Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Карманов Учебн. пособие.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21 Мб
Скачать
☆

6.7 Түптік бұрандалы қозғалтқыштар

Гидравликалық винттік қозғалтқыш жоғарыдан бұрғылау сораптары арқылы берілетін жуу сұйығы ағынының көлемдік әсерінен қозғалысқа келетін түптік қозғалтқыш машина (6.10-сурет).

Ол статордан және оның ішкі бөлігінде эксцентрлі орналасқан, өзара бірбірімен винттік тістері арқылы ілінісіп, тісті жұп құрайтын ротордан тұрады. Статор тістері ротордан бір тіске артық болуы, соңғысының статор тістері арқылы жылжып планетарлық қозғалыс жасауына әкеледі, оның өсі диаметрі екі эксцентриситетке е тең шеңбер сызады. Роторды шпиндель білігімен жалғау үшін, эксцентриситетті теңгеріп тұратын шарнирлі муфта қолданылады.

Винттік гидробұрғының шпинделі құрылымы жағынан турбобұрғы шпинделіне ұқсас. Ол резина-металды радиалдық мойынтіректерге бекітілген және өстік жүктемені қабылдау үшін өкшемен жабдықталған. Шпиндель білігі қуыс етіліп жасалып, оның төменгі бөлігіне аударма арқылы жалғанған қашауға жуу сұйығын беру үшін жоғарғы жағы каналдармен жабдықталған. Винттік қозғалтқыш тұрқы аударма арқылы бұрғылау құбырлар тізбегіне жалғанған.

6.10Сурет, д3-172 винттік түптік қозғалтқыш

1 – ротор мен шығатын біліктің жалғамасы; 2 – статор; 3 – ротор; 4, 5 – тұрқылық аудармалар; 6 – шпиндель секциясы тұрқы; 7 – өстік тірек; 8 – радиалды мойынтірек;

9 – білік; 10 – қашау жалғанатын аударма.

Жұмыс жасау принципі бойынша гидравликалық винттік қозғалтқыштар (6.11-сурет) көлемдік роторлы машиналарға жатады. Бұндай машиналардың негізгі жұмыс жасау мүшесі элементтеріне келесілер жатады:

 жоғарғы және төменгі бөліктерінде сәйкесінше жоғары және төмен қысымдағы камераларын құрайтын қуыстары бар статор тұрқы;

 шпиндель білігіне айналу моментін беретін жетек ротор-винт;

 жоғары қысымдағы камерадан төмен қысымдағы камераға сұйықтың ағып кетуін болдырмайтын винттік беттердің түйісетін қырлары.

Статор мен ротордың винттік беттері қозғалтқыштың жұмысшы көлемін бірнеше қуыстарға бөледі. Жоғары және төмен қысымдармен байланысқан қуыстар камералар деп, ал араларындағы жабық қуыстар шлюздер деп аталады. Көлденең қиындыда бірбірінен түйісу сызықтарымен бөлінген камералар құралады. Әрбір камера айналыс барысында, әлсінәлсін, өз уақытылы жоғары және төмен қысымдағы камераларды жалғастыратын шлюз қызметін атқарады. Теориялық тұрғыдан алғанда винттің бір қадам ұзындығында жұмысшы элементтерден жоғары және төмен бөлектенген қуыстар жасалады.

6.11-сурет. Винттік гидравликалық қозғалтқыштың жұмысшы мүшелері

1 – винтті ротор; 2 – статор; I-V – өстік қималар.

Статор мен ротордың винттік тістері бір-бірімен қиылып, жоғары қысымдағы аймақты төменгі қысымдағы аймақтан бөліп, сұйықтың еркін ағуына бөгет жасайды. Сұйық қысымының артуы әсерінен жетек винтінде айналдыру моменті туындап, шпиндель білігіне беріледі. Қозғалтқыштағы қысым мөлшері артқан сайын айналдыру моменті шамасы артады. Жұмыс принципі бойынша винттік қозғалтқышты, поршені винттік сызықпен ротор өсі бағытында қозғалатын поршеньді гидравликалық қозғалтқышпен салыстыруға болады. Поршень қызметін винттік ротордың қиылатын беттері атқарады.

