- •Тіл біліміндегі басты бағыттар мен типтік қатынастар
- •Структуралық тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, мектептері, өкілдері, зерттелу барысы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының әлемдік тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының орыс тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистика ғылымының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелу тарихы
- •Антропоцентристік лингвистиканың салалары
- •Антропоцентристік лингвистика және в. Фон Гумбольдт
- •Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі
- •А.Байтұрсынов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •С.Аманжолов зерттеулеріндегі таным категориясы
- •Когнитивтік лингвистика ғылымының зерттеу объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері
- •Концепт және ұғым мәселесі
- •Макро және микро, аралық концептілер
- •Концептілік өріс немесе концептілер аясы
- •Фрейм және сценарий
- •Скрипт және гешталът
- •Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
- •Концептуалды метафора
- •31. Лингомадениеттанымдык аспектдегі концепт мәселесі ,,,,,,32. Психолингвистикалық аспектідегі концепт мәселесі ))))екеуи бир нарсени оку!!!!!
- •33 Сурак лингвокогнитивтік аспектідегі концепт мәселесі.
- •34Сурақ концепт типтері
- •35. Дүние бейнесі
- •37)) Дуниенің карабайыр бейнесі
- •38))))) Дуниенің гылыми бейнесі
- •39))) Ойлау және таным процестерінің бейнесі
- •40)))))Сана мен тілдің бейнесі
- •41))))))) Тіл мен сөйлеу әрекеті
- •42 Сураккккккккккккккккккккккккккккккк
- •43))))) Тілдік, логикалық, когнитивтік модельдер туралы тусиник
- •44)))) Когнитивтік лексика және Когнитивтік семантика –
- •45))))))Адам танымын калыптастырушы факторлар
- •46 Сураккккккккккккккккккккккккккккк
- •47)) Тілдің қатысымдық қызметі
- •48 Тілдің мұрагерлік қызметі
- •49)))))) Тілдің танымдық қызметі
- •50 Сурак
- •51 Сурак
- •52Ұлттық таным
- •54 Сурак
- •7Қара қазан жыры
Символ, эмоция, стеротип. ))))) Символ стереотип, эмоция
Өркениетті елдерде танымдық белгіні – символ (грек. Symbo-lon) деп атайды. Қазақ ғалы-мы Қажым Жұмалиев өзінің «Әдебиет теориясы» кітабында: «Символ терминінің түп-төркіні нысана, бейне, белгі деген мағынаны білдіретін гректің симболой сөзінде жатыр. Образ тура өз мағынасында емес, бейнелеу мағынасында айтылса, символдық образ немесе символ деп аталады», - дейді. Яғни, осы пайымдаулар бойынша, 1. Таңба ұғымын беретін ғылымдар: лингвистика, ло-гика, математика. 2. Нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория тән ғылымдар: фи- лософия, өнер. Жалпы, та- нымдық белгі, таңба – символ көркем бейне мен ұғымның аралығында екеуінің де қыз- метін атқара алатын түсінік. Соған қарамастан, символ ұғымнан гөрі астарлы мағына-ға бай. Тек символдық көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие екендігі талас туғызбайтын ақиқат. Символ нені ишаралайды, соны салыстыра тану барысында біз оның көп қырлы екендігін білеміз. Олай болса, символдың табиғаты күрделі, ол мағынасын терең ашып тануды, түсінуді, талап етеді. Қазақтың белгілі ғалымы Зейнолла Қабдоловтың пікірінше: «Символ – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге не құбылысқа құпия теліп жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате: ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отыр-ған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бі- тіреді. Астарлы шығарма-ның идеясы жалаң, жала-ңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды». Біз оқыған кітаптардың ішінде Төлен Әбдіковтың «Оң қол», Оралхан Бөкеевтің «Қар қызығы» атты шығармаларын-да символдар өте сәтті әрі айшықты түрде өрілген. С. Мұ- ратбековтің де «Жусан иісі» повесі мен «Кәментоғай» әң- гімесінде символ шебер пай-даланылған. Мұндағы жас шыбықтан өсіп шыққан тоғай – оның жас балаларының бір-бір жанұяға айналып, балалы-шағалы болғанының символы, жусан иісі – соғыстағы әкелерді сағыну, сағыныш бейнесі. Қай халықта да ертегі, аңыздар аз емес қой. Соның кез-келгенін оқысаң да талай-талай тамаша символдарға жо- лығасың. Қазақ ертегілерінде де солай. Мұндағы жеті бас- ты дәу, жалмауыз, мыстан кем- пір, аузынан от шашқан ай- даһар сияқты құбыжықтар-зұлымдықтың символы. Осы ертегілердегі Ғайып – ерен қырық шілтен, Қыдыр ата – ізгіліктің бейнесі. Жазба әде- биетте де символдар тұнып тұр. Ең алғаш хатқа түсірілген шығарма – «Гильгамеш туралы жыр» мен алғашқы ді-ни кітаптардың бірі «Тауратта» да белгілі бір дәрежедегі символдық бейнелер бар. Діннен