Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

15.1 Бірсатылы цементтеу

Егер шегендеу тізбегінің төменгі ұшында дайын фильтр орналасып, пайдалану қабатын цементтеу міндетті болмаса, онда манжетті тәсілді қолданады.

Фильтрдің үстіне клапан және шамалы жоғары құюшы муфта бұранда арқылы жалғасып ораналасады. Шегендеу тізбегі сыртынан ұңғы оқпанына сақиналы кеңістік бойымен цементтің қозғалысына кедергі болатын брезентті манжетпен тығыз қысылатын болып жабдықталады.

Башмак арқылы жуу мүмкін болмайтындықтан, ұңғы сазды ерітіндімен толытырылуын қадағалау қажет.

Ұңғыда шегендеу құбырын цементтеу қалыпты жағдайда бірқатар қиын жұмыстарды орындаумен жүзеге асады; алдымен цементті және басқа материалдарды бұрғылау қондырғысына жеткізу, соншама үлкен көлемдегі цемент ертіндісін қысқа мерзімнің ішінде езіп дайындау, дайындалған ертіндіні шегендеу құбыры сыртына айдау. Материалдың жұмсалуы және цементтеу сапасы қолданылатын техникалық жабдықтардың жетілгендігіне, сенімділігіне байланысты болады. Жоғарыла аталған жұмыстарды атқару үшін арнаулы жабдықтардың кешені қолданылады.

Цементтеу жұмыстарының техникалық жабдықталуына цементтеу агрегаты Ц цемент араластырғыш машина ЦМ, өзі жүретін байлау блогы 1БМ-700, цементтеу процесін бақылайтын СКЦ-2М, және де көмекші ыдыстар мен резервуарлар (сұйылтқыш ыдыс, цементтік ыдыс және т.б.), цементтеуші (головка) бас, құбырлар жүйесі және ұңғы сағасымен жабдықтарды байланыстыратын шлангалар жатады.

Цементтеу агрегаты тампонаждық ертіндіні ұңғыға одан соң шегенделетін құбырлар тізбегінің сырт жағына айдауға, тампонаж ертіндісін дайындауға қажетті судың көлемін анықтауға, суды цемен араластырғыш машинаға тампонаждық ертітінді дайындауға беруге арналған.

Отандық тәжірибеде автомобиль шассиіне монтаждалған мобильді цементтік агрегаттар қолданылады. Соның бірі ЦА-320М маркалы КрАЗ-257 шассиіне монтаждалған цементтік агрегат. Цементтік агрегат келесідей байламды бөліктерден; күш алу қорабы, су беруші 1В сорабынан, қосымша іштен жану қозғалтқышынан, машинаның қозғалтқышынан беріліс алып тұрған екі поршенді, жоғары қысымды 9Т сорабынан, ішінен әр қайысы 3,2м3 сыйымдылықпен екі бөлікке бөлінген өлшем ыдысынан, агрегаттың әр түрлі сұлбамен жалғануына мүмкіндік беретін манифольдтен тұрады.

ЦА-320М агрегатында (15.1 - сурет) ортадантепкіш су айдайтын сорап орналастырылған. Езуге арналған су мөлшерін, сыймдылығы белгілі өлшем ыдысының әр бөлігінен алма кезек алу арқылы біліп отырады. Өлшем ыдысының әр бөлігіндегі сұйықтың мөлшерін ыдыстағы сұйық бағанының биіктігімен анықтайды.

15.1 – сурет, ЦА-320М агрегаты

Цементтеу агрегаты сипаттамасының параметрлеріне жататындар; тампонаж ертіндісін шектік айдау қысымы, өнімділігі. Айдау қысымы әрбір жұмыс режимі кезінде транспорттық қозғалтқыштың жетек қорабы білігінің айналыс санына және сорап төлкесінің диаметріне байланысты анықталады. Агрегаттың шектік қысым көрсеткіші маркасы белгіленген тақтайшасындағы (мысалға ЦА-320М агрегатында шектік қысым 32 МПа) жазуларда болады.

15.1- кестесі, ЦА-320М цементтеу агрегатының сораптың толу коэффициенті 0,9 тең болғандағы жұмыс жасау режимі сипаттамасы

Сипаттама атауы

Әрбір беріліске сәйкес параметрлер

Қосулы беріліс

II

III

IV

V

Сораптың негізгі білігінің айналыс саны, айн/мин

27

48

73

110

Сораптың цилиндр төлкесінің диаметрі, мм

100; 115; 127

100; 115; 127

100; 115; 127

100; 115; 127

Өнімділік, л/с

2,9; 4,0; 4,9

5,2; 7,0; 8,7

7,9; 10,7; 13,3

11,9;16,1; 20,0

Айдау қысымы, МПа

32; 23; 18,5

18; 13,4; 10,7

11,7; 8,7; 7,0

7,8; 5,8; 4,7

Цементтеу жұмыстарын ерекше жағдайларда жүргізу үшін (жолы қиын аймақтар, таулы жерлер және т.б.) 5ЦА-320С маркалы шана табанды, 5ЦА-320ГБ шынжыр табанды, 5ЦА-320 рамада орналасқан агрегаттар шығарылады. Соңғы рамадағы агрегатты тікұшақпен іліп алып тасымалдауға болады. Тампонаж дайындайтын мекемелердің қарауында өзі жүретін 4АН-700 маркалы, плунжерлі сорабы бар, айдау қысымы 70 МПа дейін көтерілетін сорапты агрегаттар болады. Бұндай агрегаттар қабатты гидравликалық жару, гидроперфорация, тұтылған тізбектерді босату үшін, кейбір жағдайда тампонаж ертіндісін сығымдап айдау үшін қолданылады.

Болашақта цементтеу агрегаттарын жетілдіру оның барлық қосылған бөлшектері мен агрегаттарының сенімділігін арттыруға, тампонаж ертіндісін айдау біркелкілігін арттыруға бағытталған, өйткені біркелкі берілмеген ертінді шегендеу құбыры сыртындағы сұйықтың түгел ауыспауына, қуаттың жоғалуына, бос жүрістердің көбеюіне әкеліп соғады.

МЕСТ 20725-75 бойынша платформада жабық кабинада барлық жұмысты бақылау жасайтын аспаптарымен машинистің орны бар, өлшем ыдыстары бар цементтеу агрегаттарының бес түрі қарастырылған.