Әрбір көлденең қимада жұмыс мүшелерінің кинематикасы екі басқы және атты шеңберлермен (6.12-сурет) сипатталады. Винттік машиналарда ротор планетарлық қозғалыс жасайды. Ротордың статор өсіне қатысты ығысып орналасуы қозғалтқыштың эксцентритеті е деп аталады.

Біркірісті қозғалтқыш роторы өзінің басқы шеңберіне қатысты симметриялы емес. Ротор қимасы центрі О1 дөңгелек, ал статордың көлденең қимасы центрі О2  сопақ тесік. Біркірісті винттік роторлы қозғалтқыштар құрылымы қарапайым, сондықтан өндірістің әртүрлі салаларында кең қолданылады.

Винттік роторлы қозғалтқыштардың бірқатар артықшылықтарына байланысты оларды гидравликалық түптік қозғалтқыш ретінде қолдануға мол мүмкіндік береді. Ол артықшылықтары:

1) сұйық ағынын реттейтін клапандар немесе реттегіштер жоқтығы;

2) ротор-статор жұбының бір-біріне қатысты үйкеліссіз қозғалуы;

3) ротордың айналысы кезінде, жұмысшы мүшелері түйісу беттерінің үздіксіз өзгеруі салдарынан жуу сұйығы құрамындағы абразивті бөлшектердің қуыстар мен шлюздерден шығып кетуі.

6.12-сурет. Тістер саны әртүрлі винттік қозғалтқыштың жұмысшы мүшелерінің кинематикасы

а біркірісті; б екікірісті; в үшкірісті; О1, О2  ротор және статор өсі;

е  эксцентритет; а1, а2 ..., а5 түйісу нүктелері; , бастапқы шеңберлер.

Көлемдік винттік қозғалтқыштарда ротор-статор жұбының шлюздер жасау шарты төмендегідей:

  • статордың тістер немесе кірістер саны z1 ротор тістерінен z2 бірге артық болуы керек;

  • статор тістері адымының Т ротор тістері t адымына қатынасы олардың санының қатынасына пропорционал болуы тиіс,

Т/ t= z1/ z2. (6.10)

Ротор мен статор тістері санының қатынасы берілістік қатынас деп аталады:

и= z1/ z2. (6.11)

Теориялық тұрғыдан алғанда винттік қозғалтқыш кез келген берілістік қатынасқа ие бола алады.

Аз кірісті винттік қозғалтқыштарда үлкен айналыс жиілігі бола тұра айналдыру моменті шамасы төмен болады. Ротордың кіріс санын көбейткен сайын айналдыру моменті өсіп, айналу жиілігі төмендейді. Бұл көпкірісті роторымен винттік механизм бір мезгілде қозғалтқыштың да, редуктордың да қызметін атқаратынымен түсіндіріледі, өйткені оның беріліс қатынасы кіріс санына пропорционал.

Қозғалтқыштың ротор адымы ұзындығының әрбір көлденең қимасында ротордың айналу центріне әсер ететін теңгерілмеген гидравликалық күш R1 туындайды (6.13-сурет).

6.13-сурет. Винттік қозғалтқыштың жұмысшы мүшелеріне әсер ететін күш сұлбасы

Штрихталған қуыстар жоғары қысымдағы сұйықпен толтырылған, штрихталмаған қуыстар төмен қысымды көрсетеді.

Көпкірісті роторлы қозғалтқыштарда гидравликалық күш әсер ететін бет адым ұзындығында тұрақты емес. Егер қарастырып отырылған бөліктен басқа келесі көлденең қиманы қарастырсақ, жұмыс мүшесінің ұзындық бірлігінде гидравликалық күш туындайды. Ротордың адымының ұзындығындағы айналдыру моменті (Нм) былай есептеледі:

(6.12)

мұнда, р  қысым шамасы, Па;

D  ротордың есептік диаметрі, м;

t ротор адымы, м;

e  эксцентриситет, м;

z1  статордың тістер саны.

