- •Бұрғылау жабдықтары
- •1.Ұңғы туралы түсінік, бұрғылау қондырғылары
- •1.1. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау
- •1.2. Бұрғылау қондырғылары құрамы
- •1.3. Бұрғылау қондырғыларын сыныптау
- •1.3.1. Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •1.4. Бұрғылау кондырғыларының түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау
- •1.5. Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау
- •2.1. Қашаулар
- •2. Тау жыныстарын бұзушы аспаптар
- •2.2. Арнайы қашаулар.
- •2.3. Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары
- •2.4. Калибраторлар
- •3. Бұрғылау және шегендеу тізбектері
- •3.1. Бұрғылау тізбегі
- •3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •3.3 Бұрғылау құбырларының материалы
- •3.4 Шегендеу тізбектері
- •3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырларының өлшемдері
- •4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері
- •5 Бұрғылау роторлары
- •5.1 Бұрғылау роторлары құрылымы.
- •5.2 Пневматикалық сыналы қысқыш
- •6. Түптік қозғалтқыштар
- •6.1 Турбобұрғылар
- •6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау приципі
- •6.3 Бірсекциялы турбобұрғы
- •6.5 Шпиндельді турбобұрғылар
- •6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
- •6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар
- •6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш
- •6.8 Электрбұрғылар
- •7 Көтеріп-түсіру кешені
- •7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар
- •7.4. Кронблоктар және тәл блоктары
- •7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок
- •8 Бұрғылау шығырлары
- •8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары, структурасы
- •8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық сипаттамалары
- •8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері
- •8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі
- •8.4 Таспалы тежегіштер
- •8.5 Гидродинамикалық тежегіш
- •8.6 Электромагнитті тежегіштер
- •10 Бұрғылау сораптары
- •10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары
- •10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары
- •10.3 Оао «Уралмашзавод» және взбт бұрғылау сораптары.
- •10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау
- •10.5 Манифольд
- •11 Циркуляциялық жүйе
- •11.1 Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік
- •11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары
- •11.4 Араластырғыштар
- •11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар
- •11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар
- •11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге арналған қондырғы
- •12.1 Жетек түрлері
- •12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •12.3 Күштік берілістер және агрегаттар
- •12.4 Муфталар
- •13.1 Превенторлар
- •13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы
- •13.3 Окк тізбек басы
- •13.4 Окм тізбек басы
- •14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі.
- •15.1 Бірсатылы цементтеу
- •15.2 Цемент араластырғыш машиналар
- •Бұрғылау жабдықтары
6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар
А9К5С, А7Н4С және А6КЗС типті турбобұрғылар терең тік және көлденең ұңғыларды бұрғылауға арналған. Турбобұрғылардың жоғарғы энергетикалық көрсеткіштері ұңғыларды тек қарапайым шарошкамен ғана емес, сонымен қатар гидромониторлы және алмазды қашаулармен де бұрғылауға мүмкіндік береді.
Диаметрі 240, 195 және 164 мм А типті турбобұрғылар Кунгур машинажасау заводында шығарылады. Жоғарғы моментті турбобұрғылар екі секциялы түрде жасалады. Терең емес ұңғыларды бұрғылауда төменгі секцияны жекедара турбобұрғы ретінде қолдануға болады.
Турбобұрғы конструкциясы 6.6-суретте көрсетілген. Жоғарғы моментті турбобұрғылардың ерекшелігі болып оның статор 23 және ротордан 24 тұратын турбиналармен жабдықталуы және олардағы қысым ауысымы тұрақты сұйық шығыны кезінде, тежелу режимінде, бос жүрістен азаюы. Бұл жоғарғы моментті турбобұрғыларда жоғары циркуляциялы турбиналар қолданылуымен түсіндіріледі. Мұндай турбиналарда қысымның тұрақты ауытқуы сұйықтың жартысын турбобұрғыға соқпай құбырсырты кеңістігіне шығаратын өткізгіш қақпақша арқылы іске асады. Нәтижесінде сұйықтың ауыспалы шығыны кезінде турбинаның тұрақты режимде жұмыс жасауына қол жеткізіледі. Турбобұрғының төменгі секциясында турбинаның 110 сатысы, жоғарғы секциясында Э43-50-31/18 типті турбинаның 128 сатысы орнатылады.
