Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆

37)) Дуниенің карабайыр бейнесі

Тілді антропологиялық бағытта зерттеу мен «тіл мен танымның

бірлестігін» қарастыру барысында «ғалам бейнесі», «ғаламның тілдік

бейнесі», «ғаламның концептуальды бейнесі», «ғаламның қарабайыр

бейнесі» деген ұғымдарға соқпай кету мүмкін емес. Себебі «ғалам бейнесі» –

адам табиғатының қыр-сырын көрсететін негізгі ұғымдардың бірі. Ғаламның

тілдік бейнесі жайлы В.фон Гумбольдт «түрлі тілдер ұлттар үшін олардың

өзіндік ойлау және қабылдау мүшелері болып табылады», – деп тұжырым

жасайды. «Ғаламның тілдік бейнесі» дегенде ақиқатты тануда тілдің рөлін

тым көтермелеп жібермеу керек дегенді В.А.Маслова ескерте келіп,

«дүниенің тілдік бейнесі» деген ұғымды метафора деп атайды [1, 66б.].

Дүниенің тілдегі көрінісі адамның шындыққа негізделген ілімінен орын

алатыны сөзсіз. Ғалам бейнесі адам танымында қарабайыр формада,

поэтикалық үлгіде, концептуалды негізде және тілдік сипатта орын алады.

Ғаламның қарабайыр бейнесі адамның қарапайым ойлау формасына

негізделсе, концептуальды көрінісі шын ойлаған объектінің адам

санасындағы ғылыми бейнесі және сезімнің танымдық та қорытындысы.

Ғаламның поэтикалық және тілдік бейнесі айнала қоршаған әлемнің

қарабайыр және концептуалды формасының тілдегі көрінісі болып табылады.

38))))) Дуниенің гылыми бейнесі

Ғалымдардың өзіндік санасы мен философиялық рефлексияда ғылым жөнінде

қалыптасқан ғылым бейнелерінің жиынтығы, әдетте, дүниенің ғылыми бейнесі деп

аталатын таңғажайып үйлесіммен дәл келеді. Л.M. Косарева былай деп жазады:"Дүниенің

ғылыми бейнесі дегеніміз - дүние жөніндегі нақты ғылыми білімдер синтезінің маңызды

құралы қызметін атқаратын белгілі бір тарихи дәуір үшін көрнекті, сипатты болатын

интегралдық бейне".

Әлеуметтік-мәдени аядағы ғылым феномені жөніндегі олардың қазіргі заманғы деңгейінде

ғылыми білімдердің генезисін, жалпы адамзаттық өркениеті дамуының қандай да бір

деңгейіндегі дүниенің тұтастық ғылыми бейнесі мен ғылым бейнелерінің шығуын

түсіндіруге таза экстерналистік немесе интерналистік тұрғыдан қараудың тұғырнамалық

шектеулігі мойындалады. Бұл жағдайда ғалымдардың, философтардың назары ғылым

бейнелері мен дүниенің өз ғылыми бейнесі қалыптасуының когнитивтік және әлеуметтік,

сондай-ақ дүниетанымдық факторларына көбірек бөлінеді. Бұл пайымдауларда жалпы

адамзаттық құндылықтар дүниесі мен жаратылыстану - ғылыми білімнің дихотомиясы тән

позитивті ғылым бейнесін сынау елеулі орын алады. Тұтастай алғанда позитивизмді

сенімді түрде сынауға қарамастан, осыған ұқсас қарама-қарсы қою аксиоматикалық

сипатқа ие болып, ғылымтануда кең тарады. Оның алғышарттары қандай?

Маркстің ғылыми әдіс жөніндегі белгілі сипаттамасын еске түсіреміз. "Бастағы ойға

алынған бүтін сапасындағы бүтін өзі бұл дүниені іс жүзінде рухани игеруді көркем, діни

әдістен ерекшеленетін мүмкін болатын жалғыз әдіспен игеретін ойлаушы бастың өнімі.

Нақты субъект барлық уақытта бүкіл өзінің дербес жағдайында өмір сүре отырып, бас

оған ақылмен, тек теориялық жағынан қатысқанша бастан тыс қалып отырады. Сондықтан

субъект - қоғам теориялық әдісіне біздің ойымыздың алдында алғышарт ретінде тұрақты

түрде елестеуге тиіс". Бұл сипаттамадағы ғылым мен оған бағдарланған философиялық

білімнің түр өзгерістеріне тән дүниені теориялық-рухани игеру дүние тану мен шындықты

игерудің басқа типтерімен тең құқықты болып қарастырылатыны назар аударуға

тұрарлық. Бүкіл тарихтың өн бойындағы бүтіндік философиялық дамуда, сондай-ақ

қазіргі заманғы өнеркәсіптік өркениеттің рухани мәдениетінде әртүрлі дүниетанымдық

және құндылық ережелерінің өзектелетіні кездейсоқ емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]