- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
7Қара қазан жыры
Қара қазан мен қара қазақ жыры
Ершік салынып - ажырық кетсе, Даладан босып, қалаға зармын, Атақоныстан ажырап кетсем Қамы емес пе еді қара қазанның?!
Ғасыр ма мынау ғазалды ойлатар, Топшыңды тұрмыс қайырған. «Қатын кәрленсе қазан қайнатар», Қатыннан бар ма айырмам?
«Аға» дер ердің таласта басы, Бас келімсекте, бата бөтенде, Не жазып еді Алаш баласы, Арып-ашатын Атамекенде.
Қызыл тіл құр бос сайрағанымен, Қыжылды сөзден күңкіл көп. Қазандай ішім қайнағанымен, Қарасаң ашып «бүлкіл» жоқ.
Уәде деген «айран жалаппын», Қара қазанда асым жоқ. «Тобаға» «тойған» қайран қазақпын, Жазмыштан солай басым-доп.
Тентіреп тағы тау асамын ба, Таутекелермен таласып. Қаудырап біткен қауашағымда, Бір «бақсы» отыр «бал ашып»... Ертеңгі күнге...
86дәуірлердегі дүниенің поэтикалық бейнесі жайында тұтас не фрагменттік түсініктеме алатынымыз сөзсіз. Алайда ақын-жыраулардың ғаламның бейнесі бізге дайын күйінде берілмеген, демек, біз оны талдау және бөлшектеу, мүшелеу жолымен емес, синтездеу жолымен және жеке бөлек фрагменттерден бастаймыз. Дәл, нақ қандай фрагменттерден? Негізін қалаушы, фундаменталды – «заман» концептісінен: оны құрайтын кеңістік, уақыт, адам, табиғат, батырлық, соғыс. Барлық фрагменттерін алып, белгілі бір ретпен орналастырып, ақын-жыраулардың дүниенің поэтикалық бейнесін сипаттай аламыз. Г. Сағидолданың байымдауынша, «алғашқы атау мен кейінгі атау арқалаған ұғым-түсініктер – адам = қоғам = табиғат, табиғат = түлік = адам, адам = кеңістік = уақыт сияқты үштіктердің (триада) мүшеаралық қарым-қатынастарында көрініс тауып жататын ассоциативті параллельдер. Мұндай ассоциативті параллельдердің тууына «түрткі» болған, өзара салыстырылушы, салғастырылушы заттардың, құбылыстардың, қимыл-әрекеттердің т.б. қай-қайсысына да ортақ болып келетін айрықша қасиет-белгіні уәждік негіз деп атауды жөн көрдік. Себебі мұндай ортақ қасиет = айрықша белгі бір зат пен екінші затты, бір құбылыс пен екінші құбылысты, бір іс әрекет пен екінші іс-әрекетті т.б. сияқтыларды өзара ұқсатуға, бір-біріне балауға, телуге, теңеуге арқау болып, олардың біріншісі арқылы екіншісін сипаттап, бағалап, өлшеп, салмақтап, парықтап, суреттеп, пайымдап тануға негіз болды» [1, 195]. Академик Ә.Т. Қайдар ұлттық дүниетанымдағы дүниенің тілдік бейнесін ашу үшін табиғат – адам – қоғам макрожүйелерін басшылыққа алудың көкейкестілігін, әрі солардан туындайтын макроконцептілер көмегімен дүние бейнесі толымды болады деген ой астарын танытады [2, 71]. «Адам – заман – табиғат» «уақыт – заман – кеңістік» «батырлық – заман – соғыс» үштіктерін жіктеуіміздің себебі дүниенің поэтикалық бейнесін жасауда поэтикалық құралдар: метафора, эпитет, теңеу көпшілігі осы концептілерге байланысты жұмсалған. Бұл әрбір ақын-жырау үшін сол заманның әлеуметтік бейнесінен туындаған өзектілікке орай концептілердің иерархиясы мен көркемдегіш құралдар арқылы поэтикалық бейне жасауға икемділігі есептеледі. Кез келген қоғамда түрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси т.