүйе құрамына сонымен қатар сораптың сору желілері, оның қажетті материалын дайындау үшін және ерітіндіні сақтау үшін ыдыстар, астаушалар, тұндырғыштар, бақылау-өлшеу аспаптары және т.б. кіреді. Циркуляциялық жүйелер бұрғылау қондырғылары құрамдас жинағына кіретін бөлек блоктардан жабдықталады. Циркуляциялық жүйенің блокты дайындалу принципі оның ықшамдығын қамтамасыз етіп, техникалық қызмет көрсету мен монтажын жеңілдетеді.

Бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар  бұрғылау сұйығының физика-механикалық құрамын бақылау, сапалы дайындау, және геолого-техникалық шарттағы берілгендер үшін қажетті құрамды ұстап тұру. Бұл талаптарды орындаған жағдайда бұрғылаудың жоғары жылдамдығына және белгілі деңгейде көп апаттар мен ұңғыдағы шиеленістердің алдын алуға қол жеткіземіз.

Бұрғылау ерітіндісін дайындау үшін қондырғылардың өнімділігі- бұрғылау ерітіндісінің қорын уақтылы толтыруды қамтамасыз ету шартынан анықталады.

Q = V + Vп (11.1)

мұндағы, Q – қондырғының бұрғылау ерітіндісін дайындау өнімділігі, м3/сағ;

V – 1 сағ. ішіндегі бұрғыланған тау жынысы көлемі, м3;

Vп – бұрғылау ерітіндісінің 1 сағат ішіндегі бұрғыланған тау жынысынан бұрғылау ерітіндісін тазалау кезіндегі ағып кетулерден, ұңғыдағы жұтылулардан болатын шығын, м3 .

Ұңғыны бұрғылау үшін қажетті бұрғылау ерітіндісінің ең аз (минимал) көлемі, фильтрация мен жұтылуды есепке алмағанда, мына формуламен табылады

Vр = Vскв + Vп' (11.2)

мұнда, Vскв – ұңғының толық көлемі, м3;

Vп'  ұңғыны бұрғылау кезіндегі бұрғылау ерітіндісі шығыны, м3.

Бұрғыланған тау жынысы көлемінің ұлғаюына байланысты бұрғылау сұйығының тазалануы кезінде оның ағып кетуінен Vп' шығыны көбейеді.

Ұңғының түбіндегі және оқпанындағы бұрғылау ерітіндісі бұрғыланған тау жынысы ірі бөлшектерімен ластанып, сазды және басқа да қатты бөлшектермен байиды. Шектен тыс қатты фазаның және сазды бөлшектердің болуы, бұрғылау жылдамдығының төмендеуіне алып келеді. Бұрғылау ерітіндісі құрамында 1% қатты фазаның болуы қашау жұмысы көрсеткішін 710%-ға дейін төмендетеді.

11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік

Бұрғылау қондырғысы оның жүккөтергіштігі мен ұңғы тереңдігіне байланысты анықталатын сыныбына, сонымен қатар бұрғылаудың технологиялық процесінің қиындығына байланысты, бұрғылау ерітіндісін дайындауға, тазалауға және құрамын реттеп тұруға арналған әр-түрлі блоктар жинағы кіретін циркуляциялық жүйелермен (ЦЖ) жабдықталады.

Циркуляциялық жүйе блоктарының орналасуы негізгі бұрғылау жабдықтарының орналасуына байланысты анықталады.

ВЗБТ шығаратын бұрғылау қондырғыларын жабдықтау үшін ДАООТ «Хадыженский машзавод» компаниясы циркуляциялық жүйелерді құрылымдайды (11.1, 11.2суреттер, 11.1кесте).

11.1-сурет. ЦС100Э(01) циркуляциялық жүйесінің сұлбасы

1 – сору құбыры; 2 – ерітінді құбыры; 3 – тазалау блогы; 4 – қабылдау блогы;

5 –электржабдықты басқару шкафы

11.1-кесте. ДАООТ «Хадыженский машзавод» компаниясы шығаратын циркуляциялық жүйелер құрамы

Жабдықтар

Циркуляциялық жүйе

ЦС100Э(01)

1ЦСМ2500ДЭП

1ЦСМ2500ЭП

ЦС2500ПК

БУ1600/100ЭУ

БУ2500/160-ДЭП1

БУ2500/160ЭП

БУ2500/160ПК

Тазалау блогы

Құраушы жабдықтар:

Виброелек ВС1

Виброелек ВС-11

Құмайырғыш ПГ-60/300

илайырғыш ИГ-45/75

Илайырғыш ИГ-45М

Гидроциклонды сазайырғыш ГУР-2

БПО-6 блогы

Аралық блок

Қабылдау блогы

Тірек сораптары блогы ГрА170/40

Сұйық реагент ыдысы

Судың ыдысы

Гидравликалық араластырғыш

Қалақшалы араластырғыш

Электржабдық

Жабық қойма

1

-

1

-

-

1

-

-

-

1

2 сорап

-

-

4

3

1

1

1

2

-

-

1

-

1

1

1

1

2 сорап

1

-

6

5

1

1

1

2

-

-

1

-

1

1

1

1

2 сорап

1

-

6

5

1

1

1

2

-

1

1

-

-

-

3

-

2 сорап

1

1

6

7

1

-

11.2-сурет. ЦС2500ЭПК циркуляциялық жүйе сұлбасы

1 – химреагент ыдыстары; 2 – су ыдысы; 3 – жерге шашатын су ыдысы; 4-ерітінді желісі; 5-аралық блоктар; 6-тазалау блогы; 7-диспергатор; 8-гидроараластырғыш; 9-қосалқы сорап; 10-электр басқару шкафы; 11-химреагенттер дайындайтын блок.