- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Концептуалды метафора
Метафораны тілдің құрылымдық элементі ретінде қарастыратын еңбектер қазақ тіл білімінде жетерлік. Соңғы кезде метафораларды когнитивті тіл білімі тұрғысынан зерттеуге бетбұрыс жасалумен байланысты қазақ тіл білімінде когнитивті, концептуалдық метафораларға арналған зерттеу еңбектер пайда бола бастады (Зайсанбаева Г «Метафоралы аталымдардың когнитивті аспектісі»). Тілді антропоцентристік парадигмада зерттеумен байланысты сөз семантикасы формалық, мазмұндық жақтан ғана емес, заттық болмысқа көзқарас тұрғысынан қарала бастады.Осы ілімнің негізгін салған В.Гумбольд сөз мағынасын «үнемі дамып, өзгеріп отыратын рухани қалыптасу күші» ретінде тануды ұсынды. Сөздің мазмұндық жағы жеке лексикалық бірліктердің мағынасына емес, ұғымына бағытталуы тиіс. Сөз семантикасын зерттеудегі жаңа әдіс метафоралау процесінің табиғатын зерттеумен тығыз байланысты. Себебі, метафора сөз мағынасының өзгеруі, құбылуы, бір мағына мен екінші мағынаның астасуы, тілдің экспрессивті, эмотивті сипаты, бағалауыштық қызметімен байланысты, сөздің денотативті, конотативті мағыналарының арақатынасынан туындайтын семантикалық процестермен байланысты құбылыс болып табылады.
Контраст концептілер ақиқат әлеміндегі қарама қайшы құбылыстардың тіл танымдық ерекшелігі адам санасында бейнеленіп, күрделі танымдық ұғым арқылы беріледі. Контрасты концептілер бір біріне қарама қарсы бола тұра, бірін бірі толықтырып, бірін бірі қажет етіп отырады. М: ақ қара, қуаныш қайғы. ))) Қазақ тіліндегі поэтикалық мәтіндегі концептілердің ерекшелігін
зерттеген А.Б.Әмірбекованың пікірінше: «Концепт дүние құндылықтарын
танытады; санадағы ұғымды бейнелейді, тіл арқылы объективтенеді; санада
концептілік құрылымдар көмегімен репрезентацияланады; тұлғаның біліми
деңгейін танытады; ұлттың мәдени болмысы мен менталитетін көрсетеді;
әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын береді; тұлғаның танымдық
стилін айқындайды. Поэтикалық мәтінде концептілер, біріншіден, санада
танылу деңгейіне қарай метафизикалық, эмоционалды, мәдени концептілер
деп, екіншіден, әр түрлі ассоциативтік түсінікте танылу деңгейіне қарай
контраст және калейдоскопиялық концептілер деп, үшіншіден, тұлға не
ұжымның тани білу шеберлігіне қарай таным және көркем концептілер деп
шартты түрде үш топқа бөлінеді
Калейдоскоптық концептілер ақиқат әлеміндегі стеротипті ұғымдарға негізделеді. Яғни, калейдоскопты концепт ұлттық немесе халықтық танымдағы дәстүрлі ұғым түсініктерге топтастырылады, сол арқылы беріледі. М: тағдыр жазмыш, үлкенге ізет, кішіге құрмет, қоңырау орыс халқына тән т.б.
31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
Санада сыртқы әсердің көмегімен пайда болған ақпараттар адамның эмпирикалық тәжірибесімен толықтырылады. Онымен қоса, дүниенің онтологиялық фрагменттері тілде көрініс табатын дүниенің қарапайым бейнесінде туындайды. Мысалы, ойдың метафоралануы – негізгі ментальды әрекет, дүниені тану және таныту тәсілі. Және ол жаңа білімді «ескінің көзімен» бейнелеп түсіндіруге бейім тұрады. Ойдағы нәтижені тіл арқылы тани аламыз. Себебі тіл – барлық коммуникативтік жүйенің ірі семиотикалық көрінісі. Американ тілші-ғалымы У.Чейф: «тілдің қызметі дайын концептілерді кодтау», деп түсіндіреді. В.А.Звегинцев: «білімнің мәнділігі оның дискреттік сипатында, ал тіл одан туындайтын мынадай үш қызметі арқылы көрініс табады: біріншіден, білімді дискреттеу құралы ретінде; екіншіден, оның обекътивтенуі ретінде; үшіншіден, интерпритациялануы барысында көрінеді», деп таниды [1, 195].
Когнитивтік тіл білімінің негізгі эпицентрі – санадағы дүниенің бейнесі (таңба), оның тірегі – концептілік құрылымдар. Дүниенің бейнесі – жан-жақты ақпарат, бұл ақпараттарды біріктіретін орта – концептілік жүйе. Сондықтан тілдің когнитивтік бағыты тілдегі ұғымды кешенді таныту мәселесін қарастырады.
Лингвомәдениеттанымдық аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санадағы мәдени, рухани, этникалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады (Н.Д. Артюнова, А.М.Мороховский, Д.С.Лихачев т.б)
Психолингвистикалық аспектіде концепт – ақиқат дүние туралы психикалық қабілеттер (қабылдау, жадыда сақтау, көру, есту, ұғыну, сезіну) арқылы қабылданған алғашқы ментальды түсініктер ретінде танылады (Р.И.Павеленис, Дж.Келли, Дж.Каган).
Лингвомәдениеттік аспектіде, концепт – ақиқат дүниенің санада жан-жақты жинақталып, тұжырымдалған ақпараттары мен когнитивтік семантикасы арқылы танылған көрінісі (бейнесі). Әрбір концепт тіл арқылы көрініс табады, концептіні танытуда тілдік семалар қызмет атқарады (Е.Н.Кубрякова, А.Вежбицкая) дүниені танытатын әрбір сема санада фрейм, сценарий, ойсурет, схема секілді фонға салынған ситуациялар мен бейнелер арқылы таңбаланады.
Концепт ұғымында берілген тұжырымдарды зерттеу нәтижесі концептіні танытатын критерийлерді ұсынуға негіз болды:
-концепт дүниенің құндылықтарын танытады;
-концепт санадағы дүниенің мәнін бейнелейді;
-тіл арқылы обьективтенеді;
-субьектінің біліми деңгейі мен менталитетін көрсетеді;
-әрбір ұлттың танымдық белгілерінің мазмұнын ажыратады.