б. қатынастар орын алатыны белгілі, осыған орай «тіл» негізгі қарым-қатынас, ойды жарыққа шығару құралы ретінде қолданылады. Қоғамның өмір сүру уақыттық кеңістігін құрайтын заман өз бейнесін тіл иелерінің ойлары арқылы танытады. Демек, тіл иесі болып саналатын адам қоғамның мүшесі ретінде қоғамдық өңделген тілдік ұғымдар, түсініктер призмасы арқылы өз заманының шындық болмысының бейнесін білдіре алады. Сонымен бірге, адамның дүние жайындағы білім жүйесінде табиғат ерекше орынға ие, бұл концепті арқылы адам баласы қоғамдағы, замандағы болып жатқан түрлі құбылыстардың мәнін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ақын-жыраулардың дүниенің поэтикалық бейнесін жасауда табиғат концептісі олардың (ақын-жыраулардың) шығармашылық тілдік тұлғаға тән ойлау жүйесін танытуға да мүмкіндік туғызады. Заман дегеніміз – уақыт пен кеңістіктің, ондағы тіршілікті қозғалысқа келтіретін адамдардың жиынтығын бейнелейтін ұғым. Әр заманның өзіне тән өркениеті әлеуметтік, рухани болмысы, өзіндік еншілік ерекшеліктері, қызығы мен қиындығы болады. Әр заман белгілі тарихи құбылыстармен, даралық құндылықтармен ерекшеленелі. Ал, заманның құрылымын адамдар жасайды. Демек, заманға сапалық мазмұн мен әлеуметтік сипат беретін тағы да адамдар болмақ [3, 64]. Бұл пікірдің өзі «заман» концептісінің антропологиялық сипатын дәлелдейді әрі «адам» мен «заман» концептілерінің арақатынасын айқындау мәнін де түсіндіреді. ХҮ–ХҮІІІ ғасырлардағы ақын-жыраулардың поэтикалық мәтініне когнитивті талдау жасау арқылы біз «адам» концептісінің тарихи (диахронологиялық) қалыптасуы қазақ қоғамының әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерімен байланысты болып келетінін байқадық. Ақын-жыраулар толғауларындағы «адам» концептісі қазақ этносының ұлттық мәдени кеңістігіндегі «адам» құрылымын жасайды. «Адам» концептісі «хан», «батыр», «құл», «би», «бай», «шора» т.б. диахрондық концептілер жалпы халықтың армандаған ХҮ–ХҮІІІ ғасырлардағы еркек жайында идеалды түсінігін көрсетеді. «Жат» сөзі мен «жат ел, жат жұрт» тіркестерінің қазақтың эпикалық жырлары мен ақын-жыраулар тіліндегі қолданыстарына назар аударсақ, қарама-қайшы мәндегі «туыс» пен «жат», «тегі бір ағайын жұрт» пен «тегі бөтен жат жұрт» ұғымдары көркем шығарманың мәнерлігін арттыру, «идеяның» (ойдың) экспрессиясын күшейту мақсатында бір-біріне қарсы қойылып, стилистикалық фигура (антитеза) жасайтындығы байқалады [1, 160]. Мысалға Бұқар жыраудың: ...Төс айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Ер жігіттің қадірін Ағайын білмес, жат білер – деп келеді. «Туыс, туған» және «жат» концептуалды шебі дүниенің поэтикалық бейнесінің негізі болып, толғаулардың концептосферасын құрылымдайды. Адам концептісі қазақ мәдениетінде қабылданған норма жайында түсінікті бейнелейді, «туған» концептуалды шеп ядросына тән жатады. «Туған» – «жат» оппозициясы мәтін деңгейінде «жау, дұшпан» – «дос, ағайын», «қазақ» – «қалмақ» координат жүйесінде берілген. Бұл концептілерді суреттеу бинарлы категориялары жайындағы дәстүрлі ауыз әдебиеті түсінігі шеңберінде берілген. Толғауларда бұл категориялар аксиологиялық тұрғыдан «жақсы» – «жаман», «қайырымды» – «қайырымсыз» оппозициясы ретінде түсіндіріледі. Ақын-жыраулар