Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kognityvty_ekzamen (1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
477 Кб
Скачать
☆

39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі

Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.

Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін қалыптастырады.

Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады.

Ойлану, ойлау – оқытудың бір түрі. Оның түсінігі бойынша - бұл жаңа білім алу, келісімді және таза ғана адамның тәжірибеден негіз алып өзін байыту.

Ойлаудағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлау қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.

Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не? Отбасы да, мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының « механикасын », бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.

Ойлау психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлау заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлау әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлау табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия.

Қазіргі заман философиясы ойларды, шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлауға фундаментальды түсінік береді: ойлау және сана, ойлау және тану, ойлау және сөйлеу ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлау өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлауды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлау сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлау процессі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]