Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

15.2 Цемент араластырғыш машиналар

Цементтік ерітіндіні дайныдау үшін арнайы аралсатырғыш ЦСМ және СМН (15.2-сурет) маркалы машиналарды қолданады. Цемент аралстырғыш машина автомобильге немесе тіркемеге орнатылған және жақтаулық қабырғалары 53º бұрышпен орналасқан 20 тонналық сыйымдылық бункер болып келеді. Бункердің астында цементті құйғышқа беретін екі шнек болады. Құйғыштан цемент тік қалақшалы шнекпен араластырғыш құрылғыға беріледі.

Тампонажды ертіндіні дайындау үшін бункердің артқы жақ астында, консолды рамада қабылдау камерасы және ваккумды гидравликалық араластырғыш орналасқан. Дайындалған тампонаж ертіндісі соған арналған немесе орташаландырғыш ыдыстарға құйылып одан цементтеу агрегатына сорып алынады.

15.2-сурет, Цемент араластырғыш машина

Қалыпты жағдайда бір цемент араластырғыш машинаға екі цементтеу агрегаты жұмыс жасайды, өйткені оның бірі езу сұйығын гидроараластырғышқа беруге арналған. Цементтеу жұмыстары басталуға жақындағанда ұңғы жанына, цементтеу жұмысын аз мезгілде өткізуге мүмкіндік беретін біраз агрегаттар мен машиналар топтастырылады.

Барлық жабдықтарды жалғап байланыстыру 1БМ-700 өзі жүретін манифольд блогын (15.3-сурет) қолданған кезде өте оңайланады. Манифольд блогы тампонаж ертіндісін басқа бірнеше цементтеу агрегаттарынан ұңғы сағасымен байланысқан екі айдау құбырларына жинауға, одан басқа айдау сұйығын агрегаттарға бөлуге арналған. Ол ЗИЛ-131 автомашинасының шассиіне орнатылған және цементтеу агрегаттарының алты желісіне дейін қоса алады. Қондырғы құрамындағы екі аша қосқыштар көмегімен қосылатын цементтеу агрегаттарының санын екі еселеуге (12 агрегатқа жеткізуге) болады. Кернеулік коллектор 70 МПа дейінгі қысымға есептелген, үлестіргіштер 25 МПа дейін.

СКМ-2М цементтеу процесін бақылау станциясы бір мезетте автоматты түрде цементтеу процесінің технологиялық параметрлерін: айдау қысымын, ұңғыға берілетін сұйықтың тығыздығын, цементтеу агрегаттарының қосынды өнімділігін және айдалатын сұйықтың көлемін өлшеуге және тіркеуге арналған.

Көрсеткіш және тіркеуші сұйықтың тығыздығын, айдау қысымын, және өнімділігін өлшейтін аспаптар басқару пултінде орналасқан. Станцияның датчиктері 1БМ-700 манифольд блогында орналастырылған. Станция құрамына сыртқа алып жүріп, агрегаттың қызметтерін басқаратын операторлармен жұмыс жетекшісі арасындағы байланысты ұстап тұратын басқару блогы кіреді.

15.3-сурет, Цементтеу кезінде агрегаттар мен машиналарды байланыстыру сұлбасы

1, 2 - цементтеу агрегаты; 3- манифольд блогы; 4- ұңғы сағасы; 5-бақылау станциясы; I-жоғары қысымдағы жүйе; II- төменгі қысымдағы жүйе; III- сору жүйесі; IV- байланыс жүйесі.

Мұнай және газ ұңғыларын жуу, цементтеу үшін цементтеу басы қолданылады. Ұңғыға түсірілген шегеңдеу тізбегіне арнайы цементтеу басы қойылып, цементтеу агрегаттары манифольдымен жалғастырылады.

Қазіргі кезде цементтеу бастарының ЦГЗ, ГЦК, ГЦК-150, СНПУ, 2ГУЦ-400, тағы да басқа түрлері қолданылады. Бұл аталған құрылғылар конструкциялық жағынан ұқсас келеді. Сондықтан да мысал ретінде 2ГУЦ-400 (15.4-сурет) құрылғысын қарастырамыз.