поэзиясындағы бастапқы құндылықты туған жер мен еңбек концептілері білдіреді. Көп жағдайда зерттеліп отырылған мәтінде адам осы ұғымдарға қатысты бағаланады. Мысалы, Шал ақында жалқау мен еңбекқор адам жайында жыр етуі. Көркем мәтіндегі қандай да бір сөздің прагматикалық белгілерінің мәнділігінің бірі – бұл сөз қолданысының жоғары жиілігі. Авторлық концептосфераның ұғымдарының маңыздылығы концептуалды және мәтінастарлық мәліметтің көлемімен расталады. Толғаулардағы адам концептісінің сөз-репрезентанттарының ең көп тобын ел қорғаушы, әділ басқарушы, кәсіп және іс аттарын білдіретін сөздер құрайды. Сыртқы жаудан қорғау, адам еңбегі – толғау концептосферасындағы басты құндылық: концептінің жақын перифериясын адамның ру, тайпа, қоғам мүшесі ретінде түсінік құрайды. Толғауларда кейіпкерлер «кәсіп – туысқан қарым-қатынас» координант жүйесімен ара қатынаста болады. Толғаулардағы адам концептілерінің ішінде саны жағынан басымдау ер, ер адам, еркек (саны – 856). Әйел адам мәтінде ана, әйел сөздері де көп кездеседі, бірақ саны жағыннан әлдеқайда төменде қолданысқа ие болған (саны – 155). Демек, сол кезеңдегі қоғамдағы әйелдің рөлі, орны жайындағы дәстүрлі түсінікке сәйкес келеді. Гендерлік айырмашылық толғауларда мәтін жасаушы рөлді жиі атқармайды. Көбінесе толғауларда отан қорғау, еңбек тақырыбы сөз болады. Нақты адамдармен қатар, әдетте тағдыр ортақтығымен, қандай да бір іспен ортақтығымен біріккен адамдардың жиынтығы да бейнеленеді. Бұл топтағы көбінесе жиірек қолданылатыны «туыс» семантикалық шебіне жататын «халық», «туысқан», «аға» болып табылады. Өзінің туған жері – толғаудың орталық концептілерінің бірі, ол дүниенің қазақ ұлттық бейнесінің приоритеттерін бейнелейді. Отан – мәтіндегі адамдарды бір ортақ руға жинақтайтын біріктіретін ұғым. «Туған» – «жат» оппозициясы мәтінде «дұшпан» және «дос» сөздерінің көмегімен жүзеге асады. «Дұшпан» ұғымы ұлт атаумен объективтенген: қалмақ, орыс т.б. «Туған» – «жат» оппозициясы өз туған жерінің қорғаушысы ретінде басып алушыларға қарама-қарсы қойылған жұп түрінде берілген, ұлтты білдіреді: «орыс – қазақ», т.б. «Туған» – «жат» оппозициясы «жақсы – жаман», «қайырымды – қайырымсыз» оппозициясымен ара қатынаста болады. Бұл шептегі адам концептілері дәстүрлі қазақтың рухани құндылықтарына қатысы бойынша қарама-қарсы қойылған. Г. Сағидолда айтқандай, «...қазақтың ақын-жырауларының толғауларында да (қара керей Қабанбай, қанжығалы Бөгембай, арғын Беген, найман Ерден т.б.) үнемі кездесіп отырады. Мұндай рулы елдің даңқы мен жақсы атағын шығарушы батырының, көсемінің, шешенінің атына руының атауы қосарлана айтылуының бір жағында, оның қай рудың адамы екендігін таныту, білдіру (жеке басының куәлігі іспетті) жатса, келесі жағында рулы елдің ірілігін, күштілігін, танымалдығын таныту мақсаты көзделеді» [1, 164]. Мұнда «туған» және «жат» концептуалды шебінде белгілі бір дәрежеде ру аттары бірлік, ынтымақ идеясын танытса, «соғыс» және «батырлық» концептісін қарастыру барысында ру аттаулары басқа семантикалық реңке ие болады, яғни ақын үшін рудың күштілігін, абыройын таныту көзделіп жатады. «Жат» – бұлар