Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆
  1. А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы

«А.Байтұрсынұлының сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің тоғысында тілтану мәселелері когнитивтік лингвистикалық негізде қарастырылады. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тіл, сөз ұғымдарына логикалықтанымдық тұрғыдан келгені байқалады. Ақыл ісі, қиял ісі, көңіл ісі деген философиялық, психологиялық категорияларды басшылыққа ала отырып, тілді адаммен бірге, антропологиялық парадигмада алып қарайды. Тілдің шын мәніндегі «құрал» болу қасиетін «ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығаруда» деп көрсетуін таза лингвистикалық тұрғыдан берілген анықтама деп түсінуге болмайды. «Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі» дей келіп, тілді анықтауда таным теориясының теориялық және эмпирикалық таным деңгейлеріне ерекше мән береді. Тілді зерттеуде ғалым тіл мен сөйлеу ұғымдарының дихотомиясын, олардың ойлаумен қатысын басшылыққа алған. «...Айырыңқы, яки талдама оңтай – нәрсені бұтарлап, мүшелеп, ұсақтай түсіндіргенде қолданылатын оңтай», «жиылыңқы, яки терме оңтай – нәрсенің мүшесін жинастыра, құрастыра, іріктей түсіндіргенде қолданылатын оңтай» деп, логикалық ойлаудың әдістерінің сөйлеуге әсерін, сөйлеудің логикалық мазмұнын басты назарға алған. Сонымен қатар, «сөз айтудың» ерекшелігін пайымдауда да зейін, пайым, пікір, ақыл, қиял мен қиыс т.б. психологиялық ұғымдарды басшылыққа ала отырып, сөйлеудің психолингвистикалық мәніне көңіл бөледі. А.Байтұрсынұлының тіл туралы пайымдаулары қазақ тіл білімінің когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, қазақ көркем сөз мәдениеті мен поэтикасы т.б. арналарын құрайды деп айта аламыз. Сайып келгенде, ғалымның тұжырымдары антропологиялық лингвистиканың негізіне алынады .

  1. Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы

Қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыдан өрістеп дамуы Қ.Жұбановтың зерттеулерімен тығыз байланысты. Жалпы ғалымның зерттеулеріннен тілдің адамға қатысы туралы мәселелерді мынадай пікірлерінен кездестіруге болады. Ол: «сөз деген – зат біткеннің бәрінің аты емес, әр елдің өзінің білген затының, білген құбылысының аты ғана. Ел-елдің білгені де, білмегені де толып жатыр. Мәселен, шөптер мен жәндіктердің көбісінің аты тілімізде жоқ. Өйткені олар бізге аса көп кездеспеген, кездестірсек те елемегенбіз... Айталық, шөптердің ішінде мал жейтіндерін, отын болатынын, бояу болатынын, ем болатынын, не у болатындарын біледі де, соларға ғана ат қояды. Танымаған кісінің атын білмегеніміз сияқты, білмеген нәрсенің аты да тілімізде болмайды» деп сөздің атауыштық, танымдық және қатысымдық қасиеттеріне құндылық бағдары тұрғысынан нақты лингвогносеологиялық анықтама береді [23].

  1. С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы

С.Аманжолов тілді тек формалық не материалдық тұрғыдан емес,мазмұндық,идеялық белгілердің сабақтастығы тұрғысынан сипаттаған. Таным мен ойлау жүйелерін шексіз жақындықта,ажырамас бірлікте қарастырған ұстаз ғалым танымдық бағытты психологиямен тығыз байланыста өрбітуге мүмкіндік берді. С.Аманжолов бүкіл қоршаған жер жүзінің адам танымына әсерін сипаттай отырып, оның санада көрініс табуына мән берді, сөйтіп, кез келген қоғам мүшесінің, сезім адамының әрекетін пайымдап талдауға тырысты. «Тілдің негізгі қызметі адамдардың қарым қатынасын жүзеге асыру.Дегенмен, оның танымдық функциясы да өте маңызды, басқаша айтқанда, тіл тек танылған дерек туралы ойды жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар ол ойдың қалыптасуына да тікелей әсер етеді, яғни тану процесінде тіл өзінің қызметін екі жақты атқарады...» деп көрсетілгендей, тілдің дискурсивті логикалық қызметі адамның танымдық әрекетіне яғни ойлау жүйесіне тәуелді болатындықтан, тіл әр адамның ойын жүзеге асыратын, оған материалдық сипат беретін вербалды құрал болып табылады.Тілдің танымдық қызметін жоғары бағалаған С.Аманжолов оны «дүние танудың ақылға,миға әсер етудің ең мықты құралы» деп таныды, сөйтіп, тұжырымның уәжді көрсеткіші ретінде тоқталды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]