Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆
  1. Скрипт және гешталът

Скрипт – концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі. Скриптіні қалыптастыратын басты элемент - фрейм. Скриптінің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттар арқылы немесе басқа адамдардың әрекеттерін мұқият есте сақтау арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни, адам тануға дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғынады. Скрипт - мәтінді тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын фрагменттерді автоматты түрде салыстырып, не ұқсатып ойша табуға деген ептілік. Скрипт көмегі арқылы санадағы бүтін концептіні (мәтінді) модельдеуге болатыны айқындалады. Скриптіге тән қасиет – мәтінге енетін фреймдер мен сценарийлердің қайталануы. Гештальт – ойлауға тән ұғым. Оны алғаш ғылыми айналымға енгізген неміс ғалымдары болатын. (неміс тілінде Gestalt - фигура, форма, құрылым) психологиялық теория – гештальттық психологиядан бастау алады. Гештальтты құрылым – дәлме-дәл емес, бірақ тұтас, жалпылық сипаттағы түсінік. Аталған термин қандай да бір теорияға негізделеді, яғни оны тұтас теориядан бөліп қарастыруға келмейді. Өйткені гештальт мұндай жағдайда белгілі бір ұғымды таныту қасиетінен айырылған болар еді. Оны теориялық тұтас құрылым болатындықтан нақты бейнелеу мүмкін емес. Алайда, гештальт – образ, форма, бір ғана сөз болуы да мүмкін. Сонда, жоғарыда көрсеткеніміздей, терминдік мағынасының өзі «бейне, құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді [3, 12]. Осы тұста «біртұтас форма» дегенге ділімізге қатысты «ұзын ырға, сом, жалпылық» сияқты ұғымдардың да саятынын ескеруге тиіспіз. Демек, гештальттың қызметі сан алуан. Сан тарапты нәрсенің ұзын ырғасын біртұтас, сом күйінде қабылдату. Біртұтас дейтін себебіміз – сол: онда негізгі рөлді жеке бөліктер атқармайды, жалпы құрылым атқарады. Мысалы, бұлтты бөлшекті түрде суреттеу мүмкін болмағандықтан, адамның оны гештальт ретінде тұтас қабылдайтыны сияқты.

Гештальт – бейнеленіп отыпған денотивтік ситуациядағы барлық сезімдік және рационалды элементтерді өзіне шоғырландыра ұстап, жинақтай алатын бейнелі-тұтас құрылым. Тұтастың бөлшектерден құралатына және олардың бүгінге тәуелді, бағынышты болуы гештальт тұтас гештальтқа тәуелді болады. Гештальт психология бөлшектердің қабылдануына тұтастың тигізер әсерін және бөлшектердің тұтасқа бірігу факторын анықтайды. Осыдан келіп дискурсивтік таңбажасамға тән мынадай аса маңызды заңдылықтар шығады:

1.әр түрлі тұтас құрылымдарға енгізілген бір ғана элемент түрліше қабылданады;

2. жекелеген элементтері ауыстырылып, бірақ олардың ара қатынасы сақталса, образдың жалпы құрылымы өзгеріссіз қалады;

3. тұтастың бөлшектерден артықшылығын көрсететін үшінші форма – жекелеген бөліктері түсіп қалғанына қарамастан интегралды құрылымның сақталуы /193/.

Фразеологиялық мағына жасаушы гештальттың мән тудырушы рөлі оның когнитивтік құрылымының идиомалылығына байланысты болады. Гештальт мәнділігін идиомалылығы анықтайды: ол (гештальт) әрі тұтас, әрі бөлшектенетін (талданатын) болады, ол бөліктерден тұрады, бірақ оны сол бөліктредің жиынтығы деп қарауға болмайды (Дж. Лакофф).

Скрипт – қозғалыс белгісі бар стереотипті эпизод немесе кеңістік-уақыттық динамикадағы фрейм (Мысалы, жар(ғақ) құлағы жастыққа тимеді). Фразеологиялық мағынаның негізінде жатқан дискурсивті ситуация эпизодтылығы көбінесе өзіндік бір сценарийге не фреймге (жекелеген элементтердің немесе кезеңдердің кеңістік-уақыттық жиынтығына) айналады (Мысалы, мысық-тышқан ойнау – екі адамның бір-бірін алдамақ болып арбасуы, құлық жасауы). Сонымен фразеологиялық мағыналар дискурсивті-концептуалды генезисі бойынша адгерентті субъективті, антропоцентрлі және этномәдени сипатта болады.

Этноэйдемикалық компонент (қай түрінде алынса да) – идиоманың семантикалық құрылымында ұлттық-мәдени концептінің қалыптасуына когнитивтік негіз болады.

Концептінің а) әмбебап (универсалии); ә) бірегей (уникалии) түрлері болады.

А) Әмбебап концептілер когнитивтік санада білімдердің, түсініктердің, ассоциациялардың, басқа да күйлердің “жиынтық” “түйдегі” ретінде өмір сүрсе (Т.А.Фесенко);

Ә) бірегей концептілер когнитивтік (яғни этноэйдемдер мен ономатопоэтикалық түсініктер) ғаламның тілдік бейнесін еске түсіріп, жасап, туындатып қана қоймайды, этномәдени бейнелерді асқан шығармашылықпен (жасампаздықпен) этнотілдік дүниетанымның бір “жанды” фрагменттері ретінде қайта жасайды (Алефиренко, 195). Аталған түрлерді әр алуан ойлау құрылымдары емес, концептінің әр түрлі қырлары, яғни кешенді ойлау бірлігі ретінде қарастырған жөн. Ол кешенді ойлау бірлігі (концепті) сөз арқылы ойлау әрекеті барысында өзінің бір қырынан ұғым, фрейм, схема немесе елестету түрінде көрінеді.

Скрипт –қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі – сценарий құрылымының кеңейтілген формасы, концептілік, мәтіндік құрылымның бір типі.

  1. Когниция және Когнитология ХX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика когнитивизм бағытында пайда болды. Когниция - когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлау, танымның тіл арқылы танылуын қарастырады. Тіл - мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінеді. Когниция адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп саналады. Тіл білімінде когниция терминіне интеллектуалдылық, менталдылық сияқты атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан басты айырмашылығы когниция адам санасындағы аялық білім арқылы жинақталған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар арқылы қолданысқа енеді. В.А.Маслова : «елестету, схема, картина, фрейм,сценарий, гештальт» секілді бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп санайды. Когнитивтік лингвистика тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым деп тұжырымдайды.Когнитология ғылымы өткен ғасырдың елуінші жылдарында ғана ғылыми бағыт ретінде қалыптасқанына қарамастан, бүгінгі таңда қарқынды зерттеліп жатқан ғылым саласы. Когнитология мәселелерінің философиялық, психологиялық табиғатын танытуда қазақ тілінде алғашқылардың бірі болып сөз еткен Қ.Жаманбаева «когнитивтік «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процесстердің өтуін басқаратын әлдебір білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым деп аталады. Зерттеушінің ойының негізгі өзегі адамзат сана сезіміндегі білімдер жүйесінің күрделілігі таным дүниесімен сабақтас екендігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]