аз да болса хабардар адамдар періште, пайғамбар, жұмақ, шайтан, тозақ, қылкө- пір деген сөздердің мағынасын біледі. Олардың қай-қайсына да «Сіз періште – көңіл жансыз ғой» десеңіз немесе балаларын періштеге баласаңыз оған қатты мархаяды. Егерде «Сіз шайтансыз ғой» десеңіз немесе «Әйеліңе, отбасыңа тозақ тарттырып жүрсіз ғой» деп айтар болсаңыз оған қат- ты ашуланады, өзіңмен араздасып, өштеседі. Бұл жерде періште, пайғамбар, жұмақ, шайтан, тозақ, қылкөпір деген сөздер діни наным-сенімді білдіргенімен, халық арасында бейнелі мағынада қолданыла береді. Халық даналығында шек жоқ. Адамдар сұлулықты ай, күнге, жастықты гүлге, адал-дықты таң шығына, сүйіктісін аққуға, батырларын қыран мен сұңқарға теңейді. Мұндай символға айналған атаулар халқымызда аз емес. Ит – жеті қазынаның бірі дейді ғой. Соған қарамастан, біреу- ге «итсің» десең жәбірлеге-нің, «қасқырсың» десең мақ- тағаның. Біз өзіміздің күн- делікті өмірімізде осы тәріз- ді символдық образдың та- лайын естіп, айтып, көп кездес- тіреміз. Осы орайда орыс ғалымы Л.В.Уваров айтқан ғой: «Өнер- дегі символдандыру деп бол- мыстың басқа бір құбылыс- тары мен процестерін алмастыру, жинақтау, бейнелеу мағынасында айтуға болатын тәрізді, бұған көркем образ арқылы қол жеткізіледі. Бұл жағдайда образ символдың қызметін атқарады», - деп. А.В.Квятковский де: «Символ суреткер қайта жаңғыртқан болмыстың түрлі қырлары-ның елеулі түрдегі артықты-ғы, туыстығы негізінде оларды өз бойында біріктіретін көп мағыналы заттық образ», - дейді. Өмірде адамдардың таным-түсінігі, көзқарасы, ой-өрісі әрқилы. Мамандардың зерттеп, пайымдауынша, символ табиғаты мағынасын ашып тү- сінуді қажет етеді де өзінің таным-тіршілігіне сәйкес белгілі бір символдар түсінетін топты қалыптастырады. Содан әркім өз дәрежесіне қа- рай символды тереңдей түсініп, өз мүмкіндігіне лайық қажет-ті мәнмен қауышады. Сол себепті әркімнің символ табиға- тын түсіну қабілетін кемсітпей, оған кешірімді болу қажет. Философия тарихында да символдың атқарған ролі зор. Ғалымдардың айтуынша, бұл салада символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бей- нелеу арқылы тану үшін қыз-мет атқарды. Сократ «болмыс ақиқатын» тану үшін ақиқат-тың көз шағылыстырған нұ- рынан қорғанғандықтан тікелей емес, жанама бейнелер- мен тануға үндеді. Э.Кант символды қоршаған дүниені ру- хани тұрғыда игеретін эстети-калық құралға балады, солай таныды да. Неокантшылдық бағыттағы Кассириер өз түсі-нігінде символды рухани әлем-ді танытатын әмбебап құрал деп санады, халыққа солай түсіндірді. Жасыратыны жоқ, бірқатар діни салт-жоралғы-лар мен рәсімдер символдық мәнмен ұштасып жатыр. Ғылымда символизм, симво-ликалық логика деген термин- дер кездеседі. Оны таным- дық белгі-символмен шатыс- тырмаған жөн. Символизм негізінен, 19-ғасырдың соңғы ши- регі мен 20-ғасырдың басын- да Еуропада әдебиет пен өнерде буржуалық мәдениет-тің дағдарысынан, тарихи - әлеуметтік жағдайдың өзге-руінен орын алған ағым. Сим-воликалық логика болса, ма-тематикалық логика ретінде логикалық қорытындыларды қатаң символикалық тілдің не- гізіндегі логикалық есептеу- лер арқылы зерттейтін логи- каның тармағы. Біздің тәуел-сіздігіміздің қасиетті белгілері бар. Олар: Елтаңба, Мемлекеттік ту, Әнұран. Тек бұлар – рәміздеріміз. Осы мемлекеттік рәміздеріміздің ішіндегі мемлекеттік туымызда күн астында қыран қалықтайды. Ал осы Қыран бейнесі - еркіндіктің, бостандықтың, алғырлықтың, батырлықтың символы. Ғалымдарымыздың символ туралы айтқан пікірлері аз емес. Солардың ішінде А.Н.Ве- селовский символды – па-раллелизмнің ерекше түрі деп ойлайды. Ол параллелдің бір мүшесінің айтылмай қалуы жо- лымен жасалады, себебі екінші мүше оның көрсеткіші болып табылады, деп түсіндіреді. Біздің түсінігімізше, символ- дағы астарлы ойлар арқылы дүниетанымымыз кеңейеді жә- не де біз қашанда өзіміздің іс-әрекетімізге жауап беруге тиістіміз. Символдар көп ма-ғынаны білдіреді. Солардың бі-рі табиғатта құпия бір тылсым күштің барын, біреуге жаса-ған жамандығың, қастанды- ғың күндердің күнінде алдың-нан шығатынын, оның зауалын тартатыныңды түсінуің.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.[1]
Аффекттілік сезім немесе эмоция - когнитивті немесе ойлау аспектісіне қарама-қарсы ақыл-ой тәжірибесінің эмоционалды немесе сезімдік жағын бейнелеу үшін қолданылатын термин.
Стереотип (Stereotype) - 1) шаблон, штамп ретінде өзгермейтін, жалпы қабылданған үлгі; 2) сараптау жүйелерінде — пәндік саладағы абстрактыланған, жалпыланған объект түсінігі.