дұшпандар (туған жерді басып алушылар), туған жер, табиғат құндылық болып табылмайтын кейіпкерлер. Еңбек – ақын-жыраулар поэзиясындағы концептосфераның бастапқы құндылығы. Зоометафора адам концептісінің репрезентациялауының бір әдісі болып табылады. «Жат» толғауларды жыртқыш аң ретінде номинацияланады. Туған концептуалды шебіне жағымды аңдардың атаулары жатады: аққу, сұңқар. Барлық аңдар жыртқыш болып табылмайды. Біздің пікірімізше, жақсы кейіпкерлер толғауда «жыртқыш аң емес» ретінде позицияланады, зоометафора деңгейінде «туған» – «жат» оппозициясы «жыртқыш» - «жыртқыш емес» жұбымен берілген. Әлеуметтік топтарға қатысты хан, сұлтан, құл, бай ұлы, би ұлы, төре, аға, шора сөздері көбінесе титулатура элементтері болып келеді, яғни белгілі бір әлеуметтік топтардың термин-атауы ретінде қолданылады [4, 44]. Заманның адамдық келбетін танытады. Асан Қайғы шығармаларында «адам» концептісі түрлері: хан, қызметші, құл, бай, қара, халық, ел, қыз, ұл, жеңге, қария, азғын, жақсы, жамандар, дұспан, жау, пір, ер, достар, жұрт, жолдас, кісі; Жорық жырауы Қазтуған туындыларында «адам» концептісінің түрлері: би, мұсылман, кәуір, ер, күйеу, келіншек, ата, жарлы, бай; ХҮІ ғасырда өмір сүрген Доспамбет жырау поэзиясында «адам» концептісінің түрлері: ару, қарт, дос, дұспан, хан, би, аға, сұлтан, бозбала. Бұл концептілердің ақын шығармаларындағы тілдік және мәнмәтіндік көрінісіне келетін болсақ, жалпы адамзатқа тән қабылдау үрдісінің ортақ болуына қарамастан, түрлі тілде, оның өкілдері тілінде әр түрлі мәнге, бейнеге ие болатыны сөзсіз және бір тіл иелері үшін де өзінің өмір сүрген дәуіріндегі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларға байланысты түрліше көріністе беріледі. «Адам және оның әлемі» не «Адам – Заман – Халық» концептуальды өрісінде «адам» ең маңызды болып табылатын фрагменттер қатары берілген. Автордың барлық әлем фрагменттерінің ішінде «адам» параметр бойынша ең жан-жақты, айталық, жас ерекшеліктер, ұлт, қызметі, әлеуметтік жағдайы жағынан деректі және дерексіз адам, жеке тұлға және қоғам. Төменде берілген фрагменттің когнитивті-тілдік схемасы Бұқар жырау поэзиясындағы басқа концептосфераны құрастырушы фрагменттермен салыстырғанда көрнектілеу деп айтуға болады. Ақын-жырауларда табиғаттың адам образы арқылы концептуализациялануы бұл жыр жолдарының антропоцентристілігін анықтайды, тарихи даму барысында ақын-жыраулардың табиғат жайындағы білім, түсінік, тәжірибесі анықталады. Ақын-жыраулар поэзиясында табиғат мына негізде қалыптасқан концептілерде берілген: 1) сезімдік түйсіктік тәжірибе, яғни сыртқы әлемді сезім мүшелерімен (физикалық қабылдау) қабылдау нәтижесінде: – көру бейнесі: түс, жарық (оймауыттай тоғай; жалаң аяқ балапан, ақ шортан, қоңыр қаз (Асан Қайғыда); мұнар болған күн, көк сеңгір, ақ дария (Қазтуған жырау); қара бұлан терісі (Доспамбет жырау); жапырағы жасыл жаутерек, ақ киік, көк теңіз, ақ ала жылқы, көк қоян, боз сұңқарым, қара ағаш, сары шіркей, қара шыбын, жасыл тау (Шалкиіз жырау); көк көгершін, көк алалы жылқы (Ақтамберді жырау); ақ сұңқар (Тәттіқара ақын); ақ боз ат (Үмбетей жырау); сары атан, қара түлкі, ақ сұңқар (Бұқар жырау); көк өгіз (Шал ақын)); – акустикалық бейнесі: дыбыс (қулар шулайды (Шалкиіз жырау); жаралы қудай ыңыранып, жарылған мұздай күңіреніп, күлдір де күлдір кісінетіп (Ақтамберді жырау); түлкісі иттей шулаған, дауысы ащы тырна (Бұқар жырау); – сезім түйсіну, тактильді бейнесі (жағы түкті жылқы айуан (Шалкиіз жырау); – дәм сезу бейнесі: (зәмзәм су (Бұқар жырау); қара су бал татиды (Шал ақын); 2) заттық-практикалық қызмет бейнесі: (қоғалы көлдер, қом сулар қоныстар қоған өкінбес (Доспамбет жырау), жар жағасы тайғақты, күректей мұзды тоңдырып (Шалкиіз жырау); сары аязда қата ма, қайнардың аққан тұнығы (Ақтамберді жырау); құлпырып тұрған бәйшешек қурай болар солған соң, ит жүгіртіп, құс салсаң, киген тоның түлкі етер (Бұқар жырау); саясы жоқ бәйтерек (Шал ақын). Жоғарыда көрсетілгендей, концептінің қалыптасу қайнар көздері концептіні біржақты қабылдау ретінде бейнелеуі мүмкін немесе бір-бірін толықтыра отырып, оның кешенділігін қамтамасыз етеді. Табиғат әлемін қабылдау және оның концептуализациясы, ең алдымен, сезімдік тәжірибе мен физикалық қабылдауға бағдарланған. Ең көп жиілігі ең көбірегі концептінің қалыптасуының физикалық (көру, акустикалық) қайнар көзі болып табылады. Есту, сипап сезу, дәм сезуге қатысты бейнені танытатын концептілер азырақ қолданылған. Иіс сезу мүлдем жоқ десе де болады. Сонымен қатар, адамның эмоциясына, психологиялық жай күйіне байланысты туындаған бейнелер де кездеспейді. Заттық-практикалық бейнесі де жыраулардың табиғатпен тікелей байланысынан туындаған таным негізінде қалыптасқан бейнелерде тұрмыстық, шаруашылық сипат орын алған. Дегенмен, эксперименталды, теориялық танымдар негізінде қалыптасқан бейнелер орын алмаған. «Табиғат» концептісін жасауға көркемдегіш құралдар теңеу, эпитет, метафоралар қатысады. Бейнелілік жасаудағы продуктивті құралдар теңеу, эпитет, метафора, соның ішінде теңеу ең өнімді болып табылады. Эпитеттер арасында құбылыс және заттар, сонымен бірге, адам мен табиғаттың өзара қатынасын психологиялық бағалау сипатымен, олардың эмоционалдық жай-күйінің жақындығымен байланысты бағалауыштық эпитеттер басымдау болады. «Табиғат» концептісі ақын-жыраулар үшін адам мен табиғаттың қарым-қатынасын білдіруге мүмкіндік беретін тек бейнелі қабылдау объектісі ғана болып қоймайды, сонымен бірге эмоциональды-бағалауыштық, экспрессивті (коннотативті) қабылдау, «табиғат» концепті арқылы табиғи емес сипаттағы заттар мен құбылыстардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, «табиғат» концептісі ақын-жыраулар поэзиясында бейнелі сипат үні базалық компонент болып табылады, басқа концептілерді сипаттау үшін бейнелі құралдардың бейнелі компоненті ретінде көрінеді. Сондай-ақ, қазақ халқы көшпелі тұрмысының өзі олардың табиғатпен біте қайнасуына алып келеді. Бейнелер парадигмасында реализацияның едәуір санын табиғат құбылыстары алады. Мұның себебін қазақ халқының көшпелі шаруашылығынан, яғни табиғатпен тікелей қарым-қатынаста болуымен байланысты екені анық. Ақын-жыраулар поэзиясын табиғаттың поэтикалық бейнесі аясында әрдайым адам концептісімен сабақтасып, ұлттық болмыстың кеңістігін көрсетеді.