Ротор адымының жарты ұзындығында туындайтын өздік көлденең күш мынаған тең:

(6.13)

Біркірісті роторлы винттік қозғалтқыштың айналдыру моментін анықтау үшін мына тәуелділікті қолданады:

(6.14)

Винттік қозғалтқыштардың айналдыру моментін мына формуламен есептейді:

M=M0pDte (6.15)

мұнда, M0  винттік қозғалтқыштың өздік моменті,

(6.16)

Се  эксцентритеттің е тіс радиусына r қатынасымен анықталатын өлшемсіз параметр.

Өздік момент ротордың кіріс саны мен өлшемсіз параметрге Се тәуелді.

Өздік моменттің физикалық мағнасы өлшемдері (D, e және t) бір бірлікке, қысым шамасы бірге тең винттік механизмнің моменті болып табылады. Өздік момент біркірісті механизмдер үшін өте аз, кіріс саны көбейген сайын өсе береді.

Сұйықтың көлемдік әсерінен жасалатын қозғалтқыштар білігінің айналыс жиілігі келесі формуламен анықталады:

n=Q/Vк (6.17)

мұнда, Q қозғалтқышқа берілетін сұйық мөлшері, м3/с:

Vк  қозғалтқыштың жұмысшы мүшесі камерасының көлемі, м3.

Винттік қозғалтқыштың жұмысшы көлемі, басқаша айтқанда білік бір айналғандағы сұйық шығыны,

V0=FшTz2. (6.18)

мұнда Fш  шлюздің көлденең қимасы ауданы, м2:

Т  статордың винттік бетінің адымы, м;

z2  ротордың тістер саны.

Гипоциклоидальді центрлік іліністегі винттік қозғалтқыштардың шлюздерінің көлденең қимасы ауданы келесі формуламен анықталады:

F=2e2(z2-1)+8er (6.19)

Қажетті өзгертулер мен орнына қоюларды қолданып винттік қозғалтқыштың білігінің айналу жиілігін есептеуге мүмкіндік беретін формуланы алуға болады:

(6.20)

мұнда n0  қозғалтқыш білігінің өздік айналу жиілігі, қозғалтқыштың жұмысшы мүшесінің кірістік санымен z2 және Се коэффициентімен анықталатын өлшемсіз параметр.

(6.21)

Біркірісті винттік қозғалтқыштар жоғарышапшаңдықты болғандықтан, қолданыста көпкірісті винттік механизмдер тиімді болып табылады. Нақты алғанда қозғалтқыш білігінің айналыс жиілігі 100-200 айн/мин болу үшін ротордың кірістік саны сегізден кем болмауы керек. Д2-172 қозғалтқышында ротордың кіріс саны тоғызға тең.

Гидравликалық винттік қозғалтқыштың энергетикалық параметрлері оның беріліс санымен, қысым мөлшерімен және сұйық шығынымен анықталады. Тұрақты сұйық шығыны Q кезінде, қозғалтқыштың айналдыру моменті М, қысымның өзгеру шамасына р, шпиндел білігі айналыс жиілігіне n, қуатқа N және ПӘКке байланысты өзгеретін көрсеткішпен сипатталады.

6.14-суретте ДГ-155 винттік түптік қозғалтқыштың сынақ стендтінде алынған мінездемесі келтірілген.

6.14-сурет. ДГ155 винттік түптік қозғалтқышқа тән сынақтық көрсеткіштер.

6.2-кесте. Бұрандалы түптік қозғалтқыштардың салыстырмалы сипаттамасы

№

1

2

3

4

5

6

7

8

Параметрлер

Өлш. бір

Д1-195

Д2-172 М

Д 127

Айналу жиілігі

айн/мин

100-130

115-220

200-250

Айналдыру моменті

кНм

5-6,1

2,9-4,15

1- 1,2

Біліктегі қуат

кВт

50-80

33-92

20-30

Сұйықтық шығыны

л/с

30-40

23-36

12-15

Қысымның өзгеруі

МПа

5-6

4,5-6

3,5-4,5

Диаметр

мм

195

172

127

Ұзындығы

мм

6235

6900

4400

Масса

кг

1090

880

305

Турбиналы және электрлі қозғалтқыштарға қарағанда бұрандалы қозғалтқыштар ең үлкен қуатқа ие. Бұрандалы қозғалтқыштардың ПӘК-і турбобұрғыға қарағанда жоғары, бірақ бастапқы моменті кіші.