6.6-сурет, А7Н4С турбобұрғысы
I, II – сәйкесінше жоғарғы және төменгі секциялар; 1 – тұрқының аудармасы;
2, 17 – контргайка; 3, 18 – қалпақ; 4 – бұранданың реттегіш сақинасы; 5, 19 – ротор гайкасы; 6, 21 – тұрқы; 7, 22 – ортаңғы шар тірек; 8, 23 – статор; 9, 24 – ротор; 10, 26 – білік төлкесі; 11 – турбинаның реттеуіш сақинасы; 12 – жалғағыш аударма; 13 – жоғарғы секцияның білігі; 14, 15 – жоғарғы және төменгі жартылаймуфталар; 16 – тұрқының аудармасы; 20, 25 – корпус төлкесі; 27 – шеттік сальник; 28 – радиалды-тіректік мойынтірек; 29 – тіректік төлке; 30 – тірек; 31 – реттеуіш сақина; 32 – ниппель; 33 – білік; 34 – білік аудармасы.
Жоғарғы моментті турбобұрғыларда шарлы тіреулер қолданылған. Турбобұрғының төменгі секциясында тербелмелі таған 28 радиалды-тіреуіші орналасқан және сепараторсыз құрылымды, 10-қатарлы шарикті мойынтірек түрінде жасалған. Өстік тіреуді абразивті бөлшектерден сақтау үшін турбобұрғы сальнигінің қызметін атқарушы шеттік жұппен 27 жабдықталған.
Қазіргі кездегі турбобұрғылар 50-350 сатыдан тұрады. Сыртқы диаметрі 104,5мм-ден 240мм-ге дейін жасалынады. Секциялы турбобұрғылардың ұзындығы (110 сатыдан жоғары) 26м-ге, ал бірсекциялыда 8м-ге жетеді. Турбобұрғылардың қуаты 14 220 кВт-ты құрайды. Қысымының өзгеруі 2,710 МПа-ға дейін. Барлық турбобұрғылар жұмыс принципі бірдей құрылғыдан тұрады, тек тіректерінің орналысуымен ерекшелінеді.
Турбобұрғы ротордан және статордан тұрады және ротордың айналу жиілігі бір секциялы турбобұрғыларда 800 айн/мин, және көп секциялыда 200 айн/мин жетеді. Ротордың сатылары статордың сатыларының араларында орналасқан және олар қозғалтқыш білігінде кілтектер арқылы орнатылады. Статордың сатылары айналып кетуден статор шетіндегі ниппельді тартудан болатын үйкеліс күшімен ұсталады. Ротордың секциялары бұрандамен және ротор білігіндегі контргайкамен тартылады.
Алдымен барлық секциялар мен тіреулер роторда, білікте жиналады, кейін олар статорға орнатылып, ниппельмен тартылады.
Тіректерінің орналасуына байланысты турбобұрғылардың үш сұлбасы болады (6.7сурет).
6.7-сурет. Турбобұрғының тіректері орналасуы бойынша сұлбалары
1–сұлба бірсекциялы турбобұрғыларда кеңінен тараған, онда 1 резинометалды өкшелік орнатылған.
Бұл сұлбаның артықшылығы, өкшелік жуу сұйығы бағанасынан шектік гидравликалық жүктемені қабылдайды.
Кемшілігі – ұзындығы 6м. және одан артық кезінде майысу қауіпі мен өкшелік пен ниппелдің арақашықтығы үлкендігі. Үлкен жүктеме кезінде қосымша үйкеліс моменті пайда болып, бұрау моменті 12-15%-ға азаяды.
ІІ – сұлбада ротор білігінің деформациялы майысуы болмайды, бірақ өкшеліктегі гидравликалық жүктеме турбинадағы қысымның шамасынан аз. Үйкеліс моменті тіректік өкшелікте ұлғаяды.
ІІІ – сұлбада төменгі бөлігінде тербелу мойынтіректерінде тірек орнатылады. Бұл сұлбада тіректі турбобұрғыны бұзбай-ақ ауыстыруға болады.
Турбобұрғылардың негізгі түрлері
Турбобұрғылардың 4 түрі болады
І. Т-12 и ТС түріндегі секциялы турбобұрғылар. С – секциялы турбобұрғылар. Турбобұрғылар бір, екі және үш секциялы болып шығарылады. Гидравликалық турбинаның ең аз саты саны 98, ең көбі 240.
Т12 турбобұрғысының бір секциясының ұзындығы 8 метр, олар аз габаритті диаметрі 104,5 және 127мм етіп шығарылады.
