Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆
  1. Фрейм және сценарий

Концептілік құрылымдардың бір типі – фрейм. Фреймдердің негізінде ақын-жыраулар поэзиясындағы ғалам туралы ақпаратты көптеп алуға болады. Фрейм ұғымы лингвистика ғылымына жасанды ақыл-ойдың лингвистикаға қатысы жоқ ғылым саласынан енгендігі туралы мәлімет ғылыми айналымда кеңінен қолданыс тапқан. Фреймдер жөнінде сүбелі еңбек жазған М.Минский фреймдерді екі жікке бөледі: статикалық фреймдер және динамикалық фреймдер. Ғалымның мұндай жіктеуін ғылымда әркім әр түрлі түсініп жүр. Және де ғалым ғалам жайлы ақпараттарды фрейм-сценарийлердің жәрдемімен құру керектігін сөз етеді. «Фрейм – сценарий белгілі бір іс-әрекет, оқиғаға тиісті элементтердің типтік құрылымы болып табылады» – дегенді айтады [67,132б.]. А.П.Бабушкин фреймдерді ойсурет концепт, схема концепт деп екіге бөледі, сонымен бірге фрейм ұғымының арғы жағында архисемелардың тұрғанын ескерте келе, когнитивтік лингвистика ғылымының категориясы концептілердің түрлері туралы ғалым ойын былайша өрбітеді: «Типы концептов – это способы интериозирования разных по внешнему характеру образов, предметов объективной действительности для всего человечества» [63,с.222]. Фрейм – адам санасындағы белгілі бір стеротиптерді жағдайдың көрініс табуы және сол жағдайға байланысты білім қорын жинақтаушы ақпаратты құрылым. Фрейм – нақты заттардың беретін қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін белгінің адам санасындағы когнитивтік құрылымы [75,23б.]. Сонымен фреймдер дегеніміз – ғалам туралы адам түсінігінің шоғырланған қорын белгілі бір ретке келтірумен қатар, адам санасындағы белгілі бір модель түрінде көрініс табатын когнитивтік бірлік. Когнитивтік тіл білімінде фреймнің қолданылу өрісі өте ауқымды. Фреймдер адам танымының көркем мәтінде, фразеологизмдерде, поэтикалық образды сөздерде, мақал-мәтелдерде бейнеленген кескіндемесінің құрылымын түсіндіруде жиі пайдаланылады. «Фрейм белгілі бір оқиғаны бейнелесе, сценарий әрекетті бейнелейді» , сценарий – оқиғалы форма.

  1. Схема және ойсурет

Схема концепт. Кеңістік семалар, өлшем семалар кескіндеме концепті объективтендіреді: таң, көкжиек, орман, өзен, т.б. (геометриялы фигураларға ұқсас). Концепт схема – концептінің бұл түрі жазықтық, кеңістік, биіктік семаларының объективтенуі арқылы жасалады» – деп таниды. Сонымен бірге зерттеуші фрейм концептілер, (фразеологиялық бірліктерді), логикалық ұғымдық – концепт деген түрлерін де көрсетеді. Зерттеуші фразеологиялық концептілерді деректі номинациямен және абстракті номинациямен байланыстырып екі топқа бөліп былайша түсініктеме береді: «Деректі номинациямен байланысты фразеологиялық концептілердің бұл түрінде ұжымдық сипат басым болады. Лингвомәдени қоғамдастық мүшелерінің когнитивтік санасында концептілік құрылымдар ұқсас, инвариант дәлме-дәл болып келеді. Ал абстракты номинациямен байланысты фразеологиялық концептілерде индивидуальды сипат басым болады. Бұлар көбіне моральдық адамгершілік, этикалық нормамен, ұлттың дәстүрімен байланысты болып келеді» – деп концептілердің құрылымдары жөнінде өз тұжырымын жасайды, схема – сызбалы форма, ойсурет – бейнелі форма деп танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]