- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихын еуропалық елдердегі лингвистикалық зерттеулерден бастау алып, жалпы әлемдік тіл білімінде ерекше зерттеу нысанына айналды. Когнитивтік лингвистиканың зерттелу мәселесі қазақ тіл біліміне, орыс тіл білімі арқылы (шартты түрде) келгендігін тілтанымдық зерттеулерден көруге болады. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, Н.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Папова, И.А.Стернин, Д.С.Лихачев, Ю.Н.Караулов, В.В.Ворабев, Г.Колшанский, В.А.Маслова, т.б. сияқты зерттеушілердің еңбектерінде әртүрлі аспектіде қарастырылды. Ондағы зерттеулерде негізінен когнитология ғылымының зерттеу нысаны, ғылыми бағыт-бағдары, зерттелу барысы мен негізгі категориялары туралы мәселелер жан-жақты ғылымитеориялық және практикалық тұрғыда қарастырылды. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға деген қызығушылық күрт жоғарылап көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне теориялық және практикалық тұрғыдан негіз болған еңбектердің бірі Д.С.Лихачевтің 1993 жылы Ресей Ұлттық Ғылым академиясының хабаршысында жарыққа шыққан «Орыс тілінің концептілер аясы» (Концептосфера руского языка) атты мақаласы когнитивтік лингвистиканың басты зерттеу нысаны концепт мәселесіне қатысты біраз түйіткілді мәселелердің басын ашып берген болатын. Кейіннен 1995 жылы «Язық и интелект» атты когнитивтік лингвистикаға қатысты мақалалар топтамасы дүниеге келді. Осы еңбектің артынан А.Вежбицкаяның 1996 жылы Тіл. Мәдениет. Таным (Язык. Культура. Познание) еңбегі жарыққа шығып, этносқа тілдің, мәдениеттің, өзіндік танымдық процестің тән болатындығы туралы мәселелер сөз болды.
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика мәселелері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында нақты лингвокогнитивтік нысаналары белгіленіп арнайы зерттеле бастады. Ал оғанға дейінгі жалпы теориялық мәселелері қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов секілді ғалымдардың еңбектерінде арнайы сөз болмағанымен тілдің танымдық қасиеті мен адамға қатысы туралы ой ұшқындарының орын алғандығын көруге болады. Э.Оразалиеваның зерделеуінде, қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдері негізгі бес парадигмаға бөлініп, оның хронологиялық дамуына сипаттама беріледі:
1-кезең: «тілтану» парадигмасының қалыптасуы – ХХ ғасырдың 20-45 жж. Негізгі өкілдері: А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов т.б.
2-кезең: тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы – ХХ ғасырдың 4570 жж. Негізгі өкілдері: Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, М. Балақаев, І.Кеңесбаев т.б.
3-кезең: тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық парадигмасы – ХХ ғасырдың 65-85 жж. Негізгі өкілдері: К.Аханов, Т.Қордабаев, Ә.Хасенов т.б.
4-кезең: тілтанымдық этюдтер парадигмасы – ХХ ғасырдың 70 жылдары мен аяқ шені; Негізгі өкілдері: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақ, С.Исаев, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ж.Манкеева т.б.
5-кезең: қазіргі когнитивтік парадигмалар – ХХ ғасырдың аяғы мен бүгінгі күндер. Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары (өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап) қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы жылдары когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Г.Гиздатов, Н.Уәли, Қ.Жаманбаева, Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Б.Момынова, А.Салқынбай, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Б.Ақбердиева, К.Күркебаев, Г.Снасапова, Ф.Қожахметова, Н.Айтова, А.Әмірбековалар секілді аға буын, орта буын жас буын мөлшерін құрайтын зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде.