Цементтеу басы бақылау манометрімен жабдықталған және онда қауіпсіздік клапаны мен ағызу түтігі болуы мүмкін.

Қазіргі заманда, тампонаж ертіндісін айдау кезінде, шегендеу құбырлар тізбегін айналдыруға мүмкіндік беретін цементтеу бастары құрастырылып, қолданыс тапқан. Бұл шегендеу тізбегі сыртындағы бұрғылау ертіндісін тампонаж ертіндісімен толық алмастыруға мүмкіншілік беріп, цементтеу сапасын арттырады.

15.4-сурет, 2ГУЦ-400 цементтеу басы

Бұл қондырғы саға қысымы 40 МПа-ға дейінгі ұңғыны цементтеу кезінде, байланыстыру үшін колданылады. Цементтеу басы тұрқыдан (2), бөлгіш тетігі бар кақпақтан (3), үш жолды ысырмадан манометрден, екі бекіткіш винттен (7), тығын ысырмасынан (5), цементтеу тығынынан (6), байланыстыру элементі (1) және қосалқы гайкадан (4) тұрады.

Цементтеу тығыны шегендеу тізбектрін цементтеу кезінде бұрғылау сұйығы мен басып айдау сұйықтарын цемент ерітіндісінен бөлу, цементтеу процессінің аяқталу туралы мәлімет алу мақсатында қолданылады. Төменде (15.5-сурет) цементтеу тығындарының бірнеше түрлері көрсетілген.

15.5-сурет, Цементтеу тығындары

а ортасы қуыс төменгі тығын; б жоғарғы тығын; в өздігінен тығындалатын резина тығын.

Библиографиялық тізім

1 Баграмов Р.А. Буровые машины и комплексы. Учебник для вузов. М: НЕДРА, 1988. 501 с.

2 Буровое оборудование. Справочник в 2-х томах./ Абубакиров В.Ф., Архангельский В.Л. и др./-М: НЕДРА, 2000.

3 Булатов А.И., Аветисов А.Г. Справочник инженера по бурению. В 4-х томах. –М: НЕДРА, 1993-1996.

4 Северинчик И.А. Машины и оборудование для бурения скважин.-М: НЕДРА, 1986. 368 с.

5 Ильинский А.Л., Шмидт А.П. Буровые машины и механизмы. Учебник для техникумов. –М: НЕДРА, 1989. 395 с.

6 Ратов Б.Т. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау: Оқулық–Алматы: ҚазҰТУ, 2010–342 б.

7 Мусанов Ә. Ұңғыларды бұрғылау: Оқулық: Геолгия және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығына арналған. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013. – 372 б.

8 Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайылданов Қ.Н. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу.: ЖООға арналған оқулық.  Алматы.: ҚазҰТУ, 2003.

9 Қарманов Т.Д. «Бұрғылау жабдықтары», Оқу әдістемелік кешен. ҚазҰТУ 2011. 138 б.

Мазмұны

Кіріспе 3

1-ТАРАУ ҰҢҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ. 4

1.1 Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау 4

1.2 Бұрғылау қондырғылары құрылымы 8

1.3 Бұрғылау қондырғыларын сыныптау 10

1.3.1 Қолданбалы және терең барлама бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары 13

1.4 Бұрғылау қондырғылары түрлері мен негізгі параметрлерін таңдау 17

1.5 Бұрғылау қондырғысы жабдықтарының сұлбасы мен сәйкес орналасуын таңдау 19

2- ТАРАУ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫН БҰЗУШЫ АСПАПТАР 23

2.1 Қашаулар 23

2.2 Арнайы қашаулар 35

2.3 Колонкалық бұрғылауға арналған бұрғы құрылымы және бастары 40

2.4 Калибратор 44

3-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ ЖӘНЕ ШЕГЕНДЕУ ТІЗБЕКТЕРІ 47