ІІ. 3 ТСШ түріндегі шиндельді турбобұрғы
Төрт секциялы турбобұрғы, бір секциясы шпиндельдік. 3 секцияның 300-дей сатысы бар, қуаты 225 кВт-қа дейін, жиілігі 500600 айн/мин, жалпы ұзындығы 25м-ге дейін, ал массасы 3,5 6,2 т. ТР2Ш -195 ТО турбобұрғысы да осы түрге жатады.
ІІІ. А түріндегі иінді турбобұрғы. Екі негізгі турбиналар секциясында роторлар мен статорлар саны 200, егер қосымша шпиндельдік секциясы болса, шифрына қосымша Ш әріпі жазылады, мысалға А7Ш.
Кейбір турбобұрғыларда гидротежегіш секциясы болады, онда ГТ әріптері жазылып А7ГТШ деп аталады.
ІV. Арнайы тағайындалған турбобұрғылар. Оларға жататын турбобұрғылар – ТО түріндегі ауытқытушылар, КТД түріндегі тізбекті турбобұрғылар және КД түріндегі тізбекті снарядтар.
Ауытқытушы турбобұрғылар қисық-бағытталған ұңғыларда азимутты өзгертуге немесе көлбеу бұрышты реттеуге арналған.
Турбобұрғыдағы ағын жылдамдығының өстік құраушысын келесі формуламен анықтауға болады:
cz=Q/pДрhx, (6.1)
мұнда: Q – сұйықтық шығыны;
– турбинаның көлемдік ПӘК-і;
Др
– турбинаның өтпелі бөлігінің есептік
диаметрі,
;
Д1 – турбинаның ағынды каналының перифериялы диаметрі;
Д2 – турбинаның ағынды каналының ішкі диаметрі;
h – турбинаның ағынды каналының радиалды ені;
x – турбинаның ағынды каналының қалақашалармен ығыстыру коэффициенті (0 тәжірибелі берілгендердің негізінде есептелінеді).
C1=czctga (6.2)
Турбинаның оңтайлы жағдайдағы білігінің айналу жиілігі мына формуламен анықаталады:
(6.3)
Ағынның айналмалы жылдамдығы u = c1cos1 теңдеуінен алынады.
Сұйықтың турбинадағы қозғалысының кинематикасы және турбобұрғы параметрлерінің есептік теңдеулері
6.8-сурет. Турбинаның өтпелі бөлігі диаметрі
Турбобұрғының білігінің айналу жиілігі айдалатын сұйықтықтың мөлшеріне тура пропорционал.
Турбинаның гидравликалық қуаты кВт, мына формуламен анықталады:
Nг=gQH/1000, (6.4)
мұнда: r – айдалатын сұйықтықтың тығыздығы; кг/м3;
g – еркін түсу үдеуі, м/с2;
H – турбобұрғыдағы қысым, м;
Турбобұрғының тиімді қуаты, мына формуламен анықталады:
Nт= Nг= gQH/1000, (6.5)
мұнда: =гом – турбобұрғының жалпы ПӘК-і;
г – гидравликалық ПӘК сұйықтың құйындап ағуын ескереді;
о – айналу бөлігінің көлемдік ПӘК;
м – тіреулерде және мойынтіректердегі механикалық ПӘК.
Қысымның өзгеруін Н Эйлердің өстік турбиналарға арнаған теңдеуінен табуға болады:
u2=Hgг/k, (6.6)
мұнда к – турбина сатыларының саны.
Содан
(6.7)
Турбинадағы қысым – p=Hg/1000 МПа
Сонда
(6.8)
Турбобұрғының тиімді қуаты айдалатын сұйықтықтың кубына пропорционал, сондай әсерді көлемдік ПӘК те көрсетеді.
Бұрау моменті, Мбр=9545,2N/n.
Nт және n мәндерін қойсақ
Мбр= 0,159Q2к02.Мctg1cos1. (6.9)
Қалақшалардың көлбеулік бұрышын (1) үлкейткенде турбина роторының айналу жиілігі азаяды, және Мбр азайып, квадратты тәуелділікте турбобұрғының қуаты азаяды.
(1) бұрышының үлкеюі ПӘК-ң азаюына алып келеді (6.9-сурет). Айналу жиілігі ерітіндінің тығыздығына байланысты емес, бірақ қуат, Мбр және қысымның өзгеруі ерітіндінің тығыздығына () тура пропорционал.
6.9-сурет. Турбобұрғының есептік сұлбасы