3.1 Бұрғылау тізбектері 47

3.2 Құбырлардың бұрандалы байланысы 58

3.3 Бұрғылау құбырлары материалы 61

3.4 Шегендеу тізбектері 62

3.5 Ұңғы конструкциясы және шегендеу құбырлары өлшемдері 66

4- ТАРАУ ҰРШЫҚ 70

4.1 Ұршық конструкциясының негізгі элементтері 71

4.2 Жоғарғы күштік жетек 76

5-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ РОТОРЛАРЫ 80

5.1 Бұрғылау роторы құрылымы 80

5.2 Пневматикалық сыналы тұтқыш 88

6- ТАРАУ ТҮПТІК ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР 91

6.1 Турбобұрғылар 91

6.2 Турбобұрғылар құрылымы жұмыс жасау принципі 91

6.3 Бір секциялы турбобұрғы 94

6.4 СТ түріндегі секциялы турбобұрғылар 96

6.5 Шпиндельді турбобұрғылар 97

6.6 Жоғарғы шектік моментті турбиналы турбобұрғылар 99

6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар 105

6.8 Электрбұрғылар 111

7-ТАРАУ КӨТЕРІП-ТҮСІРУ КЕШЕНІ 117

7.1. КТО кешеніне арналған кинематикалық сұлба 120

7.2. Тәл жүйесі 125

7.3. Тәл жүйесіне арналған болат арқандар 127

7.4. Кронблоктар және тәл блоктары 134

7.5. Бұрғылау ілмегі және ілмектіблок 137

8-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ ШЫҒЫРЛАРЫ 141

8.1 Бұрғылау шығырлары, функциялары,структурасы 141

8.2. Шығырлардың кинематикалық сұлбалары, құрылымы және техникалық мінездемелері 146

8.3 Шығырлардың негізгі параметрлері 156

8.4 Бұрғылау шығырларының тежегіш жүйесі 157

8.4 Таспалы тежегіштер 158

8.5 Гидродинамикалық тежегіш 164

8.6 Электромагнитті тежегіштер 169

10-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ СОРАПТАРЫ 173

10.1 Екі поршеньді бұрғылау сораптары 174

10.2 Біржақты әсерлі үшцилиндрлі бұрғылау сораптары 182

10.3 ОАО «Уралмашзавод» және ВЗБТ бұрғылау сораптары. 186

10.4 Сораптардың негізгі техникалық көрсеткіштерін таңдау 190

10.5 Манифольд 193

11-ТАРАУ ЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ 196

11.1. Циркуляциялық жүйелердің құрамы туралы түсінік 197

11.2. Циркуляциялық жүйе блоктары 199

10.3 БПР -1 арнайы сұйықты және бұрғылау ерітіндісін дайындау

блогы 200

11.4 Араластырғыштар 203

11.5 Бұрғылау ерітіндісін шламнан тазалауға арналған жабдықтар 206

11.6 Бұрғылау ерітінділеріне арналған дегазаторлар 211

11.6 Бұрғылау ерітіндісін центрифуга базасында өңдеуге

арналған қондырғы ......................................................................................... 213

12-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ КҮШТІК

ЖЕТЕКТЕРІ 214

12.1 Жетек түрлері 214

12.2 Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары 216

12.3 Күштік берілістер және агрегаттар 222

12.4 Муфталар 236

13-ТАРАУ ЛАҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ЖАБДЫҚТАР 245

13.1 Превенторлар 246

13.2 Бұрғыланып жатқан ұңғылардың сағалық жабдығы 255

13.3 ОКК тізбек басы 258

13.4 ОКМ тізбек басы 260

14-ТАРАУ БҰРҒЫЛАУ МҰНАРАЛАРЫ 263

14.1 Бұрғылау қондырғыларының негізі. 271

15-ТАРАУ ҰҢҒЫНЫ ЦЕМЕНТТЕУГЕ

АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР 273

15.1 Бірсатылы цементтеу 273

15.2 Цемент араластырғыш машиналар 275

Библиографиялық тізім 276

Оқу басылымы

Қарманов Тоғыс Досмырзаұлы